Ол Алла, саған Құран түсірді. Оның ашық мағналы аяттары бар. Солар Кітаптың анасы (негізгі) ірге тасы. Екінші ұқсас ұғымда аяттар бар. Ал жүректеріңде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі. Оның ұғымын Алла ғана біледі. Сондай-ақ ғылымында озат болғандар: «Бұған сендік. Барлығы Раббымыздың қасынан» дейді. Бұны ақыл иелері ғана түсінеді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Ол саған Кітапты түсірді. Оның ішінде мағынасы анық аяттар бар. Олар - Кітаптың анасы / негізі /. Әрі өзге, мағынасы астарлы / аяттар да бар / ? Жүректерінде ауытқу болғандар болса, бүлік / фитна / қалап және оны түсіндіруді қалап астарлы мағыналы аяттардың соңына түседі. Ал, оның түсінігін Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Әрі білімде орныққандар болса: «Біз оған сендік. Барлығы біздің Раббымыздан», - дейді. Ал, / ескертуді / тек ақыл иелері ғана еске алады / түсінеді /.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي