Негізінен сондай Аллаға берген серттерімен, анттарын аз ақшаға (дүниеге) айырбастағандар, міне солардың ахиретте бір сыбағасы жоқ. Қиямет күні Алла оларға сөз қатпайды да оларға қарамайды әрі оларды ағартпайды. Сондай-ақ олар үшін күйзелтуші азап бар.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ақиқатында, Аллаһқа берген сертін және өздерінің анттарын болмашы бағаға сататындар - міне, соларға соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / үлес жоқ. Қайта тірілу күні Аллаһ оларға сөйлемейді, оларға қарамайды әрі оларды тазартпайды. Сондай-ақ оларға күйзелтуші азап бар.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي