Онда ашық белгілер, Ыбырайым (Ғ.С.) ның орны бар. Сондай-ақ кім оған кірсе, аман болады. Оның жолына шамасы келген кісілер, Алла үшін Қағбаны зират ету (хаж қылу) керек. Ал кім қарсы келсе, Алла барлық әлемнен бай.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Онда анық белгілер - Ибраһимнің мақамы / орны / бар. Кім оған кірсе, аман болады. Аллаһ адамдарға Үйге қажылық жасауды, оның жолына / Қағбаға баруға / шамасы келгендер үшін міндеттеді. Ал, кім күпірлік етсе / мұны теріске шығарса / , күмәнсіз, Аллаһ әлемдерден Бай, мұқтаж емес.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي