ﮩ
ترجمة معاني سورة العنكبوت
باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
.
من تأليف:
جمعية خليفة الطاي الخيرية
.
ﰡ
ﮡ
ﰀ
Әлиф. Ләм. Мим.
Адамдар: «Иманға келдік», - деп айтумен ғана сынаққа алынбай қалдырыламыз деп ойлай ма?
Біз оларға дейінгілерді де сынағанбыз. Күмәнсіз, Аллаһ шын сөзділерді біледі әрі Ол өтірікшілерді де біледі.
Әлде жамандық істейтіндер Бізден озып / құтылып / кетеміз деп ойлады ма? Олардың шешімдері қандай жаман!
Кім Аллаһпен жолығуды үміт етсе, сөзсіз, Аллаһтың белгілеген мерзімі келеді Ол барлық нәрсені Естуші , бәрін Білуші.
Ал, кім ынта-жігерімен әрекет етсе, өзі үшін ынталанған болады. Ақиқатында, Аллаһ- әлемдерден Бай, мұқтажсыз / Ғани /.
Иманға келген әрі ізгі амал істегендердің жамандықтарын әлбетте, кетіреміз және оларға істеген жақсы амалдарының қайтарым сыйын береміз.
Әрі Біз адамға ата-анасына жақсылық істеуді өсиет етіп тапсырдық. Ал, егер ол екеуі өзің білмеген нәрсені Маған серік етіп қосуға күштесе, онда оларға бағынба. Қайтуларың Маған / Маған қайтасыңдар /. Сонда Мен сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын беремін.
Ал, иманға келген әрі ізгі амал істегендерді Біз ізгілердің қатарына кіргіземіз.
Адамдардың ішінде: «Аллаһқа сендік» -деп айтатындар бар. Бірақ, қашан ол Аллаһ жолында зиян көрсе, адамдардың бүлігін / жамандығын / Аллаһтың азабындай көреді. Ал, егер Раббыңнан бір жеңіс келсе, олар міндетті түрде: «Шын мәнінде, біз сендермен бірге болдық»,- дейді. Аллаһ әлемдердің көкіректеріндегіні жақсы біледі емес пе?
Әрі әлбетте, Аллаһ иманға келгендерді де біледі әрі күмәнсіз, мұнафиқтарды да біледі.
Әрі күпірлік етушілер / имансыздар / имандыларға: «Біздің жолымызға еріқцер, сендердің күнәларыңды біз көтереміз», - деді. Бірақ олар бұлардың күнәларынан ешнәрсені де көтермейді. Шын мәнінде, олар - өтірікшілер.
Олар өз жүктерін / күнәларын / әрі өз жүктерімен бірге басқа жүктерді де міндетті түрде көтереді. Әрі Қайта тірілу күні ойдан шығарғандары / өтіріктері / туралы олар міндетті түрде сұраққа тартылады.
Әрі Біз Нұхты өзінің еліне жіберген едік. Ол олардың арасында елу жылы кем мың жыл болды. Кейін оларды әділетсіз болған халдерінде топан су алды.
Сонда Біз оны әрі кемедегілерді құтқардық және мұны әлемдерге белгі-ғибрат еттік.
Әрі Ибраһимды да / жібердік /. Ол еліне: «Аллаһқа құлшылық етіңдер және тақуалық етіңдер / Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар /. Егер білсеңдер, бұл - / құлшылық пен тақуалық / сендер үшін қайырлы.
Анығында, сендер Аллаһтың орнына, пұттарға табынасыңдар әрі / оларды құдай деп ойдан І өтірікті құрастырасыңдар. Негізінде, сендердің Аллаһтың орнына табынғандарың сендерге ризық беруге шамасыз. Ризықты Аллаһтан іздеңдер, Оған ғана құлшылық етіңдер және шүкір етіңдер / Оның берген игіліктеріне алғыс білдіріңдер /. Сендер Оған қайтарыласыңдар»,- деді.
Егер сендер / мұны / өтірікке шығарсаңдар, сендерден бұрынғы үмметтер де өтірікке шығарған. Ал, Елшіге - анық түрде жеткізу ғана / жүктелген /.
Олар Аллаһтың / жоқтан бар етіп! жаратуын, кейін оны / жаратуды / қайталайтынын көрмеді ме? Анығында, бұл - Аллаһ үшін өте жеңіл.
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Жер бетін аралап, Оның жаратылысты қалай бастағанына назар салыңдар. Ал кейін, Аллаһ соңғы жаратуды жасайды / Қияметте қайта тірілтеді /. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы.
Ол қалағанын азаптайды және қалағанына рахым етеді. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар.
Әрі сендер жерде де, аспанда да / Аллаһтың жазасын / әлсірете алмайсыңдар және сендерге Аллаһтан басқа қамқоршы да, көмек беруші де жоқ»,- деп.
Аллаһтың белгілеріне және Онымен жолығуға / ақиретке / күпірлік етушілер / сенбеушілер, теріске шығарушылар / , міне, солар - Менің мейірімімнен үмітсіз болады. Әрі соларға күйзелтуші азап бар.
Ибраһимнің шақыруына / оның елінің жауабы: «Оны өлтіріңдер немесе өртеңдер», - деу ғана болды. Ал, Аллаһ оны оттан құтқарды. Ақиқатында, мұнда сенетін адамдар үшін белгі-ғибраттар бар.
Ибраһим / :«Негізінде, сендер осы өмірдегі өзара жақсы көрулеріңнен Аллаһтан өзгелерді табынатын нәрсе етіп алдыңдар. Кейін Қайта тірілу күні бір-біріңе қарсы шығып, бір-біріңді қарғайсыңдар. Сендердің баратын орындарың - От әрі сендерге көмекшілер болмайды.
Сонда оған / Ибраһимге / Лұт сенді. / Ибраһим / :«Мен Раббыма / Оның жолында / қоныс аударамын. Ақиқатында, Ол - бәрінен Үстем , өте Дана »,- деді.
Әрі Біз оған Исхақты және Йаъқубты тарту еттік, ал оның ұрпақтарына пайғамбарлық пен Кітапты / бердік /. Біз оның сыйын осы дүниеде бердік, ал соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / ол әлбетте ізгілерден болады.
Әрі Лұтты да / жібердік /. Сонда ол еліне: «Негізінде, сендер әлемдердің ішінде өздеріңнен бұрын ешкім істемеген жиіркенішті нәрсені істеудесіңдер.
Анығында, еркектерге келетін / жақындасатын / және жол кесетін / жолаушыларды тонайтын / әрі отырыстарыңда айыпталған іс жасайтындар сендер емессіңдер ме?» - деді. Сонда оның елінің жауабы тек: «Егер шын сөзділерден болсаң, бізге Аллаһтың азабын келтір», - деу ғана болды.
Ол / Лұт / :«Раббым! Маған бүлдіруші / бұзылған / елге қарсы көмек бер», - деді.
Біздің елшілеріміз Ибраһимге қуанышты хабар әкелген кезде олар: «Шын мәнінде, біз мына кент тұрғындарын жоямыз. Ақиқатында, оның тұрғындары әділетсіздер», -деді.
Ол / Ибраһим / :«Онда Лұт бар ғой!» деді. Олар: «Ол жерде кімнің бар екенін жақсы білеміз. Біз оны және үй ішін міндетті түрде құтқарамыз, тек қалушылардан болған әйелінен басқа»,- деді.
Әрі Елшілеріміз Лұтқа келгенде, ол олар үшін қамығып, өзінің әлсіздігіне қысылды. Сонда олар: «Қорықпа және қайғырма! Анығында Біз сені және қалушылардан болған әйеліңнен басқа үй ішіңді құтқарамыз».
Әлбетте, Біз бұл кенттің тұрғындарына бұзықтықтары / бойсұнбағандықтары / үшін аспаннан азап түсіреміз»,- деді.
Біз одан / ол мекеннен / ақылын істетіп ұғынатын адамдар үшін анық белгі-ғибрат қалдырдық.
Әрі Мәдиян еліне ағайындары Шұғайыпты / жібердік /. Ол: «Әй, халқым! Аллаһқа Құлшылық етіңдер әрі Ақирет күніне үміт артыңдар және жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасап жүрмеңдер», - деді.
Олар оны өтірікшіге шығарды. Сонда оларды бір сілкініс ұстады да олар үйлерінде етпеттеп жатқан күйлерінде қалды.
Сондай-ақ Ад елі мен Сәмұд елін де / жазаладың / , Сендерге олардың мекен еткен тұрақтары белгілі. Шайтан оларға амалдарын әдемі етіп көрсетіп, олардың зеректігіне қарамастан жолдан бұрды.
Әрі Қарун, Фиръаун және Һаманды да. Мұса оларға анық дәлелдермен келген еді. Бірақ олар жерде / елдерінде / менменсіп, өздерін жоғары санады әрі / жазадан / озып кете алмады.
Әрқайсысын күнәларына сай ұстадық / жазаладық /. Олардың біріне Біз тасты құйын жібердік, бірін сайха алды, ал бірін жерге жұтқыздық және бірін суға батырдық. Аллаһ оларға әділетсіздік етпеді, бірақ олар өздеріне-өздеріәділетсіздік жасады.
Аллаһтан өзге біреулерді қамқоршы етіп алғандардың мысалы - өзіне тұратын жай жасап алған өрмекшінің мысалына ұқсайды. Шын мәнінде, үйлердің ең осалы - өрмекшінің үйі. Егер де олар білетін болса.
Ақиқатында, Аллаһ олардың Оның Өзінен басқа шақыратындарын / табынатындарын / біледі, олар ешнәрсе емес. Ал, Ол бәрінен Үстем, аса Дана.
Біз бұл мысалдарды адамдар үшін келтіреміз. Бірақ мұны білетіндер ғана ұғынады.
Аллаһ аспандар мен жерді ақиқатпен жаратты. Ақиқатында, Мұнда имандылар / мүміндер / үшін белгі-дәлелдер бар.
Ей, Мұхаммед! / Өзіңе Кітаптан уахи етілгенді оқы әрі намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орында. Анығында, намаз жеккөрінішті / бұзық / істерден және қайтарылған нәрселерден тыяды. Ал, Аллаһтың еске алуы өте үлкен, Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңды біледі.
Кітап берілген қауымның әділетсіздік жасағандарынан басқасымен тек жақсы нәрсемен болмаса пікір таластырмаңдар. Әрі айтыңдар: «Біз өзімізге түсірілгенге және сендерге түсірілгенге сендік. Біздің құдайымыз бен сендердің құдайың- біреу әрі біз - Оған бойсұнушымыз», - деп.
Ей, Мұхаммед! / Міне, осылай саған Кітап түсірдік. Ал, өздеріне Кітап бергендеріміз оған / Құранға / сенеді. Әрі бұлардан да оған сенетіндер бар. Біздің аяттарымызды тек кәпірлер ғана теріске шығарады.
Сен бұған дейін ешқандай жазбаны оқыған жоқсың және оны қолыңмен жазған жоқсың. Олай болғанда өтірік санаушылар күмәнданған болар еді.
Жоқ! Олай емес, бұл / Құран / - өздеріне білім берілгендердің кеуделеріндегі анық аяттар. Біздің аяттарымызды әділетсіздер ғана теріске шығарады.
Олар: «Оған Раббысынан белгі-мұғжизалар неге түсірілмейді?» - деді. Айт: «Мұғжизалар - тек Аллаһта, ал мен - анық ескертуші ғанамын», - деп.
Ей, Мұхаммед! / Оларға оқылып жатқан Кітапты саған түсіргеніміз, олар үшін жеткілікті емес пе? Ақиқатында онда / Құранда / сенетін ел үшін мейірім әрі еске салу бар.
Айт: «Мені мен сендердің араларыңа куәлік етуде Аллаһтың Өзі жеткілікті. Ол аспандардағы және жердегіні біледі. Ал жалғанға сеніп, Аллаһқа күпірлік етушілер / сенбейтіндер / - нағыз зиян көрушілер», - деп.
Олар сенен азапты тездетуді талап етеді. Егер белгіленген мерзім болмағанда, оларға азап міндетті түрде келген болар еді. Негізінде ол оларға күмәнсіз, кенеттен келіп, олар оны сезбей де қалады.
Олар сенен азапты тездетуді талап етеді. Күдіксіз, Жаһаннам кәпірлерді міндетті түрде қоршап алушы.
Сол Қайта тірілу күні азап оларды үстерінен және аяқтарының астынан орап алады. / Аллаһ Оларға / :«Істеген амалдарыңның / дәмін / татыңдар», - дейді.
Ей, иманға келген құлдарым! Ақиқатында Менің жерім кең, Маған ғана құлшылық етіңдер.
Әрбір жан өлімді татады. Содан кейін сендер Бізге қайтарыласыңдар.
Біз иманға келген және ізгі амал істегендерді астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы биік орындарға орналастырамыз. Олар онда мәңгі қалады. Амал істеушілердің сыйы қандай жақсы,
Солар - сабыр етушілер және өздерінің Раббысына жүгініп, Оған істерін тапсырушылар / тәуекел етушілер /.
Өз қорегін көтеріп жүрмейтін қаншамажан-жануар бар. Оларға және сендерге ризықты Аллаһ береді. Ол бәрін Естуші , барлық нәрсені Білуші.
Егер олардан / серік қосушылардан / :«Аспандарды және жерді жаратқан әрі күн мен айды бағынышты етіп қойған кім?» деп сұрасаң, олар міндетті түрде: «Аллаһ», - дейді. Олар қаншалықты теріс кеткендер?!
Аллаһ құлдарының ішінен қалағанының ризығын кеңітіп және қалағанының ризығын шектеп қояды. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Білуші
Егер олардан: «Аспаннан су түсіріп, ол арқылы тіршіліксіз қалған / өлген / жерді тірілткен кім?» - деп сұрасаң: «Аллаһ»,- дейді. Сен: «Барлық мақтау Аллаһқа», - де. Алайда олардың көпшілігі ақылдарын істетіп ұғынбайды.
Әрі бұл өмір - тек бос ермек және ойыннан басқа ешнәрсе емес. Егер де олар білетін болса, анығында, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / тұрағы - шын, нағыз өмір.
Ал, қашан олар кемеге мінгендерінде дінін / құлшылықтарын / шын ықыласпен / серік қосу, риядан тазартып / тек Оған арнаған күйде Аллаһқа дұға етеді / Одан тілеп, жалбарынады /. Ал, оларды құрлыққа / шығарып / құтқарған соң, олар Оғанөзгелерді серік етіп қосады.
Олар өздеріне бергендерімізге күпірлік ете / игіліктерімізді теріске шығара / тұрсын әрі пайдалансын. Жақында олар біледі.
Олар / Мекке мүшріктері / маңайларындағы адамдардың ұсталып, таланып жатқанында, Біз / Меккені/ қасиетті әрі қауіпсіз еткенімізді көрмеді ме? Сонда олар жалғанға сеніп, Аллаһтың игілігін теріске шығара ма?
Аллаһ жайында ойынан өтірік шығарғаннан немесе өзіне ақиқат келген кезде оны жалған санағаннан өткен әділетсіз бар ма? Кәпірлердің орны Жаһаннам емес пе?
Ал Біз үшін ынта-жігер мен әрекет еткендерді - Өз жолдарымызбен жүргіземіз. Ақиқатында, Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілермен бірге.