Сендер (Ұхытта) жараланған болсаңдар, әрине (бәдірде) ол ел де, сол құсап жараланған болатын. Осы күндерді адамдардың араларында айналдырамыз. Өстіп Аллаға сенушілерді анықтау және сендерден шәйіт алу үшін… Алла залымдарды сүймейді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Егер сендер жарақат алсаңдар, ақиқатында ол адамдар да сондай жарақат алған еді. Аллаһ иманға келгендерді білуі әрі сендерден шәһидтер таңдап алуы үшін осындай күндерді адамдардың араларында алмастырып тұрады. Аллаһ әділетсіздерді жақсы көрмейді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي