Әй мүміндер! Кәпірлер сияқты болмаңдар! Олар жер жүзінде кезіп жүрген немесе соғыста болған туыстары үшін: «Егер олар жанымызда болса еді, өлмес те өлтірмес те еді» деді. Алла бұны олардың жүректеріңе қасірет қылу үшін өстіді. Алла тірілтеді де, өлтіреді. Сондай-ақ Алла (Т.) не істегендеріңді толық көруші.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, иманға келгендер! Жер жүзінде сапарда немесе жорықта болған бауырлары туралы: «Егер де олар қасымызда болғанда өлмес те, әрі өлтірілмес те еді», - дейтін күпірлік етушілер / мұнафиқтар мен имансыздар / тәрізді болмаңдар. Аллаһ бұны / айтқан сөздерін / олардың жүректеріне қайғы-қасірет ету үшін істеді. Аллаһ тірілтеді және өлтіреді. Әрі Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңды Көруші.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي