Сол уақытта періштелер: «Әй Мәрйем! Расында Алла сені өз тарапынан бір сөзбен қуантады; оның аты Мәсих Ғиса мәрйем ұлы, дүние ақиретте беделді сондай-ақ Аллаға жақындардан болады» деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Сол кезде періштелер: «Ей, Мәриям! Ақиқатында Аллаһ сені Өз тарапынан болған бір Сөзбен сүйіншілейді. Оның есімі - Иса Мәсих Мәриям ұлы, ол осы өмірде әрі соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / абыройлы әрі / Аллаһқа / жақындатылғандардан болады.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي