(Мұхаммед Ғ.С.) олар, сенен қияметтің қашан болатындығын сұрайды: «Шынында оның мәліметі Раббымның қасында, оның мезгілін Ол ғана білдіреді. Көктер мен жердегі ауыр жағдай (қиямет) сендерге кенеттен-ақ келеді» де. Сен оны зерттеп отырғандай-ақ сұрастырады. Шынында оның білімі Алланың қасында, бірақ адамдардың көбі оны түсінбейді де.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Олар сенен Сағаттың / Қияметтің / қашан орнайтындығын сұрайды. Айт: «Шын мәнінде, оның білімі - менің Раббымда. Оны мезгілі келгенде, Ол ғана ашады. Ол аспандарға және жерге ауыр. Ол сендерге тосыннан келеді», - деп. Олар сенен, бейне бір сен ол жайлы жақсы білетін секілді сұрайды. Айт: «Шын мәнінде, оның білімі - Аллаһта. Алайда, адамдардың көбі білмейді», - деп.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي