ترجمة سورة النّمل

الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
ترجمة معاني سورة النّمل باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد .
من تأليف: خليفة الطاي .

Та. Син. Бұл ап-ашық Кітап; Құранның аяттары.
Мүміндер үшін тура жол әрі қуаныш.
Олар намазды толық орындайды, зекет береді де олар ахиретке нақ сенеді.
Рас ахиретке сенбегендердің өздеріне қылған істерін әдемі көрсеттік те олар сандалып жүреді.
Міне сондайлар, оларға азаптың жаманы бар. Әрі олар, ахиретте де өздері зиянда болады.
(Мұхаммед Ғ.С.) рас, сен бұл Құранды хикмет иесі, толық білуші тарапынан алып отырсың.
Сол уақытта, Мұса (Ғ.С.) жұбайына: "Рас мен бір от көрдім. Тезінен сендерге бір хабар немесе жылынуларың үшін бір шоқ әкелемін" деді.
Ол, сол араға келген сәтте: "Отта әрі оның маңында болған әркімге мүбарак қылынды. Әлемдердің Раббы Алла, пәк" деп дабысталды.
"Әй Мұса! Рас Мен тым үстем, хикмет иесі Алламын."
"Таяғынды таста!" Оның жыланша ирендегенін көрген сәтте, бүрыла жөнеліп, қайрылып қарамады. "Әй Мұса! Қорықпа! Рас Менмін. Менің алдымда пайғамбарлар қорықпайды."
"Бірақ кім кесір істесе де сосын жамандыктан кейін жақсылыққа ауыстырса, онда рас Мен өте жарылқаушы, ерекше мейірімдімін."
"Қолыңды қойныңа тық! Зиянсыз аппақ болып шықсын; Перғауынға, оның еліне тоғыз мұғжизаның ішінде көрсетуге. Рас олар бұзақы бір ел."
Оларға көпе-көрнеу мұғжизаларымыз келгенде: "Бұл ашық жады" деді.
Олар мұғжизаларға көңілдері сенген бола тұра зұлымдық, менмендікпен қарсы шықты. Бұзақылардың соңының қалай болғанын көр!
Рас Дәуітпен Сүлеймен (Ғ.С.) ге ғылым бердік те олар: "Барлық мақтау, бізді мүмін құлдарының көбінен артық қылған Аллаға лайық" деді.
Сүлеймен, Дәуіт (Ғ.С.) ке мұрагер болды да: "Әй адамдар! Бізге құс тілі тйретілді. Сондай-ақ бізге әр нәрсе берілді. Рас Бұл, әлбетте ашық бір артықшылық."
Сүлеймөн (Ғ.С.) нің жыннан, адамдардан, құстардан әскерлері жиналды. Сонда олар толық басқарылуда еді.
(Ол, бұлармен) ақыр құмырысқаның ойпатына келген сәтте, бір құмырысқа: "Әй құмырысқалар! Ұяларыңа кіріңдер. Сүлеймен, оның әскерлері сендерді білмей жаншып, кетпесін" деді.
Сонда (Сүлеймен Ғ.С.) құмырысқаның сөзінен жылмыйып күлді де: "Раббым, маған және әке-шешеме мәрхамет еткен игіліктеріңе шүкір етуімді әрі өзің разы болатын іс істеуімді нәсіп ет те өз мәрхаметіңмен ізгі құлдарыңның арасына кіргіз!",- деді.
(Сүлеймен Ғ.С.) Құстарды түгендеді де: "Бәбісекті неге көрмеймін, немесе ол, жоғалып кетті ме?",- деді.
"Әлбетте оны қатты қинаймын не оны бауыздаймын. Немесе маған бір ашық дәлел келтірсін."
Сонда ол, көп кешікпей-ақ келіп: "Сен білмеген нәрсені білдім. Сондай-ақ Сәба мемлекетінен анық хабар келтірдім." деді (Сәба: Йемен мемлекеті. Ж.Б.К.)
"Расында оларға патша болған бір қатын таптым. Оған әр түрлі нәрсе берілген әрі оның үлкен тақты бар." (Шахыл қызы Былқыс қатын патша еді. Б.М.К.Р.)
"Оны да елін де Алладан өзге күнге табынғанын көрдім. Шайтан оларға істеген істерін әдемі көрсетіп, жолдан тосқан. Сондықтан тура жол таба алмайтын көрінеді."
(Сәжде аяты бар.) "Көктер мен жердегі көместі көрнеуге шығаратын, өсімдіктерді өсіретін, сондай-ақ олардың көрнеу, көмес істегендерін білетін Аллаға неге сәжде қылмайды?"
"Ұлы ғаршының Раббы Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ."
(Сүлеймен Ғ.С.): "Шын айттық ба? Немесе өтірікшілерденсің бе? Көреміз" деді.
"Мына хатымды алып барып; оны оларға таста да бұрылып тұрып күт. Не жауап қайтарар екен?"
(Былқыс): "Әй бастықтар! Маған бір елеулі хат тасталды" деді.
"Ол, Сүлейменнен: «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен» (бастаймын" дейді.)
"Маған ұлықтық қылмаңдар, өзіме бағынган түрде келіңдер!",-(делінген.)
"Әй бастықтар! Маған ақыл беріңдер. Сендер болмайынша, бір іске шешім жасамаймын" деді.
Олар: "Біз күшті, қатты жауынгерміз. Әмір беру саған тән. Қане не бұйырасың!",- десті.
(Патша, оларға): "Сөз жоқ, патшалар қашан бір мемлекетке кірсе, ол жерді бұзып, елінің құрметтілерін қор етеді. Осылайша істейді" деді.
"Әрине оларға бір сәлемдеме жіберіп, елшілер арқылы не жауап қайтаратындығын күтемін."
(Елшілер) Сүлеймен (Ғ.С.) ге келген сәтте: "Сендер маған малмен көмек етпекшісіңдер ме? Алланың өзіме бергені, сендер бергеннен жақсы. Сыйлықтарыңмен өздерің-ақ мәз болыңдар" деді.
"Елдеріңе қайт! Әрине олар, қарсы тұра алмайтын ләшкермен барып, ол жерден оларды қорлап шығарамын да олардың соры қайнады."
"Әй бастықтар! Олар маған бой ұсынып, келуден бұрын, оның тақтын маған қайсының әкелесіңдер?",- деді.
Жындардан бір ғыприт: "Оны орныңнан тұруыңнан бұрын келтіремін. Шын оған күшім жетеді де сенімдімін" деді.
Сондай өзі кітап ғылмына ие біреу де (Бархия ұлы Асып, не Хызыр не Сүлейменнің өзі немесе Жебрейіл. Ж.Б.М.К.Р.): "Оны кірпік қағуыңнан бұрын келтіремін" деді. (Сүлеймен Ғ.С.) оның, жанына келтіріліп, қойылғанын көрген сәтте: "Бұл Раббымның кеңшілігі. Шүкірлік кылам ба, нәсүкірлік қылам ба, мені сынау үшін. Кім шүкірлік қылса, әрине өзі үшін қылады. Ал кім нәсүкірлік етсе, Раббым бай да (оның шүкірлігіне мүхтаж емес.) өте жомарт."
(Сүлеймен Ғ.С.): "Оның тағын өзгертіңдер. Жолға келер ме екен, немесе жолға келмейтіндерден болар ма (Тағын тани ма, танымай ма) екен? Көрейік" деді.
Былқыс келгенде: "Тағың осындай ма еді?",-делінді. Ол: "Осы бейне сол сияқты. Негізінде бізге бұрын мәлімет беріліп, бой ұсынган едік" деді.
Оны, Алладан өзге, шоқынған нәрселері тосқан еді. Шынында олар, кәпір елден еді.
Оған: "Сарайға кір!" делінді. Оны көргенде, су деп ойлап, балтырын ашты. (Сүлеймен Ғ.С.): "Расында ол, әйнектен жарқыратылып жасалган сарай" деді. (Сарайдың кірісіне әйнек төселіп, астынан су ағызып, қойылғандықтан Былқыс су деп ойлап, балтырын ашады.) (Былкыс): Раббым шынында өзіме кесір еткен екенмін. Сүлейменмен бірге барша әлемнің Раббы, Аллаға бойсұндым." деді.
Расында Сәмүд еліне: "Аллаға құлшылық қылыңдар" (десін деп) туыстары Салих (Ғ.С.) ты жібердік. Сол уақытта олар екі тап болып, тартысты.
"Әй елім! Жақсылықтан бұрын жамандықты тез тілейсіңдер ме? Егер Алладан жарылқау тілесеңдер, әрине мәрхаметке бөленесіңдер" деді.
Олар: "Біз, сен және сенімен бірге болғандардың салдарынан сәтсіздікке ұшырадық" деді. (Салих Ғ.С.): "Сәтсіздіктерің Алланың қасында. Негізінде сендер сыналатын елсіңдер" деді.
Қалада жер жүзінде бұзақылық істеп, түзушілік істемейтін тоғыз кісі бар еді.
Солар Алланың атымен анттасып: "Салихты семьясымен түнде жоқ етіп, сосын жақындарына: "Үй-іштері өлтірілгенде жоқ едік. Күдіксіз біз анық шын айтамыз дейік.",- десті.
Олар сондай айлакерлік жасады. Біз де олар сезбеген жерден шарасын көрдік.
Ал олардың айлакерліктерінің соңының не болғандығын бір көр. Оларды да елдерін де тұтас жоқ еттік.
Міне олардың зұлымдықтары себепті бұзылған үйлері, білген елге бір ғибрат.
Иман келтіріп, сақтанғандарды құтқардық.
Лұт (Ғ.С.) ты да жібердік. Сол уақытта еліне: "Сендер көре тұра арсыздық істейсіңдер ме?",- деді.
"Сендер әйелдерді қойып, еркектерге қызығып, келесіңдер ме? Әрине сендер надан елсіңдер!"
Сонда елінің жауабы: "Лұттың семьясын кенттен шығарыңдар. Өйткені олар, тазасынған кісілер" деу, ғана болды.
Сонда Лұт (Ғ.С.) ты да үй-ішін де жоқ болатындардан болуын ұйғарған қатынынан басқасын құтқардық.
Оларға қатты жаңбыр жаудырдық. Ескерту берілгендердің жауыны нендей жаман!
(Мұхаммед Ғ.С.): "Барлық мақтау Аллаға лайық. Және сәлем Алланың таңдаулы құлдарына лайық. Алла жақсы ма? Немесе қосқан ортақтары жақсы ма?",- деп сұра!
Көктер мен жерді жаратқан, сендер үшін көктен жаңбыр жаудырып, онымен сендер бір агашын да өсіре алмайтын әдемі бақшаларды өсірген кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Жоқ, олар шектен шыққан ел.
Немесе жерді тұратын орын қылып, араларынан өзендер ағызып, оған асқар таулар жасаган және екі теңіздің арасына жік жасаған кім? Алла мен бірге басқа тәңір бар ма? Жоқ, олардың көбі білмейді.
Немесе қиналғандар, өзіне жалбарынғанда қабыл етіп, қиыншылықты айықтыратын және сендерді жер жүзіне орынбасар қылатын кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Өте аз түсінесіңдер.
Немесе құрылықтың, теңіздің қараңғылықтарында жолға салатын кім? Рахметтің (жаңбырының) алдынан қуаныш самалын естіретін кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? Алла (Т.) олардың қосқан ортақтарынан тым жоғары.
Немесе жаратылысты бастайтын сосын оны қайта тірілтетін кіи? Және көк пен жерден қорек беретін кім? Алламен бірге басқа тәңір бар ма? (Мұхаммед Ғ.С.): "Егер шыншыл болсаңдар, дәлелдеріңді келтіріңдер" де.
(Мұхаммед Ғ.С.): "Көктер мен жердегі көместі Алладан басқа ешкім білмейді. Олар қашан тірілтілетіндіктерін білмейді" де
Олардың ахирет туралы мәліметі жеткілікті ме? Расында олар одан күдікте, тіпті олар оған байланысты мүлде соқыр.
Сондай қарсы келгендер: "Біз де аталарымыз да топырақ болғаннан кейін (қабырдан тіріліп,) шығарыламыз ба?",- деді.
"Расында осы құқай бізге де бұрынғы аталарымызға да жасалды. Негізінде бұл бұрынғылардьің аңызынан басқа еш нәрсе емес."
(Мұхаммед Ғ.С.): "Жер жүзінде кезіңдер де күнәкарлардың соңы қалай болғанын көріңдер" де.
"Оларға күйінбе де олардың айлакерліктеріне тарылма."
"Егер шын айтушы болсаңдар, бұл уәде қашан?",- дейді.
Оларға: "Асығып тілеген азаптарыңның кейі сендерді өкшелеп тұрған болуы мүмкін" де.
Күдіксіз Раббың, әлбетте адамдарға кеңшілік иесі. Бірақ олардың көбі шүкір қылмайды.
Сөз жоқ, Раббың әлбетте олардың көңілдеріндегіні де көрнеуге шығарғандарын да біледі.
Жер-көкте ашық Кітапта болмаған ешбір көмес нәрсе жоқ.
Расында бұл Құран Израил ұрпақтарына таласқан нәрселерінің көбін баян етеді.
Күдіксіз Бұл Құран, мүміндер үшін анық тура жол, әрі игілік.
Расында Раббың олардың араларына ткім етеді. Ол өте үстем, тым білуші.
(Мұхаммед Ғ.С.) онда Аллаға тәуекел қыл. Өйткені, сен ап-ашық бір шындық үстіндесің.
Шынында өліктерге естірте алмайсың. Әрі бүрылып, қашқан саңырауларға да дауыс естірте алмайсың.
Және де соқырды адасқан жағынан жолға салушы емессің. Сондай-ақ аяттарымызға иман келтіріп, өздері Мүсылман болған кісілерге ғана естірте аласың.
Оларға айтылған (Қиямет) бастарына келген кезде, олар үшін жерден бір хайуан шығарамыз да ол, Оларға адамдардың аяттарымызға мүлде сенбегендіктерін айтады... (Бұл хайуанның шығуы қияметтің белгілерінен. Б.М.К.Р.)
Ол күні, әр үмметтен аяттарымызды жасынға айналдырғандардан бір топ жинаймыз. Сонда олар тостырылады.
Олар түгел келген шақта, (Алла): "Аяттарымды толық білмей, жасынға шығардыңдар ма? Ал енді не қылдыңдар?",- дер.
Зұлымдықтары себепті оларға айтылган сөз бастарына келді. Сонда олар сөйлей алмайды
Олар, ішінде тынықсын деп, түнді және көрілетін күндізді жаратқанымызды көрмей ме? Сенетін ел үшін мұнда өнеге бар.
Сүр үрілген күні, Алла қалаған біреулерден басқа; көктерде болғандар да жерде болғандар да үрейленеді. Сондай-ақ барлығы Алланың алдына сүмірейіп келеді.
Тауларды көріп, табжылмай түр деп ойлайсың. Негізінде ол бұлт тәрізді жүреді. (Бұл аят жердің айналатындыгын дәлелдейді. Б.А.) Бұл әр нәрсені берік жасаган Алланың шеберлігі. Күдіксіз Ол, жасаған нәрселеріңді толық біледі.
Кім бір жақсылық келтірсе, оған одан жақсы сыйлық бар. Әрі олар қиямет күнінің қорқынышынан аман болады.
Ал кім бір жамандық келтірсе, олар тозаққа етбетінен тасталады да: "Жә, сендер істеген істеріңнің ғана сазайын тартасыңдар" (делінеді.)
(Мұхаммед Ғ.С.): "Шын мәнінде мен әр нәрсенің иесі, осы құрметті қаланың Раббына құлшылық қылуға сондай-ақ Мұсылмандардан болуға бұйырылдым." (де.)
"Және де Құран оқуға бұйырылдым" Енді кім тура жолда болса, рас ол өзі үшін тура жолда болады. Ал және кім адасса: "Шынында мен ескертушілерден ғанамын" де.
"Барлық мақтау Аллаға лайық. Ол, сендерге белгілерін көрсетеді. Сонда оларды таныйсыңдар. Сондай-ақ Раббың істеген істеріңнен хабарсыз емес" де.
Icon