ترجمة معاني سورة النساء باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد

خليفة الطاي

الترجمة الإنجليزية - صحيح انترناشونال
المنتدى الإسلامي
الترجمة الإنجليزية
الترجمة الفرنسية - المنتدى الإسلامي
نبيل رضوان
الترجمة الإسبانية
محمد عيسى غارسيا
الترجمة الإسبانية - المنتدى الإسلامي
الترجمة الإسبانية (أمريكا اللاتينية) - المنتدى الإسلامي
المنتدى الإسلامي
الترجمة البرتغالية
حلمي نصر
الترجمة الألمانية - بوبنهايم
عبد الله الصامت
الترجمة الألمانية - أبو رضا
أبو رضا محمد بن أحمد بن رسول
الترجمة الإيطالية
عثمان الشريف
الترجمة التركية - مركز رواد الترجمة
فريق مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة التركية - شعبان بريتش
شعبان بريتش
الترجمة التركية - مجمع الملك فهد
مجموعة من العلماء
الترجمة الإندونيسية - شركة سابق
شركة سابق
الترجمة الإندونيسية - المجمع
وزارة الشؤون الإسلامية الأندونيسية
الترجمة الإندونيسية - وزارة الشؤون الإسلامية
وزارة الشؤون الإسلامية الأندونيسية
الترجمة الفلبينية (تجالوج)
مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة الفارسية - دار الإسلام
فريق عمل اللغة الفارسية بموقع دار الإسلام
الترجمة الفارسية - حسين تاجي
حسين تاجي كله داري
الترجمة الأردية
محمد إبراهيم جوناكري
الترجمة البنغالية
أبو بكر محمد زكريا
الترجمة الكردية
حمد صالح باموكي
الترجمة البشتوية
زكريا عبد السلام
الترجمة البوسنية - كوركت
بسيم كوركورت
الترجمة البوسنية - ميهانوفيتش
محمد مهانوفيتش
الترجمة الألبانية
حسن ناهي
الترجمة الأوكرانية
ميخائيلو يعقوبوفيتش
الترجمة الصينية
محمد مكين الصيني
الترجمة الأويغورية
محمد صالح
الترجمة اليابانية
روايتشي ميتا
الترجمة الكورية
حامد تشوي
الترجمة الفيتنامية
حسن عبد الكريم
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
خليفة الطاي
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
جمعية خليفة الطاي الخيرية
الترجمة الأوزبكية - علاء الدين منصور
علاء الدين منصور
الترجمة الأوزبكية - محمد صادق
محمد صادق محمد
الترجمة الأذرية
علي خان موساييف
الترجمة الطاجيكية - عارفي
فريق متخصص مكلف من مركز رواد الترجمة بالشراكة مع موقع دار الإسلام
الترجمة الطاجيكية
خوجه ميروف خوجه مير
الترجمة الهندية
مولانا عزيز الحق العمري
الترجمة المليبارية
عبد الحميد حيدر المدني
الترجمة الغوجراتية
رابيلا العُمري
الترجمة الماراتية
محمد شفيع أنصاري
الترجمة التلجوية
مولانا عبد الرحيم بن محمد
الترجمة التاميلية
عبد الحميد الباقوي
الترجمة السنهالية
فريق مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة الأسامية
رفيق الإسلام حبيب الرحمن
الترجمة الخميرية
جمعية تطوير المجتمع الاسلامي الكمبودي
الترجمة النيبالية
جمعية أهل الحديث المركزية
الترجمة التايلاندية
مجموعة من جمعية خريجي الجامعات والمعاهد بتايلاند
الترجمة الصومالية
محمد أحمد عبدي
الترجمة الهوساوية
الترجمة الأمهرية
محمد صادق
الترجمة اليورباوية
أبو رحيمة ميكائيل أيكوييني
الترجمة الأورومية
الترجمة التركية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفرنسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الإندونيسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفيتنامية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة البوسنية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الإيطالية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفلبينية (تجالوج) للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفارسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
Dr. Ghali - English translation
Muhsin Khan - English translation
Pickthall - English translation
Yusuf Ali - English translation
Azerbaijani - Azerbaijani translation
Sadiq and Sani - Amharic translation
Farsi - Persian translation
Finnish - Finnish translation
Muhammad Hamidullah - French translation
Korean - Korean translation
Maranao - Maranao translation
Abdul Hameed and Kunhi Mohammed - Malayalam translation
Salomo Keyzer - Flemish (Dutch) translation
Norwegian - Norwegian translation
Samir El - Portuguese translation
Polish - Polish translation
Romanian - Romanian translation
Elmir Kuliev - Russian translation
Albanian - Albanian translation
Tatar - Tatar translation
Japanese - Japanese translation
محمد جوناگڑھی - Urdu translation
Ma Jian - Chinese translation
Turkish - Turkish translation
King Fahad Quran Complex - Thai translation
Ali Muhsin Al - Swahili translation
Abdullah Muhammad Basmeih - Malay translation
Hamza Roberto Piccardo - Italian translation
Indonesian - Indonesian translation
Bubenheim & Elyas - German / Deutsch translation
Bosnian - Bosnian translation
Hasan Efendi Nahi - Albanian translation
Sherif Ahmeti - Albanian translation
Sahih International - English translation
Czech - Czech translation
Abul Ala Maududi(With tafsir) - English translation
Tajik - Tajik translation
Alikhan Musayev - Azerbaijani translation
Muhammad Saleh - Uighur; Uyghur translation
Abdul Haleem - English translation
Mufti Taqi Usmani - English translation
Muhammad Karakunnu and Vanidas Elayavoor - Malayalam translation
Sheikh Isa Garcia - Spanish; Castilian translation
Divehi - Divehi; Dhivehi; Maldivian translation
Abubakar Mahmoud Gumi - Hausa translation
Mahmud Muhammad Abduh - Somali translation
Knut Bernström - Swedish translation
Jan Trust Foundation - Tamil translation
Mykhaylo Yakubovych - Ukrainian translation
Uzbek - Uzbek translation
Diyanet Isleri - Turkish translation
Ministry of Awqaf, Egypt - Russian translation
Abu Adel - Russian translation
Burhan Muhammad - Kurdish translation
Dr. Mustafa Khattab, The Clear Quran - English translation
Dr. Mustafa Khattab - English translation
الترجمة الإنجليزية - مركز رواد الترجمة
الترجمة الفرنسية - محمد حميد الله
الترجمة الجورجية
الترجمة البوسنية - مركز رواد الترجمة
الترجمة الصربية - مركز رواد الترجمة - جار العمل عليها
الترجمة الألبانية - مركز رواد الترجمة - جار العمل عليها
الترجمة اليابانية - سعيد ساتو
الترجمة الفيتنامية - مركز رواد الترجمة
الترجمة التاميلية - عمر شريف
الترجمة السواحلية - عبد الله محمد وناصر خميس
الترجمة اللوغندية - المؤسسة الإفريقية للتنمية
الترجمة الإنكو بامبارا - ديان محمد
الترجمة العبرية
الترجمة الإنجليزية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة الروسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة البنغالية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة الصينية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة اليابانية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
ترجمة معاني القرآن الكريم - عادل صلاحي
عادل صلاحي

الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد

خليفة الطاي

الناشر

مجمع الملك فهد

Әй адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атынан) жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы өзара сұрасқан Алладан және туыстардан (безуден) сақтаныңдар. Шәксіз Алла (Т.) сендерді бақылаушы
Жетімдердің малдарын беріңдер, жаманды жақсымен алмастырмаңдар; олардың малдарын өз малдарыңа қосып жемеңдер. Өйткені ол, күнә.
Егер (үйленгенде) жетім әйелдер жайында әділетсіздік істеуден қорықсаңдар, өздеріңе жаққан басқа әйелдерден екі, үш және төртке дейін үйленіңдер. Сонда егер тең ұстай алмаудан қорықсаңдар, онда біреу алыңдар немесе қолдарыңдағы күң де болады. Әділетсіздік болмауға жақыңырағы осы.
Әйелдердің мәһерін (қалынын) ықыласпен беріңдер. Сонда егер әйелдер өз көңілдерінше, сендерге мәһерден бір нәрсе кеңшілік етсе, онда оны жеңдер; сіңімді, жүрімді болсын.
Аллаһ өздеріңе күнкөріс еткен мал-дүниелеріңді ақыл тоқтатпағандарға бермеңдер. Әрі оларды одан тамақтандырыңдар және киіндіріңдер. Сондай-ақ оларға жақсы сөз сөйлеңдер.
Жетімдерді үйлену шағына жеткенше сынаңдар. Сонда егер олардан бір естияларлық көрсеңдер, дереу олардың малдарын өздеріне беріңдер. Сондай-ақ олардың ержетуінен қорқып, ысыраптап, тездетіп жемеңдер. Ал және біреу бай болса, онда тартынсын да, біреу жарлы болса, онда да орнымен жесін. Қашан олардың малдарын өздеріне тапсырсаңдар, оларға айғақ қойыңдар. Алла (Т.) есеп көруде жеткілікті.
Әке- шеше және жақындардың қалдырған нәрселерінен еркектерге де үлес бар. Әке- шеше және жақындардың қалдырған нәрселерінен әйелдерге деүлес бар. Аз немесе көп болса да, одан өлшеулі несібе бар.
Бөліс кезінде ағайындар, жетімдер және міскіндер келсе, онда оларды құр тастамай бір нәрсе беріңдер де, өздеріне сыпайы сөз сөйлеңдер.
Арттарында нашар (жас) балалар қалдырса, оларға не болар екен деп уайым жесін. Алладан қорықсын да, дұрысын айтсын.
Негізінен сондай жетімдердің малдарын зұлымдықпен жегендер, олар қарындарын от пен толтырған болады. Сондай-ақ жалындаған тозаққа кіреді.
Алла сендерге, балаларың жайында; бір еркекке екі әйелдің мирасындай үлес бұйырады. Егер әйелдер екінің үстінде болса, онда қалған малдың үштен екісі олардікі. Ал егер жалғыз қыз болса, онда жартысы онікі. Өліктің баласы болса, әке- шешесіне қалған малдың алтыдан бірі тиеді. Егер баласы болмай оның мұрагері әке- шешесі ғана болмай, онда шешесіне үштен бірі тиеді. Егер өліктің туыстары болса, онда шешесіне алтыдан бірі тиеді. (Бұлар) етілген өсиет және борыш өтелгеннен кейін орындалады. Сендер әкелеріңмен ұлдарыңның пайда тұрғысынан қайсысы жақын екенін білмейсіңдер. Бұл үкімдер, Алла тарапынан бекітілген. Күдіксіз Алла, терең білім, хикмет иесі.
Сендерге баласы болмаған жұбайларыңның қалдырған нәрселерінің жартысы тиеді. Ал егер олардың баласы болса, олардың қалдырған нәрселерінің сендерге төрттен бірі тиеді; олардың өсиеті және борышы өтелгеннен кейін. Егер сендерде бала болмағанда, қалдырған нәрселеріңнің оларға төрттен бірі, сендерде бала болса, оларға сегізден бірі тиеді; өсиеттерің және борыш өтелгеннен кейін. Ал егер мирас алынатын әке- шешесіз және баласыз (кәлала) ер немесе әйелдің бір еркек яки қыз туысы болса, онда әрбіріне алтыдан бірі, олар бірден көп болса, сонда олар үштен біріне ортақ болады; өсиет және борыш өтелгеннен кейін. Өсиет, зиянсыз болу керек, Алланың нұсқауы осы. Алла (Т.) әр нәрсені білуші, өте жұмсақ.
Бұлар Алланың қойған шектері. Кім Аллаға және Елшісіне бой ұсынса, астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргізіледі де, олар онда мәңгі қалады. Зор табыс осы.
Ал кім Аллаға, Елшісіне қарсы келіп Оның шектерінен шықса, ол, ішінде мүлде қалатын отқа кіргізіледі. Оған қорлаушы азап бар.
Сондай әйелдеріңнен зина қылғандар, оларға өздеріңнен төрт айғақ келтіріңдер, егер олар айғақ болса. Онда оларды өлгенге дейін не Алла бір жол қойғанға шейін үйлерде қамаңдар…
Сендерден арсыздық істеген екеуіне де жапа беріңдер. Егер екеуі де тәубе етіп, түзелсе, олардан бет бұрыңдар. (тиіспеңдер.) Негізінен Алла, тәубені қабыл етуші, ерекше мейірімді.
Шын мәнінде Аллаға (сыйымды) тәубе, жамандықты білмей істеп сонсоң дереу тәубе етсе, сонда олардың тәубесін Алла қабылдайды. Алла әр нәрсені білуші хикмет иесі.
Ал жамандықты өздеріне өлім келгенге дейін істеп: «Енді шынайы тәубе қылдым» деген және қарсы болған бойда өлгендердің тәубесі қабыл емес. Міне солар үшін күйзелтуші азап әзірледік. (Араптар жаһилиет дәуірінде, өлген жақындарының тұл әйеліне ие шығып, өздері қалыңсыз алып немесе басқамен тұрмыстанса одан қалың алатын еді.)
Әй мүміндер! Сендер үшін әйелдерге зорлықпен мұрагер болуларың халал емес. Және бергендеріңнің бір бөлімін алып қалу үшін оларды зорламаңдар. Бірақ олар ашық арсыздық істесе басқа. Сондай-ақ олармен жақсы шығысыңдар. Егер оларды жек көрсеңдер, сендердің жақтырмаған нәрселеріңде Алланың көптеген хайыр жасап қойған болуы мүмкін. (Яғни: Әйелдің келбеті, мінезі сендерге жек көрінсе де шығысыңдар, басқа түрлі хайыр болуы мүмкін.)
Егер бір жұбайды (ажыратып) орнына басқа жұбай алғыларың келсе, оған толып жатқан мәһер берген болсаңдар да, одан еш нәрсе алмаңдар. Оған жала қойып, ашық күнәлы болып аласыңдар ма?
Сендерге аналарың, (әке-шешелеріңнің аналары) қыздарың, (Ұл-қыздарыңның қыздары,) қыз туыстарың, (әке-шеше бір не бөлек,) әкелеріңмен туысқан әйелдер, шешелеріңмен туысқан әйелдер, еркек және қыз туыстарыңның қыздары, (олардың қыздары,) сүт емізген аналарың, еміскен қыз туыстарың, қайын аналарың, жақындасқан әйелдеріңнің (бұрыңғы ерінен болған) қолдарыңдағы өгей қыздарың, егер ол әйелдерге жақындаспаған болсаңдар, сендерге бір оқасы жоқ. Бел балаларыңның әйелдері және екі қыз туысты бірге үйленулерің арам қылынды. Бірақ өткен өтті. Негізінен Алла (Т.) тым жарылқаушы ерекше мейірімді.
Некелі әйелдермен үйленулерің арам қылынды. Бірақ қолдарыңдағы күңдер (соғыс тұтқындары) басқа. Сендерге Алланың жазуы осы. Бұлардан басқаларды абыройлы болу, бой суытушы болмау шартымен малдарыңды беріп қалауларың (мәһер беріп алуларың) халал қылынды. Сонда олардан осы шартпен пайдалансаңдар, бекітілген мәһерін беріңдер. Мәһер тоқтасылғаннан кейін ризалассаңдар, (еркек артық беріп, әйелдің аз алуы немесе тіпті алмауында) сендерге оқасы жоқ. Расында Алла толық білуші, хикмет иесі.
Сендерден біреудің, мүмін азат әйел алуға шамасы келмесе, онда қолдарыңдағы мүмін күңдерден алсын. Алла имандарыңды жақсы біледі. Бір- біріңненсіңдер. (Бәрің адам баласысыңдар.) Ендеше күңдерді қожайындарының рұхсатымен олардың мәһерлерін дұрыс беріп, абыройлы болулары, зинашы және астыртын көңілдес болмаулары шартымен алсын. Егер олар үйленіп алып, арсыздық істесе, онда оларға азат әйелдерге болатын жазаның жартысы орындалады. Бұл (күңді ал) сендерден зинадан қорыққан кісі үшін. Егер сабыр етсеңдер, өздерің үшін хайырлы. Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
Алла (Т.) сендерге түсіндіруді және сендерді өздеріңнен бұрынғылардың тура жолдарына салуды сондай-ақ тәубелеріңді қабыл етуді қалайды. Алла толық білуші, хикмет еисі.
Алла (Т.) тәубелеріңді қабыл етуді қалайды. Сондай-ақ шаһуат қуғандар (жыныстық уәесқойлар) сендердің зор ауытқумен жолдан шығуларыңды қалайды.
Негізінен Алла сендерге жеңілдікті қалайды. Өйткені адам баласы нашар жаратылған.
Әй мүміндер! Өзара малдарыңды бұзықтықпен жемеңдер. Бірақ өз ризалықтарыңмен саудаласу басқа. Және бір-біріңді өлтірмеңдер. Расында Алла сендерге ерекше мейірімді.
Ал кім осы айтылғанды дұшпандық, зұлымдықпен істесе, оны жақында отқа саламыз. Бұл Аллаға оңай.
Егер сендер тыйым салынған нәрселердің үлкенінен сақтансаңдар, сендердің жамандықтарыңды жасырып, өздеріңді құрметті орыңға кіргіземіз.
Алланың біріңе- біріңді артық еткен нәрсесін көксемңдер. Еркектердің еңбектерінің үлесі өзіне және әйелдердің еңбектерінің тиесісі өзіне тән. Алладан оның кеңшілігін сұраңдар. Шәксіз Алла әр нәрсені толық білуші.
Әрбір адамға ата-анасы мен туыстары қалдырған нәрседен - / мирас / алатындарды белгіледік. Өздеріңмен ант арқылы байласқандарға үлестерін беріңдер. Ақиқатында, Аллаһ - әрбір нәрсеге куә
Еркектер; әйелдерді билеуші. Өйткені Алла, бірін- бірінен артық қылды. Сондай-ақ олар; малдарынан да пайдаландырады. (Әйелдерге мәһер, нафақа береді.) Ал енді жақсы әйелдер; бой ұсынушылар, Алла қоруға бұйырған көмескі нәрселерді (абыройын) қорғаушылар. Ал сондай-ақ әйелдердің бас тартуларынан сезіктенсеңдер, сонда оларды насихаттаңдар және оларды төсектеріңде тастап қойыңдар. (Одан болмаса) оларды сабаңдар. Ал егер олар сендерге бой ұсынса, онда олардың зиянына бір жол іздемеңдер. Расында Алла өте жоғары, тым ірі.
Егерде екеуінің арасының ашылуынан хауіптенсеңдер, еркектің ағайынынан бір төреші, әйелдің ағайынынан бір төреші жіберіңдер. Егер ол екеуі жарастыруды қаласа, Алла да, екеуінің арасын үйлестіреді. Күдіксіз Алла толық білуші, анық хабар алушы.
Алла (Т.) ға құлшылық қылыңдар. Оған еш нәрсені ортақ қоспаңдар. Және әке- шешеге жақындарға, жетімдерге, міскіндерге жақын көршіге, бөгде көршіге, жан жолдасқа, жолда қалғандарға және қол астыңдағыларға жақсылық қылыңдар. Негізінен Алла, тәкаппар, мақтаншақты жақсы көрмейді
Бұлар сондай сараңдық қылып, адамдарға да сараңдық бұйырады. Сондай-ақ олар өздеріне Алланың кеңшілігімен бергенін жасырады. Қарсы болушылар үшін; қорлаушы азап әзірледік.
Олар сондай Аллаға, ахирет күніне сенбей малдарын адамдарға көрсету үшін жұмсайды. Ал біреудің сыбайласы шайтан болса, ол жаман сыбайластық
Я олар, Аллаға, ахирет күніне сеніп, Алланың өздеріне берген несібесінен пайдаландырса, оларға не болар еді? Әрине Алла оларды толық біледі.
Негізінен Алла (Т.), тозаң түйірінің салмағындай да әділсіздік етпейді. Егер бір жақсылық болса, оны неше есе арттырады әрі өз жанынан да ірі сыйлық береді.
(Мұхаммед Ғ.С.) әр ұмметке бір айғақ келітіріп, сені де оларға куә етіп келтірсек қандай болар еді?
Аллаға қарсы болып, Пайғамбардан бас тартқандар, қиямет күні, жермен- жексен болуды арман етеді. Алладан бір сөз жасыра алмайды.
Әй мүміндер! Сендер мас болып, не айтқандарыңды білгенге шейін намазға жақындамаңдар. Сондай-ақ жүніп күйінде шомылмайынша, (бой дәретсіз намаз оқымаңдар.) Бірақ, жол жүргенде болады. Ал егер ауыру немесе сапарда болсаңдар не сендерден біреу түзге отырып келсе, яки әйелдерге жақындасасаңдар да су таба алмасаңдар, сонда таза жер жынысына (тәяммүм соғып) беттеріңді, қолдарыңды сипаңдар. Расында Алла аса кешірімді, тым жарылқаушы.
(Мұхаммед Ғ.С.) өздеріне Кітаптан бір үлес берілгендерге қарамайсың ба? Олар, адасуды сатып алды. Сендерді де жолдан аздыруды қалайды.
Алла дұшпандарыңды жақсы біледі. Сондай-ақ Алла, достықта жетіп асады әрі жәрдемшілікте де жеткілікті.
Сондай Яһудилердің кейі; сөзді орындарынан өзгертеді де: «Естідік те қарсы келдік», «Естіші қане естімегір» және дінді кекеп, тілдерің бұрай: «Рағина» дейді. Егер олар: «Естідік те бағындық, тыңда және бізге қара» десе, оларға хайырлы және тура болар еді. Бірақ Алла, олардың қарсылықтары себепті лағынет еткен. Сондықтан олардың азы ғана иман кетіреді.
Әй Кітап берілгендер! Сендермен бірге болғанды растаушы етіп, Біз түсіргенге, (Құранға,) беттерді бұзып, арттарына қайтаруымыздан немесе сенбішілерді, (сенбі күні шектен шығушыларды) лағынет еткеніміздей оларды да лағынет етуімізден бұрын иман келтіріңдер. Алланың әмірі орындалады.
Алла (Т.) өзіне ортақ қосылуды жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды. Сондай-ақ кім Аллаға ортақ қосса, расында жала қойып, зор күнәлы болды.
(Мұхаммед Ғ.С.) сондай өздерін ағартқанды көрмедің бе? Керісінше, кімді Алла (Т.) қаласа тазартады. Оларға қылдай әділсіздік етілмейді.
Қара! Олар Аллаға қалай жасанды өтірік айтады? Бұл ашық күнә, оларға жетіп асады.
(Мұхаммед Ғ.С.) сондай Кітаптан үлес берілгендерге қарамадың ба? Олар бұтқа, шайтанға сенеді де, кепірлерді: «Бұлар, мүміндерден көрі тағы тура жолда» дейді. (Яһудилердің бір тобы, кепірлерді Мұсылманға қайрап салу үшін Меккеге барып: «Сендердің жолдарың тура.» дейді.
Міне бұлар,Алла лағынет еткендер. Алла, кімге лағынет етсе, оған ешбір жәрдемші таба алмайсың.
Олардың әкімшілктен бір үлесі бар ма? Ондай болса, олар адамдарға түк бермес еді.
Немесе олар, Алланың өз кеңшілігімен адамдарға бергенін қызғана ма? Расында Ыбырайым (Ғ.С.) ның жұрағатына Кітап, хикмет және зор патшалық берген едік.
Олардың кейі оған сенді де, кейі одан бас тартты. Оларға, жалындаған тозақ жетіп асады.
Негізінен ондай аяттарымызға қарсы шыққандарды жедел тозаққа саламыз да, олардың терілері жанған сайын азапты татулары үшін, оны басқа терілерге ауыстырамыз. Шәксіз Алла тым үстем, хикмет иесі.
Ал сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, оларды астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргіземіз. Олар онда мәңгі қалады. Сондай-ақ оларға онда тап- таза жұбайлар бар. Және оларды қалың көлеңкеге кіргіземіз
Негізінен Алла (Т.) сендерге аманаттарды өз лайықты орнына тапсыруларыңды және адамдардың арасына билік қылсаңдар, әділдікпен билік қылуларыңды әмір етеді. Расында Алла сендерге нендей жақсы уағыз береді. Шәксіз Алла, толық естуші, тым қырағы.
Әй мүміндер. Аллаға бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар. Сонда егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаға, пайғамбарға ұсыныңдар: Егер сендер Аллаға, ахирет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы, хайырлы да нәтижеде жақсы
(Араларындағы бір дау үшін Яһуди, Мұхаммед (Ғ.С.) ке барайық десе мұнафық, Яһудидің бастығы Кәғапқа барайық деп, ақыр Мұхаммед (Ғ.С.) ке барғанда, билік Яһудиге тигендіктен мұнафық разы болмай, Яһудиді хазірет Ғұмарға алып барғанда: «Пайғамбардың билігіне разы болмағанның сазайы осы» деп, мұнафықтың басын алады. (Мұхаммед Ғ.С.) саған түсірілген Құранға және сенен бұрын түсірілген кітаптарға сендік деп, кұр өршеленгендерді көрмейсің бе? Олар шайтанға жүгінісуді қалайды. Негізінде оларға, оған қарсы болу әмір етілген болатын. өйткені, шайтан, оларды мүлде ұзаққа адастыруды қалайды.
Ал және қашан оларға: «Алла түсірген Құранға және Пайғамбарға келіңдер» делінсе, мұнафықтардың сенен мүлде шегеншектегенін көресің.
Сонда олар қайтып, қолекі істегендерінің салдарынан бастарына бір күйзеліс келгенде, саған келіп: «Біз жақсылықты, үйлесуді қалап едік» деп, Алланың атымен ант- су ішеді.
Пайғамбар атаулыны Алланың нұсқауымен бой ұсынылуы үшін ғана жібердік. Егер олар өздеріне бір кесір істеген заман, саған келіп, Алладан жарылқану тілесе, әрі Пайғамбар да олар үшін жарылқау тілесе, әрине олар Алланы; тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді түрде табар еді.
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңа серт! Олар өзара таласқаннәрселерінде сені би қылып, сонсоң берген билігіңнен көңілдерінде ақау таппай толық бой ұсынғанға дейін мүмін бола алмайды.
Ал оларға: «Өздеріңді өлтіріңдер, (соғысыңдар,) немесе жұрттарыңнан шығыңдар!»,- деп әмір еткен болсақ, олардан өте азы ғана орындайды. Олар өздеріне үгіттелген нәрсені атқарса еді, әрине олар үшін хайырлы болып, имандары нығайып бекір еді.
آية رقم 67
Сондай-ақ өз жанымыздан сыйлық берер едік.
آية رقم 68
Әрине оларды тура жолға салар едік.
Ал жәнекім Аллаға, пайғамбарға бой ұсынса, міне солар; Алла (Т.) нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәһиттер және игілермен бірге болады. Олар нендей жақсы жолдас!
آية رقم 70
Міне бұл Алладан ілтипат. Алла әр нәрсені жете білуші.
Әй мүміндер! Құралдарыңды алыңдар. Және бөлек- бөлек болып немесе тұтас аттаныңдар
Әрине сендерден қырқарлық қылатындар да бар. Егер сендерге бір қиыншылық келсе: «Рас Алла, маған бақ берген екен. Өйткені, олармен бірге болмадым» деп айтар.
Ал егер сендерге Алладан бір мәрхамет (жеңіс) келсе, сендермен араларында ешбір достық жоқтай: «Әттеген-ай! Олармен бірге болсам еді, зор табысқа еи болар едім» деп айтар.
Ендеше, дүние тіршілігін ахиретке айырбастағандар, Алла жолында соғыссын. Ал кім Алла жолында соғысса, сонда өлтірілсе, немесе жеңіске ие болса, әрине оған ірі сыйлық береміз.
Сендерге Алла жолында соғыспайтын не болды? (Меккедегі) шамасыз ерлер, әйелдер және балалардан: «Раббымыз! Бізді осы тұрғындары залым кенттен шығар! Және бізге өз қасыңнан бір еи пайда қыл. Әрі өз қасыңнан бір көмекші қыла көр» дейтіндер бар.
Сондай иман келтіргендер, Алла жолында соғысады да кәпірлер, шайтан жолында соғысады. Ендеше сендер шайтанның достарымен соғысыңдар. Негізінен шайтанның әдісі нашар.
(Мұхаммед Ғ.С.) сондай оларға: «Қолдарыңды тыйындар, намазды орындап, зекет беріңдер!»,- делінгендерді көрмедің бе? Оларға соғыс парыз етілген заман олардың бір тобы; адамдардан, Алладан қорыққандай немесе, тағы қатты қорқады да: «Раббымыз! Бізге соғысты неге жаздың? Бізді жақын бір мерзімге дейін неге кешіктірмедің?»,- деді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Дүниенің пайдасы аз ғана. Тақалар үшін ахирет жақсы. Сендер қылдай әділетсіздікке ұшырамайсыңдар» деп айт
Сендер қайда болсаңдар да, тіпті мықты қорғандарда (жұлдыздарда) болсаңдар да өлім жетеді. Егер оларға бір жақсылық жетсе: «Алла тарапынан» дейді де, егер оларға бір жамандық жетсе, олар: «Бұл сенің тарапыңнан» дейді. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: «Барлығы Алланың қасынан» деп айт. Сөзді түсінуге жанаспайтын сол елге не болды?
Саған нендей бір жақсылық келсе, Алладан. Ал және бір жамандық келсе, өзіңнен. (Мұхаммед Ғ.С.)сені адамдарға еші етіп жібердік. Куәлікте Алла жетіп асады.
Кім пайғамбарға бағынса, расында Аллаға бағынған болады. Ал және кім бет бұрса, (Мұхаммед Ғ.С.) оларға сені аңдушы етіп жібермедік.
Олар: «Бой ұсындық» деп қашан қасыңнан айрылса, олардан бір тобы, түнделетіп сен айтқаннан басқаны кеңеседі. Алла олардың түнгі күңкілдерін жазады. Сондықтан олардан бет бұр да, Аллаға тәуекел ет. Алла (Т.) толық кепіл.
Ал сонда олар Құранды түсінбей ме? Егер Алладан басқаның қасынан болса еді, әрине онда олар көптеген қайшылықтар табар еді.
Қашан оларға (мұнафықтарға) аманшылықтан немесе хауіп- қатерден хабар келсе, олар оны жайып жібереді. Егер олар оны, Пайғамбарға не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның мән- жайын білер еді. Егер сендерге Аланың кеңшілігі, мейірімі болмаса еді, шайтанға ермегендерің өте аз болар еді.
(Мұхаммед Ғ.С.) енді Алла жолында соғыс. Сен өзіңнен ғана жауаптысың. Сондай-ақ мүміндерді қызықтыр. Мүмкін Алла, кәпірлердің кесірін тоқтатар. Алланың кәрі қатты да жазасы қиын.
Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырық немесе соның өзін қайтарыңдар. Шәксіз Алла әр нәрседен есеп алушы.
(Біреу: «Әссәламү ғаләйкүм»- Сендерге есендік болсын десе, «Уә ғаләйкумсәлам уә Рахматұллаһ»- Сендерге есендік және Алланың мейірімі болсын. Егер, «Әссәламү ғаләйкүм уә Рахматұллаһ» -Сендерге есендік және Алланың мейірімі әрі берекеті болсын десе, «Уә ғаләйкумсәлам уә гахматұллаһі уә бәракәтүһү» деп өзіндей қайтару керек) Алла бір, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Әлбетте сендерді күдік болмаған қиямет күнінде жинайды. Алладан артық кімнің сөзі тура бола алады?
Сендерге мұнафықтар жайында екі дай болатын не болды? Алла оларды қылықтары себепті теріс бағындырды. Алла, адастырған біреуді, сендер жолға салуды қалайсыңдар ма? Ал біреуді, Алла адастырса, сонда оған жол таба алмайсың.
Олар, өздері қарсы болғандай сендердің де қарсы болып, бірдей болуларыңды қалады. Ендеше оларды Алла жолында босқанға дейін, дос тұтпаңдар. Егер олар бет бұрса, сонда оларды қайдан тапсаңдар да ұстап өлтіріңдер. Сондай-ақ оларды не дос не көмекші тұтпаңдар.
Бірақ, сендермен араларыңда келісім болған бір елге қосылғандар, немесе сендермен өздері соғысуға, не өз елдерімен соғысуға жүректері сығылып, сендерге келгендер басқа. (Мұндайларға соқтықпаңдар) Егер Алла қаласа, оларды сендерге өктем қылар еді. Сонда олар сендермен соғысар еді. Ал егер сендерден бой тежесе, сондай-ақ қолдарын тыйып, өздеріңе келісім ұсынса, онда Алла, сендер үшін оларға қарсы бір жол қоймады.
Ал және басқа біреулерді; сендерді де сендіруді, әрі өз елдерін де сендіруді қалаған түрде табасыңдар. әрқашан олар бұзақылыққа нұсқалса, олар оның ішіне етпетінен түседі. Ал егер олар сендерден тайынбаса, сендерге келісім ұсынбаса және олар қолдарын тыймаса, сонда оларды қайдан тапсаңдар да ұстап өлтіріңдер. Міне осыларды, сендер үшін оларға қарсы ашық дәлел қылдық
Бір мүміннің бір мүмінді өлтіруіне болмайды. Бірақ қатеден болса басқа. Және біреу, бір мүмінді қателесіп өлтірсе, сонда бір мүмін құл азат етуі әрі өлгеннің иесіне құн тапсыруы керек. Бірақ олар кешірім етсе ол басқа. Егер өлтірілген сендермен дұшпан елдегі бір мүмін болса, (құн төлемей) бір мүмін құл азат етуі керек. Ал егер (өлтірілген мүмін) сендермен олардың арасында келісім болған бір елден болса, өлгеннің иесіне құн тапсырып, әрі бір мүмін құл азат етуі керек. Бұларды таба алмаған кісі, Аллаға тәубе (сінің қабыл болуы) үшін тұтас екі ай ораза ұстауы керек. Алла (Т.) толық білуші, хикмет иесі.
Кім бір мүмінді әтейге өлтірсе, оның жазасы, ішінде мүлде қалатын тозак болады. Сондай-ақ оған алланың ашуы, қарғысы болып және оған зор қинау әзірлеп қойған.
Әй мүміндер! Алла жолында (соғысқа) шықсаңдар, өте анықтаңдар. Сәлем бергенді дүние- мүлікке қызығып: «Мүмін емессің» демеңдер. Өйткені Алланың қасында көптеген олжалар бар. Бұрын сендер де сондай едіңдер. Алла (Т.) сендерге қамқорлық етті. Сондықтан өте- мөте анықтаңдар. Шәксіз Алла істеген істеріңді біледі.
Мүміндерден себепсіз (соғысқа шықпай) отырушылармен Алла жолында малдары және жандарымен соғысушылар тең емес. Алла (Т.) малдарымен, жандарымен соғысушыларды дәрежеде арттырды. Сондай-ақ барлығына да игілік уәде етті. Және соғысушыларды отырушылардан үстем кеңшілікке бөлеп, ірі сыйлық берді
Алладан дәрежелер, жарылқау және мәрхамет бар. Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.
Өздеріне зұлымдық еткендердің, (бұлар Меккеден көшпей қалғандар. ) періштелер жандарын алғанда: «Қайда едіңдер?»,- деді. Олар: «біздер бұл жерде шамасыз едік» деді. (Періштелер): «Алланың жері кең емес пе? Сонда ол жерге көшсеңдер еді?»,- деді. Міне бұлардың орны тозақ. Неткен жаман орын.
Шамасыз еркек, әйелдер және балалардан шара қолдана алмайтын, жол таба алмайтындар басқа…
Міне бұларды Алланың кешірім етуі үміт етіледі. Өйткені Алла, өте кешірімді, ерекше жарылқаушы
Кім Алла жолында ауа көшсе, көптеген кең қоныс және кеңшілік табады. Сондай-ақ біреу үйінен Алалға, Пайғамбарға бола шықса да, оған өлім жетсе, сонда оның бодауы Алланың өзіне тән болады. Алла аса жарылқаушы, тым мейірімді.
Қашан жер жүзінде сапарда болсаңдар, кәпірлердің өздеріңе бір қастандық істеуінен қорықсаңдар, сендерге намаздан қысқартуларыңда күнә жоқ. Негізінен сендерге кәпірлер ашық қаскүнем.
(Мұхаммед Ғ.С.) Сен олардың ішінде (соғыс майданында имам болып) тұрған кезде, олардан бір бөлегі сенімен бірге намазға тұрсын, барлығы құралдарын алсын. Сонда қашан олар сәжде қылса, (саған ұйып бір рікғат оқыса,) олар арт жақтарында (жау жақта) болсын. Екінші намаз оқымаған топ келіп, сенімен бірге намаз оқысын, қорғаныстарын, құралдарын да алсын. өйткені, кәпірлер құралдарыңнан, нәрселеріңнен кәперсіз болуларыңды, үстеріңе бір -ақ шабыуыл жасауды ойлар. Егер сендерге жаңбырдан бір қиналыс немесе ауыру болсаңдар, сендерге құралдарыңды қойып қоюдарыңның оқасы жоқ. Сондай-ақ сақтық шарасын қолданыңдар. Негізінен Алла кәпірлер үшін қорлаушы азап әзірлеген.
Қашан намаз өтеп болсаңдар, Алланы; тұрып, отырып және жатқан бойда еске алыңдар. Қашан тынышталсаңдар, онда намазды толық орындаңдар. Өйткені, намаз мүміндерге белгілі уақытта парыз қылынды.
Ол қауымды іздеуде селқостанбаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар, расында олар да сендер күйзелгендей күйзелуде. Негізінен сендер Алладан олардың үміт етпеген нәрсесін үміт еетсіңдер. Алла (Т.) толық білуші, хикмет иесі.
(Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде саған Кітапты; Алланың, өзіңе көрсетуі бойынша адамдардың арасына үкім қылуың үшін шындықпен түсірдік. Сондықтан қаралықшылдарға болысушы болма. (бір Мұнафық көршісінің сауытын ұрлап, бір Яһудидің үйіне тығып қойып, өзі Пайғамбар (Ғ.С.) ға келіп ант-су ішіп сендіріп, қылмысты; Яһудиге артуға тырысады.
آية رقم 106
Алладан жарылқану тіле. Негізінен Алла (Т.) аса жарылқаушы, ерекше мейірімді.
Өздеріне кесір істегендер үшін сөз таластырма. Өйткені; Алла, қаралықшыл күнәкарды жақсы көрмейді.
Олар адамнан жасырса да, Алладан жасыра алмайды. Алла, олар түнделетіп, разы болмайтын сөз қылғанда олармен бірге еді. Алла олардың не істегендерін бұлжытпай біледі.
Ал міне сендер дүние тіршілігінде олар тарапынан дауластыңдар, сонда қиямет күні олар тарапынан Алламен кім дауласа алады? Немесе оларға кім уәкіл бола алады?
Біреу бір жамандық істесе немесе өзіне зұлымдық қылса да, сонсоң Алладан жарылқану тілесе, Алланы аса жарылқаушы, ерекше мейірімді табар еді.
Ал және біреу күнә істесе, сонда негізінен ол өзіне істеген болады. Алла (Т.) толық білуші, аса дана.
Тағы да біреу, бір қателік немесе күнә істесе, оны, ақ біреуге жапса, расында ол жала қойып, ашық күнә жүктеп алған болады.
(Мұхаммед Ғ.С.) егер саған Алланың ілтипаты, мәрхаметі болмаса еді, әрине олардың бір тобы сені адастыруды ойлаған еді. Олар өздерін ғана адастырады да саған ешбір зиян келтіре алмайды. өйткені Алла, саған Құранды және хикметті түсірді әрі саған білмегендеріңді үйретті. Сондай-ақ Алла (Т.) ның саған деген ілтипаты өте ірі.
Олардың өзара күңкілдерінің көбінде хайыр жоқ. Бірақ, кім бір садақаны не бір игілікті немесе адамдардың арасын жарастыруды әмір етсе, ол хайырлы. Және біреу, осыны Алланың ризалығын іздеп істесе, сонда оған жедел ірі сауап береміз.
Ал біреу, өзіне тура жол айқындалғаннан кейін Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да тозаққа саламыз. Ол нендей жаман орын!
Негізінен Алла, өзіне ортақ қосуды жарылқамайды. Одан басқа кімді қаласа жарылқайды. Aл және кім Aллaғa ортақ қосса, расында өте ұзаққа адасты.
(Мекке мүшріктері,) олар, Aлладaн өзге ұрғашыларға ғана жалбарынды. Негізінен олар қасарысқан шайтанға жалбарынды.
آية رقم 118
Aллa оны қарғады. Сонда шaйтан: "Әрине құлдарыңнан белгілі бір үлес аламын" деді.
"Және oлapды әрине адастырамын, әлбетте oлapды босқа үміттендіремін. Әрі олapғa міндетті түрде әмір етемін. Сонда олар: Maлдарды құлақтарын (бұтқа арнап) тіледі. Сондай-ақ oлapғa әрине Алланың жаратқанын өзгертуді бұйырамын" (дедi.) Кім Алладан өзге шайтанды дос тұтса, сонда рас ашық зиянға ұшыраған бoлды.
آية رقم 120
Шайтан oлapғa уәде беріп, оларды босқа ұміттендіреді Шайтанның oлapғa уәдесі aлдay ғана
آية رقم 121
Міне солардың орны тозак. Сондай-ақ олар одан қашар жер таба алмайды.
Иман келтіріп, ізгі іс істегендерді астарынан өзендер ағатын бақшаларға кіргіземіз де, олар онда мәңгі қалады. Өйткені, Алланың уәдесі хақ. Алла (Т.) дан тура сөзді кім?
(Әй мүшріктер!) Не сендердің ойларыңша, не Кітап иелерінің ойларынша да емес. Кім бір жаман іс қылса, сол себепті жазаланады. Ол үшін Алладан өзге ие де жәрдемші де таба алмайды.
Еркектен немесе әйелден кім иман келтіруші болып, ізгі істерден істесе, міне солар жәннетке кіреді. Түк де әділетсіздікке ұшыратылмайды.
Кім діни тұрғыдан жақсылық істеуші болып, жүзін Аллаға тапсырып, нағыз Ыбырайым (Ғ.С.) ның дініне ерген кісіден жақсы бола алады? Алла (Т.) Ыбырайым (Ғ.С.) ды дос тұтқан.
(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен, әйелдер жайында пәтуа сұрайды. Оларға: «Алла сендерге олар жөнінде пәтуасын білдіреді: Бұл сендерге оқылатын Кітапта да, оларға жазылған мирастарын бермей өздерін алуға қызығатын жетім әйелдермен байқұс балалар және жетімдерге дұрыс қамқорлық істеу жайында пәтуа береді» де. Және хайырдан не істесеңдер сөз жоқ, оны Алла біледі
Егер бір әйел, ерінің жеруінен немесе бет бұруынан қорықса, өзара келісіп жарасуларында екеуіне де күнә жоқ. Сондай-ақ жарасу жақсы. Нәпсілер қытымырлыққа бейім жаратылған. Егер жақсы шығысып, сақсынсаңдар негізінен Алла (Т.) не істегендеріңді толық біледі.
Қаншалық тырыссаңдар да әйелдердің арасына әсте әділдік істей алмайсыңдар. Ендеше, (біреуіне) мүлде ауып кетіп, өзгесін жіпсіз байлағандай етіп қоймаңдар, (Байсыз қатын құсап, дел-салда жүрмесін.) Егер түзеліп, сақсынсаңдар, негізінен Алла тым жарылқаушы, ерекше мейірімді.
Егер екеуі ажырасса, Алла әрқайсысын өз кеңшілігінен қамтамасыз етеді. өйткені, Алла аса кең, өте дана
Көктердегі және жердегі нәрселер Аллаға тән. Сендерден бұрыңғы кітап берілгендерге де, сендерге де: «Алладан қорқыңдар!»,- деп өсиет еткенбіз. Егер қарсы келсеңдер, сонда да көктер мен жердегі нәрселер Алланікі. Алла мұңсыз, мақтаулы.
Көктердегі әрі жердегі нәрселер Алланікі. Алла (Т.) кепілдік тұрғысынан жеткілікті.
Әй адам баласы! Егер Алла қаласа, сендерді кетіріп, басқаларды әкелер еді. Міне осыған Алланың күші толық жетеді
Кім дүниенің пайдасын тілесе, Сонда дүние, ахиреттің пайдасы Алланың қасында. Сондай-ақ Алла әр нәрсені естуші, ерекше мейірімді.
Әй мүміндер! Әділдікте мықты тұрып, егер өздеріңнің, әке- шешелеріңнің және жақындарыңның зиянына болса да, Алла үшін айғақ болыңдар; бай немесе кедей болса да. Өйткені Алла, екеуіне де тым жақын. (Олардың халін біледі) Ендеше әділдік істеу нәпсіге ермеңдер. Егер тілдеріңді бұрып, шындықты бұрмаласаңдар, шәксіз Алла не істегендеріңді толық білуші.
Әй мүміндер! Аллаға, Пайғамбарына және оған түсірген Құранға сондай-ақ одан бұрыңғы түсірген ктіапқа иман келтіріңдер. Ал кім Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, елшілеріне және ахирет күніне қарсы шықса, сонда тым ұзақ адасты.
Негізінен сондай иман келтіріп сонсоң қарсы келгендер, тағы иман келтіріп, және қарсы шыққандар, сонсоң қарсылығын арттырғандар, міне, Алла соларды жарылқамайды да, тура жолға да салмайды. (Яһудтлер әуелі Мұсаға иман келтірді. Сонсоң бұзауға табынып, қарсы келді. Сонсоң Мұсаға иман келтіріп, ғисаға қарсы болды да, Мұхаммед (Ғ.С.) ке қарсылықтарын арттыра түсті.
آية رقم 138
(Мұхаммед Ғ.С.) мұнафықтарға, өздеріне негізінен күйзелтуші азап бар екендігін шүйіншіле.
Сондай мүміндерден өзге кәпірлерді дос тұтқандар, олардың қасынан ізет іздей ме? Шын мәнінде ізет бүтіндей Аллаға тән.
Расында сендерге Кітапта: «Алланың аяттарына қарсы келінгендігін және ажыуаланғандығын сендер естіген сәтте; олар бұдан басқа сөзге кіріскенше, олармен бірге отырмаңдар; әйтпесе сендер де солар сияқты боласыңдар» деп үкім түсірді. Шәксіз Алла мұнафықтармен кәпірлерді біртұтас тозаққа жинаушы.
Сондай сендерді аңдығандар, сендерге Алладан бір жеңіс келсе: «Бізде сендермен бірге емес пе едік?»,-деді. Ал егер кәпірлерге бір олжа түссе, оларға: «Сендерге үстемдік келтіріп, сендерді мүміндерден қорғамадық па?»,- деді. Енді Алла араларыңа қиямет күні үкім қылады, сондай-ақ Алла кәпірлер үшін мүміндерге қарсы жол қоймайды.
Мұнафықтар, Алланы алдамақшы болады. Негізінен Алла, оларды алдауға ұшыратады. Қашан олар намазға тұрса, жалқауланып тұрады. Адамдарға көрсету үшін оқып, олар Алланы өте аз еске алады.
Негізінен мұнафықтар тозақтың ең төмеңгі қабатында болады. Әрі оларға ешбір жәрдемші таба алмайсың.
Бірақ тәубе еткендер, өздерін түзелткендер және Аллаға жабысып, діндерінде ықыласты болғандар, міне солар мүміндермен бірге. Алла (Т.) мүміндерге жедел бір сыйлық береді.
Егер шүкірлік етіп, иман келтірсеңдер, Алла сендерді неге азап қылсын? Өйткені, Алла (Т.) шүкірлікті бағалаушы, толық білуші.
Алла (Т.) жаман сөздің жарияланып сөйленуін жақсы көрмейді. Бірақ зұлымдыққа ұшыраған біреудікі басқа. Алла әр нәрсені естиді, біледі.
Егер бір жақсылықты ашықтасаңдар немесе оны жасырсаңдар не бір жамандықты кешсеңдер, сонда күдіксіз Алла аса кешірімді, тым күшті
Шәксіз, сондай Аллаға, пайғамбарларына қарсы келгендер, олар, Алла мен пайғамбарларының арасын айыруды қалайды. Және де олар: «(Пайғамбарлардың) кейіне сенеміз де кейіне қарсы келеміз» дейді; сөйтіп олар екі ортадан жол табуды қалайды.
آية رقم 151
Міне олар анық кәпірлер. Кәпірлер үшін қорлаушы қинау дайындадық
Және сондай Аллаға, пайғамбарларына иман келтіргендер, олардан ешбіреуінің арасын айырмайды; міне солардың сыйлықтары тезінен беріледі. Сондай-ақ Алла (Т.) өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.
(Мұхаммед Ғ.С.) Кітап иелері сенен көктен бір кітап түсінуіңді сұрайды. Расында олар Мұса (Ғ.С.) дан одан да зорғыны сұраған. Сонда олар: «Алланы бізге ашық көрсет!»,-дегенде, олардың кесірлері себепті нажағай түсті. Сонсоң оларға ашық дәлелдер келгеннен кейін де, олар бұзауды тәңір жасап алды. Сонда соларды да кештік. Сондай-ақ Мұса (Ғ.С.) ға ашық мұғжиза бердік.
Олардың уәделері себепті үстеріне Тұр тауын көтердік. Және оларға: «қақпадан сәжде қылып кіріңдер» дедік. Тағы оларға: «Сенбі күні шектен шықпаңдар!»,- дедік. Сөйтіп олардан ауыр серт алдық.
Дегенмен олардың серттерін бұзулары, Алланың аяттарына қарсы шығулары, пайғамбарларды жазықсыз өлтірулері және жүректеріміз перделі деулері себепті Алла, әрине олардың қарсылықтары салдарынан жүректерін мөрлеген. Сондықтан өте азы ғана иман келтіреді.
آية رقم 156
Және олардың (Ғиса Ғ.С.ға) қарсы шығулары әрі Мәрйемге зор жала жапсырған сөздері себепті,
Тағы да; Алланың елшісі, Мәрйем ұлы Ғиса Мәсихты өлтірдік! ,- дегендіктері негізінде олар оны өлтірмеді де, аспады; бірақ оларға,ұқсатылды:(Олар Ғисаға ұқсатылған біреуді өлтірді.Б.Ж.М.К) Расында,ол жайында қайшылықтарғылар,әрине одан күдіктенуде.Олардың оған байланысты мәліметтері жоқ.Бірақ күмәннің ғана соңында.Олар оны анық өлтірмеді.
آية رقم 158
Олай емес,Алла оны өз тарапына көтерді.Алла(Т.) өте үстем,хикмет иесі.
Кітап иелері,Ғиса(Ғ.С) ға өлуінен бұрын әлбетте иман келтіреді. (Ж.Б.М.К) Және қиямет күнінде ол оларға куа болады.
Сонда Яһудилердің зұлымдықтарының және көптеген адамдарды Алланың жолынан тосуларының салдарынан оларға халал етілген көптеген жақсы нәрселерді оларға арам қылдық.(8-С.146-А)
Және де оларға тыйым салынған бола тұра өсім алулары әрі адамдардың малдарын орынсыз жеулері,сондай ақ олардан қарсы келгендер үшін; күйзелтуші азап әзірледік.
Дегенмен іштерінен ғылымда озат болғандар және иман келтіргендер,саған түсірілгенге әрі сенен бұрынғы түсірілгенге сенеді.Және намазды орындаушылар,зекет берушылер әрі Аллаға,ахирет күніне сенушілер,әрине соларға зор сыйлық береміз
(Мұхаммед Ғ.С.) Нұх (Ғ.С.) және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей саған да уахи еттік. Сондай-ақ Ыбырайым, Ысмайыл, Ісхақ, Яғқұп (Ғ.С.), ұрпақтарына және Ғиса, Әйүп, Юныс, Һарұн және Сүлеймен (Ғ.С.) ге де уахи еттік. Әрі Дәуіт (Ғ.С.) ке Зәбұрды бердік.
Және саған бұрыңғы пайғамбарларды баян қылдық, сондай-ақ пайғамбарлардың саған баян етпегеніміз де бар. Және Алла (Т.) Мұса (Ғ.С.» ға (тікелей) сөйлескен.
Пайғамбарларды қуандырушы, қорқытушы етіп жібердік: Елшілерден кейін адамдардың Аллаға қарсы сылтауы болмауы үшін. Алла (Т.) аса үстем, хикмет еисі.
Алайда Алла, саған түсіргенін біле тұра түсіндіргеніне куәлік етеді және періштелер де куә болады. Негізінде Алла куәлікте жеткілікті.
Күдіксіз, сондай қарсы болғандар және Алланың жолынан тосқандар, расында ұзақ адасумен аадсты.
Әй адам баласы! Рас сендерге Пайғамбар, раббыларыңнан хақиқатты келтірді. Сондықтан иман келтіріңдер, сендер үшін жақсы. Егер қарсы келсеңдер, сонда күдіксіз көктердегі және жердегі барлық нәрсе Алланікі. Алла (Т.) аса білуші, хикмет иесі.
Әй Кітап иелері! Діндеріңде артық кетпеңдер. Аллаға байланысты шындықты айтыңдар. Шынайы түрде мәрйем ұлы Мәсих Ғиса, Алланың елшісі әрі Мәрйемге жалғастырған сөзі және Алла тарапынан бір рух. Ендеше Аллаға және елшілеріне сеніңдер. Әрі (Алланы) «үшеу» демеңдер, (одан) тыйылыңдар. Сендер үшін жақсы. Шынайы түрде Алла бір-ақ Тәңір. Ол баласы болудан пәк. Көктердегі және жердегі нәрселер оған тән. Алла әкілдікке жетік.
Ғиса да, Аллаға жақын періштелер де Аллаға құл болудан әсте арланбайды. Кім Оған құлшылықтан арланып дандайсыса, сонда оларды тұтас өз тарапына жинайды. (басқа барар жері жоқ.)
Ал енді сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендердің сыйлықтарын толық береді. Әрі оларға өз ілтипатынан арттырады. Ал және сондай арланып менменсігендерді күйзелтуші азапқа ұшыратады. Сондай-ақ олар үшін Алладан басқа құтқарушы не дос не жәрдемші таба алмайды.
Әй адам баласы! Сендерге Раббыларыңнан дәлел келді. Сондай-ақ сендер үшін бір ашық нұр (Құран) түсірдік
Ал енді Аллаға сеніп, Оған жабысқандарды өз тарапынан мәрхамет және ілтипатқа бөлейді де, өзіне баратын тура жолға салады.
Олар сенен пәтуа сұрайды. Оларға айт: «Алла сендерге «Кәлала» жайында пәтуа береді: Егер әке- шешесі және баласы жок біреу өлсе, оның бір қыз туысы болса, сонда оған қалған мирастың жартысы тиеді. Егер өлген әйел болып, оның баласы болмаса, еркек туысы оның мирасқоры болады. Егер өлгеннің қыз туысы екеу болса, екеуіне қалған мирастың үштен екісі тиеді. Және мирасқорлар ер, әйелдер аралас болса, сонда бір ерге екі әйелдің сыбағасындай тиеді. Алла (Т.) адасарсыңдар деп сендерге ашық түсінік береді. Алла әр нәрсені толық біледі»
تقدم القراءة