ترجمة معاني سورة النساء باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
جمعية خليفة الطاي الخيرية
الترجمة الإنجليزية - صحيح انترناشونال
المنتدى الإسلامي
الترجمة الإنجليزية
الترجمة الفرنسية - المنتدى الإسلامي
نبيل رضوان
الترجمة الإسبانية
محمد عيسى غارسيا
الترجمة الإسبانية - المنتدى الإسلامي
الترجمة الإسبانية (أمريكا اللاتينية) - المنتدى الإسلامي
المنتدى الإسلامي
الترجمة البرتغالية
حلمي نصر
الترجمة الألمانية - بوبنهايم
عبد الله الصامت
الترجمة الألمانية - أبو رضا
أبو رضا محمد بن أحمد بن رسول
الترجمة الإيطالية
عثمان الشريف
الترجمة التركية - مركز رواد الترجمة
فريق مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة التركية - شعبان بريتش
شعبان بريتش
الترجمة التركية - مجمع الملك فهد
مجموعة من العلماء
الترجمة الإندونيسية - شركة سابق
شركة سابق
الترجمة الإندونيسية - المجمع
وزارة الشؤون الإسلامية الأندونيسية
الترجمة الإندونيسية - وزارة الشؤون الإسلامية
وزارة الشؤون الإسلامية الأندونيسية
الترجمة الفلبينية (تجالوج)
مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة الفارسية - دار الإسلام
فريق عمل اللغة الفارسية بموقع دار الإسلام
الترجمة الفارسية - حسين تاجي
حسين تاجي كله داري
الترجمة الأردية
محمد إبراهيم جوناكري
الترجمة البنغالية
أبو بكر محمد زكريا
الترجمة الكردية
حمد صالح باموكي
الترجمة البشتوية
زكريا عبد السلام
الترجمة البوسنية - كوركت
بسيم كوركورت
الترجمة البوسنية - ميهانوفيتش
محمد مهانوفيتش
الترجمة الألبانية
حسن ناهي
الترجمة الأوكرانية
ميخائيلو يعقوبوفيتش
الترجمة الصينية
محمد مكين الصيني
الترجمة الأويغورية
محمد صالح
الترجمة اليابانية
روايتشي ميتا
الترجمة الكورية
حامد تشوي
الترجمة الفيتنامية
حسن عبد الكريم
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
خليفة الطاي
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
جمعية خليفة الطاي الخيرية
الترجمة الأوزبكية - علاء الدين منصور
علاء الدين منصور
الترجمة الأوزبكية - محمد صادق
محمد صادق محمد
الترجمة الأذرية
علي خان موساييف
الترجمة الطاجيكية - عارفي
فريق متخصص مكلف من مركز رواد الترجمة بالشراكة مع موقع دار الإسلام
الترجمة الطاجيكية
خوجه ميروف خوجه مير
الترجمة الهندية
مولانا عزيز الحق العمري
الترجمة المليبارية
عبد الحميد حيدر المدني
الترجمة الغوجراتية
رابيلا العُمري
الترجمة الماراتية
محمد شفيع أنصاري
الترجمة التلجوية
مولانا عبد الرحيم بن محمد
الترجمة التاميلية
عبد الحميد الباقوي
الترجمة السنهالية
فريق مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة الأسامية
رفيق الإسلام حبيب الرحمن
الترجمة الخميرية
جمعية تطوير المجتمع الاسلامي الكمبودي
الترجمة النيبالية
جمعية أهل الحديث المركزية
الترجمة التايلاندية
مجموعة من جمعية خريجي الجامعات والمعاهد بتايلاند
الترجمة الصومالية
محمد أحمد عبدي
الترجمة الهوساوية
الترجمة الأمهرية
محمد صادق
الترجمة اليورباوية
أبو رحيمة ميكائيل أيكوييني
الترجمة الأورومية
الترجمة التركية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفرنسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الإندونيسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفيتنامية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة البوسنية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الإيطالية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفلبينية (تجالوج) للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفارسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
Dr. Ghali - English translation
Muhsin Khan - English translation
Pickthall - English translation
Yusuf Ali - English translation
Azerbaijani - Azerbaijani translation
Sadiq and Sani - Amharic translation
Farsi - Persian translation
Finnish - Finnish translation
Muhammad Hamidullah - French translation
Korean - Korean translation
Maranao - Maranao translation
Abdul Hameed and Kunhi Mohammed - Malayalam translation
Salomo Keyzer - Flemish (Dutch) translation
Norwegian - Norwegian translation
Samir El - Portuguese translation
Polish - Polish translation
Romanian - Romanian translation
Elmir Kuliev - Russian translation
Albanian - Albanian translation
Tatar - Tatar translation
Japanese - Japanese translation
محمد جوناگڑھی - Urdu translation
Ma Jian - Chinese translation
Turkish - Turkish translation
King Fahad Quran Complex - Thai translation
Ali Muhsin Al - Swahili translation
Abdullah Muhammad Basmeih - Malay translation
Hamza Roberto Piccardo - Italian translation
Indonesian - Indonesian translation
Bubenheim & Elyas - German / Deutsch translation
Bosnian - Bosnian translation
Hasan Efendi Nahi - Albanian translation
Sherif Ahmeti - Albanian translation
Sahih International - English translation
Czech - Czech translation
Abul Ala Maududi(With tafsir) - English translation
Tajik - Tajik translation
Alikhan Musayev - Azerbaijani translation
Muhammad Saleh - Uighur; Uyghur translation
Abdul Haleem - English translation
Mufti Taqi Usmani - English translation
Muhammad Karakunnu and Vanidas Elayavoor - Malayalam translation
Sheikh Isa Garcia - Spanish; Castilian translation
Divehi - Divehi; Dhivehi; Maldivian translation
Abubakar Mahmoud Gumi - Hausa translation
Mahmud Muhammad Abduh - Somali translation
Knut Bernström - Swedish translation
Jan Trust Foundation - Tamil translation
Mykhaylo Yakubovych - Ukrainian translation
Uzbek - Uzbek translation
Diyanet Isleri - Turkish translation
Ministry of Awqaf, Egypt - Russian translation
Abu Adel - Russian translation
Burhan Muhammad - Kurdish translation
Dr. Mustafa Khattab, The Clear Quran - English translation
Dr. Mustafa Khattab - English translation
الترجمة الإنجليزية - مركز رواد الترجمة
الترجمة الفرنسية - محمد حميد الله
الترجمة الجورجية
الترجمة البوسنية - مركز رواد الترجمة
الترجمة الصربية - مركز رواد الترجمة - جار العمل عليها
الترجمة الألبانية - مركز رواد الترجمة - جار العمل عليها
الترجمة اليابانية - سعيد ساتو
الترجمة الفيتنامية - مركز رواد الترجمة
الترجمة التاميلية - عمر شريف
الترجمة السواحلية - عبد الله محمد وناصر خميس
الترجمة اللوغندية - المؤسسة الإفريقية للتنمية
الترجمة الإنكو بامبارا - ديان محمد
الترجمة العبرية
الترجمة الإنجليزية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة الروسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة البنغالية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة الصينية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة اليابانية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
ترجمة معاني القرآن الكريم - عادل صلاحي
عادل صلاحي
ﰡ
آية رقم 1
Ей, адамдар! Сендерді бір адамнан / Адам ғ.с. / жаратқан әрі одан оның жұбын жаратып, ол екеуінен көп ерлер мен әйелдерді таратқан Раббыңызға тақуалық етіңдер / Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар /. Бір-біріңнен Ол арқылы / Оның атымен / сұрасатын Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар және туыстық байланыстарды / үзуден сақтаныңдар / ,Ақиқатында, Аллаһ - сендерді толық Бақылаушы.
آية رقم 2
Жетімдерге өз мал-мүліктерін беріңдер және нашарды жақсыға алмастырмаңдар. Олардың мал-мүліктерін өздеріңнің мал-мүліктеріңе қосып жемеңдер. Өйткені ол - үлкен күнә.
آية رقم 3
Егер жетімдерге / жетім қыздарға үйленуге / қатысты туралық ете алмаудан қорықсаңдар, онда өздеріңе ұнаған әйелдерден екі, үш және төртеуіне үйленіңдер. Ал, егер әділдік ете алмаудан қорықсаңдар, онда бір әйел немесе қолдарындағы күндерің болады. бұл - әділеттіктен ауытқымауларыңа көбірек жақын.
آية رقم 4
Әйелдерге мәһрлерін / қалыңдыққа берілетін сыйды / шын көңілден / бір міндет ретінде / беріңдер. Егер олар өздері сендерге одан бір нәрсені ұсынса, оны қош күйде жеңдер / пайдаланыңдар /.
آية رقم 5
Аллаһ өздеріңе күнкөріс еткен мал-дүниелеріңді ақыл тоқтатпағандарға бермеңдер. Әрі оларды одан тамақтандырыңдар және киіндіріңдер. Сондай-ақ оларға жақсы сөз сөйлеңдер.
آية رقم 6
Жетімдерді неке / балиғат / жасына жеткендерінше сынаңдар. Егер олардан естиярлық байқасаңдар, мал-дүниелерін өздеріне тапсырыңдар. Оны ысырап етіп, олардың есеюлерінің алдын орап жемеңдер. Әрі кім бай болса, сақтансын / одан пайдаланбасын /. Ал, кім кедей болса, құпталғанға сай, жөнімен ғана жесін. Қашан олардың малдарын өздеріне тапсырсаңдар, куәгерлерді қатыстырыңдар. Аллаһ - Есеп алушы ретінде жеткілікті.
آية رقم 7
Ата-ана және жақын туысқандардың қалдырған нәрселерінен ер адамдар үшін үлес бар. Сондай-ақ, ата-ана және жақын туысқандар қалдырған нәрселерден әйелдер үшін де үлес бар. Аз немесе көп болсын, бүл бір міндетті үлес.
آية رقم 8
Егер / мирасты / бөлу кезінде жақындар, жетімдер және кедейлер келсе, оларға одан бір нәрсе беріңдер және оларға жақсы сөз сөйлеңдер.
آية رقم 9
Артында әлсіз ұрпақ қалдыруға қандай қорықса, / өздері де солай / сақтансын. Олар Аллаһтан қорқып, тура сөз айтсын.
آية رقم 10
Ақиқатында, жетімдердің мал-дүниелерін әділетсіздікпен жейтіндер, шын мәнінде қарындарында отты ғана жейді. Таяуда олар Саъирда (жалындаған от) жанады.
Аллаһ балаларыңа қатысты сендерге тапсырады: бір ер кісіге екі әйелдің үлесіндей тиісті. Егер әйелдер екіден көп болса, Оларға ол қалдырғанның үштен екісі тиісті. Егер біреу болса, оған жартысы тиісті. Егер / марқұмның / баласы болса ата-анасының әрқайсысына ол қалдырғаннан алтыдан бірі тиісті. Ал, егер баласы болмай, оған ата-анасы / ғана!мұрагер болса, онда анасына үштен бірі тиісті. Егер оның бауырлары болса, анасына алтыдан бірі тиісті. бұл / көрсетілген бөліс! қалдырған өсиеті немесе қарызынан кейін / беріледі /. Әкелеріңнің және ұлдарыңның қайсысы пайда келтіруде өздеріңе көбірек жақын екенін білмейсіңдер. бұл - Аллаһтың парыз еткені. Ақиқатында, Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана.
آية رقم 12
Сендерге баласы болмаған жұбайларың қалдырғанның жартысы тиісті. Ал, егер олардың баласы болса, сендерге олар қалдырғанның төрттен бірі тиісті. бұл / көрсетілген бөліс / қалдырған өсиеттері немесе қарыздарынан кейін / беріледі /. Сондай-ақ Оларға да / әйелдеріңе / балаларың болмаса, сендер қалдырғанның төрттен бірі тиесілі. Ал, егер сендерде балалар болса, Оларға сендер қалдырғанның сегізден бірі тиесілі. бұл / көрсетілген бөліс / қалдырған өсиеттерің немесе қарыздарыңнан кейін / беріледі /. Егер ата-анасы немесе балалары болмаған бір ер не әйелдің мирасы бөлініп, оның ер немесе қыз бауыры болса, олардың әрбіріне алтыдан бірі тиісті. Егер олар бұдан көп болса, олар / мирастың / үштен біріне ортақ болады. бұл / көрсетілген бөліс! қалдырылған өсиет не қарыздан кейін, ешкімге залал келтірілмей / беріледі /. Бұл - Аллаһтан / бекітілген / бір өсиет. Аллаһ - бәрін Білуші / ’Алим / , аса Жұмсақ, Ұстамды / Халим /.
آية رقم 13
Міне, бұлар - Аллаһтың белгілеген шектері. Кім Аллаһқа және Оның Елшісіне бойсұнса, Ол оны астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргізеді. Олар онда мәңгі қалады. Міне, осы - ұлы табыс.
آية رقم 14
Ал, кім Аллаһқа және Оның Елшісіне қарсы келсе және Оның шектеулерінен шықса, Ол оны ішінде мәңгі қалатын Отқа / тозаққа кіргізеді әрі оған қорлаушы азап бар.
آية رقم 15
Әйелдеріңнен жиіркенішті іс / зина / жасағандарға, өздеріңнен оларға қарсы төрт куәгер келтіріңдер. Егер олар куәлік берсе, бұларға өлім келгенге дейін немесе Аллаһ олар үшін бір жол көрсеткенге дейін үйлерде ұстаңдар.
آية رقم 16
Сендерден осыны істегендердің екеуін де қинаңдар. Егер екеуі де істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтып / тәубеге келіп / , түзелсе, оларды қалдырыңдар. Ақиқатында, Аллаһ - тәубені Қабыл етуші, ерекше Мейірімді.
آية رقم 17
Шын мәнінде, білместікпен жаман іс жасап қойып, содан кейін жақын арада істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтатындардың / тәубеге келетіндердің / тәубесін қабылдау Аллаһқа тән. Міне, солардың тәубесін Аллаһ қабыл етеді. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана.
آية رقم 18
Жаман істер жасап жүріп, ал өздеріне өлім келген кезде: «Енді мен істеген күнәма өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайттым / тәубе қылдым / », - деп айтатындардың және кәпір күйлерінде өлгендердің тәубелері қабыл етілмейді. Міне, соларға Біз күйзелтуші азап әзірледік.
آية رقم 19
Ей, иманға келгендер! Сендерге әйелдерді олардың еркінен тыс, мирас етіп алуға рұқсат етілмейді. Егер олар / өз әйелдерің / анық азғындық-жиіркенішті іс / ойнастық / істемесе, оларға бергендеріңнің / мәһрдің / бір бөлігін алу үшін оларды зорлықпен ұстамаңдар. Сондай-ақ олармен құпталғанға сай / жақсы / қарым-қатынас жасаңдар. Егер оларды жақтырмасаңдар / сабыр сақтаңдар / ,- сендерге бір нәрсе ұнамауы мүмкін, ал Аллаһ сол нәрседе көп қайыр / игілік / жасап қоюы мүмкін.
آية رقم 20
Ал, егер бір әйелмен ажырасып, орнына басқа әйелді алуды қаласаңдар, сонда олардың біріне мол дүние берген болсаңдар да одан ешнәрсе алмаңдар. Оны жалғандықпен және анық күнә жасап аласыңдар ма?
آية رقم 21
Оны / әйелге бергендеріңді / қалай аласыңдар? Ақиқатында, сендер бір-біріңе қосылып әрі олар сендерден қатаң серт алған еді.
آية رقم 22
Әкелерің үйленген әйелдерге үйленбеңдер. Бірақ, бұрын / исламға дейін / өткені өтті. Өйткені бұл бір жиіркенішті әрі жек көрінішті іс және жолдың жаманы.
Сендерге аналарыңа, қыздарыңа, әпке-қарындастарыңа, әкелеріңмен бір туған әйелдерге, шешелеріңмен бір туған әйелдерге, бір туған бауырларыңның қыздарына, бір туған әпке-қарындастарыңның қыздарына, өздеріңді емізген сүт аналарыңа, бір еміскен сүт бауыр әпке-қарындастарыңа, әйелдеріңнің аналарына, үйленіп жақындасқан әйелдеріңнің / бұрынғы күйеуінен болған / қолдарыңдағы өгей қыздарыңа үйлену - тыйым салынды. Егер ол әйелдерге жақындаспаған болсаңдар, сендерге күнә жоқ. Әрі туған балаларыңның әйелдеріне және әпке-сіңліліге қатар үйленулеріңе тыйым салынды. Бірақ бұрын өткені өтті. Ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
آية رقم 24
Сондай-ақ, некелі әйелдерге үйленулеріңе / тыйым салынды /. Бірақ қол астарыңдағы / соғыстан түскен / күңдерің бұған жатпайды. Сендерге Аллаһтың жазғаны / үкімі / осы. Ал, бұлардан басқа әйелдерге мал-дүниелеріңмен / мәһр беріп / талпынуларың, ар-намыстарыңды сақтаған халде, зина жасамай үйлену - сендерге рұқсат етілді. Олармен қосылған болсаңдар, мәһр ретінде ақыларын беріңдер. мәһрді бекіткеннен кейін, / оның көлемін / өзара келісулеріңде сендер үшін күнә жоқ. Ақиқатында, Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана.
Сендерден басы азат иманды / мүмін / әйелдерге үйленуге кімнің қаражат жағынан шамасы келмесе, онда қолдарыңдағы иманды / мүмін / күңдердің біріне / үйленсін /. Аллаһ сендердің имандарыңды жақсы біледі. Сендер - бір-біріңненсіңдер. Оларға иелерінің рұқсатымен үйленіңдер және оларға мәһрлерін тиісінше беріңдер. Олар әйелдік пәктігін сақтаушы, ойнас жасамайтын, көңілдес ұстамайтын болсын. Олар қашан күйеуге шығып, кейін бір жиіркенішті іс / ойнастық / істесе, оларға азат әйелдерге тиісті азаптың / жазаның / жартысы беріледі. Бүл сендердің араларыңдағы зина істеп қоюдан қорыққандар үшін. Ал, сабыр етулерің, өздерің үшін қайырлы. Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
آية رقم 26
Аллаһ сендерге түсіндіріп беруді және сендерді өздеріңнен бұрын өткендердің жолдарымен жүргізуді әрі сендердің күнәларыңа шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды / тәубелеріңді / қабыл етуді қалайды. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана.
آية رقم 27
Аллаһ сендердің істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды / тәубелеріңді / қабыл етуді қалайды. Ал, тән құмарлықтарына / шәһуәттарына / еретіндер болса, сендердің / хақ жолдан / қатты ауытқуларыңды қалайды.
آية رقم 28
Аллаһ сендерге жеңілдетуді қалайды. Ал адам баласы әлсіз етіп жаратылған.
آية رقم 29
Ей, иманға келгендер! Мал-дүниелеріңді өзара жалғандықпен жемеңдер. Тек келісімдеріңмен болған / араларыңдағы / сауданың жөні бөлек. және өздеріңді-өздерің өлтірмеңдер. Ақиқатында, Аллаһ сендерге ерекше Мейірімді.
آية رقم 30
Ал, кім осыны дұшпандық және әділетсіздікпен істесе, кейін оны Отта жағамыз. Бұл - Аллаһ үшін жеңіл.
آية رقم 31
Егер өздеріңе тыйым салынған нәрселердің үлкендерінен қашық болсаңдар, онда жамандықтарыңды өшіріп, сендерді құрметті бір орынға / жәннатқа / кіргіземіз.
آية رقم 32
Аллаһ біріңді-біріңнен артық еткен нәрселерді қаламаңдар. Ерлерге тапқандарынан үлес бар, сондай-ақ, әйелдерге де тапқандарынан үлес бар. Аллаһтан, Оның кеңшілігінен сұраңдар. Ақиқатында, Аллаһ - барлық нәрсені Білуші.
آية رقم 33
Әрбір адамға ата-анасы мен туыстары қалдырған нәрседен - / мирас / алатындарды белгіледік. Өздеріңмен ант арқылы байласқандарға үлестерін беріңдер. Ақиқатында, Аллаһ - әрбір нәрсеге куә / Шаһид /.
آية رقم 34
Ер адамдар әйелдерді - Аллаһ Оларға бір-бірінен артықшылық бергені әрі олар мал-дүниелерінен жұмсауы себепті - басқарады. Ізгі әйелдер - бойсұнушы әрі Аллаһтың қорғауымен / күйеуі / жоқ кезде / аманатты / сақтаушы. Ал, өздерің бағынбауынан қорыққан әйелдеріңе насихат айтыңдар, оларды төсектерінде / бір уақыт! тастап қойындар және оларды / батырмай / ұрыңдар, ал егер бағынса, оларға қарсы жол іздемеңдер. Ақиқатында, Аллаһ - аса Жоғары, өте Үлкен.
آية رقم 35
Егер де екеуінің арасының ашылуынан қауіптенсеңдер, ер жағынан бір төреші мен әйел жағынан бір төреші жіберіңдер. Егер ол екеуі / төрешілер / жарастыруды қаласа, Аллаһ Оларға көмектеседі. Ақиқатында, Аллаһ - бәрін Білуші, әрбір нәрседен Хабардар.
آية رقم 36
Аллаһқа құлшылық етіңдер әрі Оған ешнәрсені серік етпеңдер. Ата-анаға жақсылық жасаңдар, сондай-ақ жақындарға, жетімдерге, кедейге, туыс көршіге, өзге туыс емес көршіге, жанындағы жолдасқа, жолда қалғанға және қол астыңдағыларға да. Ақиқатында, Аллаһ менменшілді, мақтаншақты жақсы көрмейді,
آية رقم 37
солар, сараңдық ететін және адамдарға да сараңдық етуді бұйырып әрі Аллаһтың Өз кеңшілігінен бергенін жасыратындар. Біз, кәпірлерге қорлаушы азап әзірледік.
آية رقم 38
Әрі солар мал-дүниелерін адамдарға көрсету үшін ғана жұмсайтын және Аллаһқа да, Ақирет күніне де сенбейді. Кімнің бірге жүретіні / жолдасы / шайтан болса, ол - жолдасы қандай жаман.
آية رقم 39
Егер де олар Аллаһқа және Ақирет күніне сеніп, Аллаһтың өздеріне ризық етіп бергендерінен жұмсаса, не зиян көрер еді? Аллаһ - оларды Білуші.
آية رقم 40
Ақиқатында, Аллаһ заттың ең кішкентай бөлшегінің салмағындай да әділетсіздік етпейді. Егер бір жақсылық болса, Ол оны еселеп арттырады және Өзінен бір ұлы сый береді.
آية رقم 41
Біз әрбір үмметтен бір куә келтіргенімізде және сені осылардың үстінен куә етіп келтіргенімізде жағдайлары қалай болар екен?
آية رقم 42
Сол күні күпірлік еткендер / Аллаһқа қарсы келгендер / әрі Елшіге бағынбағандар жердің өздерімен тегістеліп кетуін қалайды. Олар Аллаһтан бір де бір сөзді жасыра алмайды.
آية رقم 43
Ей, иманға келгендер! Mac болған күйлеріңде, не айтып жатқандарыңды білгендеріңе дейін әрі жүніп күйлерінде ғұсыл құйынғанға дейін намазға жақындамаңдар. Бірақ, жолдан өтуші / бір себеппен мешіттен өтуші / болса, жөні бөлек. Ал, егер, науқас не сапарда болсаңдар, не сендерден біреу әжетке отырып келсе немесе әйелдеріңе жақындасқан болсаңдар, сонда су таба алмасаңдар, таза топыраққа тәяммум соғып / алақандарыңдыұрып / , онымен беттеріңді және қолдарыңды сипаңдар. Ақиқатында, Аллаһ - жазаламай Кешіріп жіберуші , өте Кешірімді.
آية رقم 44
Ей, Мұхаммед! / Кітаптан бір үлес берілгендердің / иудейлердің / өздеріне адасуды сатып алғандарын және сендердің де жолдан адасуларыңды қалайтынын көрмедің бе?
آية رقم 45
Аллаһ жауларыңды жақсы біледі. Аллаһ - қамқоршы болуға жеткілікті әрі Аллаһ - көмек беруші ретінде жеткілікті.
آية رقم 46
Иудейлердің арасында сөзді өз орындарынан өзгертетіндер және тілдерін бұрап әрі дінге тіл тигізіп «Естідік те қарсы келдік», «құлақ ас, тыңдалусыз қалғыр» және «Раъина» / Бізге көңіл бөл / деп айтатындар бар. Егер олар «Естідік те бойсұндық», «Тыңда» және «Үнзүрна» / Бізге қара / - деп айтқанда, өздері үшін қайырлы әрі туралыққа жақын болар еді. Алайда, Аллаһ оларды күпірлік еткендері / иманнан бас тартқандықтары / үшін лағнеттеді / мейірімінен алыстатты /. Олардың азы ғана иманға келеді.
آية رقم 47
Ей, Кітап берілгендер! Біз беттерді сүріп, оны арттарына бұрып жіберуімізден немесе сенбі күнге қатысты тыйымды бұзғандарды лағнет еткеніміздей, оларды лағнет етуімізден бұрын өздеріңдегіні / Тәуратты / растаушы етіп түсіргенімізге / Құранға / сеніңдер, Аллаһтың әмірі міндетті түрде орындалады.
آية رقم 48
Аллаһ Өзіне серік қосқанды кешірмейді. Ал одан өзгені / күнәларды / қалағанына кешіреді. Кімде-кім Аллаһқа бір нәрсені серік етсе, ол үлкен күнәні ойдан құрастырған болады.
آية رقم 49
Ей, Мұхаммед! / Өздерін таза санайтындарды көрмедің бе? Жоқ! Керісінше, Аллаһ қалаған пендесін тазартады. Әрі оларға құрма дәнінің қылындай да әділетсіздік етілмейді.
آية رقم 50
Олардың Аллаһқа қалай өтірікті құрастырып / жала жауып / отырғандарына қара. Ал, бұл - анық күнә ретінде жеткілікті.
آية رقم 51
Кітаптан үлес берілгендердің сиқырға әрі тағұтқа сенетінін және күпірлік етушілер / серік қосушы имансыздар / туралы: «Бұлар жол ұстануда иманға келгендерден әлдеқайда тура», - деп айтатындарын көрмедің бе?
آية رقم 52
Міне, соларды Аллаһ лағнет еткен. Ал, Аллаһ кімді лағнеттесе, оған ешбір көмек беруші таба алмайсың.
آية رقم 53
Әлде оларға биліктен қандай да бір үлес бар ма? Олай болғанда, олар адамдарға құрма дәнінің ойығындай да / ешнәрсе / бермес еді.
آية رقم 54
Әлде олар Аллаһтың адамдарға Өз кеңшілігінен бергенін күндей ме? Ақиқатында, Біз Ибраһимнің әулетіне Кітап және даналықты бердік әрі оларға зор билік тарту еттік.
آية رقم 55
Олардың / Кітап түсірілгендердің! ішінде оған сенгені де бар және олардың ішінде одан бет бұрғандары да бар. Ал Жаһаннам (тозақ)/ кәпірлерге / - жалын ретінде жеткілікті.
آية رقم 56
Күмәнсіз, аяттарымызға күпірлік еткендерді / қарсы шыққандарды, мойындамағандарды / Отта / тозақта / жандырамыз. Олар азапты татулары үшін терілері күйіп піскен сайын, оны басқа теріге алмастырып отырамыз. Анығында, Аллаһ - бәрінен Үстем / ’Азиз / , аса Дана / Хаким /.
آية رقم 57
Ал, иманға келген және ізгі амал жасағандарды, астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргіземіз. Олар онда мәңгі қалады. Сондай-ақ, Оларға онда тап-таза жұбайлар бар әрі оларды қалың көлеңкелі жайларға кіргіземіз.
آية رقم 58
Шын мәнінде, Аллаһ сендерге - аманатты өз иелеріне тапсыруды және адамдардың арасына үкім етсеңдер, әділдікпен үкім етулеріңді бұйырады. Аллаһтың сендерге насихат еткендері / бұйырғандары мен тыйымдары / қандай жақсы! Ақиқатында, Аллаһ - барлық нәрсені Естуші, бәрін Көруші.
آية رقم 59
Ей, иманға келгендер! Аллаһқа бағыныңдар және Елшіге бағыныңдар, сондай-ақ, өз араларыңнан болған билік иелеріне / басшыларға / Аллаһқа және Ақирет күніне сенген болсаңдар, бір нәрсе жөнінде тартысып қалғанда, ол жайында Аллаһқа және Елшіге жүгініңдер. Міне, осы - қайырлы әрі нәтиже тұрғысында да ең жақсысы.
آية رقم 60
Ей, Мұхаммед! / Саған түсірілгенге / Құранға / және сенен бұрын түсірілгенге / кітаптарға / сендік дей тұра, тағұтқажүгініп, шешім сұрауды қалайтындарды көрмедің бе? Негізінде, олар оған / тағұтқа / қарсы болуға бұйырылған еді. Шайтан оларды мүлде ұзаққа адастыруды қалайды.
آية رقم 61
Қашан оларға:«Аллаһ түсіргенге/ Құранға / және Елшіге келіңдер», - делінсе, мұнафиқтардың сенен түгелдей бет бұрғанын көресің.
آية رقم 62
Ал, оларға қолдары істегендерінің салдарынан, бастарына бір қиындық келгенде / жағдайы / қалай болады? Сонда олар саған келіп: «Біз бар болғаны жақсылық жасауды және келістіруді ғана қалап едік», - деп, Аллаһпен ант ішеді.
آية رقم 63
Ондайлардың жүректерінде не барын Аллаһ біледі. Сен олардан бет бүр / өзіңді тарт / әрі Оларға насихат ет және олардың өздеріне әсерлі сөз айт.
آية رقم 64
Әрі біз әрбір Елшіні Аллаһтың рұқсатымен, / адамдардың / оған бағынулары үшін ғана жібердік. Егер де олар / адамдар / өздеріне әділетсіздік еткен кезде, саған келіп Аллаһтан кешірім тілесе әрі Елші де олар үшін кешірім тілесе, олар Аллаһтың тәубені Қабыл етуші, ерекше Мейірімді екенін көретін еді.
آية رقم 65
Жоқ! / Ей, Мұхаммед! / Раббыңмен ант етемін! Олар өзара дауларына сені үкім айтушы етіп, содан кейін шығарған шешіміңе көңілдерінде бір кірбің таппай, толық бойсұнғанға дейін иманға келмейді.
آية رقم 66
Егер де Біз оларға: «Өздеріңді өлтіріңдер немесе жұрттарыңнан шығыңдар!» - деп міндеттегенде, мұны олардың азырағынан басқасы орындамас еді. Олар өздеріне насихат етілгенді орындағанда, бұл өздері үшін қайырлы болып, оларды бекіте түсер еді.
آية رقم 67
ﭮﭯﭰﭱﭲﭳ
ﭴ
Сонда оларға Өз қасымыздан бір ұлы сый беретін едік.
آية رقم 68
ﭵﭶﭷ
ﭸ
Әрі оларды тура жолмен жүргізетін едік.
آية رقم 69
Кім Аллаһқа және Елшіге бойсұнса, міне, солар - Аллаһ игілікке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар шәһидтер және ізгілермен бірге болады. Олар - қандай жақсы жолдас!
آية رقم 70
Міне, осы - Аллаһтың кеңшілігі. Аллаһ - Білуші ретінде жеткілікті.
آية رقم 71
Ей, иманға келгендер! Сақтық шараларын ұстаныңдар да / жауға / топтармен аттаныңдар немесе жаппай аттаныңдар.
آية رقم 72
Ақиқатында, сендердің араларында аялдап, қалып қоятын бар. Сонда сендерге, егер бір қиыншылық келсе, ол: «Аллаһ мені олармен бірге болдырмай, маған игілік көрсеткен екен», - деп айтады.
آية رقم 73
Ал, егер сендерге Аллаһтан жеңіс келсе, ол сендер мен өзінің арасында ешбір достық байланыс болмағандай: «Қап! Олармен бірге болсам ғой, сонда бір зор табысқа кенелер едім», - деп айтады.
آية رقم 74
Осы өмірдің орнына соңғы мәңгілік өмірді / ақиретті / сатып алатындар Аллаһ жолында шайқассын. Кім Аллаһ жолында шайқасып, өлтірілсе немесе жеңіс жетсе, жақында оған бір ұлы сый береміз.
آية رقم 75
Сендерге Аллаһ жолында және: «Раббымыз! Бізді тұрғындары әділетсіз болған осы қаладан шығар және бізге Өз тарапыңнан бір қамқоршы қыла гөр әрі бізге Өз тарапыңнан бір жәрдемші бере гөр», - деп айтатын шамасыз қалған ерлер, әйелдер және балалар үшін соғыспайтындай не болды?!
آية رقم 76
Иманға келгендер Аллаһтың жолында соғысады. Ал, күпірлік етушілер / имансыздар / болса, тағұт / шайтан / жолында соғысады. Ендеше, сендер шайтанның жақтастарымен соғысыңдар! Ақиқатында шайтанның айла-тәсілі әлсіз.
آية رقم 77
Өздеріне: «Қолдарыңды / соғыстан / тыйыңдар, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаңдар және зекетті беріңдер» - деп айтылғандарды көрмедің бе? Қашан оларға соғыс міндеттелген кезде, олардың бір тобы адамдардан Аллаһтан қорыққандай немесе одан да қатты қорқады. Сондай-ақ олар: «Раббымыз! Бізге не үшін соғысуды жаздың? Бізді жақын бір мерзімге дейін кешіктіргеніңде еді», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Бұл өмірден пайдалану - арзымас нәрсе ғана. Ал, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін қайырлы, сендерге құрма дәнінің қылындай да әділетсіздік жасалмайды», - деп.
آية رقم 78
Қайда болсаңдар да өлім сендерді табады. Тіпті биік қамалдарда болсаңдар да. Егер оларға бір жақсылық жетсе: «бұл - Аллаһтан», - дейді, ал егер, бір жамандық жетсе: «Бұл - сенен», - дейді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Бәрі де - Аллаһтан», -деп. Бұл топ неге сөзді ұғуға жақындамайды?
آية رقم 79
Ей, Мұхаммед! / Саған жақсылықтан бір нәрсе келсе, ол - Аллаһтан. Ал, жамандықтан бір нәрсе келсе, ол - өзіңнен. Біз сені адамдарға Елші / Расул / етіпжібердік. Аллаһ куә ретінде жеткілікті.
آية رقم 80
Кім Елшіге бағынса, онда Аллаһқа бағынған болады. / Ей, Мұхаммед1. / Ал кім бет бұрса, Біз сені оларға күзетуші етіп жібермедік.
آية رقم 81
Олар / мұнафиқтар / :«Бойсұндық»,- деп айтады. Ал, қашан сенің қасыңнан кетсе, олардың бір тобы түнделетіп сенің айтқаныңнан басқаны ойластырады. Ал, Аллаһ олардың түнде ойластырғандарын жазады. Сондықтан олардан теріс бұрыл және Аллаһқа жүгініп, Оған ісіңді тапсыр / тәуекел ет /. Сенім артып, Оған ісіңді тапсыруға / тәуекел етуге / Аллаһ жеткілікті.
آية رقم 82
Олар Құранға зер салып қарамай ма? Егер ол / Құран / Аллаһтан басқа біреудің тарапынан болғанда, олар онда көптеген қайшылықтар табар еді.
آية رقم 83
Қашан оларға тыныштық немесе қауіп-қатер жайлы бір іс / хабар / келсе, олар оны жайып, таратып жібереді. Егер де олар оны Елшіге немесе өздерінен болған басшыларға жеткізгенде, олардың ішіндегі іс білетіндері, оның / мән-жайын / білер еді. Егер сендерге Аллаһтың кеңшілігі әрі Оның мейірімі болмағанда, сендердің аздарыңнан басқаларың шайтанға ерген болар едіңдер.
آية رقم 84
Ей, Мұхаммед!/ Аллаһтың жолында шайқас! Сен тек өзің үшін жауаптысың. Әрі имандыларды / мүміндерді / үнде. Аллаһ күпірлік етушілердің / қарсы келушілердің / соққысын қайтарады. Аллаһ - соққы беруде өте күшті әрі жазалауда өте күшті.
آية رقم 85
Кім жақсылықпен араға түссе, содан оған игі үлес бар. Ал, кім жамандықпен араға түссе, содан оған жаман үлес бар. Аллаһ - барлық нәрсені Бақылаушы.
آية رقم 86
Қашан сендерге қандай да бір амандасу сөзімен сәлем берілсе, сендер одан жақсысымен жауап беріңдер немесе сол сәлемнің өзін қайтарыңдар. Анығында, Аллаһ - әрбір нәрсенің есебін алушы.
آية رقم 87
Аллаһ - Одан басқа құдай жоқ. Ол сендерді Қайта тірілу күніне міндетті түрде жинайды, онда күмән жоқ. Аллаһтан / артық / тура сөзді кім бар?
آية رقم 88
Мұнафиқтарға қатысты екіге бөлінетіндей, сендерге не болды? Істеген істері үшін Аллаһ оларды арттарына / кәпірлікке / қайтарды. Аллаһ адастырған біреуді тура жолға салғыларың келе ме? Аллаһ біреуді адастырса, ол үшін ешқашан жол таба алмайсың.
آية رقم 89
Олар / мұнафиқтар / өздері күпірлік еткендей / жүректерінде иманды теріске шығарғандай / , сендердің де күпірлік еткендеріңді / имансыздыққақайтуларыңды!, сөйтіп өздерімен бірдей болғандарыңды қалайды. Сондықтан, олар Аллаһ жолында қоныс аудармайынша, олардан ешкімді дос тұтпаңдар. Ал, егер олар бет бұрса, оларды ұстандар және тапқан жерлеріңдеөлтіріңдер. Әрі олардан дос та, жәрдемші де алмаңдар.
آية رقم 90
Бірақ, сендермен араларында келісім болған бір елге қосылғандар немесе сендермен де, өз қауымдарымен де соғысуға жүректері тарылып, сендерге келгендердің жөні бөлек. Егер Аллаһ қалағанда, оларды сендерден үстем етер еді, сөйтіп олар өздеріңмен соғысар еді. Ал, егер олар сендерді жөндеріңе қойып, соғыс-паса және сендерге бейбіт келісім ұсынса, онда Аллаһ сендерге, оларға қарсы бір жол қоймайды / рұқсат бермейді /.
آية رقم 91
Жақында сендер басқа біреулерін кездестіресіңдер. Олар сендерден де аман болуды әрі өз қауымдарынан да аман болуды қалайды. Қашан олар бүлікке қайтарылса, оған дендей түседі. Егер олар сендерді жайларыңа қалдырмаса, сендерге' бейбіт келісім ұсынбаса және қолдарын тыймаса, оларды ұстаңдар да кездескен жерлерінде өлтіріңдер. Міне, осыларға қарсы сендерге анық дәлел кетірдік.
Иманды жанның / мүміннің / иманды адамды / мүмінді / өлтіруіне болмайды, тек жаңсақтықпен болмаса. Кім иманды адамды қателесіп өлтіріп қойса, онда бір иманды құлды азат етуі және / өлген кісінің / туыстарына, олар кешпеген жағдайда, құн төлеуі / тиіс /. Егер ол сендермен жауласқан бір елдің ішіндегі иманды кісі болса, онда бір иманды құлды азат етуі керек. Ал, егер ол араларыңда келісім болған ел ішінен болса, онда / оның / туыстарына құн төлеу және бір иманды құлды азат етуі ләзім. Мұны таба алмаған кісі Аллаһ оның істеген күнәсіне шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл етуі үшін екі ай бойы үздіксіз ораза ұстауы керек. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана.
آية رقم 93
Кім бір иманды адамды / мүмінді / әдейілеп өлтірсе, оның жазасы Жаһаннам болып, ол онда түпкілікті қалады. Әрі Аллаһ оған ашуланып, оны лағнеттейді және ол үшін өте үлкен азап әзірлейді.
آية رقم 94
Ей, иманға келгендер! Қашан Аллаһ жолына / жорыққа / шықсаңдар, анықтап алыңдар. Сендерге / исламның / сәлемдесу сөзін айтқан біреуге осы өмірдің бұйымы үшін: «Сен иманды адам / мүмін / емессің»,- демеңдер. Анығында, Аллаһта мол олжа / табыс / бар. Бұрын сендер де сондай болған едіңдер. Бірақ Аллаһ сендерге игілік жасады, ендеше анықтап алыңдар. Ақиқатында, Аллаһ - не істеп жатқандарыңнан Хабардар.
آية رقم 95
Иманға келгендерден себепсіз / соғысқа шықпай / отырушылар мен Аллаһ жолында мал-дүниелері және жандарымен күресушілер тең болмайды. Ал, ауыртпашылықтары / себебі / барлар бұған кірмейді. Аллаһ мал-дүниелері және жандарымен күресушілерді / үйлерінде / отырушылардан дәрежеде артық етті. Аллаһ олардың әрқайсысына жақсылықты уәде етті. Сондай-ақ Аллаһ күресушілерді отырушылардан ұлы сыйда артық етті, -
آية رقم 96
Өз тарапынан болған дәрежелерде, кешірімде және мейірімде. Аллаһ - өте Кешірімді / ,ерекше Мейірімді.
آية رقم 97
Ақиқатында, өздеріне әділетсіздік еткендерге, олардың жандарын алатын періштелер: «Сендер қандай жағдайда болдыңдар?» - дейді. Олар: «Біз жер бетінде әлсіз едік», - дейді. / Періштелер / :«Қоныс аударуларың үшін Аллаһтың жері кең емес пе?» - дейді. Міне, солардың «баспанасы» - Жаһаннам. Ол баратын орын - қандай жаман.
آية رقم 98
Алайда, айла-шараға шамасы келмейтін және жол таба алмайтын шамасыз ерлер, әйелдер және балалардың жөні бөлек.
آية رقم 99
Міне, соларды Аллаһ кешіреді. Аллаһ - жазаламай Кешіріп жіберуші , өте Кешірімді.
آية رقم 100
Кім Аллаһ жолында / иманын сақтау үтін / қоныс аударса, ол, қоныстану үшін жер жүзінде көптеген орын әрі молшылық табады. Кім үйінен Аллаһ және Оның Елшісіне қарай қоныс аударып шығып, содан кейін оған өлім жетсе, ақиқатында, оның сыйы - Аллаһта. Аллаһ - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді.
آية رقم 101
Жер жүзінде сапарда болғандарыңда, күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсы келушілердің / өздеріңе бүлік тудыруынан қауіптенсеңдер, сендерге намазды қысқартуларыңда айып жоқ. Ақиқатында, кәпірлер - сендерге анық дұшпан.
Ей, Мұхаммед! / Қашан олардың арасында, оларға имам болып намазды орындайтын болсаң, олардың бір бөлігі сенімен бірге тұрып, қаруларын ұстасын. Олар сәжде жасап болған соң, сендердің арт жақтарыңа өтсін, сөйтіп намаз оқымаған екінші бөлігі келіп, сенімен бірге намаз оқысын және сақтық істеп, қаруларын ұстасын. Күпірлік етушілер / Аллаһқа қарсы келушілер / сендердің қаруларыңнан және заттарыңнан қаперсіз қалғандарыңды қалайды, сонда олар сендерге бірден лап қоймақшы. Егер сендерге жаңбырдан бір жайсыздық туса немесе науқас болсаңдар, қаруларыңды қоя тұруларың айып емес. Бірақ, сақтық шараларын ұстаныңдар. Ақиқатында, Аллаһ кәпірлерге қорлаушы азап әзірледі.
آية رقم 103
Қашан намазды орындап болсаңдар, Аллаһты тұрған, отырған және жамбасымен жатқан халде еске алыңдар. Қашан алаңсыз болғандарында, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындаңдар. Анығында, намаз - имандылар / мүміндер / үшін уақыттары белгіленген парыз.
آية رقم 104
соғысқан / елдің соңына түсуде осалдық танытпаңдар. Егер сендер күйзелген болсаңдар, негізінде олар да сендер секілді күйзеледі. Ал сендер болсаңдар, Аллаһтан олар үміт етпейтінді үміт етесіңдер. Аллаһ - бәрін Білуші , аса Дана.
آية رقم 105
Ей, Мұхаммед! / Анығында, Біз саған Кітапты адамдардың арасына Аллаһтың өзіңе көрсеткені бойынша үкім етуің үшін ақиқатпен түсірдік. Қиянатшылар үшін тартысушы болма.
آية رقم 106
Аллаһтан кешірім сұра. Негізінде, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
آية رقم 107
Сен өздеріне опасыздық / қиянат / жасағандар жайында тартыспа. Шын мәнінде Аллаһ қиянатшы, күнәһарды жақсы көрмейді.
آية رقم 108
Олар адамдардан жасырады да, ал Аллаһтан жасырмайды. Өйткені олар түнде Ол разы болмайтын сөздерін ойластырғанда, Аллаһ олармен бірге еді. Аллаһ - олардың не істеп жатқандарын Қамтушы.
آية رقم 109
Міне, сендер осы өмірде олар / опасыздар / жайында тартыстыңдар. Ал енді, Қайта тірілу күні олар жайында Аллаһпен кім тартыспақ? Немесе оларға кім қорғаушы болып араша түспек?
آية رقم 110
Кім бір жамандық істеп немесе өзіне әділетсіздік етіп, содан кейін Аллаһтан кешірім сұраса, Аллаһтың өте Кешірімді, ерекше Мейірімді екенін көреді.
آية رقم 111
Кім бір күнә істесе, шын мәнінде оны өзінің зиянына істейді. Аллаһ - бәрін Білуші, аса Дана.
آية رقم 112
Ал кім бір қателік немесе күнә жасап, оны жазықсыз біреуге жапса, анығында, ол
өзіне жаланың жүгін және анық күнәні артады.
өзіне жаланың жүгін және анық күнәні артады.
آية رقم 113
Ей, Мұхаммед! / Егер саған Аллаһтың кеңшілігі әрі Оның мейірімі болмағанда, олардың бір тобы сені адастыруды ойластырған еді. Алайда, олар өздерін ғана адастырады. Олар саған ешбір нәрседе зиян тигізе алмайды. Аллаһ саған Кітап және даналықты / сүннетті / түсірді әрі саған білмеген нәрселеріңді үйретті. Аллаһтың саған деген кеңшілігі өте үлкен.
آية رقم 114
Құпия сұхбаттардың көбінде еш қайыр жоқ. Тек кім Аллаһқа жақындау мақсатында садақа беруді немесе құпталғанды, не адамдардың арасын жарастыруды бұйырған болмаса. Кім бұны Аллаһтың ризалығын іздеп істесе, жақында оған ұлы сый береміз.
آية رقم 115
Кім өзіне тура жол анықталғаннан кейін Елшіге қарсы келсе, сондай-ақ имандылардың / мүміндердің / жолынан басқа жолға ерсе, оны бұрылған жағына бұрып қоямыз да кейін Жаһаннамда жандырамыз. Ол - қайтар орын ретінде қандай жаман!
آية رقم 116
Анығында, Аллаһ Өзіне серік қосуды кешірмейді. Ал одан өзгені / күнәларды / қалағанына кешіреді. Кім Аллаһқа бір нәрсені серік етіп қосса, өте ұзақ адасумен адасты.
آية رقم 117
Олар/ Аллаһқа серік қосушылар / Оны қойып, ұрғашыларға / әйел есімді пұттарға / ғана табынады. Анығында, олар тек қасарысқан шайтанға ғана табынады.
آية رقم 118
Аллаһ оны / шайтанды / лағнеттеді. Сонда, ол: «Міндетті түрде, құлдарыңнан белгілі бір үлес аламын.
آية رقم 119
Әрі оларды әлбетте адастырамын және оларда / жалған / арман, / бос / қиялдарға үміттерін оятамын / дәмелендіремін /. Әрі мен міндетті түрде бұйырамын, сонда олар малдардың құлақтарын тіледі. Әрі әлбетте бұйрық беремін, сөйтіп олар Аллаһтың жаратқанын өзгертеді», - деді. Кім Аллаһты қойып, шайтанды дос, жақтас етіп алса, әлбетте анық зиян шегумен шығынға батты.
آية رقم 120
Ол / шайтан / оларға уәде береді және оларды құр үміттендіреді. Негізінде, шайтан оларға тек бос нәрселерді уәде етеді.
آية رقم 121
Міне, солардың баратын орны - Жаһаннам. Олар одан қашар жер таба алмайды.
آية رقم 122
Иманға келген және ізгі амал жасағандарды, жақында астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарға кіргіземіз. Аллаһтың хақ уәдесі бойынша, олар онда мәңгі қалады. Сөзде Аллаһтан тура кім бар?
آية رقم 123
Бұл игілікке / сендердің / мұсылмандардың / қиял-армандарыңмен де, Кітап берілген қауымның қиял-армандарымен де / жету мүмкін / емес. Кім бір жамандық істесе, сол үшін жазаланады. Әрі өзіне Аллаһтан өзге қамқоршы да, көмек беруші де таппайды.
آية رقم 124
Ер кісі немесе әйел кісіден кім иманды / мүмін / болған түрде ізгі амалдар жасаса, міне, солар жәннатқа кіреді және оларға кұрма дәнінің ойығындай да / ешқандай / әділетсіздік жасалмайды.
آية رقم 125
Дінде жүзін Аллаһқа бойсұндыра беріліп және жақсылықты ықыласпен істеуші болып, ханиф Ибраһимнің дініне ергеннен кім жақсырақ бола алады? Аллаһ Ибраһимді жақын дос етіп алды.
آية رقم 126
Аспандар мен жердегілердің бәрі - Аллаһтікі. Аллаһ - барлық нәрсені Қамтушы.
آية رقم 127
Ей, Мұхаммед!! Олар сенен әйелдер жайында бекітілгенді сұрайды. Айт: «Олар жайында Аллаһ сендерге шешім береді әрі өздеріңе Кітапта оқылатын - жетім әйелдерге тиісті болған нәрсені бермей, оларға үйленуді қалайтындар жайлы және әлсіз жас балалар жайлы әрі жетімдерге әділдікпен қарауларың жөнінде де», деп. Қандай да бір қайыр жасасаңдар, ақиқатында Аллаһ - ол жайлы біледі.
آية رقم 128
Егер бір әйел күйеуінің / өзімен / қарым-қатынасы бұзылуынан не теріс айналуынан қорықса, араларын келісіммен түзетулерінде екеуіне де айып емес. Өйткені келісім - қайырлы. Адам жаны сараңдыққа бейім. Егер жақсылық істесеңдер және тақуалық қылсаңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар!, анығында Аллаһ - не істеп жатқандарыңнан Хабардар.
آية رقم 129
Сендер қанша тырыссаңдар да / әрекеттенсеңдер де / әйелдерің арасында әділдік етуге шамаларың келмейді. Сондықтан біреуіне мүлде ауып кетіп, өзгесін жіпсіз байлағандай, әрі-сәрі етіп қоймаңдар. Егер араларыңды түзетсеңдер және тақуалық қылсаңдар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / , ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
آية رقم 130
Ал, егер екеуі ажырасса, Аллаһ әрқайсысын Өз кеңшілігінен қамтамасыз етеді. Аллаһ - мейірім, ризығы Кең , аса Дана / Хаким.
آية رقم 131
Әрі аспандардағы және жердегілердің бәрі - Аллаһтікі. Ақиқатында, Біз сендерден бұрынғы Кітап берілгендерге де және сендерге де: «Аллаһтан / Оның жазасынан! қорқып, сақтаныңдар / !» - деп өсиет еттік. Ал егер, күпірлік етсеңдер / қарсы келсеңдер / , онда біліңдер, аспандардағы және жердегілердің бәрі - Аллаһтікі. Әрі Аллаһ - Бай, ешнәрсеге мұқтаж емес, аса Мақтаулы.
آية رقم 132
Аспандар мен жердегілердің бәрі - Аллаһтікі. Аллаһ бәрін қорғап, сақтауда жеткілікті.
آية رقم 133
Ей, адамдар! Егер Ол қаласа, сендерді кетіріп, басқаларды әкеледі. Анығында, бұған Аллаһтың күші жетуші.
آية رقم 134
Кім осы өмірдің сыйын қалайтын болса, осы өмір мен соңғы, мәңгілік өмірдің / ақиреттің / сыйы - Аллаһта. Аллаһ - барлық нәрсені Естуші, бәрін Көруші.
آية رقم 135
135. Ей, иманға келгендер! Аллаһ үшін куәлік еткендеріңде туралықтан айнымаңдар, тіпті өздеріңе не ата-аналарыңа немесе жақындарыңа қарсы куәлік етсеңдер де. Ол - / ісі қаралушы / бай не кед ей болсын, Аллаһ қай-қайсысына да жақынырақ. Сондықтан әділдіктен ауытқып кетпеу үшін көңіл кұмарлығына ермендер. Егер бұрмаласаңдар не бас тартсаңдар, әлбетте, Аллаһ. - не істеп жатқандарыңнан Хабардар.
آية رقم 136
Ей, иманға келгендер! Аллаһқа әрі Оның Елшісіне және Елшісіне түсірген Кітапқа және Ол / одан / алдын түсірген Кітапқа сеніңдер. Ал кім Аллаһқа және Оның періштелеріне, Кітаптарына, елшілеріне және Ақирет күніне күпірлік етсе / сенбесе / , ақиқатында ол ұзақ адасумен адасты.
آية رقم 137
Анығында, иманға келіп, содан кейін күпірлік еткен / имансыздыққақайтқан / ,кейін тағы иманға келіп, қайта күпірлік еткендер / иманнан қайтқандар / , содан кейін күпірлігін / қарсылығын / арттыра түскендерді Аллаһ кешірмейді және / тура / жолмен жүргізбейді.
آية رقم 138
ﮮﮯﮰﮱﯓﯔ
ﯕ
Ей, Мұхаммед! / Мұнафиқтарды оларға болатын күйзелтуші азаппен «сүйіншіле»,
آية رقم 139
солар имандыларды қойып, кәпірлерді дос, жақын тұтады. Сонда олардан күш-құдірет іздей ме? Шын мәнінде күш-құдірет түгелімен Аллаһтікі.
آية رقم 140
Анығында, Ол сендерге Кітапта: «Аллаһтың аяттарына қарсы келіп, келеке еткенін естігендеріңде, бұдан басқа сөзге ауыспайынша, олармен бірге отырмаңдар, әйтпесе, сендер де сондай боласыңдар», - деп түсірді. Күмәнсіз, Аллаһ мұнафиқтар мен кәпірлерді түгелімен Жаһаннамда (тозақ) жинаушы.
آية رقم 141
Солар / мұнафиқтар / сендерді аңдып, егер сендерге Аллаһтан бір жеңіс болса: «Біз де сендермен бірге емес пе едік?» - дейді. Ал, егер кәпірлерге бір үлес тисе: «Біз сендерден үстем болып, өздеріңдіиманға келгендерден қорғамадық па?» - дейді. Аллаһ араларыңа Қайта тірілу күні үкім қылады. Аллаһ имандыларға / мүміндерге / қарсы ешқашан кәпірлерге жол бермейді.
آية رقم 142
Ақиқатында мұнафиқтар Аллаһты алдамақшы болады, алайда Аллаһ олардың өздерін алдандырып қояды. Олар намазға тұрғандарында, салғырт күйде адамдарға көріну үшін тұрады әрі олар Аллаһты өте аз еске алады.
آية رقم 143
Олар / мұнафиқтар / не бұлардың / Мұсылмандардың / не олардың / кәпірлердің / жағында болмай, екі арада екіұшты күйде / құбылып / жүреді. Аллаһ кімді адастырса, ол үшін ешқашан жол таппайсың.
آية رقم 144
Ей, иманға келгендер! Имандыларды / мүміндерді / қалдырып, кәпірлерді қамқоршы, дос тұтпаңдар. Сендер Аллаһта өздеріңе қарсы анық бір айғақ болғанын қалайсыңдар ма?
آية رقم 145
Анығында, мұнафиқтар Оттың ең түпкі қабатында болады. Олар үшін ешбір жәрдемші таппайсың.
آية رقم 146
Алайда, істеген күнәсіне шынайы өкініп, Аллаһқа бойсұнуға қайтып / тәубеге келіп / , өздерін түзеткен және Аллаһтан мықты ұстап әрі діндерін бір Аллаһ үшін ықыласпен арнағандардың жөні бөлек, міне, солар - имандылармен бірге. Жақында Аллаһ имандыларға / мүміндерге / ұлы сый береді.
آية رقم 147
Егер шүкір етсеңдер / Аллаһтың берген игіліктеріне разы болып, алғыс білдірсеңдер / және иманға келсеңдер, Аллаһ сендерді неге азаптасын? Аллаһ - алғысқа Бөлеуші , бәрін Білуші.
آية رقم 148
Аллаһ жаман сөздің жария айтылуын жақсы көрмейді, бірақ әділетсіздікке ұшырағанның жөні басқа. Аллаһ - барлық нәрсені Естуші , бәрін Білуші.
آية رقم 149
Егер сендер жақсылықты көрсетсеңдер не жасырсаңдар немесе жамандықты кешірсеңдер, ақиқатында Аллаһ - жазаламай, Кешіріп жіберуші, барлық нәрсені Жасай алушы.
آية رقم 150
Анығында, Аллаһқа және Оның елшілеріне күпірлік ететіндер / сенбейтіндер, мойындамайтындар / және Аллаһ пен елшілерінің арасын айыруды қалап, «кейбіріне сенеміз, ал кейбіріне сенбейміз», - дейтіндер және осының арасында бір жол табуды қалайтындар,
آية رقم 151
міне, бұлар - нағыз кәпірлер. Ал, Біз кәпірлерге қорлаушы азап әзірледік.
آية رقم 152
Аллаһқа сеніп және Оның елшілеріне / сеніп / әрі олардан ешбірінің арасын айырмағандарға, міне, соларға жақында Ол сыйларын береді. Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
آية رقم 153
Ей, Мұхаммед! / Кітап түсірілгендер / иудейлер / сенен аспаннан бір кітап түсіруіңді сұрайды. Негізінде, олар Мұсадан одан да үлкенін сұрап: «Бізге Аллаһты ашық түрде көрсет!» - деген еді. Сонда оларға өздерінің әділетсіздіктері себепті саъиқа тиді. Содан соң өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін де олар бұзауды / табынатын зат етіп / алды. Сонда да Біз бұны кешірдік. Әрі Мұсаға анық бір айғақ бердік.
آية رقم 154
Біз олардан серт алу үшін төбелеріне тауды көтердік және оларға: «Қақпадан сәжде еткен күйде кіріңдер», - дедік. Әрі оларға: «Сенбі күніне қатысты шектен шықпаңдар!» - дедік. Әрі олардан қатаң серт алдық.
آية رقم 155
Сөйтіп, олардың серттерін бұзулары, Аллаһтың аяттарына күпірлік етулері / қарсы келулері, мойындамаулары / ,құқығы болмаса да пайғамбарларды өлтірулері және: «Жүректеріміз перделенген» - деп айтулары себепті, әрине оны / жүректерін / күпірліктері / шүкірсіздіктері / салдарынан Аллаһ мөрлеген. Сондықтан олардың азынан басқасы иманға келмейді.
آية رقم 156
ﭩﭪﭫﭬﭭﭮ
ﭯ
Әрі күпірліктері / имансыздықтары / және Мәриям жайында үлкен жала айтқандары себепті,
آية رقم 157
және: «Біз Аллаһтың Елшісі, Мәриям ұлы Иса Мәсихты өлтірдік», - деп айтқандары себепті. Негізінде, олар оны өлтірген де жоқ, айқыш ағашқа керген де жоқ. Бірақ, оларға / басқа біреу / ұқсас көрінді. Әрі анығында, ол жайында қайшылыққа түскендер, одан бір күмәнда. Оларда ол жайында жорамалға ілесуден басқа ешқандай білім жоқ. Әрі олар оны анық біліп өлтірмеді.
آية رقم 158
Жоқ, керісінше, Аллаһ оны Өз жағына көтерді. Аллаһ - бәрінен Үстем , аса Дана.
آية رقم 159
Кітап берілген қауымнан оның / Исаның / өлуінен бұрын оған сенім келтірмейтіндері болмайды. Ал, Қайта тірілу күні ол, оларға куә болады.
آية رقم 160
Иудейлердің әділетсіздіктері себепті және олардың / адамдарды / Аллаһтың жолынан көп тосқандары себепті, оларға рұқсат етілген / халал / жақсы нәрселерді өздеріне тыйым еттік.
آية رقم 161
Сондай-ақ, өздеріне тыйым салынған болса да өсім алғандары және адамдардың мал-дүниелерін жалғандықпен жегендері себепті. Біз олардан кәпір болғандар үшін күйзелтуші азап әзірледік.
آية رقم 162
Бірақ олардың ішіндегі білімде берік болғандарға және / ей, Мұхаммед, / саған түсірілгенге / Құранға / әрі сенен бұрын түсірілгенге сенгендерге және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтындарға және зекетті беретіндерге әрі Аллаһқа және Ақирет күніне сенетіндерге, - міне, соларға ұлы сый береміз.
آية رقم 163
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Біз Нұхқа және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей, саған да уахи еттік. Сондай-ақ, Ибраһимге, Исмаъилға, Исхаққа, Йаъқубқа, оның әулетіне әрі Исаға, Айубқа, Йунусқа, Һарунға әрі Сүлейменге де уахи еттік. Ал Дәуітке Зәбурді бердік.
آية رقم 164
Әрі олардан, саған бұрын хабарын берген елшілер де және хабарын бермеген елшілер де бар. Әрі Аллаһ Мұсамен сөйлескен.
آية رقم 165
Елшілерді қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертуші етіп, олардан кейін адамдарда Аллаһқа қарсы ешқандай дәлел болмауы үшін жібердік. Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана.
آية رقم 166
Алайда Аллаһ, саған түсіргенімен / Құранмен / Өзі куәлік етеді. Ол оны / Құранды / Өз білімімен түсірді. Сондай-ақ, періштелер де куәлік береді. Аллаһ куә болуда жеткілікті.
آية رقم 167
Ақиқатында, сондай күпірлік еткен / пайғамбардымойындамаған / және Аллаһтың жолынан тосқандар, ұзақ адасумен адасты.
آية رقم 168
Анығында, күпірлік етіп / иманға келмеген! және әділетсіздік еткендерді Аллаһ кешірмейді және оларды тура жолға түсірмейді,
آية رقم 169
тек Жаһаннамның жолына / салып / , олар онда мәңгілік қалады. Бұл - Аллаһ үшін жеңіл.
آية رقم 170
Ей, адамдар! Елші сендерге Раббыңыздан ақиқат алып келді. Ендеше өздеріңе қайырлы / түпкілікті жақсы / болуы үшін иманға келіңдер. Ал, егер күпірлік етсеңдер / қарсы келсеңдер, сенбесеңдер / , ақиқатында, аспандардағы және жердегілердің бәрі - Аллаһтікі. Аллаһ - бәрін Білуш, аса Дана.
Ей, Кітап / Інжіл / берілгендер! Діндеріңде артық кетпендер және Аллаһ туралы шындықтан басқаны айтпаңдар. Шын мәнінде, Мәриям ұлы Иса Мәсих - Аллаһтың Елшісі, Оның Мәриямға түсірген сөзі және Оның тарапынан болған бір рух. Сондықтан,Аллаһқа және Оның елшілеріне сеніңдер әрі «үшеу» деп айтпаңдар. Тыйылыңдар, өздерің үшін қайырлы болады. Шын мәнінде, Аллаһ - жалғыз құдай. Ол - баласы болудан пәк. Аспандардағы және жердегілердің бәрі - Онікі. Аллаһ бәрін қамтуда жеткілікті.
آية رقم 172
Мәсих Аллаһқа құл болуды / өзіне! қорлық санамайды және / Аллаһқа / жақындатылған періштелер де. Ал, кім Оған құлшылық етуден бас тартып, өзін жоғары санаса, жақында Ол, оларды түгелімен Өзіне жинайды.
آية رقم 173
Ал, иманға келген және ізгі амал жасағандарға Ол сыйларын толық береді әрі оларға Өз кеңшілігінен арттырады. Ал, бас тартып, өздерін жоғары санағандарды күйзелтуші азаппен азаптайды. Әрі олар өздері үшін Аллаһтан басқа қамқоршы да, көмек беруші де таппайды.
آية رقم 174
Ей, адамдар! Міне, сендерге Раббыңыздан бір дәлел келді. Әрі Біз сендерге анық бір Нұр / Құран / түсірдік.
آية رقم 175
Ал, Аллаһқа сеніп, Одан берік ұстағандарды Ол, жақында Өзінен болған бір мейірімге әрі кеңшілікке бөлейді. Әрі оларды Өзіне қарай тура жолмен жүргізеді.
Ей, Мұхаммед! / Олар сенен бір шешім / жайлы / сұрайды. Айт: «Аллаһ сендерге артында не ата-анасы, не балалары қалмаған марқұм жайында үкім береді. «Егер бір кісі қайтыс болып, оның баласы болмай, қыз туысы / қарындасы / болса, оған ол қалдырғанның тең жартысы тиісті. Ер кісі де, егер қыз туысы / қайтыс болып / баласы қалмаса, оған мирасқор болады. Ал, егер / ер кісінің / қыз туысы екеу болса, оларға ол қалдырғанның үштен екісі тиісті. Ал, егер олар / мирасқорлар / ер және әйел туыстар болса, онда ер адамға екі әйелдің үлесіндей тиеді. Аллаһ сендерге адаспауларың үшін түсіндіреді. Аллаһ барлық нәрсені Білуші.
تقدم القراءة