ترجمة سورة الزمر

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
ترجمة معاني سورة الزمر باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي .
من تأليف: جمعية خليفة الطاي الخيرية .

Бұл Кітаптың / Құранның / түсірілуі, бәрінен Үстем , аса Дана Аллаһтан.
Ей, Мұхаммед! / Шын мәнінде Біз, саған бұл Кітапты ақиқатпен түсірдік. Сондықтан дінді / бойсұну мен ғибадатты / кез келген қоспалардан / серік қосу, риядан / тазартып, Аллаһқа құлшылық ет.
Біліндер! Таза дін тек Аллаһтікі. Ал, Онымен қатар басқаны қамқоршы тұтқандар: «Біз бұларға, олардың бізді Аллаһқа жақындатулары үшін ғана табынамыз», - дейді. Ақиқатында, Аллаһ олардың тартысқан мәселелеріне қатысты араларына үкім шығарады. Анығында, өтірікшіні, қасарысқан күпірлік етушіні / Аллаһтың аяттарын, белгі-дәлелдерін теріске шығарушыны / Аллаһ тура жолға салмайды.
Егер де Аллаһ бала алуды қалағанда, онда Өзі жаратқандарының ішінен қалағанын таңдап алар еді. Ол - / барлық кемшіліктен / пәк. Ол Аллаһ Жалғыз, бәрін Бағындырушы.
Ол аспандар мен жерді ақиқатпен жаратты. Ол түнмен күндізді орайды, ал күндізбен түнді орайды. Әрі Ол күн мен айды бағындырды. Әрқайсысы белгіленген мерзімге дейін қозғалады. Біліңдер! Ол бәрінен Үстем, көп Кешіруші.
Ол сендерді бір адамнан / Адам атадан / жаратты, кейін одан оның жұбын жасады. Әрі Ол сендерге малдардан сегізін жұбымен түсірді. Ол сендерді аналарыңның құрсағында үш қараңғылық ішінде бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратады. Міне, осы Аллаһ - сендердің Раббың. Билік - Онікі. Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сонда сендер қайда бет бұрып бармақсыңдар?!
Егер күпірлік етсеңдер / бір Аллаһқақұлшылық етпесеңдер / , Аллаһ сендерге мұқтаж емес. Ол құлдарының күпірліктеріне / берілген игіліктерін мойындамауларына / риза болмайды. Ал, шүкір етсеңдер / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірсеңдер / , онда Ол сендерге разы болады. Ешбір көтеруші / күнә істеуші / басқа біреудің жүгін / күнәсін / көтермейді. Кейін өздеріңнің Раббыңа қайту бар. Сонда Ол сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын береді. Ақиқатында, Ол - кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші.
Адамға бір зиян тисе, ол Раббысына бойсұна жүгініп, / Оны / көмекке шақырады. Содан кейін оған / зиянын кетіріп / Өзінен бір игілік берсе, ол Оны көмекке шақырғанын / жалбарынғанын / ұмытады әрі Аллаһтың жолынан / өзгелерді / адастыру үшін Оған теңдестер таңады. / Ей, Мұхаммед!! Айт: «Біраз уақыт күпірлігіңмен / қарсы келуіңмен / пайдалана тұр. Күмәнсіз, сен - Отқа түсетіндерденсің»,- деп.
Әлде түннің бір уақыттарында сәжде ете әрі тік тұрып / намаз оқып / , ақиреттен сақтана және Раббысының мейірімін үміт ете берілуші ме? / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бола ма?» - деп. Негізінде ақыл иелері ғана естеріне алады.
Айт! / Оларға Раббыңның / :«Ей, Менің иманға келген құлдарым! Өздеріңнің Раббыңнан / Оныңжазасынан / қорқып, сақтаныңдар / тақуалық етіңдер / ! бұл дүниеде жақсылық істегендерге жақсылық бар. Ал, Аллаһтың жері кең. Ақиқатында, сабыр етушілерге берілетін сыйлары - есепсіз», - дегенін.
Айт: «Маған дінді түрлі қоспалардан / серік қосудан, риядан / тазартып, Аллаһқа ғана құлшылық ету бұйырылды.
Әрі маған мұсылмандардың / бойсұнушылардың / алды болуым бұйырылды», - деп.
Айт: «Егер Раббыма бойсұнбасам, ұлы Күннің азабынан қорқамын», - деп.
Айт: «Мен дінімді түрлі қоспалардан / серік қосудан, риядан / тазартып, Аллаһқа ғана құлшылық етемін.
Ал, сендер Одан өзге қалағандарыңа табына беріңдер», - деп. Айт: «Шын мәнінде, зиян шегушілер - Қиямет күні өздеріне және үй іштеріне зиян шектіргендер. Біліңдер! Міне, осы - анық зиян.
Оларға төбелерінен оттан болған қалқа және астарынан да қалқалар болады», деп. Аллаһ Өзінің құлдарын осыменен қорқытады. Ей, құлдарым, Менен қорқып, сақтаныңдар!
Тағуттан - оған табынудан аулақ болған және Аллаһқа әрдайым қайтушыларға / тәубе еткендерге / қуанышты хабар бар. Құлдарыма қуанышты хабарды жеткіз -
сондай, сөздерді тыңдап, оның ең жақсысына / Құран мен сүннетке / еретін. Міне, осылар - Аллаһтың Өзі тура жолмен жүргізгендері. Әрі дәл осылар - ақыл иелері.
Ей, Мұхаммед / / Өздеріне азап сөзі міндетті болған біреуді - Оттағы біреуді сен құтқара аласың ба?!
Бірақ, тақуаларға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанушыларға / биік жайлар бар, оның үстінен және биік жайлар тұрғызылған. Ал астынан өзендер ағып жатады. Аллаһтың уәде еткені осы. Аллаһ уәдені бұзбайды.
Ей, Мұхаммед / / Аллаһтың аспаннан су түсіріп, оны жерге су көздері етіп ендіргенін сен көрмедің бе? Содан кейін Ол онымен түстері әралуан егіндер шығарады. Кейін олар солып, сен оның сарғайғанын көресің. Содан соң Ол оны үгінді, қоқым етеді. Ақиқатында мұнда ақыл иелері үшін еске салу, / ғибрат / бар.
Аллаһ көкірегін Исламға ашып, Раббысынан нұр үстінде болған біреу / жүректері қатқан біреулермен тең бе / ? Аллаһты еске алудан жүректері / жібімей / , қатып қалғандарға үлкен қасірет бар! Міне, солар анық адасуда.
Аллаһ сөздің ең жақсысын бір-біріне ұқсаған / мағынасы бір / әрі қайталанып айтылатын Кітап етіп түсірді. Өздерінің Раббысынан қорқатындардың одан терілері жиырылады. Ал, кейін олардың терілері мен жүректері Аллаһты еске алуға жұмсарады. Бұл / Құран / - Аллаһтың тура жолы. Ол қалағанын тура жолмен жүргізеді. Ал, кімді Аллаһ адастырса, оны тура жолға салушы жоқ.
Қиямет күні азаптың жамандығынан бетімен қорғанатын біреу қандай? Әділетсіздерге: «Істегендеріңді татыңдар!» - делінеді.
Олардан / Мекке мүшріктерінен / бұрынғылар да / елшілерді / өтірік санаған еді. Сонда оларға азап өздері сезбеген жақтан келді.
Әрі Аллаһ оларға осы өмірде қорлық таттырды. Ал соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / азабы одан да үлкен, егер де олар білсе.
Әрі Біз адамдарға еске алуы / ғибраттануы / үшін осы Құранда әрбір / түрлі / мысалдан келтірдік.
Бұл / олардың / адамдардың / тақуалық етулері / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанулары / үшін ешбір қисықтығы / қарама-қайшылығы, кемшілігі / жоқ, арабша Құран.
Аллаһ өзара келіспейтін бірнеше қожайыны бар бір кісі мен тек бір ғана қожайынға бағынышты басқа кісіні мысалға келтірді. Мысал тұрғысында бұл екеуі тең бе? Барлық мақтау - Аллаһқа. Бірақ олардың көпшілігі білмейді.
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, сен өлушісің / бұл дүниеден өтушісің / , олар да өлуші.
Кейін сендер Қиямет күні өздеріңнің Раббыңның алдында тартысасыңдар.
Аллаһқа қатысты өтірік айтқаннан және өзіне шындық келген кезде оны жалғанға шығарғаннан өткен әділетсіз кім бар? кәпірлердің орны Жаһаннамда емес пе?
Ал шындықты алып келген және оны хақ деп мойындағандар - міне, солар нағыз тақуалар / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандар /.
Оларға өздерінің Раббысында - қалағандары бар. Бұл - ықыласпен жақсылық істеушілерге берілетін қайтарым сый.
Бұл / - Аллаһ олардың істеген амалдарының ең жаманын кешіруі әрі қайтарым сыйларын олардың жасаған амалдарынан да жақсы етіп беруі үшін.
Аллаһ Өзінің құлына жеткілікті емес пе? / Ей, Мұхаммед!! Ал, олар сені Одан өзгелермен қорқытады. Аллаһ кімді адастырса, оны тура жолға салушы жоқ.
Ал кімді Аллаһ тура жолмен жүргізсе, оны адастырушы жоқ. Аллаһ бәрінен Үстем / ’Азиз / , жазалау күшіне ие емес пе?
Егер олардан: «Аспандарды және жерді кім жаратты?» - деп сұрасаң, олар міндетті түрде: «Аллаһ», -деп айтады. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендер Аллаһтан өзге шақырғандарың / табынғандарың / жайлы ойладыңдар ма, егер Аллаһ маған бір зиян тигізуді қаласа, олар / Аллаһтан өзге табынғандарың / Оның зиянын кетіре ала ма? Әлде, Ол маған бір игілік қаласа, олар Оның игілігін тоса ала ма?» - деп. Айт: «Аллаһ маған жеткілікті. Сенім артып жүгінушілер / тәуекел етушілер / Оған жүгініп, істерін тапсырады / тәуекел етеді / », - деп.
Айт: «Әй, елім! Өз әлдеріңше / қалауларыңша / амалдарыңды жасай беріңдер. Мен де амалымды жасаймын. Жақында білесіңдер,
қорлайтын азаптың кімге келетінін әрі тұрақты / мәңгілік / азаптың да кімге түсетінін», - деп.
Ей, Мұхаммед! / Күмәнсіз, Біз саған Кітапты адамдар / адамзат / үшін ақиқатпен түсірдік. Кім тура жолмен жүрсе, ол өз пайдасына. Ал, кім адасса, тек өз зиянына адасады. Сен оларға жауапты емессің.
Аллаһ жанды / құлдарының жандарын / өлетін сәтінде алады, ал әлі өлмегенді / ол жанды / ұйқыда жатқан кездерінде / уақытша / алады. Сөйтіп / құлдарынан / өлуін үкім еткендерінікін ұстап қалады да, басқасын белгіленген мерзімге дейін жібереді. Ақиқатында, мұнда ойланатын адамдар үшін белгілер бар.
Әлде олар Аллаһтан өзгелерді / өздеріне / араша түсушілер етіп алды ма? / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Олар ешнәрсеге ие бол­маса да және ешнәрсе ұқпаса да ма?» - деп.
Айт: «Араша түсу / шапағат ету / толығымен Аллаһтікі. Аспандар мен жердің билігі -Онікі. Кейін сендер Оған қайтарыласыңдар», - деп.
Қашан Аллаһтың бір Өзі туралы айтылса, соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбейтіндердің жүректері жиренеді. Ал, Одан өзгелер туралы айтылған кезде, олар қуанады.
Айт: «Аллаһым, аспандар мен жердің Жаратушысы, құпия мен айқын нәрсені Білуші! Сен құлдарыңның қайшылыққа түскен мәселелері жайлы олардың арасына үкім шығарасың», — деп.
Егер де әділетсіздерде жер жүзіндегі барлық нәрселер және онымен бірге тағы соншалық нәрселер болғанда, олар Қайта тірілу күні азаптың жаманынан құтылу үшін оны / Оның барлығын / төлемге берер еді. Оларға / ол күні! Аллаһ тарапынан, өздері ойларына да келтірмеген нәрселер көрінеді.
Әрі істеп тапқандарының жамандықтары олардың алдынан шығады және мазақ еткендері өздерін орап алады.
Қашан адамға бір зиян тиген кезде, ол Бізге жалбарынады. Содан кейін оған Өзімізден бір игілік берсек, сонда ол: «Шын мәнінде бүл маған білім негізінде берілді», - дейді. Жоқ, олай емес, бұл бір сынақ, алайда олардың көпшілігі білмейді.
Мұны / осындай сөздерді / олардан бұрынғылар да айтқан еді. Сонда оларды істеп тапқандары құтқармады.
Оларға / алдыңғыларға / істеп тапқандарының жамандықтары тиді. Бұлардың ішіндегі әділетсіздерге де істеп тапқандарының жамандықтары тиеді. Әрі олар / Аллаһтың жазасын, азабын / әлсірете алмайды.
Олар Аллаһтың ризықты Өзі қалағанға жаятынын әрі шектеп қоятынын білмеді ме? Ақиқатында, мұнда иманды адамдар үшін белгі-ғибраттар бар.
Ей, Мұхаммед! / Айт / Оларға Аллаһтың сөзін / :«Шектен шығып, өздеріне-өздері зиян келтірген, ей, Менің құлдарым! Аллаһтың мейірімінен үміт үзбеңдер. Ақиқатында Аллаһ күнәлардың барлығын кешіреді. Өйткені Ол өте Кешірімді, ерекше Мейірімді », - деп.
Әрі сендерге азап келуден бұрын өздеріңнің Раббыңа / күнәдан бас тартқан күйде / қайтыңдар және Оған бағыныңдар. Одан кейін сендерге көмек берілмейді.
Әрі сендерге азап кенеттен және оны өздерің сезбеген хәлде келуден бұрын, өздеріңнің Раббыңнан түсірілген ең жақсыға / Құранға / еріндер:
«Аллаһқа қатысты қаперсіз болып, жеңіл қарағаным, мен үшін қандай өкініш! Мен мазақ етушілердің бірі болдым!» - деп, жанның айтпауы үшін;
немесе: «Егер де Аллаһ мені тура жолғасалғанда, онда / мен де / тақуалардан / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандардан! болар едім», - демеуі үшін;
не болмаса, ол азапты көрген кезде: «Егер менде артқа қайту / мүмкіндігі / болғанда, жақсылық істеушілерден болар едім», - деп айтпауы үшін / өздеріңе жаза келуден бұрын аса ұлыАллаһқабағыныңдар /.
Сонда ондай күнәһарларға / :«Жоқ, олай емес! Саған Менің аят-белгілерім келген кезде, сен оларды өтірік дедің әрі өзіңді жоғары санадың және кәпірлерден болдың», - делінеді.
Ей, Мұхаммед! / Қайта тірілу күні Аллаһ туралы өтірік айтқандардың беттері қарайғанын көресің. Өздерін жоғары санайтындардың орны Жаһаннамда емес пе?
Аллаһ тақуаларды / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарды / жетістіктері / тақуалықтары / арқылы құтқарады. Оларға жамандық тимейді әрі олар қайғырмайды.
Аллаһ - барлық нәрсенің Жаратушысы әрі Ол әрбір нәрсенің үстінен кепіл, Сақтаушы.
Аспандардың және жердің қазыналары - Онікі. Аллаһтың аят-белгілеріне күпірлік ететіндер / сенбейтіндер / , міне солар - шын зиян шегушілер.
Ей, Мұхаммед!! Айт: «Ей, надандар! Сендер маған Аллаһтан басқаға құлшылық жасауды бұйырасыңдар ма?» - деп.
Ақиқатында, саған және сенен алдыңғыларға / алдын өткен әрбір пайғамбарға / :«Егер Аллаһқа біреуді серік етіп қоссаң, амалың жойылып кетеді әрі анық зиян шегушілерден боласың», - деп уахи етілді.
Сен Аллаһқа ғана құлшылық ет әрі шүкір етушілерден / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірушілерден! бол.
Ал, олар / кәпірлер / Аллаһты Оның қадіріне сай бағалаған жоқ. Қайта тірілу күні жер бүтіндей Оның уысында, ал аспандар оралған түрде Оның оң қолында / болады /. Ол - олардың серік етіп қосқандарынан пәк әрі жоғары.
Әрі сүр үріледі де, аспандардағы және жердегі Аллаһ қалағаннан басқа барлығы да құлайды / өледі /. Содан кейін ол тағы бір рет үріледі, сонда олар түрегеп, қарап тұрады.
Әрі жер жүзі Раббысының нұрымен жарық болады. Кітап қойылады және пайғамбарлар мен куәлар келтіріледі. және олардың арасына әділдікпен үкім етіліп, оларға әділетсіздік жасалмайды.
Әрі әрбір жанға істегені толық беріледі. Ол - олардың не істегендерін жақсы біледі.
Әрі күпірлік етушілер / Аллаһқақарсы келушілер / Жаһаннамға топ-тобымен айдалады. Олар оған келіп, қақпалары ашылған кезде, оның күзетшілері оларға: «Сендерге өз іштеріңнен өздеріңнің Раббыңның аяттарын оқитын және сендерді осы күндеріңе жолығуды ескертіп, сақтандыратын елшілер келмеген бе еді?» - деген кезде, олар: «Иә», - дейді. Алайда, кәпірлерге қатысты азап туралы Сөз шындыққа айналды.
Оларға / :«Жаһаннамның қақпаларынан онда мәңгі қалатын болып кіріңдер!» -делінеді. Өздерін жоғары санағандардың тұрағы қандай жаман!
Ал, тақуалар / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандар / Жәннатқа топ-тобымен алып барылады. Олар оған келіп, қақпалары ашылған кезде, оның күзетшілері оларға: «Сендерге сәлем / амандық болсын / ! Сендер жақсы болдыңдар. Енді оған / жәннатқа / мәңгі тұратын болып кіріндер!» - дейді.
Сонда олар / жәннаттағылар / :«Барлық мақтаулар бізге берген уәдесін шындыққа шығарған және бүл / жәннаттағы / жерге мұрагер еткен Аллаһқа! Біз Жәннатта өзіміз қалаған орынға жайғасамыз!» - дейді. Амал етушілердің сыйы қандай жақсы!
Ей, Мұхаммед!I Сен Аршының айналасын қоршаған періштелердің өздерінің Раббысын / барлық кемшіліктерден / пәк деп дәріптей мақтағанын көресің. Олардың арасына ақиқатпен үкім шығарылады әрі: «Барлық мақтаулар - әлемдердің Раббысы Аллаһқа!» -делінеді.
Icon