ترجمة معاني سورة البقرة باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
جمعية خليفة الطاي الخيرية
الترجمة الإنجليزية - صحيح انترناشونال
المنتدى الإسلامي
الترجمة الإنجليزية
الترجمة الفرنسية - المنتدى الإسلامي
نبيل رضوان
الترجمة الإسبانية
محمد عيسى غارسيا
الترجمة الإسبانية - المنتدى الإسلامي
الترجمة الإسبانية (أمريكا اللاتينية) - المنتدى الإسلامي
المنتدى الإسلامي
الترجمة البرتغالية
حلمي نصر
الترجمة الألمانية - بوبنهايم
عبد الله الصامت
الترجمة الألمانية - أبو رضا
أبو رضا محمد بن أحمد بن رسول
الترجمة الإيطالية
عثمان الشريف
الترجمة التركية - مركز رواد الترجمة
فريق مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة التركية - شعبان بريتش
شعبان بريتش
الترجمة التركية - مجمع الملك فهد
مجموعة من العلماء
الترجمة الإندونيسية - شركة سابق
شركة سابق
الترجمة الإندونيسية - المجمع
وزارة الشؤون الإسلامية الأندونيسية
الترجمة الإندونيسية - وزارة الشؤون الإسلامية
وزارة الشؤون الإسلامية الأندونيسية
الترجمة الفلبينية (تجالوج)
مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة الفارسية - دار الإسلام
فريق عمل اللغة الفارسية بموقع دار الإسلام
الترجمة الفارسية - حسين تاجي
حسين تاجي كله داري
الترجمة الأردية
محمد إبراهيم جوناكري
الترجمة البنغالية
أبو بكر محمد زكريا
الترجمة الكردية
حمد صالح باموكي
الترجمة البشتوية
زكريا عبد السلام
الترجمة البوسنية - كوركت
بسيم كوركورت
الترجمة البوسنية - ميهانوفيتش
محمد مهانوفيتش
الترجمة الألبانية
حسن ناهي
الترجمة الأوكرانية
ميخائيلو يعقوبوفيتش
الترجمة الصينية
محمد مكين الصيني
الترجمة الأويغورية
محمد صالح
الترجمة اليابانية
روايتشي ميتا
الترجمة الكورية
حامد تشوي
الترجمة الفيتنامية
حسن عبد الكريم
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
خليفة الطاي
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
جمعية خليفة الطاي الخيرية
الترجمة الأوزبكية - علاء الدين منصور
علاء الدين منصور
الترجمة الأوزبكية - محمد صادق
محمد صادق محمد
الترجمة الأذرية
علي خان موساييف
الترجمة الطاجيكية - عارفي
فريق متخصص مكلف من مركز رواد الترجمة بالشراكة مع موقع دار الإسلام
الترجمة الطاجيكية
خوجه ميروف خوجه مير
الترجمة الهندية
مولانا عزيز الحق العمري
الترجمة المليبارية
عبد الحميد حيدر المدني
الترجمة الغوجراتية
رابيلا العُمري
الترجمة الماراتية
محمد شفيع أنصاري
الترجمة التلجوية
مولانا عبد الرحيم بن محمد
الترجمة التاميلية
عبد الحميد الباقوي
الترجمة السنهالية
فريق مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة الأسامية
رفيق الإسلام حبيب الرحمن
الترجمة الخميرية
جمعية تطوير المجتمع الاسلامي الكمبودي
الترجمة النيبالية
جمعية أهل الحديث المركزية
الترجمة التايلاندية
مجموعة من جمعية خريجي الجامعات والمعاهد بتايلاند
الترجمة الصومالية
محمد أحمد عبدي
الترجمة الهوساوية
الترجمة الأمهرية
محمد صادق
الترجمة اليورباوية
أبو رحيمة ميكائيل أيكوييني
الترجمة الأورومية
الترجمة التركية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفرنسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الإندونيسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفيتنامية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة البوسنية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الإيطالية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفلبينية (تجالوج) للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفارسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
Dr. Ghali - English translation
Muhsin Khan - English translation
Pickthall - English translation
Yusuf Ali - English translation
Azerbaijani - Azerbaijani translation
Sadiq and Sani - Amharic translation
Farsi - Persian translation
Finnish - Finnish translation
Muhammad Hamidullah - French translation
Korean - Korean translation
Maranao - Maranao translation
Abdul Hameed and Kunhi Mohammed - Malayalam translation
Salomo Keyzer - Flemish (Dutch) translation
Norwegian - Norwegian translation
Samir El - Portuguese translation
Polish - Polish translation
Romanian - Romanian translation
Elmir Kuliev - Russian translation
Albanian - Albanian translation
Tatar - Tatar translation
Japanese - Japanese translation
محمد جوناگڑھی - Urdu translation
Ma Jian - Chinese translation
Turkish - Turkish translation
King Fahad Quran Complex - Thai translation
Ali Muhsin Al - Swahili translation
Abdullah Muhammad Basmeih - Malay translation
Hamza Roberto Piccardo - Italian translation
Indonesian - Indonesian translation
Bubenheim & Elyas - German / Deutsch translation
Bosnian - Bosnian translation
Hasan Efendi Nahi - Albanian translation
Sherif Ahmeti - Albanian translation
Sahih International - English translation
Czech - Czech translation
Abul Ala Maududi(With tafsir) - English translation
Tajik - Tajik translation
Alikhan Musayev - Azerbaijani translation
Muhammad Saleh - Uighur; Uyghur translation
Abdul Haleem - English translation
Mufti Taqi Usmani - English translation
Muhammad Karakunnu and Vanidas Elayavoor - Malayalam translation
Sheikh Isa Garcia - Spanish; Castilian translation
Divehi - Divehi; Dhivehi; Maldivian translation
Abubakar Mahmoud Gumi - Hausa translation
Mahmud Muhammad Abduh - Somali translation
Knut Bernström - Swedish translation
Jan Trust Foundation - Tamil translation
Mykhaylo Yakubovych - Ukrainian translation
Uzbek - Uzbek translation
Diyanet Isleri - Turkish translation
Ministry of Awqaf, Egypt - Russian translation
Abu Adel - Russian translation
Burhan Muhammad - Kurdish translation
Dr. Mustafa Khattab, The Clear Quran - English translation
Dr. Mustafa Khattab - English translation
الترجمة الإنجليزية - مركز رواد الترجمة
الترجمة الفرنسية - محمد حميد الله
الترجمة الجورجية
الترجمة البوسنية - مركز رواد الترجمة
الترجمة الصربية - مركز رواد الترجمة - جار العمل عليها
الترجمة الألبانية - مركز رواد الترجمة - جار العمل عليها
الترجمة اليابانية - سعيد ساتو
الترجمة الفيتنامية - مركز رواد الترجمة
الترجمة التاميلية - عمر شريف
الترجمة السواحلية - عبد الله محمد وناصر خميس
الترجمة اللوغندية - المؤسسة الإفريقية للتنمية
الترجمة الإنكو بامبارا - ديان محمد
الترجمة العبرية
الترجمة الإنجليزية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة الروسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة البنغالية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة الصينية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة اليابانية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
ترجمة معاني القرآن الكريم - عادل صلاحي
عادل صلاحي
ﰡ
آية رقم 1
ﭑ
ﭒ
Әлиф Ләм Мим.
آية رقم 2
Міне осы Кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетуші.
آية رقم 3
Олар ғайыпқа сенеді, намазды толық орындайды әрі Біз өздеріне берген ризықтан бір бөлігін жұмсайды.
آية رقم 4
Ей, Мұхаммед! / Олар саған түсірілгенге әрі сенен бұрын түсірілгенге сенеді және соңғы, ақиретке айқын сенеді.
آية رقم 5
Міне солар Раббылары тарапынан тура жолда және солар құтылушылар.
آية رقم 6
(Мұхаммед Ғ.С.) расында қарсы болғандарды, үгіттесең де үгіттемесең де бәрі бірдей. Олар иман келтірмейді.
آية رقم 7
Аллаһ олардың жүректері мен естулерін мөрлеген және олардың көрулеріне - перде қойған. Сондай-ақ, оларға өте үлкен азап бар.
آية رقم 8
Әрі адамдардың кейбірі: «Аллаһқа және Ақирет күніне сендік», - деп айтады. Бірақ олар иманды адам емес.
آية رقم 9
Олар Аллаһты және иманға келгендерді алдамақшы болады. Бірақ олар өздерін ғана алдайды әрі оны сезбейді.
آية رقم 10
Олардың жүректерінде дерт бар. Аллаһ олардың дертін арттыра түсті. Әрі оларға өтірік айтқандары себепті күйзелтуші азап бар.
آية رقم 11
Ал, оларға: «Жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасамаңдар!» - деп айтылса: «Шын мәнінде, біз - тек қана түзетушіміз», - дейді.
آية رقم 12
Біліңдер! Ақиқатында, нағыз бұзушылар - солардың өздері, алайда олар оны сезбейді.
آية رقم 13
Әрі оларға: «Адамдар иманға келгендей, сендер де иманға келіңдер!» - делінсе, олар: «Осы ақымақтарға ұқсап иман келтіруші боламыз ба?» - дейді. Біліңдер! Ақиқатында, нағыз ақымақ - төмендер солардың өзі. Бірақ, олар мұны білмейді.
آية رقم 14
Олар / мұнафиқтар / иманға келгендерді кездестірсе: «Біз де иманға келдік»,- дейді. Ал, қашан шайтандарымен оңаша қалса: «Шын мәнінде, сендермен біргеміз, біз оларды мазақ етіп қана жүрміз», - дейді.
آية رقم 15
Аллаһ оларды масқара етіп, шектен шығуда лағып жүрулерін арттырып қояды.
آية رقم 16
Міне, осылар - адасуды тура жол орнына сатып алғандар. Оларға бұл саудалары пайда бермеді әрі олар тура жолмен жүрмеді.
آية رقم 17
Олардың мысалы - от жағуды қалаған біреу секілді. Оның айналасын от жарық қылғанда, Аллаһ олардың нұрын алып қойып, қараңғы түнекте көрмейтін етіп қалдырды.
آية رقم 18
ﭣﭤﭥﭦﭧﭨ
ﭩ
Олар / саңырау, мылқау және соқыр.Әрі олар қайтпайды.
آية رقم 19
Немесе аспандағы жаңбыр бұлты секілді. Оның ішінде қараңғы түнектер, күн күркірі және найзағай бар. Олар найзағайдан-өлімнен қорыққандай, саусақтарын құлақтарына тығады. Аллаһ - кәпірлерді толық Қамтушы
آية رقم 20
Найзағай олардың жанарларын алып қоя жаздайды. Оларға жарық түскен сайын, олар жарықта жүреді де қараңғылық түскен кезде, олар тұрып қалады. Егер Аллаһ қаласа, олардың көзі мен құлағын алып қояр еді. Аллаһ әрбір нәрсені Жасай алушы
آية رقم 21
Ей, адамдар! Сендерді және сендерден бұрынғыларды да жаратқан өздеріңнің Раббыңа құлшылық қылыңдар - тақуа болуларың үшін.
آية رقم 22
Сол / Аллаһ / сендерге жерді төсеніш, аспанды бір құрылым етіп жаратты. Әрі аспаннан су түсіріп, сол арқылы сендерге ризық ретінде өнімдерді шығарды. Енді біле тұра, Аллаһқа ешкімді / серік қосып / ,теңестірмеңдер.
آية رقم 23
Ал, егер құлымызға түсіргенімізден күмәнда болсаңдар, сол түсіргенімізге ұқсас бір сүре келтіріңдер әрі Аллаһтан өзге куәларыңды шақырыңдар, егер шын сөзді болсаңдар.
آية رقم 24
Ал, егер мұны жасамасаңдар, - сендер оны ешқашан жасай алмайсыңдар, ендеше, отыны адамдар және тастар болатын Оттан қорқыңдар. Ол кәпірлер үшін әзірленген.
آية رقم 25
Ей, Мұхаммед! / Иманға келген және ізгі амал жасағандарды сүйіншіле: оларға астынан өзендер ағып жататын Жәннаттағы бақтар бар. Оларға оның жемісінен бір ризық берілген сайын олар: «Бұл бізге бұрын да берілген еді», - дейді. Оларға / Жәннатта / оның ұқсасы беріледі. Әрі олар үшін онда тап-таза жұбайлар бар. Олар онда мәңгі қалады.
آية رقم 26
Ақиқатында, Аллаһ масаны және одан да арғысын мысал етіп келтіруден ұялмайды. Иманға келгендер болса, оның / бұл мысалдың / өздерінің Раббысынан / келген / ақиқат екенін біледі. Ал, күпірлікеткендер: «Аллаһ осы мысал арқылы нені қалады?» - дейді. Ол осы арқылы көбін адастырып, әрі онымен көбін тура жолға түсіреді. Бірақ, Ол онымен бұзықтардан басқаны адастырмайды.
آية رقم 27
Олар / бұзықтар / , Аллаһқа берген серттерін бекіткеннен кейін бұзады және Аллаһ үзбей сақтауды бұйырғанды үзеді, әрі жер бетінде бұзу-бүлдірушілік жасайды. Міне, солар - зиянға ұшырайтындар.
آية رقم 28
Сендер Аллаһқа қалай күпірлік етесіңдер? Өлі / жоқ / едіңдер, Ол сендерді тірілтті. Кейін өлтіріп, тірілтеді, одан соң Оған қайтарыласыңдар.
آية رقم 29
Ол / Аллаһ / сондай, сендер үшін жер бетіндегі барлық нәрселерді жаратқан. Кейін аспанға / оны жаратуға / назар аударып, оны жеті аспан етіп жасады. Ол - барлық нәрсені Білуші.
آية رقم 30
Кезінде Раббың періштелерге: «Мен жер бетінде бір халифа жасаймын!» - деді. Періштелер: «Онда / жерде / бұзу-бүлдірушілік жасап, қан төгетін біреуді жасайсың ба? Ал, біз Сені мақтап, ұлықтаймыз және / барлық кемшіліктен / пәк деп білеміз», - деді. Аллаһ: «Мен сендердің білмегендеріңді білемін!»-деді.
آية رقم 31
Әрі Ол / Аллаһ / , Адамға барлық атауларды үйретті, кейін оларды періштелерге көрсетіп: «Шын сөзді болсаңдар, Маған мыналардың / осы нәрселердің / аттарын айтып беріңдер», - деді.
آية رقم 32
Олар: «Сен / барлық кемшіліктен / пәксің! Бізде, Сен үйреткеннен басқа білім жоқ. Шын мәнінде, Сен бәрін Білуші, аса Данасың!» - деді.
آية رقم 33
Аса ұлы Аллаһ / :«Ей, Адам! Оларға атауларын айтып бер»,- деп айтты. Сонда / Адам / оларға ол нәрселердің атауларын айтып бергенде, / Аллаһ / :«Мен сендерге аспандардың және жердің ғайып нәрселерін білемін, сондай-ақ, сендердің нені ашық, нені жасырын істегендеріңді білемін деп айтпадым ба?» - деді.
آية رقم 34
Әрі сонда періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар», - дедік. Сол кезде періштелер сәжде қылды. Тек Ібіліс бас тартып, өзін жоғары қойды да кәпірлерден болды.
آية رقم 35
Әрі Біз: «Ей, Адам! Сен және жұбайың жәннатта тұрыңдар. Одан / жемістерінен / ұнатқандарыңша, қалаған жерінен жеңдер, бірақ мына ағашқа жақындамаңдар. Онда әділетсіздерден боласыңдар», - дедік.
آية رقم 36
Шайтан ол екеуін одан сүріндіріп, қателестірді, сөйтіп оларды болған мекендерінен шығарды. Біз: «Түсіңдер! Сендер бір-біріңе жаусыңдар. Жерде сендер үшін бір мерзімге дейін тұрақ және пайдалану бар», - дедік.
آية رقم 37
Сол кезде Адам Раббысынан бір сөздерді қабыл алып / кешірім сұрағанда / , Ол оның күнәсіне өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуын / тәубесін / қабыл алды. Анығында, Ол - тәубені қабыл етуші, ерекше Мейірімді.
آية رقم 38
«Барлығың одан / Жәннаттан / түсіңдер. Менен сендерге тура жол келген кезде, кім Менің тура жолыма ерсе, оларға ешбір қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды», - дедік.
آية رقم 39
Ал, аяттарымызға күпірлік еткендер / қарсы келгендер / және өтірік деп санағандар, міне, солар - Отқа / тозаққа / түсетіндер. Олар - онда мәңгі қалушылар.
آية رقم 40
Ей, Исраил ұрпақтары! Менің сендерге берген игілігімді еске алыңдар және Менің сертіме берік болыңдар, Мен де сендерге берген сертті сақтаймын. Әрі Менен ғана қорқыңдар.
آية رقم 41
Әрі өздеріңдегінің / Тәураттың / шындығын дәлелдеуші етіп, Мен түсіргенге / Құранға / сеніңдер әрі оған күпірлік етушілердің / мойындамаушылардың / алдыңғыларынан болмаңдар. Аяттарымды түкке тұрғысыз бағаға сатпаңдар және тек Менен қорқып, сақтаныңдар.
آية رقم 42
Ақиқатты жалғанмен бүркемеңдер және ақиқатты біле тұрып жасырмаңдар.
آية رقم 43
Әрі намазды толық орындаңдар, зекетті беріңдер және рукуғ етушілермен бірге рукуғ етіңдер.
آية رقم 44
Сендер Кітапты / Тәуратты / оқи тұра, адамдарды игілікке бұйыра отырып, өздеріңді ұмытасыңдар ма? Ақылдарыңды істетпейсіңдер ме?
آية رقم 45
Сабыр және намаз арқылы / Аллаһтан / жәрдем тілеңдер. Шындығында, ол / намаз / бойсұна беріліп тұратындардан басқаларға өте ауыр келеді,
آية رقم 46
солар, өздерінің Раббысымен жолығатындықтарына әрі Оған қайтушы екендіктеріне айқын сенетіндер.
آية رقم 47
Ей, Исраилдің ұрпақтары! Сендерге берген игілігімді және сендерді әлемдерден артық еткенімді еске алыңдар.
آية رقم 48
Біреу өзге біреуге ешқандай пайда бермейтін, шапағат етуі / араға түсуі / қабыл етілмейтін әрі одан / күнәсін өтейтін / төлем алынбайтын және оларға көмек берілмейтін Күннен сақтаныңдар.
آية رقم 49
Кезінде Біз сендерді ауыр азапқа салған - ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қалдыратын - Фиръаунның әулетінен құтқардық. Мұнда сендер үшін өздеріңнің Раббыңнан ұлы сынақ бар.
آية رقم 50
Әрі кезінде сендер үшін теңізді қақ айырып, құтқардық та, фиръаун тобын көз алдарыңда суға батырдық.
آية رقم 51
Әрі сол уақытта Мұсаға қырық түн белгіледік. Содан соң / ол кеткен кезде / сендер оның артынан әділетсіздік етіп, бұзауды / құдай етіп / алдыңдар.
آية رقم 52
Содан кейін, шүкір етулерің / Аллаһтың берген игіліктеріне алғыс білдірулерің үшін сендерді кешірдік.
آية رقم 53
Әрі сол кезде сендердің тура жолға түсулерің үшін Біз Мұсаға Кітапты / Тәуратты / және фурқанды(жақсы – жаманды айырушы) бердік.
آية رقم 54
Әрі сонда Мұса еліне: «Әй, елім! Ақиқатында, сендер бұзауды құдай етіп алумен өздеріңе әділетсіздік жасадыңдар! Енді күнәларың үшін өздеріңнің Жаратушыңа бойсұнуға қайтып / тәубе қылып / өздеріңді өлтіріңдер. Осыны істеулерің Жаратушыңыздың алдында өздерің үшін қайырлы»,- деді. Сонда / Аллаһ / күнәларыңа шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды / тәубелеріңді / қабыл етті. Әлбетте, Ол - тәубені қабыл етуші, ерекше Мейірімді.
آية رقم 55
Әрі сол кезде сендер: «Ей, Мұса!Аллаһты ашық көрмейінше, саған сенбейміз», - дедіңдер. Сонда сендерге, өздерің қарап тұрған кездеріңде найзағай тиді.
آية رقم 56
Содан кейін, өлгендеріңнен соң, сендерді шүкір етулерің / берген игіліктерімізге алғыс білдірулерің / үшін қайта тірілттік.
آية رقم 57
Әрі сендерге бұлтты көлеңке етіп, мәнн (ол аса қиындықсыз табуға болатын азық – түлік өнімдері) және сәлуәні (Бөдене секілді құс) түсіріп: «Біз сендерге ризық етіп берген жақсы нәрселерден жеңдер», - дедік. Ал, олар Бізге әділетсіздік етпеді, алайда өздеріне әділетсіздік жасады.
آية رقم 58
Әрі сол кезде оларға: «Осы кентке кіріңдер де оның қалаған жерінен емін-еркін жеңдер. Ал / кентке / қақпадан иілген халде кіріп: «Хытта» / күнәмізді кешір / деп айтыңдар. Біз сонда күнәларыңды кешіреміз әрі ықыласпен жақсылық істеушілерге / сыйларын / арттырамыз», - дедік.
آية رقم 59
Сонда әділетсіздік жасағандар өздері - не айтылған сөзді басқа сөзге ауыстырды.Сондықтан Біз әділетсіздік істеушілерге, бұзықтықтары / бойсұнбаулары / себепті, аспаннан азап түсірдік.
آية رقم 60
Әрі кезінде Мұса елі үшін су сұрағанда, Біз: «Таяғыңмен тасты ұр», - дедік. Одан он екі бұлақ жарып шықты. Сөйтіп адамдардың әрбірі өздерінің су алатын жерін білетін болды. / Оларға: / «Аллаһтың берген ризығынан жеп-ішіңдер және жер жүзінде бұзу-бүлдірушілік жасап жүрмеңдер», - делінді.
Әрі сонда сендер: «Ей, Мұса! Біз бір-ақ түрлі тамаққа шыдай алмаймыз. Біз үшін Раббыңнан тіле, бізге жерде өсетін көкөнісінен, қиярынан, сарымсағынан, бұршағынан және пиязынан шығарып берсін», - дегендеріңде ол: «Сендер жақсы нәрсені төмен нәрселерге ауыстырасыңдар ма? Кез келген қалаға түсіңдер, сендерге сонда сұрағандарың бар», - деді. Сонда оларға қорлық пен жоқшылық түсірілді әрі Аллаһтың ашуына ұшырады. Мұның себебі - олардың Аллаһтың белгілеріне күпірлік етулері / оны теріске шығарулары / әрі пайғамбарларды жазықсыз өлтірулері. бұл - олардың бойсұнбаулары мен шектен шыққандықтары үшін.
آية رقم 62
Ақиқатында, иманға келгендердің, сондай-ақ иудей, христиан және сабийлерден (Аллаһқа сенетін, бірақ шариғаттары болмаған халық) Аллаһқа әрі Ақирет күніне сеніп, ізгі амал жасағандарының сыйлары - олардың Раббысында. Оларға ешбір қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды.
آية رقم 63
Әрі кезінде Біз сендерден серт алдық және үстеріңнен тауды көтеріп тұрып: «Біз сендерге бергенді мықты ұстанып, оның ішіндегіні еске алыңдар тақуалық етулерің үшін», - дедік.
آية رقم 64
Содан кейін, сендер бұрылып кеттіңдер. Егер де сендерге Аллаһтың кеңшілігі мен мейірімі болмағанда, зиян шегушілерден болар едіңдер.
آية رقم 65
Әрі сендер өздеріңнен сенбі күніне қатысты шектен шыққандарды білдіңдер. Бізоларға: «Жексұрын маймыл болыңдар», - дедік.
آية رقم 66
Біз мұны сол кездегілерге және олардан кейінгілерге көрнекі жаза, ал тақуалар үшін насихат еттік.
آية رقم 67
Әрі кезінде Мұса өз еліне: «Аллаһ сендерге бір сиырды бауыздауды бұйырады»,- деген еді. / Олар / :«Бізді мазақ етіп тұрсың ба?» - деді. Мұса: «Надандардан болудан Аллаһқа сиынып, қорғауын сұраймын»,- деді.
آية رقم 68
Олар: «Біз үшін Раббыңнан сұра, оның қандай екенін түсіндіріп берсін», - деді.
Мұса: / «Ол / Аллаһ / айтты: «Ол кәрі де, жас та емес, осы екеуінің ортасындағы бір сиыр», - деп. Енді өздеріңе бұйырылғанды орындаңдар», - деді.
Мұса: / «Ол / Аллаһ / айтты: «Ол кәрі де, жас та емес, осы екеуінің ортасындағы бір сиыр», - деп. Енді өздеріңе бұйырылғанды орындаңдар», - деді.
آية رقم 69
Олар: «Біз үшін Раббыңнан сұра, бізге оның өңі қандай екенін түсіндіріп берсін»,- деді. / Мұса: / «Ол айтты: «Ол өңі ашық сары түсті сиыр, көрушілерді сүйсіндіреді», - деп»,- деді.
آية رقم 70
Олар: «Біз үшін Раббыңнан сұра, бізге оның қандай екенін түсіндіріп берсін. Өйткені бізге сиырлар бір-біріне ұқсас секілді. Аллаһ қаласа, тура жолда боламыз.», - десті.
آية رقم 71
Мұса: / «Ақиқатында, Ол: «Ол жер жыртуға жегілмеген және егін суғармаған, дені сау, бойында еш дағы жоқ сиыр», - деп айтты», - деді. Олар: «Міне, енді шындықты әкелдің», - деді. Сөйтіп, олар оны бауыздады, дегенмен олар оны орындамауға жақын еді.
آية رقم 72
Міне, сендер біреуді өлтіріп, сол жөнінде тартыстыңдар. Ал, Аллаһ - жасырғандарыңды әшкере етуші.
آية رقم 73
Біз: «Оны / мүрдені / сойылған сиырдың бір бөлігімен ұрыңдар», - дедік. Осылай Аллаһ өліктерді тірілтеді және ақылды істетіп, ұғынуларың үшін Өз белгі- мұғжизаларын көрсетеді.
آية رقم 74
Содан кейін де жүректерің қатайды. Олар тас секілді немесе одан да қатты. Шын мәнінде, бір тастар бар, олардан бұлақтар жарып шығады. Кейбірі қақ бөлініп, одан су шығады. Әрі ақиқатында, ол тастардың кейбірі Аллаһтанқорыққанынан құлайды. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан ғапыл / қапы қалушы / емес.
آية رقم 75
Сендер / мұсылмандар / , шынымен олардың өздеріңе сенулерін үміт етесіңдер ме? Негізінде, олардың бір тобы Аллаһтың Сөзін тыңдап, оны түсінгендерінен кейін, біле тұрып өзгертетін еді.
آية رقم 76
Олар иманға келгендерге кездессе: «Біз де сендік», - дейді. Ал, егер бір-бірімен оңаша қалса: «Аллаһтың сендерге ашып бергенін, өздеріңнің Раббыңның алдында сендерге қарсы айғақ келтіруі үшін оларға айтып бересіңдер ме? Шынымен ақылдарың жетпей ме?» - деседі.
آية رقم 77
Ал, олар өздерінің нені жасырып, нені әшкере еткенін Аллаһтың білетінін білмей ме?
آية رقم 78
Әрі олардың ішінде Кітапты / Тәуратты / білмейтін, бос қиялға еретін сауатсыздар да бар. Ал, олар тек жорамалдайды.
آية رقم 79
Кітапты / Тәуратты / өз қолдарымен / бұрмалап / жазып, содан кейін онымен / дүниелік / болмашы бағаны сатып алу үшін: «Бұл - Аллаһтан / келген / », - дейтіндерге қасірет бар! Қолдарымен жазғандары үшін оларға үлкен қасірет бар! Әрі табыстары үшін де оларға үлкен қасірет бар!
آية رقم 80
Әрі олар: «От бізге санаулы күндер ғана тиеді», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтан уәде алдыңдар ма? Аллаһ уәдесін ешқашан бұзбайды. Аллаһтың атынан білмейтіндеріңді айтасыңдар ма?» - деп.
آية رقم 81
Жоқ, олай емес! Кім жамандық істесе және күнәсі оны орап алса, міне, солар - Отта / тозақта / болатындар. Олар онда мәңгі қалады.
آية رقم 82
Ал, иманға келген және ізгі амал жасағандар, бұлар - Жәннатқа кіретіндер.Олар онда мәңгі қалады.
آية رقم 83
Кезінде Исраил ұрпақтарынан: «Аллаһтан басқаға құлшылықжасамайсыңдар, ата-анаға, туысқандарға, жетімдерге және кедейлерге жақсылық істейсіңдер, адамдарға жақсы сөз айтасыңдар, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайсыңдар және зекетті бересіңдер», - деп уәдесін алдық. Содан кейін азғантайыңнан өзгелерің, / ол серттен / бас тартқан күйде, теріс айналдыңдар.
آية رقم 84
Әрі сонда, сендерден: «өздеріңнің / бір-біріңнің / қандарыңды төкпейсіңдер және қоныстарыңнан шығармайсыңдар», - деп уәде алдық. Кейін өздерің куәлік беріп, мойындадыңдар.
Содан соң да сендер өздеріңді / бір-біріңді / өлтірудесіндер, өздеріңнен бір бөлікті қоныстарыңнан шығарудасындар, оларға қарсы бір-біріңе күнә және дұшпандықтакөмектесесіңдер. Олар / діндестерің / сендерге тұтқын болып келсе, оларға төлем беріп құтқарудасыңдар.Ал, негізінде, сендерге оларды қоныстарынан шығаруға тыйым салынған / болатын /. Сонда сендер Кітаптың бір бөлігіне сеніп, ал басқа бөлігіне күпірлік етесіңдер ме / қарсы келесіңдер ме / ? Сендерден осыны істегендерге бұл өмірде қорлықтан басқа қайтарым жоқ. Ал, Қайта тірілу күні олар азаптың ең ауырына ұшыратылады. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан ғапыл / қапы қалушы / емес.
آية رقم 86
Міне, осылар - осы дүниелік өмірді соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / орнына сатып алғандар. Олардан азап жеңілдетілмейді әрі оларға көмек те берілмейді.
آية رقم 87
Ақиқатында, Біз Мұсаға Кітапты / Тәуратты / бердік және оның соңынан пайғамбарларды жалғасты түрде жібердік. Мәриям ұлы Исаға да анық белгілер беріп, оны Рухул құддуспен / Жәбірейіл періштемен / қуаттадық. Сендерге бір Елші көңілдерің қаламағанды әкелген сайын, тәкаппарланып, өздеріңді жоғары санамадыңдар ма? Сөйтіп / елшілердің / бір бөлігін өтірікке шығардыңдар да бір бөлігін өлтірдіңдер.
آية رقم 88
Әрі олар «Жүрегіміз жабылған»,- деді. Жоқ, олай емес, Аллаһ оларды күпірліктері / имансыздықтары / үшін қарғысқа ұшыратты. Олардың азы ғана иманға келді.
آية رقم 89
Сондай-ақ, оларға Аллаһтан өздеріңдегінің / Тәураттың / шын екендігін дәлелдеуші Кітап / Құран / келді. Олар бұрын сондай күпірлік еткендерге / имансыздарға / қарсы жеңіс тілейтін. Ал, қашан оларға өздерінің танығаны келген кезде, оған өздері күпірлік етті / сенбеді /. Кәпірлерге Аллаһтың лағнеті болсын!
آية رقم 90
Олар Аллаһтың Өз кеңшілігінен құлдарының қалағанына түсіргеніне / Құранға / іштарлық етіп, Аллаһтың түсіргеніне күпірлік ету / қарсыкелу / арқылы өз жандарының орнына айырбастап алғандары қандай жаман. Сөйтіп, олар / Аллаһтың / қаһары үстіне тағы да қаһарға ұшырады. Кәпірлер үшін қорлаушы азап бар.
آية رقم 91
Оларға: «Аллаһтың түсіргеніне / Құранға / сеніңдер», - деп айтылса, олар: «Біз өзімізге түсірілгенге / Тәуратқа / сенеміз», - деп, одан кейін түсірілгенге күпірлік етеді / мойындамайды, қарсы болады /. Ал, ол / Құран / - ақиқат және оларға түскенді растаушы. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер иманды / мүмін / болсаңдар, неге бұрын Аллаһтың пайғамбарларын өлтірдіңдер?» - деп.
آية رقم 92
Ақиқатында, сендерге Мұса анық дәлелдер келтірді. Одан кейін сендер әділетсіздік істеп, бұзауды / қудай етіп / алдыңдар.
آية رقم 93
Кезінде үстеріңнен тауды көтеріп тұрып: «Біз бергенді / Тәуратты / берік ұстаңдар да құлақ асыңдар / бойсұныңдар / », - деп, сендерден уәде алдық. Олар: «Естідік, бойсұнбадық», - деді. Күпірліктері / қарсылықтары / себепті, олардың жүректеріне бұзау сіңіп алған. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер сендер иманды болсаңдар, имандарың сендерге қандай жаман нәрсені бұйырады», - деп.
آية رقم 94
Айт: «Егер Аллаһтағы соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / тұрағы, өзге адамдарға емес, тек сендерге арналған болса, онда өздеріңе өлім тілеңдерші, егер шын сөзді болсаңдар»,- деп.
آية رقم 95
Ал олар өз қолдарымен істегендері / күнәлары / себебінен, ешқашан оны / өлімді / тілемейді. Аллаһ - әділетсіздерді Білуші.
آية رقم 96
Сен олардың / иудейлердің / өмірге - адамдардың ішінде бәрінен де, тіпті мүшріктерден де / Аллаһқа серік қосушылардан да / қатты құштар екенін көресің. Олардың әрбіреуі мың жыл өмір берілгенін қалайды.Алайда ұзақ өмір оны азаптан алыстатпайды.Аллаһ - олардың не істеп жатқандарын Көруші.
آية رقم 97
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Кім Жәбірейілге / періштеге / дұшпан?» - деп. Ақиқатында, ол / Жәбірейіл / , Аллаһтың қалауымен оны / Құранды / алдыңғыларды / кітаптарды / растаушы әрі имандылар / мүміндер / үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылық / және қуандырушы хабар етіп жүрегіңе түсірді.
آية رقم 98
Кім Аллаһқа, Оның періштелеріне, елшілеріне, Жәбірейілге және Микәйілге дұшпан болса, сөзсіз, Аллаһ - кәпірлерге дұшпан.
آية رقم 99
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Біз саған анық аяттарды түсірдік. Оған бұзықтар / бойсұнбайтындар / ғана күпірлік етеді / сенбейді /.
آية رقم 100
Әркез келісім түзгенде, олардан бір бөлігі оны / келісімді / тастамады ма? Негізінде, олардың көбі иманға келмейді.
آية رقم 101
Ал оларға Аллаһтың тарапынан өздеріңдегінің / Тәураттың / хақ екендігін дәлелдеуші Елші келгенде, Кітап берілгендердің бір бөлігі ешнәрсе білмегендей, Аллаһтың кітабын / Тәуратты / арт жақтарына лақтырып тастады.
Әрі олар Сүлеймен патшалығы кезіндегі шайтандар оқыған нәрсеге / сиқырға / ерді. Сүлеймен күпірлік еткен / сиқыр жасаған / жоқ. Алайда адамдарға сиқырды және Бабылдағы һарұт пен Марұт есімді екі періштеге түсірілген нәрселерді үйреткен шайтандар күпірлік етті / қарсы келді /. Ал, ол екеуі / періштелер / :«Шын мәнінде, біз / сендерге / сынақ үшін жіберілгенбіз, күпірлік етпе / сиқыр үйреніп, діннен шықпа / », - деп ескертіп, сақтандырмайынша, ешкімге / сиқыр / үйретпеді. Олар ол екеуінен ер кісі мен оның жұбайының арасын айыратынды үйренетін еді. Бірақ олар Аллаһтың рұқсатынсыз ешкімге зиян жеткізе алмайды. Негізінде, олар өздеріне зиян келтіретін әрі пайда бермейтін нәрселерді үйренетін еді. Олар оны / сиқырды / сатып алғанға, соңғы,мәңгілік өмірде / ақиретте / ешбір үлес жоқ екенін білді. Ақиқатында, олардың өз жандарын сатып, оның орнына алған нәрселері қандай жаман. Егер олар білсе.
آية رقم 103
Егер де олар иманға келгенде және тақуалық еткенде / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғанда / , Аллаһ тарапынан / болатын / сауап қайырлы еді. Егер олар білсе.
آية رقم 104
Ей, иманға келгендер! «Раъина» (бізге көңіл бөл) - демеңдер, «Унзурна» (бізге қара) - деп айтыңдар әрі құлақ асындар. Ал, кәпірлер үшін күйзелтуші азап бар.
آية رقم 105
Кітап берілген қауымнан және мүшріктерден күпірлік еткендер / қарсы келгендер / сендерге өздеріңнің Раббыңнан игіліктің түскенін қаламайды. Ал, Аллаһ, Өз мейірімімен қалағанын ерекшелеп таңдайды. Аллаһ - ұлы кеңшілік Иесі.
آية رقم 106
Аяттардың бірін мансұқ (аятты ауыстыру) етсек немесе ұмыттырсақ, одан жақсыны, не сол секілдіні / аятты / келтіреміз. / Ей,Мұхаммед! / Аллаһтың барлық нәрсені Жасай алушы екенін білмедің бе?
آية رقم 107
Аспандардың және жердің билігі Аллаһта екенін білмедің бе? Сендерге Аллаһтан өзге қамқоршы да, көмек беруші де жоқ.
آية رقم 108
Немесе сендер, Мұса / елінен / сұралғаны секілді, өз Елшілеріңнен сұрауды қалайсыңдар ма? Кім иманды күпірлікке / имансыздыққа / алмастырса, әлбетте, тура жолдан адасты.
آية رقم 109
Кітап берілген қауымның көбі, өздеріне ақиқат анықталса да, күншілдіктері себебінен, сендерді иманға келгеннен соң, күпірлікке / имансыздыққа / қайтаруды қалайды. Аллаһ Өз әмірін келтіргенге дейін, кешіріңдер де жөндеріне қоя тұрыңдар. Анығында, Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы.
آية رقم 110
Әрі намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле, / толық орындаңдар, зекетті беріңдер. Өздерің үшін қандай да бір жақсылық дайындасаңдар, оны Аллаһтың қасында табасыңдар. Шынында, Аллаһ - не істеп жатқандарыңды Көруші.
آية رقم 111
Әрі олар: «жәннатқа иудей немесе христиан болғандар ғана кіреді», - деді. бұл олардың бос қиялдары ғана. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, дәлелдеріңді келтіріңдер», - деп.
آية رقم 112
Жоқ, олай емес! Кім ықыласпен жақсылық істей отырып, жүзін Аллаһқа бойсұндырса, онда оның сыйлығы - Раббысында. Әрі оларға қорқыныш жоқ және олар қайғырмайды.
آية رقم 113
Әрі иудейлер: «Христиандарда еш негіз жоқ», - деді, христиандар да: «Иудейлерде еш негіз жоқ», - деді. Ал, олар Кітапты оқиды. Білмейтіндер де дәл осылай, олардың айтқаны секілді сөз айтты. Қайта тірілу күні Аллаһ, олардың тартысқан нәрселері жөнінде Өз үкімін айтады.
آية رقم 114
Аллаһқа құлшылық етілетін орындарда, Оның есімі еске алынуын тыйғаннан және ол орындарды бұзуға ұмтылғаннан өткен әділетсіз кім бар? Олар ол жерлерге / құлшылық орындарына / қорыққан күйде ғана кіруі керек еді. Оларға бұл өмірде қорлық, ал соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / өте үлкен азап бар.
آية رقم 115
Шығыс та, батыс та - Аллаһтікі. Қай жаққа бұрылсаңдар да Аллаһтың жүзі сол жақта. Ақиқатында, Аллаһ - мейірімі Кең , бәрін Білуші.
آية رقم 116
Әрі олар: «Аллаһ / Өзіне / бала иемденді», - деді. Ол - / барлық кемшіліктен / пәк. Негізінде, аспандардағы және жердегілер Онікі, барлық нәрселер Оған бағынушы.
آية رقم 117
Ол - аспандарды және жерді жоқтан бар етуші. Егер бір нәрсенің бар болуын белгілесе,1 оған тек қана «Бол!» дейді, сонда ол болады.
آية رقم 118
Әрі білмейтіндер / мүшріктер / :«Аллаһ бізбен сөйлессе немесе бізге бір белгі келсе еді», - деді. Дәл осылай, олардың сөздеріне ұқсас сөзді, олардан алдын өткендер де айтқан еді. Олардың жүректері бір-біріне ұқсайды. Ақиқатында, Біз, айқын сенетін адамдарға аяттарды түсіндіріп бердік.
آية رقم 119
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Біз сені қуандырушы әрі ескертуші етіп, ақиқатпен жібердік. Сен Тозаққа түскендер жөнінде сұралмайсың.
آية رقم 120
Иудейлер де, христиандар да олардың діндеріне ермейінше, сенен мүлдем разы болмайды. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында, Аллаһтың жолы / басшылығы / - тура жол / басшылық / », - деп. Егер өзіңе келген білімнен кейін олардың көңіл құмарлықтарына ерсең, Аллаһтан саған не қамқорлық етуші, не көмек беруші болмайды.
آية رقم 121
Біз Кітап бергендерден оны лайықты түрде оқығандар, оған сенеді. Ал, кім оған күпірлік етсе / сенбесе, мойындамаса / , міне, солар - нағыз зиян тартушылар.
آية رقم 122
Ей, Исраил ұрпақтары! Сендерге берген игіліктерімді және сендерді әлемдерден артық еткенімді еске алыңдар.
آية رقم 123
Әрі біреу өзге біреуге ешқандай пайда бере алмайтын, одан / күнәсін өтейтін / төлем алынбайтын әрі шапағат ету / ара түсу / көмектеспейтін және оларға жәрдем берілмейтін Күннен қорқып, сақтаныңдар.
آية رقم 124
Кезінде Ибраһимді Раббысы бір сөздермен / бұйрық және тыйымдармен / сынағанда, ол оларды толық орындады.Ол / Аллаһ / айтты: «Ақиқатында, Мен сені адамдарға имам / жетекші / етемін», - деп. Ол: «Менің ұрпағымнан да», - деді. / Аллаһ / :«Менің уәдем әділетсіздерді қамтымайды», - деді.
آية رقم 125
Біз Үйді / Қағбаны / адамдар үшін жиналатын әрі қауіпсіздік орны еттік. Ибраһимнің тұрған орнын / мақамын / намаз оқитын жер етіп алыңдар. Біз Ибраһим мен Исмаъилға: «Екеуің Үйімді / Қағбаны / - тәуап етушілер, құлшылық етіп / отырушылар / , рукуғ жасаушылар және сәжде қылушылар үшін тазартыңдар», - деп тапсырдық.
آية رقم 126
Сонда Ибраһим: «Раббым! Бұл қаланы / Меккені / бейбіт ет әрі оның Аллаһқа және Ақирет күніне сенген тұрғындарын жемістермен қамтамасыз ет», - деді. Ол / Аллаһ / :«Күпірлік еткендерді / қарсы келушілерді / де аз ғана пайдаландырып, кейін От / тозақ / азабына мәжбүр етемін. Ол баратын жер қандай жаман!» - деді.
آية رقم 127
Әрі сонда Ибраһим мен Исмаъил Үйдің / Қағбаның / ірге тасын көтеріп жатып: «Раббымыз, бізден қабыл ал! Ақиқатында, Сен - барлық нәрсені Естуші, бәрін Білушісің.
آية رقم 128
Раббымыз! Екеумізді де Өзіңе берілушілерден ет және ұрпағымыздан да берілуші үммет ете гөр. Бізге құлшылықтарымызды / амал, тәртіптерін / көрсетіп, күнәмізге шынайы өкініп, Өзіңе бойсұнуға қайтуымызды / тәубемізді / қабыл ет! Күмәнсіз, Сен -тәубені Қабыл етуші , ерекше Мейірімдісің.
آية رقم 129
Раббымыз! Оларға, аяттарыңды оқитын, Кітап пен Даналықты үйрететін және оларды тазартатын өз араларынан болған бір Елші жібер! Сен - ақиқатында, бәрінен Үстем , аса Данасың », - деді.
آية رقم 130
Ал, Ибраһимнің дінінен өзін-өзі адастырғаннан өзге кім бет бұрады? Ақиқатында, Біз осы өмірде оны абзал етіп таңдадық әрі соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / , ол сөзсіз, ізгілер қатарында болады.
آية رقم 131
Кезінде Раббысы оған: «Бойсұн!» - деді. Ол: «Әлемдердің Раббысына бойсұндым», - деді.
آية رقم 132
Ибраһим мұны / Аллаһқа бойсұнуды / ұлдарына өсиет етті және Йаъқуб та: «Ей, ұлдарым! Ақиқатында, Аллаһ сендерге бұл дінді таңдады. Сондықтан сендер Аллаһқа берілгеннен басқа хәлде өлмендер!», - деді. / Тек мұсылман болған күйде өліңдер /
آية رقم 133
Сендер әлде өлім үстінде жатқан Йаъқуб өзінің ұлдарына: «Менен кейін не нәрсеге құлшылық етесіңдер?» - дегенде, қасында тұрып куә болдыңдар ма? Олар: «Біз сенің құдайыңа әрі аталарың Ибраһим,Исмаъил және Исхақтың құдайы - жалғыз құдайға құлшылық етеміз. Біз - Оған бойсұнушымыз», - деді.
آية رقم 134
Міне, бұлар - өтіп кеткен бір үммет.Олар өздерінің істегенін алады, ал сендер өздеріңнің істегендеріңді аласыңдар. Сендер олардың іс-амалдары жайлы сұраққа тартылмайсыңдар.
آية رقم 135
Олар (иудейлер мен христиандар): «Иудей болыңдар» немесе «христиан болыңдар, сонда тура жол табасыңдар», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Жоқ, біз ханиф Ибраһимнің дініндеміз. Ол мүшріктерден / Аллаһқа серік қосушылардан / емес еді», - деп.
آية رقم 136
Айтыңдар: «Біз Аллаһқа сендік және бізге түсірілгенге / Құранға / әрі Ибраһимге, Исмаъилға, Исхаққа, Йаъқубқа және ұрпақтарына түсірілгенге және Мұсаға, Исаға берілгенге әрі Раббысы тарапынан пайғамбарларға берілгенге сендік. Олардың ешқайсысының араларын айырып, бөлмейміз әрі біз тек Оған бойсұнушымыз»,- деп.
آية رقم 137
Егер олар сендер сенгенге сенсе, онда әлбетте тура жолды табады. Ал, егер теріс айналса, онда олар қарама-қайшылықта. Аллаһ Сені олардан құтқарады. Ол - барлық нәрсені Естуші, бәрін Білуші.
آية رقم 138
Түр-түс Аллаһтікі! Түр-түс беруде Аллаһтан артық кім бар? Біз - Оған құлшылық етушіміз.
آية رقم 139
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһ біздің де Раббымыз және сендердің де Раббың бола тұрып, Ол жайында бізбен тартысасыңдар ма? Біздің амалдарымыз өзімізге, ал сендердің амалдарың өздеріңе. Біз құлшылығымызды / серік қосудан / тазартып Оған ғана арнаймыз»,- деп.
آية رقم 140
Әлде сендер: «Ибраһим, Исмаъил, Исхақ, Йаъқуб және / оның / ұрпақтары иудей немесе христиан болған еді»,- дейсіңдер ме? Айт: «Сендер жақсы білесіңдер ме, әлде Аллаһ па?» - деп. Аллаһтан берілген куәлікті, өзінде жасырғаннан өткен әділетсіз біреу бар ма? Аллаһ істеп жатқан амалдарыңнан ғапыл / қапы қалушы / емес.
آية رقم 141
Міне, осылар - өтіп кеткен бір үммет. Оның / ол үмметтің / тапқаны - өзіне, ал сендерге - өздеріңнің тапқандарың. Сендер олардың іс-амалдары жайлы сұраққа тартылмайсыңдар.
آية رقم 142
Адамдардың жетесіздері: «Оларды өздері ұстанып келген қыблаларынан не бұрды?» - дейді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Шығыс та, батыс та Аллаһтікі. Ол қалағанын тура жолмен жүргізеді»,- деп.
آية رقم 143
Біз сендерді адамдарға куә болуларың және Елшінің сендерге куә болуы үшін осылай, орта / орта аралықты ұстанатын / бір үммет қылдық. Елшіге еретіндерді теріс бұрылып кететіндерден айырып білу үшінғана, сен ұстанған қыбланы белгілеген едік. Аллаһ тура жолға салғаннан басқаларға / қыбланың ауысуы / өте ауыр болды. Аллаһ имандарыңды зая кетірмейді. Шын мәнінде, Аллаһ - адамдарға өте Мейірбан , ерекше Мейірімді.
آية رقم 144
Ей, Мұхаммед! / Біз жүзіңнің аспанға бұрылғанын көреміз. Енді сені өзің разы болатын қыблаға / бағытқа / бұрамыз.Жүзіңді «әл-Харам» мешіті жағына қарат.Қай жерде болсаңдар да / намазға тұрғанда / жүздеріңді сол жаққа қаратыңдар. Ақиқатында, Кітап берілгендер, оның / қыбланыңауысуының / олардың Раббысынан бір ақиқат екенін біледі. Аллаһ олардың не істеп жатқандарынан хабарсыз емес.
آية رقم 145
Әрі Кітап берілгендерге барлық белгілерді келтірсең де олар сенің қыблаңа ілеспейді. Сен де олардың қыбласына еруші емессің. Сондай-ақ олар да бір-бірінің қыбласына еруші емес. Өзіңе білім келгеннен кейін, олардың көңіл құмарлығына ерсең, онда сен сөзсіз, әділетсіздерден боласың.
آية رقم 146
Ақиқатында, Біз өздеріне кітап бергендер оны / Мұхаммедті / өз ұлдарын танығандай таниды. Әрі олардың бір тобы шындықты біле тұрып жасырады.
آية رقم 147
Ей, Мұхаммед! / Ақиқат - Раббыңнан, сондықтан күмәнданушылардан болма.
آية رقم 148
Әркімнің бет бұратын бағыты бар. Қайырлы істерде алдында болуға ұмтылыңдар / жақсылыққа жарысыңдар /. Қайда болсаңдар да Аллаһ сендердің барлығыңды келтіреді / жинайды /. Ақиқатында, Аллаһ - барлық нәрсені Жасай алушы.
آية رقم 149
Қай жақтан шықсаң да / намазда / жүзіңді әл-Харам мешітіне қарата бұр. Анығында, бұл - Раббыңнан бір ақиқат. Аллаһ сендердің не істеп жатқандарыңнан ғапыл / қапы қалушы / емес.
آية رقم 150
Қай жақтан шықсаң да / намазда / жүзіңді «әл-Харам» мешітіне қарата бұр. Әрі қай жерде болсаңдар да / намазға тұрғанда / жүздеріңді сол жаққа қаратыңдар. Бұл - адамдардың әділетсіз болғандарынан басқаларында, сендерге қарсы бір дәлелболмауы үшін. Әрі сендерге деген игілігімді толықтыруым үшін және тура жолда болуларың үшін.Сондықтан олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар.
آية رقم 151
Сондай-ақ сендерге араларыңнан Елші жібердік. Ол сендерге аяттарымызды оқиды, сендерді тазартады және сендерге Кітап пен даналықты / сүннетті / үйретеді және білмегендеріңді үйретеді.
آية رقم 152
ﯨﯩﯪﯫﯬﯭ
ﯮ
Мені еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын. Әрі шүкір етіңдер / берген игіліктеріме алғыс білдіріңдер / және күпірлік етпеңдер / серік қосу, күнә, шүкірсіздік арқылықарсы келмеңдер /.
آية رقم 153
Ей, иманға келгендер! Сабыр және намаз арқылы / Аллаһтан / жәрдем тілеңдер. Ақиқатында, Аллаһ - сабыр етушілермен бірге.
آية رقم 154
Аллаһ жолында өлтірілгендерді «өлі» демеңдер. Негізінде, олар тірі, бірақ, сендер оны сезіп, біле алмайсыңдар.
آية رقم 155
Біз сендерді аздаған қауіп-қатермен, аштықпен және мал-мүліктеріңнен, / жақын / жандарыңнан, өнімдеріңнен айыру арқылы сынаймыз. Сабыр етушілерді сүйіншіле,
آية رقم 156
солар бір қайғы жеткенде: «Ақиқатында, біз Аллаһтікіміз әрі әлбетте, біз Оған қайтушымыз», - дейді.
آية رقم 157
Міне, соларға олардың Раббысынан игілік пен мейірім бар. Әрі олар-тура жолмен жүрушілер.
آية رقم 158
Ақиқатында, Сафа мен Мәруа - Аллаһтың белгілерінен. Кім Үйге / Қағбаға / қажылық немесе ұмра жасаса, оған екеуінің арасында жүруде ешқандай күнә жоқ. Ал, кім / өз еркімен / қосымша бір жақсылық істесе, әлбетте, Аллаһ - Алғысқа бөлеуші, бәрін Білуші.
آية رقم 159
Ақиқатында, Біз түсірген анық белгілерді және тура жолды - адамдарға Кітапта түсіндіріп бергенімізден кейін, оны жасыратындарды Аллаһ лағнеттейді және оларды қарғыс айтушылар да қарғайды.
آية رقم 160
Алайда, күнәсіне шынайы өкініп,Аллаһқа бойсұнуға қайтып / тәубеге келіп / , түзеткендер және / жасырғандарын / түсіндір- гендер бұдан бөлек. Міне, солардың тәубесін қабыл етемін. Мен - тәубелерді Қабыл етушімін, ерекше Мейірімдімін.
آية رقم 161
Ақиқатында, сондай күпірлік етіп / Аллаһқа қарсы келіп / және кәпір күйінде өлгендер - міне, соларға Аллаһтың лағнеті болады және періштелер мен барлық адамдардың лағнеті болады.
آية رقم 162
Олар онда мәңгі қалады. Олардан азап жеңілдетілмейді әрі оларға мұрсат та берілмейді.
آية رقم 163
Сендердің құдайларың - бір ғана құдай, Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол - аса Қайырымды, ерекше Мейірімді.
آية رقم 164
Ақиқатында, аспандардың және жердің жаратылуында, түн мен күндіздің алмасуында, адамдар үшін пайдалы нәрселермен теңізде жүзетін кемеде және Аллаһтың аспаннан су түсіріп, онымен жер тіршіліксіз қалғаннан кейін оны тірілтуінде әрі онда түрлі жануарларды таратуында және желдердің алмасуында, аспан мен жер арасындағы бағынышты бұлттарда – ақылыністетіп, ұғынатын адамдар үшін белгілер бар.
آية رقم 165
Адамдардың арасында өзге нәрселерді Аллаһпен теңестіріп, оларды Аллаһты сүйгендей сүйетіндер бар. Ал, имандылар, Аллаһты / бәрінен / қатты сүйеді. Әділетсіздер азапты көрген кезде, бүкіл күш-қуаттың Аллаһқа тән екенін және Аллаһтың жазалауда қатты екенін біледі.
آية رقم 166
Сол уақытта / Қиямет күні / соңдарынан ерушілері болғандар ергендерден бас тартады. Әрі олар азапты көреді және араларындағы байланыстары үзіледі.
آية رقم 167
Ал, ергендер: «Егер де бізде / дүниеге / артқа қайтар мүмкіндік болғанда, олар бізден бас тартқандай, біз де олардан бас тартар едік»,- дейді. Осылайша, Аллаһ олардың амалдарын өздеріне өкініш етіп көрсетеді. Әрі олар Оттан шықпайды.
آية رقم 168
Ей, адамдар! Жердегі рұқсат етілген / халал / және жақсы нәрселерден жеңдер және шайтанның ізімен жүрмеңдер! Ақиқатында, ол - сендерге анық дұшпан.
آية رقم 169
Шын мәнінде, ол сендерге жамандық пен жиіркенішті істерді әрі Аллаһ туралы білмейтіндеріңді айтуды бұйырады.
آية رقم 170
Ал, оларға: «Аллаһ түсіргенге еріңдер», - делінсе, олар: «Жоқ, ата-бабаларымызды ненің үстінде / қай жолда / тапсақ, соған ереміз», - дейді. Егер де ата-бабалары / дін мәселесінде / ешнәрсені дұрыс ұғынбаған әрі тура жол таппаған болса да ма?!
آية رقم 171
Күпірлік етушілердің / Аллаһқа қарсыкелушілердің / мысалы: оларға айқайлағанда үн мен айқайдан басқаны естімейтін біреу тәрізді - саңырау, мылқау, соқыр. Олар ақылдарын істетпейді.
آية رقم 172
Ей, иманға келгендер! Біз сендерге берген жақсы нәрселерден жеңдер әрі Аллаһқа шүкір етіңдер / Оның берген игіліктеріне алғыс білдіріңдер / , егер құлшылықтарыңды тек Оған арнап жасаушы болсаңдар.
آية رقم 173
Шын мәнінде, Ол сендерге өлексені, қанды, доңыз етін және Аллаһтан басқаға арнап сойылғанды тыйым салды / харам қылды /. Сонда кім / тыйым салынғанды жеуге / мәжбүр болып, оған құштарлық танытпай әрі оны рұқсат етілген мөлшерден асырмай жесе, оған күнә жоқ. Шын мәнінде, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
آية رقم 174
Ақиқатында, Аллаһтың Кітапта түсіргенін жасырып, әрі ол үшін болмашы бағаны / дүниелік мүддені / сатып алатындар, міне солар, қарындарына от болатынды жейді. Қайта тірілу күні Аллаһ оларға сөйлемейді әрі оларды тазартпайды, әрі оларға күйзелтуші азап бар.
آية رقم 175
Олар тура жолдың орнына - адасуды, кешірімнің орнына - азапты сатып алғандар. Сонда олар Отқа / тозаққа / қалай сабыр етпек?!
آية رقم 176
Бұл - Аллаһтың Кітапты ақиқатпен түсіргендігінен. Ақиқатында, Кітап жайында таласқандар - бітіспес қайшылықта.
Игілік - жүздеріңді шығысқа және батысқа бұруларың емес. Негізінде, игілік Аллаһқа, Ақирет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға сенуде және мал-дүниесін өзі жақсы көре тұрып жақындарына, жетімдерге, кедейлерге, / жолда қалған / жолаушыға, қайыр сұрағандарға және құлды азат етуге беруде және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындауында, зекетті беруде әрі өзара уәделескенде, уәделерін орындауда әрі таршылық, ауруға ұшыраған және соғыс кезінде сабыр етуде. Міне, солар - шын сөзділер, міне, солар - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар /.
آية رقم 178
Ей, иманға келгендер! Сендерге өлтірілгендерге қатысты кек қайтару парыз етілді. Азат үшін - азат, құл үшін - құл және әйел үшін - әйел. Ал кімге / өлген адамның / бауыры жағынан кешірім жасалса, құпталғанға сай және оны жақсы түрде орындауы / тиіс /. Міне, бұл Раббыңыздан жеңілдік әрі мейірім. Ал, кім осыдан кейін шектен шықса, оған күйзелтуші азап бар.
آية رقم 179
Ей, ақыл иелері, әрі кек қайтаруда сендерге өмір бар, сендер тақуалық етулерің / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларың / үшін.
آية رقم 180
Араларыңнан біреуіңе өлім келген кезде, артында бір қайыр / мал-мүлік / қалдырса, / оны / ата-анасына және жақын туыстарына құпталғанға сай өсиет етуі - парыз етілді. Бұл - тақуаларға / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушыларға / бір міндет.
آية رقم 181
Ал, кім оны / өсиетті / естігенінен кейін өзгертсе, күнәсі оны өзгертушілерге болады. Ақиқатында, Аллаһ - бәрін Естуші , барлық нәрсені Білуші.
آية رقم 182
Сонда, кім өсиет етушіден қателесу немесе күнәдан / орын алуынан / қорқып, олардың арасын түзетсе, оған ешбір күнә жоқ. Ақиқатында, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
آية رقم 183
Ей, иманға келгендер! Тақуалық етулерің / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларың / үшін, сендерден бұрын өткендерге парыз етілгендей, сендерге де ораза парыз етілді.
آية رقم 184
Санаұлы күндерде. Ал, сендерден кім ауру не сапарда болса, онда басқа күндерде / толтырсын /. Ал, шамасы келетіндерге өтем ретінде кедейді тамақтандыру / міндет /. Ал, кім / өз еркімен / қосымша бір жақсы іс жасаса, ол өзі үшін қайырлы. Егер білсеңдер, ораза ұстағандарың өздерің үшін қайырлы.
آية رقم 185
Рамазан айы сондай ай, онда адамдар үшін басшылық әрі тура жол мен фурқанның анық дәлелдері ретінде Құран түсірілген. Сендерден кім бұл айда болса, ораза ұстасын. Ал, кім ауру немесе сапарда болса, есебін / ұстамаған күндерін / басқа күндерде / толтырсын /. Аллаһ сендерге жеңілдік қалайды, Ол сендерге қиыншылық қаламайды. Әрі санын толтырыңдар және Аллаһты ұлықтаңдар - сендерді тура жолға салғаны үшін және шүкір етулерің / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін.
آية رقم 186
Ей, Мұхаммед! / Ал, қашан құлдарым сенен Мен туралы сұраса, күмәнсіз, Мен өте жақынмын. Қашан менен тілесе, сұраушының тілегіне жауап беремін. Тура жолмен жүру үшін олар да маған жауап берсін / бұйрығымды орындасын / және Маған сенсін.
Сендерге оразаның түнінде әйелдеріңе жақындасуға рұқсат етілді. Олар - сендер үшін киім, сендер де - олар үшін киімсіңдер. Аллаһ сендердің өздеріңе қиянат етіп жүргендеріңді білді әрі күнәларыңа шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтуларыңды / тәубелеріңді / қабыл етіп, сендерді кешірді. Олармен енді қосыла беріңдер және Аллаһтың өздеріңе жазғанын іздендер Әрі таңның ақ жібі қара жіптен анықталғанға дейін жеңдер-ішіңдер, кейін оразаны кешке дейін / ұстап / аяқтаңдар. Мешіттерде иғтикаф жасаушы болған халде, оларға / әйелдеріңе / жақындаспаңдар. Осы - Аллаһтың белгілеген шекаралары, оған жақындамаңдар. Аллаһ адамдарға, олар тақуалық етулері / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанулары / үшін аяттарын осылай түсіндіреді.
آية رقم 188
Мал-дүниелеріңді өзара құқықсыз / заңсыз / түрде жемеңдер. Сондай-ақ, адамдардың мал-дүниесінен, күнә екенін біле тұра, жеу үшін / өз малдарыңның / бір бөлігін үкім шығарушыларға / пара етіп / ұсынбаңдар.
آية رقم 189
Ей, Мұхаммед! / Олар сенен жаңа туған айлар жайлы сұрайды. Айт: «Ол - адамдарға және қажылық үшін уақытты белгілеу / есептеу / », - деп. Үйлерге арт жағынан келулерің жақсы амал емес. Алайда кім тақуалық қылса / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанса / міне, осы - игі іс. Үйлерге есігінен келіңдер. мұраттарыңа жетулерің үшін Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар.
آية رقم 190
Әрі өздеріңе қарсы соғысқандармен Аллаһ жолында соғысыңдар және шектен шықпаңдар. Ақиқатында, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді.
آية رقم 191
Әрі оларды көріп, ұстаған жерлеріңде өлтіріңдер және олар сендерді шығарған жерден / Меккеден / , сендер де оларды шығарыңдар. Бүлік / Аллаһқа серік қосу / - кісі өлтіргеннен де ауыр. Олар әл-Харам мешітінің жанында сендермен соғыспайынша, ол жерде олармен соғыспаңдар. Ал, егер сендермен соғысса, оларды өлтіріңдер. Кәпірлердің қайтарым жазасы - осындай.
آية رقم 192
ﭯﭰﭱﭲﭳﭴ
ﭵ
Егер олар тоқтатса, ақиқатында, Аллаһ өте Кешірімді , ерекше Мейірімді.
آية رقم 193
Әрі олармен / мүшріктермен / бүлік қалмағанға және дін Аллаһқа болғанға дейін соғысыңдар. Егер олар тыйылса, әділетсіздерден басқаға дұшпандық жоқ.
آية رقم 194
Тыйым салынған ай үшін тыйым салынған ай әрі тыйым салынғанға / бұзғанға / - кек қайтару бар. Сонда кім сендерге қарсы шектен шықса, оның сендерге қарсы шектен шыққанындай, сендер де оған қарсы шығыңдар. Әрі Аллаһтан/ Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар және біліңдер, Аллаһ тақуалармен / Өзінің жазасынан, қорқып, сақтанушылармен / бірге.
آية رقم 195
Аллаһ жолында / мал-дүниелеріңді / жұмсаңдар, өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар. Әрі игілік істеңдер. Шын мәнінде, Аллаһ ықыласпен игілік істеушілерді жақсы көреді.
Қажылықты және ұмраны Аллаһ үшін толық орындаңдар. Егер / жолда / кедергіге тап болсаңдар, құрбандық малдан жеңілін / сойыңдар /. Союға аталған құрбандық мал сойылатын орнына жеткенше, шаштарыңды алдырмаңдар. Сендерден біреу / ихрамда / науқас немесе басына байланысты бір қиыншылық көрсе / уақытынан бұрын шашын алдырса / , соның өтемі ретінде ораза ұстауы не садақа беруі немесе мал союы керек. Ал, қашан қауіпсіздікте болып, қайсыларың ұмра жасағаннан кейін, қажылыққа дейін / ихрамнан уақытша шықса / , онда өзіне қолайлы / жеңіл / болған бір құрбандық мал / шалуы керек /. Егер таба алмаса, қажылықта үш күн, / үйіне / қайтып барған соң жеті күнораза ұстайды, / барлығы / толық он күн. Бұл / үкім / - үйлері әл-Харам маңында / аумағында / болмағандар үшін. Әрі Аллаһқа тақуалық етіңдер / Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар / және Аллаһтың қатты азап иесі екенін біліңдер.
آية رقم 197
Қажылық - белгілі айлар. Кімде-кім ол айларда қажылықты орындауға міндеттенсе, онда қажылық кезінде әйеліне жақындасуға, күнә жасауға және айтысып-тартысуға болмайды. Қандай жақсылық істесеңдер, Аллаһ оны біледі. Әрі жол азығымен қамданыңдар. Ал, жолазықтың ең жақсысы - тақуалық / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтану /. Ей, ақыл иелері, тек Менен / Менің жазамнан / қорқып, сақтаныңдар!
آية رقم 198
Раббыңыздың кеңшілігін / ризық-несібелеріңді / іздеулеріңде сендерге күнә жоқ. Қашан Арафаттан қайтқан кездеріңде Мәшғәрул Харам қасында / Мұздалифада / Аллаһты еске алыңдар. Осыдан алдын сендер адасушылардан болсаңдар да Ол сендерді тура жолға салғанындай, сендер Оны еске алыңдар.
آية رقم 199
Содан кейін, ел қайтқан жерден қайтып, Аллаһтан кешірім тілеңдер. Күдіксіз Аллаһ
- өте Кешірімді , ерекше Мейірімді.
- өте Кешірімді , ерекше Мейірімді.
آية رقم 200
Қашан қажылық амалдарыңды өтеп болсаңдар, Аллаһты еске алыңдар, ата-бабаларыңды еске алғандай, тіпті одан да артық. Адамдардан кейбірі:«Раббымыз! Бізге / осы! өмірде бер!» - дейді. Оларға соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / ешбір үлес жоқ.
آية رقم 201
Сондай-ақ олардың кейбірі: «Раббымыз! Бізге осы өмірде игілік бер әрі соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / игілік бер және бізді От азабынан сақта!» - дейді.
آية رقم 202
Міне, олар үшін тапқандарынан / істеген амалдарынан / үлес бар. Аллаһ - есеп алуда өте жылдам.
آية رقم 203
Аллаһты санаулы күндерде еске алыңдар, кім асықса / Минадағы құлшылықтарды / екі күн ішінде / аяқтауында / оған ешбір күнә жоқ. Ал кім қалса / үшінші күнді аяқтаса / , оған да күнә жоқ. Бұл - тақуалық етушілер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін. Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар әрі Оған жиналатындарыңды біліңдер.
آية رقم 204
Ей, Мұхаммед! / Адамдардың арасында бұл өмірде сөзі сені таңқалдыратын әрі жүрегіндегіге Аллаһты куә ететін бар. Әрі өзі айтыс-тартыста қайтпайтын бірбеткей.
آية رقم 205
Ал, қашан ол / қасыңнан / кетсе, жер бетін бүлдіруге, егін мен ұрпақты құртуға әрекет етеді. Ал, Аллаһ бұзу-бүлдірушілікті жақсы көрмейді.
آية رقم 206
Ал, қашан оған: «Аллаһтан қорық!»деп айтылса, оның менменсіп үстемсінуі оны күнәларға итермелейді. Оған Жаһаннам жеткілікті. Ол - қандай жаман орын.
آية رقم 207
Адамдардың арасында Аллаһтың ризалығын іздеп, жанын сататындар да бар. Аллаһ - құлдарына өте Мейірбан.
آية رقم 208
Ей, иманға келгендер! Исламға бүтіндей, толық кіріндер және шайтанның ізіне ермеңдер. Анығында, ол - сендерге анық дұшпан.
آية رقم 209
Ал, егер сендер анық дәлелдер келгеннен кейін / тура жолдан / тайсаңдар, Аллаһтың бәрінен Үстем , аса Дана екенін біліңдер.
آية رقم 210
Олар бұлттардың көлеңкесінде Аллаһтың келуін күте ме және періштелердің әрі істің шешілуін? Ал істер Аллаһқа қайтарылады.
آية رقم 211
Исраил ұрпақтарынан, оларға қаншама анық белгілер келтіргенімізді сұра. Ал, кім Аллаһтың игілігін өзіне келгеннен кейін өзгертсе, күмәнсіз, Аллаһ жазалауда өте қатал.
آية رقم 212
Күпірлік етушілерге / Аллаһқа қарсыкелушілерге / бұл өмір көркем етіп көрсетілді және олар иманға келгендерді келеке қылады. Алайда, тақуа болғандар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанғандар / Қайта тірілу күні олардан жоғары болады. Аллаһ қалағанына өлшеусіз ризық береді.
آية رقم 213
Адамдар бір ғана үммет болған еді. Аллаһ адамдардың қайшылыққа түскен нәрселеріне қатысты үкім ету үшін қуанышты хабар жеткізуші және ескертуші ретінде пайғамбарларды жіберді әрі олармен бірге ақиқатпен Кітап түсірді. Негізінде, өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін, Кітап берілгендер әділетсіздіктері себебінен өзара қарама-қайшылыққа түсті. Сонда Аллаһ иманға келгендерді, қайшылыққа түскен нәрселеріне байланысты Өз қалауымен ақиқатқа жеткізді. Әрі Аллаһ Өзі қалағанды тура жолмен жүргізеді.
آية رقم 214
Ей, мұсылмандар! / Сендерден бұрын өткендерге келген секілді жағдайлар өздеріңе келмей тұрып, жәннатқа кіруді ойладыңдар ма? Оларға таршылық және пәлекеттер тиді әрі Елші және онымен бірге иманға келгендер «Аллаһтың жәрдемі қашан болады» деп айтқанға дейін олар шайқатылды. Біліңдер! Анығында, Аллаһтың жәрдемі жақын.
آية رقم 215
/ Ей, Мұхаммед! / Олар сенен не жұмсауға болатынын сұрайды. Айт: «Жақсылықтан нені жұмсасаңдар - ата-анаға, жақындарға, жетімдерге, кедейлерге және жолда қалғанға жұмсаңдар. Қандай қайырлы іс істесеңдер де әлбетте, Аллаһ - оны Білуші», -деп.
آية رقم 216
Сендерге жағымсыз болса да соғыс парыз етілді. Сендер бір нәрсені ұнатпағанмен, ол сендер үшін қайырлы болуы мүмкін. Ал сендер бір нәрсені жақсы көргенмен, ол сендер үшін жамандық болуы мүмкін. Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер.
Олар сенен тыйым салынған ай, ондағы / ол айдағы / соғыс жайлы сұрайды. Оларға: «Ол айда соғысу - үлкен / қылмыс /. Ал, Аллаһтың жолынан қайтару және Оған күпірлік ету / Аллаһтың бірлігін теріске шығару / , сондай-ақ әл-Харам мешітінен / тосу / және оның тұрғындарын одан шығару - Аллаһтың алдында одан да үлкен / қылмыс /. Бүлік / фитна / - / кісі / өлтіруден де үлкен»,- деп. Олар шамалары келсе, діндеріңнен қайтарғанға дейін сендермен соғысуын тоқтатпайды. Сендерден кім дінінен қайтса және кәпір күйде өлсе, міне, солардың амалдары осы өмірде және соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / зая кетеді әрі олар - Отта / тозақта / болатындар. Олар - онда мәңгі қалушы.
آية رقم 218
Ақиқатында, иманға келгендер, қоныс аударғандар және Аллаһ жолында күрескендер - міне, солар Аллаһтың мейірімін үміт етеді. Аллаһ - өте Кешірімді , ерекше Мейірімді.
آية رقم 219
Ей, Мұхаммед! / Олар сенен мас қылушы ішімдік / хамр / және кұмар туралы сұрайды. Айт: «Ол екеуінде де үлкен күнә және адамдар үшін пайда бар. Бірақ екеуінің күнәсі пайдасынан үлкен», - деп. Әрі олар сенен / Аллаһ жолында / не жұмсауға болатынын сұрайды. Айт: «Артылғанын» / өз қажеттеріңнен артығын / - деп. Аллаһ ойлануларың үшін сендерге аяттарды осылай түсіндіреді, -
آية رقم 220
бұл өмір және соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / туралы. Олар сенен жетімдер туралы сұрайды. Айт: «Оларға ізгілік ету - қайырлы. Егер олармен аралассаңдар, олар сендердің бауырларың. Аллаһ бұзушыны түзетушіден / айыра / біледі. Егер де Аллаһ қалағанда сендерді қиындыққа ұшырататын еді», - деп. Ақиқатында, Аллаһ - бәрінен Үстем, өте Дана.
آية رقم 221
Аллаһқа серік қосушы / мүшрік / әйелдерге, олар иманға келгенге дейін үйленбеңдер. Ақиқатында, серік қосушы / азат / әйелден - тіпті, ол өздеріңе ұнап тұрса да, - иманға келген күң қайырлы. Сондай-ақ, иманға келгенге дейін мүшріктерге / Аллаһқа серік қосушыларға / Мұсылман әйелдерді тұрмысқа бермеңдер. Сөзсіз, серік қосушыдан - ол сендерге ұнаса да, - иманды / мүмін / құл қайырлы. Олар / Аллаһқа серік қосушылар / Отқа / тозаққа / шақырады. Ал, Аллаһ Өз рұқсатымен жәннатқа және кешірімге шақырады. Әрі Ол аяттарын адамдарға, олар еске алулары үшін түсіндіреді.
آية رقم 222
Ей, Мұхаммед! / Әрі Олар сенен етеккір / хайыз / туралы сұрайды. Айт: «Ол жайсыздық, сондықтан етеккір кезінде әйелдерден / олармен қосылудан / шеттеңдер әрі оларға тазарғандарына дейін жақындаспаңдар. Қашан олар тазарса, оларға Аллаһ өздеріңе бұйырғанындай келіңдер», - деп. Анығында, Аллаһ істеген күнәсіне шынайы өкініп, Өзіне бойсұнуға қайтушыларды / тәубе етушілерді / жақсы көреді әрі тазарушыларды жақсы көреді.
آية رقم 223
Әйелдерің - сендер үшін егіндіктерің. Егіндіктеріңе өздерің қалаған түрде келіңдер.Өздерің үшін / жақсылық / әзірлеңдер және тақуалық етіңдер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтаныңдар / әріОған кездесетіндеріңді біліңдер. Имандыларды / мүміндерді / сүйіншіле!
آية رقم 224
Игілік істеулеріне, тақуалық етулеріңе / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларыңа / және адамдардың арасын жарастыруларың үшін / берген / анттарыңа – Аллаһты кедергі қылмандар. Аллаһ – барлық нәрсені Естуші , бәрін Білуші.
آية رقم 225
Аллаһ сендерді / сөздеріңдегі / бос анттарың үшін жазаламайды. Алайда, сендерді жүректерің бекітіп, істегені үшін жазалайды. Аллаһ – өте Кешірімді, аса Ұстамды.
آية رقم 226
Әйелдерімен жақындаспауға ант бергендер, төрт ай күту керек. Ал, егер олар / антынан / қайтса, анығында, Аллаһ – өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
آية رقم 227
Әрі, егер олар талақ беруге шешім қабылдаса, әлбетте, Аллаһ – әрбір нәрсені Естуші, бәрін Білуші.
آية رقم 228
Ал, талақ етілген әйелдер, үш / етеккір / мерзімі өткенше күтеді. Егер олар / әйелдер/ Аллаһқа және Ақирет күніне сенсе, оларға құрсақтарында Аллаһ пайда қайтарып алуға құқылы, егер олар жарасуды қаласа. Әрі құпталғанға сай олардың міндеттері секілді, тиісті хақтары да бар. Ал, ерлері олардан бір дәреже жоғары. Аллаһ - бәрінен Үстем , аса Дана.
آية رقم 229
Талақ екі рет. Содан кейін / әйелдерді / құпталғанға сай ұстау немесе жақсылықпен жіберу / міндет /. Әрі оларға мәһрге сыйлап, бергендеріңнен бір нәрсе алуларыңа рұқсат етілмейді. Бірақ, екеуі Аллаһтың тыйымдарын орындай алмаудан қауіптенсе - ол басқа. Ал, егер екеуінің Аллаһтың тыйымдарын / бір-біріне қатысты міндеттерін / орындай алмауынан қорықсаңдар, / әйелдің мәһрді / қайтарып беруінде екеуіне де күнә жоқ. Міне, осы - Аллаһтың тыйым салғандары, одан шықпаңдар. Ал, кім Аллаһтың тыйымдарынан шығатын болса, міне, солар нағыз әділетсіздер.
آية رقم 230
Егер ол / үшінші рет / талақ етсе, осыдан кейін ол / әйел / басқа күйеуге тұрмысқа шықпайынша / сөйтіп одан ажыраспайынша / , оған рұқсат етілмейді / халал болмайды /. Егер оны / соңғы тиген күйеуі / талақ етсе, екеуі Аллаһтың тыйымдарын орындаймыз деп ойлаған жағдайда, қайта табысуларында күнә жоқ. Міне, осы - Аллаһтың шектері. Ол мұны білетін адамдарға түсіндіреді.
آية رقم 231
Ал, егер әйелдерге талақ беріп, иддасы / талақтан кейінгі күту мерзімі / жетсе, оларды құпталғанға сай ұстаңдар немесе оларды құпталғанға сай жіберіңдер. Оларға әділетсіздік ету үшін зиян тигізіп ұстамаңдар. Кім бұлай істесе, ол өзіне-өзі әділетсіздік жасаған болады. Аллаһтың аяттарын күлкіге айналдырмаңдар. Аллаһтың өздеріңе берген игілігін әрі Кітаптан және даналықтан сендерге насихат етіп, түсіргенін естерінде ұстандар. Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар әрі Аллаһтың барлық нәрсені Білуші екенін біліндер.
آية رقم 232
Егер әйелдерді талақ етіп, иддасы жетсе, құпталғанға сай өзара келісімге келген жағдайда, өз күйеулерімен қайта қосылуларына кедергі жасамаңдар. Осы арқылы сендерден Аллаһқа және Ақирет күніне сенгендерге насихат етіледі. Бұл - сендерге ең жақсы әрі тазасы. Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер.
Аналар өз балаларын толық екі жыл емізеді. Емізуді ақырына жеткізуді қалағандар үшін / мерзім осы /. Ал, оларды құпталғандай азықтандыру және киіндіру перзентті болғанның / әкесінің / міндеті. Әрбір жанға оның мүмкіндігінен артығы жүктелмейді. Баласы себепті анаға әрі баласы себепті әкеге де зиян тигізуге болмайды. Сондай-ақ мұрагерге де / бала мен анасын асырауға / сол секілді міндет жүктеледі. Егер / ата-ана / өзара келісіп әрі кеңескеннен кейін, / баланы емізуден / айыруды қаласа, екеуіне де күнә емес. Ал, егер балаларыңды / бөгде әйелге / еміздіруді қаласаңдар, ақысын құпталғанға сай тиісінше берсеңдер, сендерге күнә емес. Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар және Аллаһтың не істеп жатқандарыңды Көруші екенін біліңдер.
آية رقم 234
Сендерден біреу қайтыс болып, артында әйелдерін қалдырса, олар төрт ай он күн / идда мерзімін / күтеді. Қашан оларға көрсетілген мерзім аяқталса, олардың өздеріне қатысты құпталғанға сай істеген істері үшін сендерге күнә болмайды. Аллаһ - сендердің не істеп жатқандарыңнан Хабардар.
آية رقم 235
Ал / күту мерзімі бітпеген / әйелдерді айттыруға байланысты оларға тұспалдап
білдірулеріңде немесе іштеріңде жасыруларыңда сендер үшін күнә жоқ. Аллаһ сендердің оларды еске алатындарыңды біледі. Алайда, олармен жасырын уәде байласпаңдар. Ал, жөнімен / шариғат жолымен / сөйлесулеріңе болады. Идда / күту мерзімі / уақытына жетпейінше, неке байласуға шешім қабылдамаңдар. Әрі біліңдер, Аллаһ іштеріңдегіні біледі, сондықтан Одан сақтаныңдар. Әрі Аллаһтың өте Кешірімді , аса Ұстамды екенін біліңдер.
білдірулеріңде немесе іштеріңде жасыруларыңда сендер үшін күнә жоқ. Аллаһ сендердің оларды еске алатындарыңды біледі. Алайда, олармен жасырын уәде байласпаңдар. Ал, жөнімен / шариғат жолымен / сөйлесулеріңе болады. Идда / күту мерзімі / уақытына жетпейінше, неке байласуға шешім қабылдамаңдар. Әрі біліңдер, Аллаһ іштеріңдегіні біледі, сондықтан Одан сақтаныңдар. Әрі Аллаһтың өте Кешірімді , аса Ұстамды екенін біліңдер.
آية رقم 236
Әйелдерді қосылудан бұрын әрі оларға мәһр / қалыңдықтың сыйлығын / белгілеуден бұрын талақ етсеңдер, сендерге күнә болмайды. Сонда оларды - жағдайы бар өз мүмкіндігіне сай, ал жағдайы нашар өз шамасынша құпталғанға сай пайдаландырыңдар, бұл - жақсылықты ықыласпен істеушілер үшін бір міндет.
آية رقم 237
Егер оларға мәһр / қалыңдықтың сыйлығын / белгілеп, қосылудан бұрын талақ етсеңдер, оларға мәһрдің жартысы тиеді. Тек, егер, олар / әйелдер / кешірсе / белгіленген мәһрін алмаса / немесе неке түйіні қолындағы ер кісі кешірсе / мәһрді толық қалдырса / ол басқа. Ал, кешірулерің - тақуалыққа / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтануларыңа / жақынырақ. Әрі бір-біріңе кеңшілік жасауды ұмытпаңдар. Ақиқатында, Аллаһ - не істеп жатқандарыңды Көруші.
آية رقم 238
Намаздарға әрі ортаңғы намазға мұқият болыңдар және Аллаһқа беріле бойсұнған күйде тұрыңдар.
آية رقم 239
Ал, егер, қауіптенсеңдер, жаяу немесе көлік үстінде / оқыңдар /. Қашан қауіпсіз болған кезде, сендерге білмегендеріңді үйреткеніндей, Аллаһты еске алыңдар.
آية رقم 240
Сендерден қайтыс болып / артында / әйелдері / жесір / қалатындар, әйелдері үшін бір жылға дейін / күйеулерінің үйінен / шығарып жібермей, қамтамасыз етілуі өсиет етіледі. Егер / әйелдері / өздері шығып кетсе, олардың өздеріне байланысты құпталғанға сай ісінде сендерге күнә болмайды. Аллаһ - бәрінен Үстем, аса Дана.
آية رقم 241
Әрі талақ етілген әйелдердің құпталғанға сай қамтамасыз етілуі - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанушылар / үшін бір міндет.
آية رقم 242
Аллаһ сендерге Өз аяттарын ақылдарыңды істетіп, ұғынуларың үшін осылай түсіндіреді.
آية رقم 243
Ей, Мұхаммед! / Өлімнен қорқып, тұрақтарын тастап шыққан мыңдаған адамдарды білмейсің бе? Аллаһ оларға: «Өліндер», - деді. Содан кейін қайта тірілтті. Ақиқатында, Аллаһ - адамдарға кеңшілік Иесі. Бірақ, адамдардың көбі шүкір етпейді / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірмейді /.
آية رقم 244
Аллаһ жолында соғысыңдар әрі біліңдер, Аллаһ - әрбір нәрсені Естуші, бәрін Білуші.
آية رقم 245
Аллаһқа көркем қарыз беретін кім бар? Ол оған көптеген есе арттырып береді. / Ризық-несібені / тар ететін және оны кеңітетін Аллаһ. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар.
Мұсадан кейінгі Исраил ұрпақтарының беделділері жайлы білмедің бе? Кезінде олар өздерінің пайғамбарына: «Бізге бір патша жібер, Аллаһ жолында соғысайық», - деді. Ол / пайғамбар / :«Сендерге егер соғыс парыз етілсе, соғыспай қалатын шығарсыңдар?» - деді. Олар: «Ақиқатында, үйлерімізден шығарылып, балаларымыздан айырыла тұрып, бізге Аллаһ жолында соғыспайтындай не болды?» - деді. Алайда, оларға соғыс парыз етілген кезде, аз бөлігінен басқасы бас тартты. Аллаһ - әділетсіздерді Білуші.
آية رقم 247
Әрі оларға пайғамбарлары: «Ақиқатында, Аллаһ сендерге патша етіп Талұтты жіберді», - деді. Олар: «Патшалыққа оған қарағанда өзіміз лайықтырақ бола тұрып, ол қалай бізге патша болмақ?! Әрі оған жеткілікті дүние де берілмеген», - деді. Пайғамбар: «Ақиқатында, оны сендерге Аллаһтың Өзі таңдады және оны білім мен тұлға бітімінде кеңдігін арттырды. Аллаһ Өз иелігіндегі билікті / әкімшілікті / қалағанына береді. Аллаһ - рақымы Кең, бәрін Білуші », - деді.
آية رقم 248
Әрі Оларға пайғамбары: «Оның патшалығының белгісі - сендерге сандықтың келуі. Онда Раббыңыздан сакина / тыныштық / және Мұса әулеті мен Һарун әулетіненқалғанмұралардың бір бөлігі бар. Оны періштелер көтеріп келеді. Егер иманды / мүмін / болсаңдар, осында сендер үшін дәлел бар», - деді.
Сонда Талұт әскерімен / соғысқа / шыққанда: «Ақиқатында, Аллаһ сендерді бір өзенмен сынайды. Кім одан ішсе, ол - менен емес. Ал, кім одан татпаса, ол - менен. Тек, бір қолымен көсіп алып ішкен, бұдан тыс»,- деді. Сонда олардың азынан басқасы одан ішті. Ол және онымен бірге иманға келгендер одан / өзеннен / өткен кезде, олар: «Бүгін бізде Жалұтқа және оның әскеріне / қарсы соғысар / күш, қауқарымыз жоқ», - деді. Аллаһқа кездесетіндеріне айқын сенушілер: «Неше бір / саны / аз топ Аллаһтың қалауымен, көп топты жеңген еді. Аллаһ - сабырлылармен бірге», - деді.
آية رقم 250
Олар Жалұт пен оның әскеріне көрінгенде: «Раббымыз! Бізге сабыр түсір әрі табандарымызды бекіт және кәпір адамдарға қарсы бізге көмек бер!» - деді.
آية رقم 251
Сонда / Талұттық әскері / Аллаһтың қалауымен оларды жеңді. ДәуітЖалұтты өлтірді. Әрі Аллаһ оған / Дәуітке / патшалық және даналық беріп, Өзі қалағанын үйретті. Егер де Аллаһ адамдарды бірін - бірі арқылы қайтармағанда, жер беті бүлінер еді. Ал, бірақ, Аллаһ - әлемдерге кеңшілік Иесі.
آية رقم 252
Ей, Мұхаммед! / Міне осылар - Аллаһтың белгілері. Оны саған ақиқатпен оқимыз. Әрі күмәнсіз, сен - елшілерденсің.
Бұлар - елшілер. Олардың кейбіріне, өзгелеріне қарағанда артықшылық бердік. Олардың ішінде Аллаһ сөйлескені бар әрі Ол кейбірінің дәрежелерін көтерді. Әрі Біз Мәриям ұлы Исаға анық белгілер беріп, оны қасиетті рухпен / Жәбірейілмен / қолдадық. Егер де Аллаһ қалағанда, олардан / елшілерден / кейінгілер өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін, бір-бірімен соғыспас еді. Бірақ, олар / адамдар / қайшылыққа түсті, олардың бірі иманға келіп, ал, кейбірі күпірлік еткендерден / қарсы келушілерден / болды. Егер де Аллаһ қалағанда, олар бір-бірімен соғыспас еді. Бірақ, Аллаһ Өзінің қалағанын жасайды.
آية رقم 254
Ей, иманға келгендер! Біз сендерге ризық етіп бергеніміздің бір бөлігін - сауда, достық және араша түсу болмайтын Күннің келуінен бұрын, / Аллаһ разылығы үшін / жұмсаңдар. Ал, кәпірлер - нағыз әділетсіздер.
Аллаһ - Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол - әл-Хайй / Тірі / , әл-Қаййум / бәріне тіршілік беріп Басқарушы /. Оны қалғу да, ұйқы да баспайды. Аспандардағы және жердегі нәрселер - Онікі. Оның алдында Өзі рұқсат бермей тұрып, кім шапағат ете / араша түсе / алады ? Ол / Аллаһ / олардың алдарындағыны / не болатынын / және арттарындағыны / не болғанын / біледі. Ал, олар Оның білімінен, Ол Өзі қалағанынан басқа ешнәрсені біле алмайды. Оның Күрсісі аспандар мен жерді қамтиды. Әрі Оған / Аса ұлы Аллаһқа / ол екеуін сақтау ауыр келмейді. Әрі Ол - аса Жоғары, өте Ұлы.
آية رقم 256
Дінде мәжбүрлеу жоқ. Ақиқатында, туралық - адасудан ажыратылып, айқындалды. Ал кім тағұтқа қарсы келіп, Аллаһқа сенсе, бұзылмайтын ең берік тұтқадан ұстаған болады. Аллаһ - барлық нәрсені Естуші , бәрін Білуші.
آية رقم 257
Аллаһ - иманға келгендердің Қамқоршысы, оларды қараңғылықтардан нұрға шығарады. Ал, күпірлік етушілердің / имансыздардың / достары - тағут, оларды нұрдан қараңғылықтарға шығарады. Міне, солар - Отқа / тозаққа / түсетіндер. Олар - онда мәңгі қалушылар.
آية رقم 258
Ей, Мұхаммед! / Өзіне Аллаһ патшалық берсе де, Ибраһиммен оның Раббысы туралы тартысқанды білмедің бе? Сонда Ибраһим: «Менің Раббым - Ол сондай, өмір беріп тірілтеді және өлтіреді», - деді. Ол / Намруд / :«Мен де тірілтемін және өлтіремін», - деді. Ибраһим: «Ақиқатында, Аллаһ күнді шығыстан келтіреді, ал сен оны батыстан шығар», - деді. Сонда күпірлік еткен / Аллаһтың игіліктерін теріске шығарған / ол абдырап қалды. Аллаһ әділетсіз адамдары тура жолмен жүргізбейді.
Немесе төбелері опырылып түсіп, қабырғалары үстіне құлаған бір кенттің қасынан өткен біреуді / білмедің бе / ? Ол: «Аллаһ бұны өлгеннен кейін қалай тірілтеді екен?» - деді. Сонда Аллаһ оны өлтіріп, жүз жылдан соң тірілтті. / Одан / :«Қанша уақыт болдың?» - деп сұрады. Ол: «Бір күн немесе күннің бір бөлігіндей болдым», - деді. / Оған / :«Олай емес, сен жүз жыл болдың. Тамағың мен сусыныңа қара! Түк бұзылмаған. Ал, енді есегіңе қара! Біз сені адамдарға белгі ету үшін / осылай еттік /. Ал, енді сүйектерге қара! Оны қайтып құрастырып, содан кейін оған ет қаптаймыз», - деді. Оған / жағдай / анық болған кезде, ол: «Аллаһтың барлық нәрсеге күші жетуші екенін жақсы білемін», - деді.
آية رقم 260
Әрі сол кезде Ибраһим: «Раббым! Маған өліктерді қалай тірілтетініңді көрсет», деді. Ол: «Сенбейсің бе?» - деді. Ибраһим: «Жоқ, әлбетте / сенемін / , бірақ жүрегімнің орнығуы үшін», - деді. Ол / Аллаһ / :«Құстардан төртеуін өзіңе алып / сойып, етін араластырып / жина да, содан кейін олардың бір-бір бөлігін әр таудың басына қой. Кейін оларды шақыр, сонда олар саған тез жетіп келеді. Әрі, Аллаһтың бәрінен Үстем, аса Дана екенін біл», - деді.
آية رقم 261
Мал-дүниелерін Аллаһ жолында жұмсағандардың мысалы - жеті бас масақ шығарған бір түйір дән тәрізді, әрбір масақта жүз дәннен бар. Әрі Аллаһ қалағанына еселеп арттырып береді. Аллаһ - берекесі Кең , бәрін Білуші.
آية رقم 262
Мал-дүниелерін Аллаһ жолында жұмсап, кейін бергендеріне міндетсіну және реніш араластырмайтындардың сыйы - олардың Раббысында. Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды.
آية رقم 263
жақсы сөз және кешірім - артынан реніш араласқан садақадан қайырлы. Аллаһ - аса Бай, өте Ұстамды.
آية رقم 264
Ей, иманға келгендер! Мал дүниесін адамдарға рия / көрсету / үшін жұмсап, Аллаһқа және Ақирет күніне сенбейтін біреу секілді садақаларыңды міндетсіну әрі ренжіту арқылы зая кетірмеңдер. Олай еткеннің мысалы - үстін топырақ жапқан жылтыр тасқа ұқсайды. Сонда қатты жаңбыр жауып, оны жылтыр күйінде қалдырды. Олар / осылай / істеген ісінен ешбір пайда ала алмайды. Әрі Аллаһ кәпір адамдарды тура жолмен жүргізбейді.
آية رقم 265
Ал, мал-дүниелерін Аллаһтың ризалығын іздеп және өз жандарын бекіту үшін жұмсағандар - көтеріңкі жердегі бір баққа ұқсайды. Оған мол жаңбыр жауып, жемісін екі есе берді. Ал, егер оған / мол жаңбыр! тимесе, сіркіреген жаңбыр да / жеткілікті /. Аллаһ - не істеп жатқандарыңды Көруші.
آية رقم 266
Сендерден біреуің, астынан өзендер ағып жатқан түрлі жемісі бар құрма, жүзім бағы болып әрі өзіне кәрілік жетіп, балалары әлсіз / кішкентай / кезінде ол бағына отты құйын тиіп, оны өртеп кетуін қалай ма?! Ойлануларың үшін Аллаһ сендерге аяттарды осылай түсіндіреді.
آية رقم 267
Ей, иманға келгендер! Тапқандарыңның және Біз сендерге жерден шығарып бергеніміздің жақсыларынан / садақа етіп / жұмсаңдар. Әрі көздеріңді жұмып тұрып болмаса, өздерің де алмайтын нашар нәрсеніжұмсауға талпынбаңдар. Әрі, Аллаһтың аса Бай , өте Мақтаулы екенін біліңдер.
آية رقم 268
Шайтан сендерге кедейлікті уәде етеді және жиіркенішті істерді бұйырады. Ал, Аллаһ сендерге Өзінің кешірімі мен кеңшілігін уәде етеді. Ақиқатында, Аллаһ - мейірімі Кең, бәрін Білуші.
آية رقم 269
Ол / Аллаһ / қалағанына даналық береді. Ал, кімге даналық берілсе, ақиқатында, оған көп игілік берілді. Алайда, ақыл иелері ғана еске алады.
آية رقم 270
Қандай да бір садақа берсеңдер немесе бір нәзір (өзіне міндетті емес нәрсені міндетіне алу) атасаңдар, анығында, Аллаһ оны біледі. Ал, әділетсіздерге көмек беруші болмайды.
آية رقم 271
Егер садақаларды ашық түрде берсендер жақсы. Ал, егер оны / бергендеріңді / жасырсаңдар әрі оны кедейлерге берсеңдер, ол өздерің үшін қайырлы. Ол сендердің жаман істеріңді өшіреді. Аллаһ не істеп жатқандарыңнан толық Хабардар.
آية رقم 272
Ей, Мұхаммед! / Оларды тура жолға түсіру - сенің міндетің емес. Алайда, Аллаһ қалағанын тура жолға түсіреді. жақсылықтан не берсеңдер де, ол - өздерің үшін. Сендер тек Аллаһтың дидарын қалап қана бересіңдер. жақсылықтан бергендерің толық қайтарылады әрі сендерге әділетсіздік етілмейді.
آية رقم 273
Қайыр-садақаны / Аллаһ разы болатын іс-амалдармен айналысып, мұқтаждық көрген кедейлерге / беріңдер /. Олардың өзге жерге баруға шамалары келмейді, білмейтіндер оларды қанағатшылықтары себепті, бай деп есептейді. Оларды белгі-сипаттарынан танисың: олар адамдардан тілемсектеніп сұрамайды. жақсылықтан не жұмсасаңдар да сөзсіз, Аллаһ - оны Білуші.
آية رقم 274
Мал-дүниелерін түнде де, күндіз де құпия және жария жұмсайтындардың сыйы - олардың Раббысында. Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды.
آية رقم 275
Өсім жейтіндер / қияметте / шайтан тиіп құтырған біреу секілді тұрады. Бұл олардың: «Сауда да өсім сияқты», - деп айтқандықтары себебінен. Аллаһ саудаға рұқсат етіп, өсімге тыйым салды. Кімге Раббысынан ескерту жетіп, ол / өсім алудан / тыйылса, оған бұрынғы істегендері / кешірім етіледі /. Ал, ісі - Аллаһқа тән. Ал кім / өсімге / қайтса, міне, солар - Отта / тозақта / болатындар. Олар - онда мәңгі қалушы.
آية رقم 276
Аллаһ өсімді жойып, садақаларды өсіреді / берекелі етеді /. Аллаһ әрбір қатты күпірлік етушіні / қарсылығы өте қатты / күнәға батушыны жақсы көрмейді.
آية رقم 277
Ақиқатында, иманға келген және ізгі амал жасағандардың, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле! толық орындағандардың және зекетті бергендердің сыйы - олардың Раббысында. Оларға қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды.
آية رقم 278
Ей, иманға келгендер! Егер иманды / мүмін / болсаңдар, Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар және өсімнің қалған бөлігін тастаңдар.
آية رقم 279
Ал егер олай етпесеңдер, Аллаһ және Оның Елшісінен болатын соғысты біліңдер. Ал, егер / келісілген өсімнен / бас тартып, Аллаһқа бойсұнуға қайтсаңдар / тәубеге келсеңдер / , онда бастапқы мал-дүниелерің өздеріңе. / Сонда / әділетсіздік жасамайсыңдар әрі өздеріңе де әділетсіздік жасалмайды.
آية رقم 280
Кімде-кім / қарыздар кісі / қиын жағдайда болса, онда жеңілдегенше күту / керек /. Ал, садақа етулерің, егер білсеңдер, өздерің үшін қайырлы.
آية رقم 281
Аллаһқа қайтарылатын бір Күннен қорқыңдар. Сонда әрбір жанға істегені толық беріледі етілмейді.
Ей, иманға келгендер! Егер бір-біріңе белгілі бір мерзімге дейін қарыз берсеңдер, оны жазыңдар. Бір хатшы сендердің араларыңда әділдікпен жазсын. Әрі хатшы Аллаһтың оған үйреткені бойынша жазудан бас тартпасын. Ол жазсын, ал міндетті болған / борышты / жаздырсын және Раббысы Аллаһтан қорқып, сақтанып, одан ешнәрсені кемітпесін. Егер міндетті болған / борышты / ақылы кем, не әлжуаз немесе жаздыра алмайтын болса, онда оның өкіл-қамқоршысы әділдікпен жаздырсын. Ер кісілеріңнен екі куәні куәлікке тартыңдар. Егер екі ер кісі болмаса, онда өздерің разы болған куәлардан бір ер кісі мен екі әйелді / куә етіңдер /. Сонда / екі әйелдің / бірі жаңылса, екіншісі есіне салады. Әрі куәгерлер шақырылған сәтте / куә болудан / бас тартпасын. және / қарыз / кіші не үлкен болса да оны мерзімімен қоса жазудан ерінбеңдер. Осылай ету - Аллаһтың алдында әділдірек және куәлік тұрғысында туралыққа және күмәнданбауларыңа көбірек жақын. Тек өзара қолма-қол жасайтын нақты сауда болса, оны жазбасаңдар да сендерге күнә жоқ. Әрі өзара сауда келісімін жасасқанда куәлар шақырыңдар. Хатшыға да, куәгерге де зиян тигізілмесін. Ал, егер солай істесеңдер, сөзсіз, ол - сендердің бойсұнбауларың. Әрі Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар, ал Аллаһ сендерге үйретеді және Аллаһ барлық нәрсені Білуші.
آية رقم 283
Ал, егер сапарда болып, хатшы таба алмасаңдар, онда / қарыздардан / кепілдікке бір нәрсе алынады. Егер бір-біріңе сеніп берсеңдер, аманат тапсырылған / адам / аманатын орындасын және Раббысы - Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтансын. Әрі куәлікті жасырмаңдар. Кім оны жасырса, онда оның жүрегі күнәһар. Ал, Аллаһ - не істеп жатқандарыңды Білуші.
آية رقم 284
Аспандардағы және жердегі нәрселер - Аллаһтікі. Іштеріңдегіні жарияласаңдар да немесе жасырсаңдар да Аллаһ сендерден оның есебін алады. Сонда қалағанын кешіріп, қалағанын азаптайды. Аллаһтың әрбір нәрсеге Күші жетуші.
آية رقم 285
Елші өзіне Раббысынан түсірілгенге сенді және имандылар да / мүміндер де /. Барлығы Аллаһқа әрі Оның періштелеріне, Оның кітаптарына және Оның елшілеріне сенді: «Біз елшілердің арасын бөлмейміз»,- деді. Әрі олар: «Естідік әрі бойсұндық! Раббымыз, Сенен кешірім тілейміз әрі қайтуымыз - Саған», - деді.
Аллаһ ешбір жанға, оның күші жетпейтінді міндеттемейді. Істеп тапқаны / жақсылығы / оған, ал өзі үшін істеп тапқаны / жамандығы / - оның өзіне қарсы болады. «Раббымыз! Егер ұмытсақ не қателессек, бізді жазаға тарта көрме. Раббымыз! Бізге бізден алдыңғыларға / ілгергі үмметтерге / артқаныңдай ауырлық артпа. Раббымыз! Бізге әліміз жетпейтінді жүктеме! Әрі бізді жазалама және бізді кешір және бізге рақым ет. Сен - біздің Иемізсің! Бізге кәпір адамдарға қарсы көмек бер!»
تقدم القراءة