ترجمة معاني سورة الماعون
 باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
            .
            
    
                                    من تأليف: 
                                            جمعية خليفة الطاي الخيرية
                                                            .
                                                
            ﰡ
Сен дінді / қайта тірілуді / өтірік деп санаушыны білдің бе?
                                                                        Міне, сол - жетімді зекіп қайтарады,
                                                                        және кедейді тамақтандыруға түрткі болмайды.
                                                                        
                                                                                                                
                                    ﭶﭷ
                                    ﰃ
                                                                        
                    Намаз оқушыларға қандай қасірет, -
                                                                        солар, намаздарына немқұрайлылар,
                                                                        солар, / амалдарын / өзгелерге көрсету / рия / үшін істейтіндер,
                                                                        
                                                                                                                
                                    ﮃﮄ
                                    ﰆ
                                                                        
                    және олар тұтыну заттарын да бермейді.