ترجمة معاني سورة فاطر باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

جمعية خليفة الطاي الخيرية

الترجمة الإنجليزية - صحيح انترناشونال
المنتدى الإسلامي
الترجمة الإنجليزية
الترجمة الفرنسية - المنتدى الإسلامي
نبيل رضوان
الترجمة الإسبانية
محمد عيسى غارسيا
الترجمة الإسبانية - المنتدى الإسلامي
الترجمة الإسبانية (أمريكا اللاتينية) - المنتدى الإسلامي
المنتدى الإسلامي
الترجمة البرتغالية
حلمي نصر
الترجمة الألمانية - بوبنهايم
عبد الله الصامت
الترجمة الألمانية - أبو رضا
أبو رضا محمد بن أحمد بن رسول
الترجمة الإيطالية
عثمان الشريف
الترجمة التركية - مركز رواد الترجمة
فريق مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة التركية - شعبان بريتش
شعبان بريتش
الترجمة التركية - مجمع الملك فهد
مجموعة من العلماء
الترجمة الإندونيسية - شركة سابق
شركة سابق
الترجمة الإندونيسية - المجمع
وزارة الشؤون الإسلامية الأندونيسية
الترجمة الإندونيسية - وزارة الشؤون الإسلامية
وزارة الشؤون الإسلامية الأندونيسية
الترجمة الفلبينية (تجالوج)
مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة الفارسية - دار الإسلام
فريق عمل اللغة الفارسية بموقع دار الإسلام
الترجمة الفارسية - حسين تاجي
حسين تاجي كله داري
الترجمة الأردية
محمد إبراهيم جوناكري
الترجمة البنغالية
أبو بكر محمد زكريا
الترجمة الكردية
حمد صالح باموكي
الترجمة البشتوية
زكريا عبد السلام
الترجمة البوسنية - كوركت
بسيم كوركورت
الترجمة البوسنية - ميهانوفيتش
محمد مهانوفيتش
الترجمة الألبانية
حسن ناهي
الترجمة الأوكرانية
ميخائيلو يعقوبوفيتش
الترجمة الصينية
محمد مكين الصيني
الترجمة الأويغورية
محمد صالح
الترجمة اليابانية
روايتشي ميتا
الترجمة الكورية
حامد تشوي
الترجمة الفيتنامية
حسن عبد الكريم
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
خليفة الطاي
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
جمعية خليفة الطاي الخيرية
الترجمة الأوزبكية - علاء الدين منصور
علاء الدين منصور
الترجمة الأوزبكية - محمد صادق
محمد صادق محمد
الترجمة الأذرية
علي خان موساييف
الترجمة الطاجيكية - عارفي
فريق متخصص مكلف من مركز رواد الترجمة بالشراكة مع موقع دار الإسلام
الترجمة الطاجيكية
خوجه ميروف خوجه مير
الترجمة الهندية
مولانا عزيز الحق العمري
الترجمة المليبارية
عبد الحميد حيدر المدني
الترجمة الغوجراتية
رابيلا العُمري
الترجمة الماراتية
محمد شفيع أنصاري
الترجمة التلجوية
مولانا عبد الرحيم بن محمد
الترجمة التاميلية
عبد الحميد الباقوي
الترجمة السنهالية
فريق مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة الأسامية
رفيق الإسلام حبيب الرحمن
الترجمة الخميرية
جمعية تطوير المجتمع الاسلامي الكمبودي
الترجمة النيبالية
جمعية أهل الحديث المركزية
الترجمة التايلاندية
مجموعة من جمعية خريجي الجامعات والمعاهد بتايلاند
الترجمة الصومالية
محمد أحمد عبدي
الترجمة الهوساوية
الترجمة الأمهرية
محمد صادق
الترجمة اليورباوية
أبو رحيمة ميكائيل أيكوييني
الترجمة الأورومية
الترجمة التركية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفرنسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الإندونيسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفيتنامية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة البوسنية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الإيطالية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفلبينية (تجالوج) للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفارسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
Dr. Ghali - English translation
Muhsin Khan - English translation
Pickthall - English translation
Yusuf Ali - English translation
Azerbaijani - Azerbaijani translation
Sadiq and Sani - Amharic translation
Farsi - Persian translation
Finnish - Finnish translation
Muhammad Hamidullah - French translation
Korean - Korean translation
Maranao - Maranao translation
Abdul Hameed and Kunhi Mohammed - Malayalam translation
Salomo Keyzer - Flemish (Dutch) translation
Norwegian - Norwegian translation
Samir El - Portuguese translation
Polish - Polish translation
Romanian - Romanian translation
Elmir Kuliev - Russian translation
Albanian - Albanian translation
Tatar - Tatar translation
Japanese - Japanese translation
محمد جوناگڑھی - Urdu translation
Ma Jian - Chinese translation
Turkish - Turkish translation
King Fahad Quran Complex - Thai translation
Ali Muhsin Al - Swahili translation
Abdullah Muhammad Basmeih - Malay translation
Hamza Roberto Piccardo - Italian translation
Indonesian - Indonesian translation
Bubenheim & Elyas - German / Deutsch translation
Bosnian - Bosnian translation
Hasan Efendi Nahi - Albanian translation
Sherif Ahmeti - Albanian translation
Sahih International - English translation
Czech - Czech translation
Abul Ala Maududi(With tafsir) - English translation
Tajik - Tajik translation
Alikhan Musayev - Azerbaijani translation
Muhammad Saleh - Uighur; Uyghur translation
Abdul Haleem - English translation
Mufti Taqi Usmani - English translation
Muhammad Karakunnu and Vanidas Elayavoor - Malayalam translation
Sheikh Isa Garcia - Spanish; Castilian translation
Divehi - Divehi; Dhivehi; Maldivian translation
Abubakar Mahmoud Gumi - Hausa translation
Mahmud Muhammad Abduh - Somali translation
Knut Bernström - Swedish translation
Jan Trust Foundation - Tamil translation
Mykhaylo Yakubovych - Ukrainian translation
Uzbek - Uzbek translation
Diyanet Isleri - Turkish translation
Ministry of Awqaf, Egypt - Russian translation
Abu Adel - Russian translation
Burhan Muhammad - Kurdish translation
Dr. Mustafa Khattab, The Clear Quran - English translation
Dr. Mustafa Khattab - English translation
الترجمة الإنجليزية - مركز رواد الترجمة
الترجمة الفرنسية - محمد حميد الله
الترجمة البوسنية - مركز رواد الترجمة
الترجمة الصربية - مركز رواد الترجمة - جار العمل عليها
الترجمة الألبانية - مركز رواد الترجمة - جار العمل عليها
الترجمة اليابانية - سعيد ساتو
الترجمة الفيتنامية - مركز رواد الترجمة
الترجمة التاميلية - عمر شريف
الترجمة السواحلية - عبد الله محمد وناصر خميس
الترجمة اللوغندية - المؤسسة الإفريقية للتنمية
الترجمة الإنكو بامبارا - ديان محمد
الترجمة العبرية
الترجمة الإنجليزية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة الروسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة البنغالية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة الصينية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة اليابانية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
ترجمة معاني القرآن الكريم - عادل صلاحي
عادل صلاحي

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

جمعية خليفة الطاي الخيرية

Барлық мақтау аспандарды және жерді жоқтан бар етіп жаратқан, екі, үш және төрт қанаттары бар періштелерді елшілер еткен Аллаһқа. Ол жаратқандарында Өзі қалағанын арттырады. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені Жасай алушы.
Аллаһтың адамдарға Өз игілігінен ашқанын / нәсіп еткенін / тосып қалушы жоқ. Ал Оның тосқанын Одан кейін жіберуші жоқ. Ол бәрінен Үстем, аса Дана.
Ей, адамдар! Аллаһтың сендерге берген игілігін естеріңе алыңдар. Аллаһтан басқа аспан мен жерден сендерге ризық беретін бір жаратушы бар ма? Одан басқа ешбір құдай жоқ. Сонда сендер қайда бұрылып барасыңдар?!
Ей, Мұхаммед! / Егер олар сені өтірікші санаса, негізінде сенен бұрынғы елшілер де өтірікші саналған. Барлық істер Аллаһқа қайтарылады.
Ей, адамдар! Әлбетте Аллаһтың уәдесі хақ. Ендеше сендерді мына дүние тіршілігі азғырып, алдап қоймасын. Әрі азғырып, алдаушы / шайтан / да сендерді Аллаһ жайында алдап қоймасын.
Ақиқатында, шайтан сендерге жау, сондықтан оны жау тұтыңдар. Ол өз тобын / оған ерушілерді / Саъирға кіргізілетіндер қатарында болуға шақырады.
Сондай күпірлік етушілерге / иманды теріске шығарушыларға / қатты азап бар. Ал, иманға келген және ізгі амал істегендерге кешірім әрі үлкен сый бар.
Жаман істері әдемі етіп көрсетіліп, оны жақсы деп білген біреу ше? Анығында Аллаһ қалағанын адастырады әрі қалағанын тура жолмен жүргізеді. Ендеше олар үшін жаныңды қинап күйінбе. Ақиқатында Аллаһ олардың не істеп жатқандарын Білуші.
Әрі Аллаһ сондай, желдерді жіберіп, ол / желдер / бұлттарды қозғалысқа салады. Сөйтіп Біз оны тіршіліксіз өлкеге айдап барып, онымен ол жерді өлгеннен / тіршіліксіз қалғаннан / кейін қайта тірілтеміз. Кайта тірілту де осылай болады.
Кім үстемдікті қаласа, үстемдік толығымен Аллаһта. жақсы сөз Оған қарай шығады, ал ізгі амал оны / аса ұлы Аллаһқақарай / көтереді. Айла-шарғы арқылы жамандықтар жасайтындарға қатты азап бар. Әрі олардың айла-шарғылары босқа кетеді.
Аллаһ сендерді / Адам атаны / топырақтан, кейін / оның ұрпағын / ұрық суынан жаратты. Содан кейін сендерді. / әйел, еркек етіп / 2606 жұп жасады. Әрбір ұрғашының жүкті болуы және босануы Оның білімі бойынша / белгілеген заңдылығы, тағдыр етуімен / ғана болады. Кітапта жазылғаннан артық әрбір өмір сүрушінің өмірі ұзартылмайды да қысқартылмайды. Ақиқатында, бұл Аллаһқа жеңіл.
Екі теңіз бірдей емес. Мынау - тұщы, дәмді, ішуге жағымды. Ал анау - тұзды, ащы. Сендер әрқайсысынан жас ет жейсіңдер және өздерің тағып алатын сәндік әшекейлер шығарасыңдар. Оның кеңшілігін іздеулерің әрі шүкір етулерің / Оның берген игіліктеріне алғыс білдірулерің / үшін онда / теңізде / жүзіп бара жатқан кемелерді көресің.
Ол түнді күндізге кіргізеді, ал күндізді түнге кіргізеді және күн мен айды / құлдарының пайдасы үшін / бағынышты етті. / Олардың / әрқайсысы белгіленген мерзімге дейін қозғалады. Міне, / осының бәрін жасаған / сендердің Раббың - Аллаһ. Билік - Онікі. Ал, сендердің Одан өзге қатар жалбарынып шақырғандарың, құрмадәнініңжұқа қабығына да иелік ете алмайды.
Егер оларды / қосқан серіктеріңді / шақырсаңдар / сұрап, тілесеңдер / , шақырғандарыңды / тілектеріңді / естімейді. Ал, естіген жағдайда да сендерге жауап бере алмайтын еді және Қиямет күні олар сендердің серік етіп қосқандарыңнан бас тартады. / Ей, Мұхаммед! / Саған ешкім де бәрінен Хабардар секілді хабарлай алмайды.
Ей, адамдар! Сендер Аллаһқа мұқтажсыңдар. Ал, Аллаһ мұқтажсыз, бәрінен Бай, аса Мақтаулы.
آية رقم 16
Егер Ол қаласа, сендерді кетіріп, жаңа жаратылысты әкеледі.
Бір де біреу / қиямет күні / басқа біреудің жүгін / күнәсін / көтермейді. Егер көтергені / күнәсі / ауыр болған біреу, өз жүгін көтерісуге шақырса, жақыны болса да ешкім оның жүгінен бірер нәрсені де көтеріспейді. / Ей, Мұхаммед! / Негізінде, сен Раббысын көрмей тұрып Одан қорқатындарды және намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындағандарды ғана ескерте аласың. Ал, кім тазарса, өзі үшін тазарады. Әрі қайту - Аллаһқа.
آية رقم 20
әрі қараңғылықтар мен жарық,
آية رقم 21
және көлеңке мен күннің ыстығы да.
Сондай-ақ, өлілер мен тірілер де тең емес. Күмәнсіз, Аллаһ қалағанына естіртеді. / Ей, Мұхаммед! / Ал, сен қабірдегілерге естірте алмайсың.
Біз сені, қуанышты хабар жеткізуші әрі ескертуші етіп ақиқатпен жібердік. Өздеріне ескертуші / пайғамбар / келмеген бір де бір ел болмаған.
Егер олар сені өтірікші санаса, олардан бұрынғылар да / елшілерді / өтірікші санаған. Елшілері оларға анық дәлелдер, жазбалар және жарық беруші кітаппен келген еді.
آية رقم 26
Содан кейін Мен күпірлік еткендерді / елшілерді мойындамағандарды / ұстадым. Менің жазалауым қалай екен?!
Аллаһтың аспаннан су түсіргенін көрмедің бе? Біз онымен түрлі-түсті жемістер шығардық. Әрі тауларда да түстері әртүрлі жолақтар бар - ақ, қызыл және өте қарасы.
Адамдардың және жануарлар мен шаруа малдарының да осы секілді түрлі реңдегілері бар. Шын мәнінде, Аллаһтан Оның құлдарының ішінен, білімі барлары қорқады. Ақиқатында, Аллаһ бәрінен Үстем, өте Кешірімді.
Ақиқатында, Аллаһтың кітабын оқитын, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайтын және Біз ризық етіп бергеннен жасырын әрі ашық түрде жұмсайтындар ұтылмайтын / зиянға ұшырамайтын / сауданы үміт етеді.
Ол / Аллаһ / оларға сыйларын толық береді әрі Өз кеңшілігінен арттырып береді. Ақиқатында, Ол өте Кешірімді, қайтарым сыйын Беруші.
Ей, Мұхаммед! / Біз саған уахи еткен Кітап / Құран / - ақиқат, өзінен алдыңғыларды / кітаптарды / растаушы. Шын мәнінде, Аллаһ құлдарынан толық Хабардар, бәрін көріп тұрушы.
Кейін Біз Кітапты құлдарымыздан таңдап алғандарымызға / Мұхаммед үмметіне / мирас еттік. Олардың ішінде өздеріне-өздері әділетсіздік етушілер бар, олардың ішінде орташалары бар және олардың ішінде Аллаһтың қалауы бойынша жақсылықтарда озық болушылар бар. Міне, осы - үлкен кеңшілік.
Олар ’Адн жәннаттарына кіреді, онда алтын білезіктер және інжулермен безенеді. Әрі ондағы киімдері жібектен болады.
Әрі олар: «Бізден қайғыны кетірген Аллаһқа мақтау болсын! Ақиқатында Раббымыз аса Кешірімді, қайтарым сыйын беруші.
Ол бізді Өз кеңшілігімен / мәңгілік / тұрақты орынға жайластырды, ол жерде бізге шаршау әрі ол жерде бізге қажу да болмайды», - дейді.
Ал, сондай күпірлік етушілер / Раббысымен кездесуге сенбегендер / ° үшін Жаһаннам оты бар. Оларға / онда / өлім шешімі шығарылмайды да әрі олардан оның азабы жеңілдетілмейді. Біз әрбір күпірлік етушінің / имансыздықтақасарысқандардың / қайтарым жазасын осылай береміз.
Әрі олар онда: «Раббымыз! Бізді шығар, бұрынғы істегендерімізден басқа, ізгі амал істейік»,-деп зар қағады. / Сонда Оларға / :«Біз сендерге, еске алушы адам еске алатындай ұзақ өмір бермедік пе? Әрі сендерге ескертуші де келген еді. Енді / азапты / татыңдар, әділетсіздерге ешбір көмек беруші жоқ», - делінеді.
Ақиқатында, Аллаһ аспандардағы және жердегі ғайыпты / жасырын нәрселерді / Білуші. Ақиқатында, Ол кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші.
Ол сондай, сендерді жерде халифалар / орнын басушылар / етті. Кім күпірлік етсе / иманға келмесе / , оның күпірлігі / қарсылығы / өзінің зиянына. Кәпірлерге олардың күпірліктері / имансыздықтары / Раббысының алдында жек көрушіліктен басқаны арттырмайды. Әрі кәпірлерге күпірліктері тек зиянды ғана арттырады.
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Аллаһтан өзге жалбарынатын, өздерің серік етіп қосқандарың жайлы ойлайсыңдар ма? Маған олардың жерден нені жаратқанын көрсетіңдерші?» - деп. Әлде олардың аспандарда / оларды жаратуда / үлесі бар ма? Әлде Біз оларға бір Кітап беріп, олардың одан анық дәлелі бар ма? Жоқ! Негізінде, әділетсіздер бір-біріне жалғанды ғана уәде етеді.
Ақиқатында, Аллаһ аспандарды және жерді ауытқып кетуінен ұстап тұра­ды. Егер ол екеуі ауытқып кетсе, оларды / Аллаһтан / кейін ешкім ұстап тұра алмайды. Ақиқатында, Ол аса Ұстамды, өте Кешірімді.
Әрі олар, егер өздеріне бір ескертуші келсе, онда / пайғамбар жіберілген / барлық үмметтерге қарағанда тура жолда болатындарына, анттарының ең ұлысымен - Аллаһпен ант ішкен еді. Ал, өздеріне ескертуші келген кезде, бұл олардың жиренулерін ғана арттырды,
жер бетінде тәкәппарланып, өздерін жоғары санауы және айла-шарғы арқылы жамандық ойластыруын. Алайда, айла-шарғы арқылы ойластырылған жамандықтар тек өз иелерін орап алады. Олар сонда бұрынғыларға болғаннан басқа нәрсені күте ме? Аллаһтың жолында / үкімінде / өзгеріс таппайсың. Әрі Аллаһтың жолында / үкімінде / ауытқу таппайсың.
Олар жер бетінде сапар шекпеді ме, сонда өздерінен алдын өткендердің соңы немен біткенін көрмеді ме? Олар бұларға қарағанда күш-қуат жағынан мықты еді. Аспандардағы және жердегі ешбір нәрсе Аллаһты әлсірете алмайды. Ақиқатында, Ол бәрін Білуші, барлық нәрсені Жасай алушы.
Егер де Аллаһ адамдарды істегендері / күнәлары / үшін жазалайтын болса, онда оның / жердің / бетінде ешбір жаны барды қалдырмас еді. Бірақ, Ол оларға белгіленген мерзімге дейін мұрсат береді. Ал, қашан олардың мерзімі келгенде / есепке тартылады /.Ақиқатында, Аллаһ құлдарын Көруші.
تقدم القراءة