ترجمة معاني سورة محمد باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

جمعية خليفة الطاي الخيرية

الترجمة الإنجليزية - صحيح انترناشونال
المنتدى الإسلامي
الترجمة الإنجليزية
الترجمة الفرنسية - المنتدى الإسلامي
نبيل رضوان
الترجمة الإسبانية
محمد عيسى غارسيا
الترجمة الإسبانية - المنتدى الإسلامي
الترجمة الإسبانية (أمريكا اللاتينية) - المنتدى الإسلامي
المنتدى الإسلامي
الترجمة البرتغالية
حلمي نصر
الترجمة الألمانية - بوبنهايم
عبد الله الصامت
الترجمة الألمانية - أبو رضا
أبو رضا محمد بن أحمد بن رسول
الترجمة الإيطالية
عثمان الشريف
الترجمة التركية - مركز رواد الترجمة
فريق مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة التركية - شعبان بريتش
شعبان بريتش
الترجمة التركية - مجمع الملك فهد
مجموعة من العلماء
الترجمة الإندونيسية - شركة سابق
شركة سابق
الترجمة الإندونيسية - المجمع
وزارة الشؤون الإسلامية الأندونيسية
الترجمة الإندونيسية - وزارة الشؤون الإسلامية
وزارة الشؤون الإسلامية الأندونيسية
الترجمة الفلبينية (تجالوج)
مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة الفارسية - دار الإسلام
فريق عمل اللغة الفارسية بموقع دار الإسلام
الترجمة الفارسية - حسين تاجي
حسين تاجي كله داري
الترجمة الأردية
محمد إبراهيم جوناكري
الترجمة البنغالية
أبو بكر محمد زكريا
الترجمة الكردية
حمد صالح باموكي
الترجمة البشتوية
زكريا عبد السلام
الترجمة البوسنية - كوركت
بسيم كوركورت
الترجمة البوسنية - ميهانوفيتش
محمد مهانوفيتش
الترجمة الألبانية
حسن ناهي
الترجمة الأوكرانية
ميخائيلو يعقوبوفيتش
الترجمة الصينية
محمد مكين الصيني
الترجمة الأويغورية
محمد صالح
الترجمة اليابانية
روايتشي ميتا
الترجمة الكورية
حامد تشوي
الترجمة الفيتنامية
حسن عبد الكريم
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
خليفة الطاي
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
جمعية خليفة الطاي الخيرية
الترجمة الأوزبكية - علاء الدين منصور
علاء الدين منصور
الترجمة الأوزبكية - محمد صادق
محمد صادق محمد
الترجمة الأذرية
علي خان موساييف
الترجمة الطاجيكية - عارفي
فريق متخصص مكلف من مركز رواد الترجمة بالشراكة مع موقع دار الإسلام
الترجمة الطاجيكية
خوجه ميروف خوجه مير
الترجمة الهندية
مولانا عزيز الحق العمري
الترجمة المليبارية
عبد الحميد حيدر المدني
الترجمة الغوجراتية
رابيلا العُمري
الترجمة الماراتية
محمد شفيع أنصاري
الترجمة التلجوية
مولانا عبد الرحيم بن محمد
الترجمة التاميلية
عبد الحميد الباقوي
الترجمة السنهالية
فريق مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة الأسامية
رفيق الإسلام حبيب الرحمن
الترجمة الخميرية
جمعية تطوير المجتمع الاسلامي الكمبودي
الترجمة النيبالية
جمعية أهل الحديث المركزية
الترجمة التايلاندية
مجموعة من جمعية خريجي الجامعات والمعاهد بتايلاند
الترجمة الصومالية
محمد أحمد عبدي
الترجمة الهوساوية
الترجمة الأمهرية
محمد صادق
الترجمة اليورباوية
أبو رحيمة ميكائيل أيكوييني
الترجمة الأورومية
الترجمة التركية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفرنسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الإندونيسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفيتنامية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة البوسنية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الإيطالية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفلبينية (تجالوج) للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفارسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
Dr. Ghali - English translation
Muhsin Khan - English translation
Pickthall - English translation
Yusuf Ali - English translation
Azerbaijani - Azerbaijani translation
Sadiq and Sani - Amharic translation
Farsi - Persian translation
Finnish - Finnish translation
Muhammad Hamidullah - French translation
Korean - Korean translation
Maranao - Maranao translation
Abdul Hameed and Kunhi Mohammed - Malayalam translation
Salomo Keyzer - Flemish (Dutch) translation
Norwegian - Norwegian translation
Samir El - Portuguese translation
Polish - Polish translation
Romanian - Romanian translation
Elmir Kuliev - Russian translation
Albanian - Albanian translation
Tatar - Tatar translation
Japanese - Japanese translation
محمد جوناگڑھی - Urdu translation
Ma Jian - Chinese translation
Turkish - Turkish translation
King Fahad Quran Complex - Thai translation
Ali Muhsin Al - Swahili translation
Abdullah Muhammad Basmeih - Malay translation
Hamza Roberto Piccardo - Italian translation
Indonesian - Indonesian translation
Bubenheim & Elyas - German / Deutsch translation
Bosnian - Bosnian translation
Hasan Efendi Nahi - Albanian translation
Sherif Ahmeti - Albanian translation
Sahih International - English translation
Czech - Czech translation
Abul Ala Maududi(With tafsir) - English translation
Tajik - Tajik translation
Alikhan Musayev - Azerbaijani translation
Muhammad Saleh - Uighur; Uyghur translation
Abdul Haleem - English translation
Mufti Taqi Usmani - English translation
Muhammad Karakunnu and Vanidas Elayavoor - Malayalam translation
Sheikh Isa Garcia - Spanish; Castilian translation
Divehi - Divehi; Dhivehi; Maldivian translation
Abubakar Mahmoud Gumi - Hausa translation
Mahmud Muhammad Abduh - Somali translation
Knut Bernström - Swedish translation
Jan Trust Foundation - Tamil translation
Mykhaylo Yakubovych - Ukrainian translation
Uzbek - Uzbek translation
Diyanet Isleri - Turkish translation
Ministry of Awqaf, Egypt - Russian translation
Abu Adel - Russian translation
Burhan Muhammad - Kurdish translation
Dr. Mustafa Khattab, The Clear Quran - English translation
Dr. Mustafa Khattab - English translation
الترجمة الإنجليزية - مركز رواد الترجمة
الترجمة الفرنسية - محمد حميد الله
الترجمة البوسنية - مركز رواد الترجمة
الترجمة الصربية - مركز رواد الترجمة - جار العمل عليها
الترجمة الألبانية - مركز رواد الترجمة - جار العمل عليها
الترجمة اليابانية - سعيد ساتو
الترجمة التاميلية - عمر شريف
الترجمة السواحلية - عبد الله محمد وناصر خميس
الترجمة اللوغندية - المؤسسة الإفريقية للتنمية
الترجمة الإنكو بامبارا - ديان محمد
الترجمة العبرية
الترجمة الإنجليزية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة الروسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة البنغالية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة الصينية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة اليابانية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
ترجمة معاني القرآن الكريم - عادل صلاحي
عادل صلاحي

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي

جمعية خليفة الطاي الخيرية

آية رقم 1
Күпірлік еткендердің / иманға келмегендердің / және / адамдарды / Аллаһтың жолынан бұрғандардың амалдарын Ол зая кетірді.
Ал, иманға келген және ізгі амал жасаған әрі Мұхаммедке түсірілгенге - бұл / Құран / олардың Раббысынан келген ақиқат сенгендердің, Ол жамандықтарын өшірді әрі жағдайларын түзелтті.
Мұның себебі, сондай күпірлік етушілердің / имансыздардың / жалғанға ілескендігі, ал иманға келгендердің өздерінің Раббысынан келген ақиқатқа ергендіктерінен. Аллаһ адамдарға, олардың мысалдарын осылай келтіреді.
Ал, қашан / соғыс майданында / күпірлік етушілермен / сендермен соғысушы кәпірлермен / кездессеңдер мойындарынан ұрыңдар. Қашан оларды басып, әлсіреткеннен кейін, байлауды мықтап бекітіңдер / тұтқындарды қамаңдар / ,Содан кейін соғыс жүгін түсіргенге / аяқталғанға / дейін не рақым ету, не төлем алу керек. Міне осылай! Егер де Аллаһ қалағанда, олардан Өзі кек алып жазалайтын еді. Бірақ, Ол сендерді біріңді-бірің арқылы сынауы үшін / осылай етті /. Аллаһ жолында өлтірілгендердің амалдарын Ол ешқашан зая кетірмейді:
آية رقم 5
Ол / Аллаһ / оларды тура жолмен жүргізеді және олардың жағдайларын түзетіп оңалтады,
آية رقم 6
әрі оларды Өзі сипаттап таныстырған Жәннатқа кіргізеді.
Ей, иманға келгендер! Егер Аллаһқа көмек берсеңдер, Ол сендерге көмек береді және табандарыңды бекітеді.
آية رقم 8
Ал, сондай күпірлік еткендерге / Аллаһқа қарсы келгендерге / - оларға жойылу бар әрі Ол / Аллаһ / олардың барлық амалдарын зая кетіреді.
آية رقم 9
Бұл - олардың Аллаһтың түсіргенін жақтырмағандығы / жек көргендігі / себебінен. Сондықтан Ол / Аллаһ / олардың амалдарын бекер етті.
Олар жер бетінде сапар шекпеді ме, сөйтіп өздерінен бұрынғылардың соңы қалай болғанын көрмеді ме? Аллаһ оларды жойып жіберді. Кәпірлерге де сол секілді / болады /.
Мұның себебі, иманға келгендердің Иесі, Қамқоршысы - Аллаһ, ал кәпірлердің қамқоршысы жоқ болғандығынан.
Ақиқатында, Аллаһ иманға келген және ізгі амал істегендерді астынан өзендер ағып жататын / Жәннаттағы / бақтарғакіргізеді. Ал, сондай күпірлік етушілер / имансыздар / болса, олар / дүниеден / рахаттанып пайдаланады әрі малдардың қоректенгені секілді жеп-ішеді. Олардың тұрағы - От / тозақ /.
Ей, Мұхаммед! / Сені қуып, шығарып жіберген кенттен де күш-қуаты мол, мықты қаншама елді мекенді Біз жойып жібердік. Оларға көмектесуші ешкім болмады.
Раббысынан анық дәлел үстінде болған біреу, өзіне ісінің жамандығы әдемі етіп көрсетілген және көңілқұмарлығына ергендер секілді бола ма?
Тақуаларға / Раббысына бойсұнып, жазасынан қорқып, сақтанғандарға! уәде етілген жәннаттың сипаты: ол жерде суы бұзылмайтын өзендер, дәмі айнымаған сүттен өзендер, ішушілерге ұнамды сусыннан өзендер және таза / қоспадан тазаланған / балдан өзендер бар. Оларға ол жерде әртүрлі жемістер бар әрі Оларға өздерінің Раббысынан кешірім болады. / Осылар / Отта мәңгі қалатын, сондай қайнап тұрған су ішкізіліп, ол ішектерін тіліп жіберетін біреулермен бірдей бола ма?
Әрі олардың / мұнафиқтардың! арасында сені тыңдайтындар бар. Алайда сенің алдыңнан шыққан кезде, олар білім берілгендерге / сахабаларға / :«Ол әлгінде не айтты?» - дейді. Міне, солар - жүректерін Аллаһ мөрлеп тастағандар әрі олар - көңіл құмарлығына ергендер.
آية رقم 17
Ал, тура жолды ұстанғандарға Ол / Аллаһ / туралықтарын / тура жолды ұстануын / арттырады әрі оларға тақуалықты / Өзінің жазасынан қорқып, сақтануды / береді.
Олар өздеріне кенеттен келетін Сағаттан / Қайта тірілу күнінен / басқа нәрсенің келуін күтуде ме? Негізінде, оның / кейбір / белгілері келді. Ол / Сағат / өздеріне келген кезде, еске алу Оларға не береді.
Ей, Мұхаммед! / Біл, Аллаһтан басқа ешбір құдай жоқ. Өзіңнің күнәң үшін және иманды ерлер мен иманды әйелдер үшін кешірім тіле. Аллаһ сендердің қозғалып, әрекет ететін орындарыңды және тұрақтайтын орындарыңды біледі.
Иманға келгендер: «Бір сүре түсірілмей ме?» - дейді. Ал, қашан анық бір сүре түсіріліп және онда соғыс туралы айтылса, жүрегінде дерті барлардың саған өлімнен қорқып есі кеткен біреудің қарағанындай қарайтынын көресің. Негізінде, Оларға көбірек лайықтысы -
бойсұну және жақсы соз еді. Шешім қабылданған кезде олардың Аллаһқа адал болуы өздері үшін қайырлы болар еді.
Ал, егер сендер теріс бұрылсаңдар, онда жер бетін бұзушы және туыстық байланысты үзушілерден боласыңдар.
آية رقم 23
Міне, бұлар - Аллаһтың лағнет еткендері / мейірімінен алыстатқандары / , сөйтіп / Ол / оларды керең әрі көздерін де соқыр қылды.
آية رقم 24
Олар Құранға зер салып қарамай ма? Әлде олардың жүректері құлыптаулы ма?
Ақиқатында, өздеріне тура жол анықталғаннан кейін арттарына қайтқандарға шайтан / имансыздықты / көркем етіп көрсетті әрі / өтірік үмітке! иландырды.
Бұлай болуы, олардың Аллаһтың түсіргенін жаман көрушілерге: «Біз кейбір істе сендерге бағынамыз», - деп айтқандығы себебінен. Аллаһ олардың не жасырғандарын біледі.
آية رقم 27
Періштелер олардың жандарын алғанда, беттері мен арқаларынан ұрғанда қалай болмақ?
Мұның себебі олардың Аллаһтың қаһарын шақыратын нәрселерге еруі және Оның ризалығын / Ол ұнатқан істерді / жаман көрулерінен. Сондықтан Ол / Аллаһ / олардың амалдарын пайдасыз, бекер етті.
Сонда жүректерінде дерті барлар, Аллаһ олардың өшпенділігін ешқашан әшкерелемейді деп ойлады ма?
Ей, Мұхаммед! / Егер де қалағанымызда, Біз оларды саған көрсетіп, сен олар­ды белгілерінен / нышандарынан / танитын едің. Алайда сен оларды сөз әлпетінен / мағынасынан / танисың. Аллаһ сендердің істеріңді біледі.
آية رقم 31
Әрі Біз сендерді міндетті түрде, сынаққа ұшыратамыз - сендерден күресушілер және сабыр етушілер анықталғанға дейін әрі хабарларыңды да / сөздері мен амалдарыңды / сынаймыз.
Шын мәнінде, сондай күпірлік етушілер / иманға келмегендер / және Аллаһтың жолынан қайтарғандар әрі өздеріне тура жол анықталғаннан кейін Елшіге қарсы шыққандар - Аллаһқа ешбір нәрседе мүлдем зиян келтіре алмайды. Ал, Ол / Аллаһ / олардың амалдарын бекер етеді.
Ей, иманға келгендер! Аллаһқа бойсұныңдар әрі Елшіге бағыныңдар және амалдарыңды зая кетірмеңдер.
Анығында, сондай күпірлік еткен / иманға келуден бас тартқан / және өзгелерді Аллаһтың жолынан қайтарған, кейін кәпір күйлерінде өлгендерді Аллаһ ешқашан кешірмейді.
Босаңдық танытпаңдар және өздерің жоғары бола тұрып келісімге шақырмаңдар. Аллаһ сендермен бірге әрі Ол амалдарыңды ешқашан кемітпейді.
Шын мәнінде, бұл дүние тіршілігі - ойын және ермек қана. Егер иманға келсеңдер және тақуалық етсеңдер / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтансаңдар / , Ол сендерге сыйларыңды береді әрі Ол сендерден мал-дүниелеріңді сұрамайды.
آية رقم 37
Егер Ол сендерден оны сұрап, / тұтас берулеріңді / қатаң талап ететін болса, онда сендер сараңдық етіп әрі Ол сендердің іштеріңдегі қарсылықты / ашу-ызаны / әшкере етер еді.
Міне, сендер Аллаһтың жолында мал-дүние жұмсауға шақырылудасыңдар. Сендердің араларыңда сараңдық ететіндер бар. Ал, кім сараңдық етсе, өз-өзіне / өз зиянына / ғана сараңдық етеді. Аллаһ әл-Ғани / Бай, ешнәрсеге мұқтаж емес / , ал сендер - мұқтажсыңдар. Егер сендер теріс бұрылсаңдар, Ол сендерді басқа адамдармен алмастырады, содан кейін олар сендер секілді болмайды.
تقدم القراءة