ترجمة سورة الأعلى

الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
ترجمة معاني سورة الأعلى باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي .
من تأليف: جمعية خليفة الطاي الخيرية .

Ей, Мұхаммед! / Аса жоғары Раббыңның есімін пәк деп дәріпте.
Ол жаратып, / орын-орнымен / теңестірген
және алдын ала белгілеп, бағыттаған,
әрі жайылымдарды шығарған,
кейін оны қурап, қарайған қоқымға айналдырған.
Ей, Мұхаммед! / Біз саған / Құранды / оқытамыз, сен есіңнен шығармайсың,
тек Аллаһтың қалағанын ғана / ұмытасың /. Шын мәнінде, Ол жарияны да және жасырылғанды да біледі.
Әрі Біз саған ең жеңілін оңайластырамыз.
Естеріне салу пайда беретін болса, естеріне сал.
Аллаһтың жазасынан / қорыққан есіне алады.
Ал, одан ең бақытсыз ғана өзін аулақ ұстайды -
үлкен отта жанатын.
Кейін ол онда өлмейді де, өмір де сүрмейді.
Сөзсіз, мұратына жетті - өзін тазартқан,
әрі Раббысының есімін еске алған және намаз оқыған.
Алайда сендер осы өмірді артық көресіңдер.
Ал, соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / қайырлы әрі тұрақты.
Анығында, бұл әуелгі жазбаларда бар,
Ибраһим және Мұсаның жазбаларында / оларға түсірілген сухуфтарда /.
Icon