ترجمة معاني سورة الكهف باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
جمعية خليفة الطاي الخيرية
الترجمة الإنجليزية - صحيح انترناشونال
المنتدى الإسلامي
الترجمة الإنجليزية
الترجمة الفرنسية - المنتدى الإسلامي
نبيل رضوان
الترجمة الإسبانية
محمد عيسى غارسيا
الترجمة الإسبانية - المنتدى الإسلامي
الترجمة الإسبانية (أمريكا اللاتينية) - المنتدى الإسلامي
المنتدى الإسلامي
الترجمة البرتغالية
حلمي نصر
الترجمة الألمانية - بوبنهايم
عبد الله الصامت
الترجمة الألمانية - أبو رضا
أبو رضا محمد بن أحمد بن رسول
الترجمة الإيطالية
عثمان الشريف
الترجمة التركية - مركز رواد الترجمة
فريق مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة التركية - شعبان بريتش
شعبان بريتش
الترجمة التركية - مجمع الملك فهد
مجموعة من العلماء
الترجمة الإندونيسية - شركة سابق
شركة سابق
الترجمة الإندونيسية - المجمع
وزارة الشؤون الإسلامية الأندونيسية
الترجمة الإندونيسية - وزارة الشؤون الإسلامية
وزارة الشؤون الإسلامية الأندونيسية
الترجمة الفلبينية (تجالوج)
مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة الفارسية - دار الإسلام
فريق عمل اللغة الفارسية بموقع دار الإسلام
الترجمة الفارسية - حسين تاجي
حسين تاجي كله داري
الترجمة الأردية
محمد إبراهيم جوناكري
الترجمة البنغالية
أبو بكر محمد زكريا
الترجمة الكردية
حمد صالح باموكي
الترجمة البشتوية
زكريا عبد السلام
الترجمة البوسنية - كوركت
بسيم كوركورت
الترجمة البوسنية - ميهانوفيتش
محمد مهانوفيتش
الترجمة الألبانية
حسن ناهي
الترجمة الأوكرانية
ميخائيلو يعقوبوفيتش
الترجمة الصينية
محمد مكين الصيني
الترجمة الأويغورية
محمد صالح
الترجمة اليابانية
روايتشي ميتا
الترجمة الكورية
حامد تشوي
الترجمة الفيتنامية
حسن عبد الكريم
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
خليفة الطاي
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
جمعية خليفة الطاي الخيرية
الترجمة الأوزبكية - علاء الدين منصور
علاء الدين منصور
الترجمة الأوزبكية - محمد صادق
محمد صادق محمد
الترجمة الأذرية
علي خان موساييف
الترجمة الطاجيكية - عارفي
فريق متخصص مكلف من مركز رواد الترجمة بالشراكة مع موقع دار الإسلام
الترجمة الطاجيكية
خوجه ميروف خوجه مير
الترجمة الهندية
مولانا عزيز الحق العمري
الترجمة المليبارية
عبد الحميد حيدر المدني
الترجمة الغوجراتية
رابيلا العُمري
الترجمة الماراتية
محمد شفيع أنصاري
الترجمة التلجوية
مولانا عبد الرحيم بن محمد
الترجمة التاميلية
عبد الحميد الباقوي
الترجمة السنهالية
فريق مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة الأسامية
رفيق الإسلام حبيب الرحمن
الترجمة الخميرية
جمعية تطوير المجتمع الاسلامي الكمبودي
الترجمة النيبالية
جمعية أهل الحديث المركزية
الترجمة التايلاندية
مجموعة من جمعية خريجي الجامعات والمعاهد بتايلاند
الترجمة الصومالية
محمد أحمد عبدي
الترجمة الهوساوية
الترجمة الأمهرية
محمد صادق
الترجمة اليورباوية
أبو رحيمة ميكائيل أيكوييني
الترجمة الأورومية
الترجمة التركية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفرنسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الإندونيسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفيتنامية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة البوسنية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الإيطالية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفلبينية (تجالوج) للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفارسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
Dr. Ghali - English translation
Muhsin Khan - English translation
Pickthall - English translation
Yusuf Ali - English translation
Azerbaijani - Azerbaijani translation
Sadiq and Sani - Amharic translation
Farsi - Persian translation
Finnish - Finnish translation
Muhammad Hamidullah - French translation
Korean - Korean translation
Maranao - Maranao translation
Abdul Hameed and Kunhi Mohammed - Malayalam translation
Salomo Keyzer - Flemish (Dutch) translation
Norwegian - Norwegian translation
Samir El - Portuguese translation
Polish - Polish translation
Romanian - Romanian translation
Elmir Kuliev - Russian translation
Albanian - Albanian translation
Tatar - Tatar translation
Japanese - Japanese translation
محمد جوناگڑھی - Urdu translation
Ma Jian - Chinese translation
Turkish - Turkish translation
King Fahad Quran Complex - Thai translation
Ali Muhsin Al - Swahili translation
Abdullah Muhammad Basmeih - Malay translation
Hamza Roberto Piccardo - Italian translation
Indonesian - Indonesian translation
Bubenheim & Elyas - German / Deutsch translation
Bosnian - Bosnian translation
Hasan Efendi Nahi - Albanian translation
Sherif Ahmeti - Albanian translation
Sahih International - English translation
Czech - Czech translation
Abul Ala Maududi(With tafsir) - English translation
Tajik - Tajik translation
Alikhan Musayev - Azerbaijani translation
Muhammad Saleh - Uighur; Uyghur translation
Abdul Haleem - English translation
Mufti Taqi Usmani - English translation
Muhammad Karakunnu and Vanidas Elayavoor - Malayalam translation
Sheikh Isa Garcia - Spanish; Castilian translation
Divehi - Divehi; Dhivehi; Maldivian translation
Abubakar Mahmoud Gumi - Hausa translation
Mahmud Muhammad Abduh - Somali translation
Knut Bernström - Swedish translation
Jan Trust Foundation - Tamil translation
Mykhaylo Yakubovych - Ukrainian translation
Uzbek - Uzbek translation
Diyanet Isleri - Turkish translation
Ministry of Awqaf, Egypt - Russian translation
Abu Adel - Russian translation
Burhan Muhammad - Kurdish translation
Dr. Mustafa Khattab, The Clear Quran - English translation
Dr. Mustafa Khattab - English translation
الترجمة الإنجليزية - مركز رواد الترجمة
الترجمة الفرنسية - محمد حميد الله
الترجمة البوسنية - مركز رواد الترجمة
الترجمة الصربية - مركز رواد الترجمة - جار العمل عليها
الترجمة الألبانية - مركز رواد الترجمة - جار العمل عليها
الترجمة اليابانية - سعيد ساتو
الترجمة الفيتنامية - مركز رواد الترجمة
الترجمة التاميلية - عمر شريف
الترجمة السواحلية - عبد الله محمد وناصر خميس
الترجمة اللوغندية - المؤسسة الإفريقية للتنمية
الترجمة الإنكو بامبارا - ديان محمد
الترجمة العبرية
الترجمة الإنجليزية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة الروسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة البنغالية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة الصينية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة اليابانية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
ترجمة معاني القرآن الكريم - عادل صلاحي
عادل صلاحي
ﰡ
آية رقم 1
Барлық мақтау Аллаһқа, сондай құлына Кітапты / Құранды / түсірген және онда / Құранда / ешбір қисықтық, ауытқу / кемшілік / жасамай,
آية رقم 2
тура еткен. / Ол арқылы / Өзінен болатын қатты азапты ескерту және ізгі амал істейтін имандыларды / мүміндерді / - оларға болатын көркем сыймен қуандыру үшін.
آية رقم 3
ﯸﯹﯺ
ﯻ
Олар / имандылар / онда мәңгі тұрады.
آية رقم 4
ﯼﯽﯾﯿﰀﰁ
ﰂ
Әрі: «Аллаһ бала иемденді», - деп айтқандарды ескерту үшін.
آية رقم 5
Бұл туралы оларда ешбір білім жоқ әрі олардың әкелерінде де. Олардың ауыздарынан шыққан сөз өте үлкен / ауыр /. Олар тек өтірікті ғана айтады.
آية رقم 6
Ей, Мұхаммед! / Олар осы сөзге Құранға сенбесе, сен қайғырып, олардың соңынан / соларға бола / , өзіңді құрта жаздайсың.
آية رقم 7
Ақиқатында, олардың қайсысы амал етуде жақсы екенін сынау үшін Біз жер үстіндегі бар нәрселерді, оның көркі етіп қойдық.
آية رقم 8
ﭼﭽﭾﭿﮀﮁ
ﮂ
Әрі шын мәнінде, Біз оның / жердің / үстіндегілердің барлығын құр топыраққа айналдырамыз.
آية رقم 9
Ей, Мұхаммед! / әлде сен үңгір және Рақим иелері Біздің белгілеріміздің ішіндегі таңғажайыбы деп ойладың ба?!
آية رقم 10
Кезінде жас жігіттер үңгірді паналап: «Раббымыз! Бізге Өзіңнен мейірім нәсіп ет! Әрі ісімізде бізге туралық бер», - деді.
آية رقم 11
Сонда Біз олардың құлақтарын бірнеше жылға бекіттік.
آية رقم 12
Содан кейін екі топтың қайсысы мерзімді дәлірек есептейтінін білу үшін оларды қайтадан тірілттік / ояттық /.
آية رقم 13
Ей, Мұхаммед! / Саған олардың хабарын ақиқатпен баян етеміз. Күдіксіз, олар өздерінің Раббысына сенген жігіттер еді, Біз олардың туралықтарын арттыра түстік.
آية رقم 14
Олар тұрып: «Біздің Раббымыз - аспандардың және жердің Раббысы. Біз Одан өзгені құдай етіп ешқашан тілемейміз. Онда біз шектен шыққан сөзді айтқан боламыз», - деген кезде, Біз олардың жүректерін бекіткен едік.
آية رقم 15
Олар бір-біріне / :«Мына еліміз Одан өзгені құдайлар етіп алды. Олар соларға / құдайларына / қатысты неге анық дәлел келтірмейді? Аллаһқа қатысты / ойдан / өтірікті құрастырғаннан әділетсіз кім бар?» - деді.
آية رقم 16
«Енді олардан және олардың Аллаһтан өзге табынғандарынан бөлініп шыққан соң, үңгірді паналаңдар. Сендердің Раббың өздеріңе мейірімін жаяды әрі істеріңе көмек беріп, жеңілдетеді», - деді.
آية رقم 17
Ей, Мұхаммед! / Күннің шыққан кезінде, олардың үңгірін оң жақтан ауып өткенін, ал батқан кезінде сол жағынан өтіп кеткенін көресің. Ал, олар оның / үңгірдің / ортасында болды. Бұл - Аллаһтың белгілерінен. Аллаһ кімді тура жолмен жүргізсе, сол тура жолда болады. Ал кімді адастырса, ол үшін бағыт көрсетер қамқоршы таба алмайсың.
آية رقم 18
Оларды ояу деп ойлайсың, негізінен олар ұйқыда. Біз оларды оң жағына және сол жағына аударып тұрамыз. Ал иттері үңгірдің кіре берісінде, алдыңғы екі аяғын созып жатты. Егер де оларды көргеніңде, олардан бұрылып қашып, сені қорқыныш басар еді.
آية رقم 19
Сөйтіп Біз оларды бір-бірінен сұрасулары үшін қайта тірілттік / ояттық /. Олардан біреуі «Қанша болдыңдар?» деді. Олар: «Бір күн немесе күннің бір бөлігі»,- деді. «Қанша болғандарыңды өздеріңнің Раббың жақсы біледі. Біреулеріңді мына күміс теңгелеріңмен қалаға жіберіңдер. Тағамның қайсысы таза екенін қарап, сендерге азық алып келсін. Әрі сыпайы, сақ болсын, сендерді ешкімге байқатпасын.
آية رقم 20
Егер олар сендерді көріп қойса, тас атады немесе діндеріне қайтарады. Онда сендер ешқашан мұраттарыңа жетпейсіңдер», - деді.
آية رقم 21
Осылай, Аллаһтың уәдесінің шындығын, Сағаттың / қайта тірілудің / шәксіз болатындығын / адамдар / білуі үшін оларды, бұларға кезіктірдік. Сол кезде бұлар өзара олар жөнінде дауласты. Бұлар: «Олардың басына / үңгірдің аузын бекітіп / құрылыс тұрғызыңдар. Оларды Раббысы жақсы біледі»,- деді. Бұл мәселеде үстем келгендер: «Біз олардың басына мешіт саламыз»,- деді.
آية رقم 22
Бұлар: «Олар үшеу, төртіншісі олардың иті», -деді және: «Олар бесеу, алтыншысы олардың иті», -деп жорамалдап, ғайыпты білмекші болды. Сондай-ақ олар: «Жетеу, сегізіншісі олардың иті»,-деді. Айт: «Олардың санын Раббым жақсы біледі. Оларды тек азынан басқа ешкім білмейді»,- деп. Олар жайында ашық түрде ғана сөзге бар әрі олар жайлы бұлардың / кітап иелерінің / ешқайсысынан сұрама.
آية رقم 23
Әрі ешбір нәрсеге байланысты: «Мен мұны ертең істеймін», - деп айтпа,
آية رقم 24
тек: «Аллаһ қаласа» - / «Инша Аллаһ» / ,- деп қана айт. Ұмытқансәтте Раббыңды есіңе ал да: «Раббымның маған туралыққа бұдан да жақын жол көрсетуін үміт етемін»,- деп айт.
آية رقم 25
Олар үңгірде үш жүз жыл болды және тоғыз / қосылады /.
آية رقم 26
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Олардың қанша болғанын Аллаһ жақсы біледі. Аспандардың және жердің құпиясы Оған тән. Ол - қандай керемет Көруші және Естуші! Оларда Одан өзге қамқоршы жоқ әрі Ол билігіне ешкімді ортақтастырмайды», - деп.
آية رقم 27
Ей, Мұхаммед! / Раббыңның кітабынан өзіңе уахи етілгенді оқы. Оның сөздерін өзгертуші жоқ әрі Одан өзге / пана / қорғаныш таппайсың.
آية رقم 28
Өздерінің Раббысына таңертең әрі кешке Оның дидарын / разылығын / қалап, тілек етушілермен бірге сабыр ет, әрі осы өмірдің көркін қалап, көздеріңді олардан бұрма. Сондай-ақ, Біз жүрегін Өзімізді еске алудан қаперсіз еткен әрі көңілқұмарлығына ерген және ісі шектен шыққан біреуге бағынба.
آية رقم 29
Әрі айт: «Ақиқат - сендердің Раббыңнан. Сондықтан кім қаласа, сенсін, кім қаласа, күпірлік етсін / иманға келмесін / »,- деп. Ақиқатында, Біз әділетсіздерге От әзірледік. Оның қорғандары оларды қоршап алады. Егер олар жәрдем сұраса, оларға беттерді қуырып жіберетін балқыған мыс сияқты су беріледі. Ол қандай жаман сусын әрі қандай жаман орын!
آية رقم 30
Ақиқатында, иманға келіп және ізгі амал істегендерге,- ықыласпен істеген амалдарының сыйын зая кетірмейміз.
آية رقم 31
Оларға ’Адн Жәннатының бақтары бар, олардың астынан өзендер ағып жатады. Олар онда алтыннан болған білезіктермен сәнденеді, жұқа және қалың жібектен жасыл киімдер киіп, перделермен сәнделген жұмсақ сәкілерде сүйеніп отырады. Бұл не деген жақсы сый әрі неткен көркем мекен!
آية رقم 32
Әрі оларға екі адамның мысалын баян ет. Біз олардың біреуіне екі жүзім бағын бердік. және ол екеуін құрма ағаштарымен қоршап, араларын егіндік еттік.
آية رقم 33
Екі бақ та жемістерінен ешнәрсе азайтпай берді. Әрі олардың араларынан өзен ағызып қойдық.
آية رقم 34
Сондай-ақ оның / басқа да / өнімдері бар еді. Сонда жолдасымен сөйлесіп тұрғанда ол: «Менің сенен дүнием көп әрі адамдарымның саны жағынан да қуаттымын», - деді.
آية رقم 35
Сөйтіп ол бағына өз-өзіне әділетсіздік еткен күйі кіріп: «Бұл ешқашан құриды деп ойламаймын.
آية رقم 36
Әрі Сағат та / қайта тірілу күні / болады деп ойламаймын. Егер Раббыма қайтарыла қалсам, онда бұдан да жақсысын табамын», - деді.
آية رقم 37
Сонда сөйлесіп тұрған жолдасы оған: «Сонда сен өзіңді / алдымен / топырақтан, кейін тамшыдан жаратқан, кейін / рет-ретімен / теңестіріп, ер адам етіп қалыптастырғанға күпірлік етесің бе / сенбей, қарсы келесің бе / ?
آية رقم 38
Ал, мен үшін Ол Аллаһ - менің Раббым / Ием / , мен Оған ешкімді серік етіп қоспаймын.
آية رقم 39
Әрі сен бағыңа кірген кезде неге: «Бұл - Аллаһтың қалауы, Аллаһтан басқа ешбір қуат жоқ», - деп айтпадың? Егер сен мені мал және бала жағынан өзіңнен кем көрсең,
آية رقم 40
онда Раббым маған сенің бағыңнан жақсырағын беруі, ал сенікінің үстіне көктен апат жіберуі мүмкін, сонда ол мүлде тақырға айналады.
آية رقم 41
Немесе суы тартылып, оны таба алмай қаласың», - деді.
آية رقم 42
Сөйтіп / жолдасының айтқаны келіп / , оның өнімін апат орады, ол аспаларымен бірге құлап жатқан бағына сарп еткеніне / шығынына / өкіне, алақандарын аударып қалды / сан соғыпқалды /. Ол: «Қап, Раббыма ешкімді серік етіп қоспағанымда еді», -деді.
آية رقم 43
Әрі оның Аллаһтан өзге жәрдем беретін адамдары / жақтастары / болған жоқ және ол өзі-өзіне көмектесе алмады.
آية رقم 44
Мұндайда көмек / қамқорлық /- хақ Аллаһта ғана. Ол, қайтарым сыйда да қайырлы, әрі нәтижеде де қайырлы.
آية رقم 45
Ей, Мұхаммед! / Оларға осы өмір жайлы мысал келтір. Ол бейне бір Біз аспаннан түсірген су секілді. Онымен жердің өсімдіктері араласып / өніп-өскеннен / кейін ол, жел ұшыратын құрғақ үгіндіге айналды. Аллаһтың барлық нәрсеге күші жетеді.
آية رقم 46
Байлық пен балалар - осы өмірдің сәні. Ал, / ақиретке / қалатын ізгі амалдар болса, Раббыңның қасында қайтарым сый ретінде қайырлы әрі үміт тұрғысынан да қайырлы.
آية رقم 47
Сол / қайта тірілу / күні тауларды жүргіземіз де сен жерді тегіс, ашық түрде көресің. Біз оларды / бүкіл адамзатты / жинаймыз да, олардан ешкімді қалдырмаймыз.
آية رقم 48
Әрі олар Раббыңның алдынақатарланып қойылады. / Кәпірлерге / :«Міне, сендер Бізге, өздеріңді алғашқы рет жаратқанымыздай келдіңдер. Негізінде, сендер уәделі мерзімді / қайта тірілу күнін / Біз белгілей алмайды деп есептеген едіндер», - делінеді.
آية رقم 49
Әрі Кітап / амал дәптері / қойылады, сонда қылмыскерлердің ондағы нәрседен / тіркелген күнәларынан / қорыққанын көресің. Олар: «Сорымыз құрысын! Кішісін де, үлкенін де қалдырмай сақтаған бұл қандай кітап?» - дейді. Әрі олар істеген амалдарын қарсы алдарынан табады. Раббың ешкімге әділетсіздік етпейді.
آية رقم 50
Кезінде біз періштелерге: «Адамға сәжде етіңдер», - деген едік. Сонда олар сәжде етті, тек жыннан болған Ібіліс қана Раббысының бұйрығын тыңдамады. Сонда, олар сендерге дұшпан болса да, Мені қойып оны / шайтанды / және оның ұрпағын қамқоршы етіп аласыңдар ма? Әділетсіздердің айырбастап алғандары қандай жаман.
آية رقم 51
Аспандарды және жерді жаратуда да, әрі олардың өздерін жаратуда да Мен оларды куә еткен жоқпын. Әрі Мен адастырушыларды Өзіме көмекші етіп алмаймын.
آية رقم 52
Сондай-ақ ол / қайта тірілу / күні Ол: «Өздерің Маған серік деп санағандарыңды шақырыңдар», - дейді. Сонда олар / серік еткендерін / шақырады, алайда / табынғандары / Оларға жауап бермейді. Біз олардың арасына жойылатын орын жасаймыз.
آية رقم 53
Әрі қылмыскерлер Отты көріп, өздерінің оған түсетіндіктеріне көздері жетеді. Сондай-ақ, олар одан құтылар жол таба алмайды.
آية رقم 54
Біз бұл Құранда адамдарға әрбір мысалды жан-жақты етіп, анықтап түсіндірдік. Ал, адам бәрінен көп таласушы-керісшіл.
آية رقم 55
Адамдарға тура жол келген кезде олардың иманға келулеріне және өздерінің Раббысынан кешірім тілеулеріне - бұрынғылардың жолымен жүруі не олардың азапты алдарынан келуін күтулері ғана кедергі болды.
آية رقم 56
Әрі Біз елшілерді қуандырушы және ескертуші етіп қана жібереміз. Ал, сондай күпірлік етушілер / иманнан бас тартқандар / ақиқатты жоққа шығару үшін жалғанның көмегімен дауласады. Олар Менің аят-белгілерімді және өздеріне ескертілгендерді келеке етеді.
آية رقم 57
Ал, Раббысының аяттары есіне салынған кезде, одан теріс бұрылған және өз қолдары істеген / теріс / амалдарын / күнәларын / ұмытқаннан өткен әділетсіз кім бар? Анығында, Біз олардың түсінбеулері үшін жүректеріне перде және құлақтарына кереңдік салдық. / Ей, Мұхаммед!! Оларды тура жолға шақырсаң да олар ешқашан тура жолға түспейді.
آية رقم 58
Әрі Раббың әл-Ғафур / өте кешірімді / , кең мейірім Иесі. Егер де Ол оларды істеп тапқандары / күнәлары / үшін қолға алар болса, онда оларға азапты тездетер еді. Алайда, олар үшін уәделі бір мерзім бар. Олар Одан өзге пана / қорғаныш / таба алмайды.
آية رقم 59
Әрі Біз сол елді мекендерді, олар әділетсіздік істегенде жойдық және олардың жойылуына мерзім де белгілегенбіз.
آية رقم 60
Міне, кезінде Мұса жанындағы жігітке: «Екі теңіздің қосылған жеріне жеткенге дейін тоқтамаймын, тіпті жүріспен жылдар өткізсем де», - деді.
آية رقم 61
Ал екеуінің қосылған жеріне жеткен кезде, олар балықтарын ұмытып кетті. Сонда ол / балық / із салып теңізге жол алды.
آية رقم 62
Екеуі ілгері кеткен кезде, ол жанындағы жігітке: «Түскі тамағымызды әкел, бұл сапарымызда шаршадық», - деді.
آية رقم 63
Ол: «Жартасты паналаған кезіміз есіңде ме? Мен сонда балықты ұмыттым. Оны еске түсіруді шайтан ғана ұмыттырды. Ал ол / балық / болса, теңізге таңғажайып түрде жол алды», - деді.
آية رقم 64
Мұса / :«Біздің қалағанымыз осы», деп, екеуі ізінше кері қайтты.
آية رقم 65
Сонда екеуі, Біз оған Өзімізден мейірім берген және Өзімізден білім үйреткен құлдарымыздың бірін тапты.
آية رقم 66
Мұса оған: «Саған үйретілген тура нәрселерден / пайдалы білімнен / маған да үйретуің үшін саған еріп жүрсем бола ма?» - деді.
آية رقم 67
ﮘﮙﮚﮛﮜﮝ
ﮞ
Хидр / :«Сен менімен бірге / жүруге / сабырлылық көрсете алмайсың.
آية رقم 68
Білімің қамтымаған нәрсеге қалай сабыр ете аласың?» - деді.
آية رقم 69
Мұса / :«Егер Аллаһ қаласа, мені сабырлы табасың. Әрі мен саған ешбір істе қарсы келмеймін», - деді.
آية رقم 70
Хидр / :«Егер маған еріп жүретін болсаң, өзім саған айтып бергеніме дейін, менен еш нәрсе сұрама»,- деді.
آية رقم 71
Сөйтіп, екеуі жолға шықты. Бір кемеге мінгендерінде, ол / Хидр / оны тесті. / Мұса / :«Сен оның ішіндегілерді суға батыру үшін тестің бе? Негізінде сен айыпталған іс жасадың», - деді.
آية رقم 72
Ол: «Сен менімен бірге сабырлық ете алмайсың деп айтпадым ба?» - деді.
آية رقم 73
Мұса / :«Ұмытқаным үшін мені айыптама. Әрі маған бұл ісімде қиындық тудырма»,- деді.
آية رقم 74
Сөйтіп олар жолға шықты. Олар бір баланы кездестірген кезде, ол / Хидр / оны өлтіріп тастады. / Мұса / :«Сен бір таза жанды кек қайтару үшін болмаса да өлтірдің бе? Негізінде сен өте теріс іс жасадың»,- деді.
آية رقم 75
Хидр / :«Мен саған менімен бірге / болуға / сабыр ете алмайсың деп айтпадым ба?»- деді.
آية رقم 76
Мұса / :«Егер бұдан кейін сенен бір нәрсе сұрасам, мені өзіңе серік етпей-ақ қой. Менің алдын сұраған кешірімімді қабыл еткен едің».
آية رقم 77
Сөйтіп олар жолға шықты. Бір ауылдың тұрғындарына келген кезде, олардан тамақ сұрады. Ал, олар, екеуін қонақ етуден бас тартты. Екеуі сол жердегі құлағалы тұрған бір дуалды көрді. Сонда ол / Хидр / оны тұрғызып қойды. / Мұса / :«Егер қаласаң, бұл үшін ақы алар едің»,- деді.
آية رقم 78
Хидр / :«Міне, мені мен сен екеуміздің арамыздың айрылуы - осы. Енді саған өзің сабыр ете алмаған жайттардың мән-жайынан хабар берейін.
آية رقم 79
Кемеге қатысты, ол теңізде кәсіп ететін кедейлердікі еді. Мен оған бір нұқсан келтіргім келді, өйткені, олардың алдында әрбір / жарамды / кемені тартып алушы бір патша бар еді.
آية رقم 80
Ал балаға келсек, оның ата-анасы иманды адамдар еді. Біз оның ол екеуін / ата-анасын / шектен шығуға және күпірлікке / Аллаһқа қарсы келуге! итермелеуін / Аллаһтың білдіруімен / біліп, қауіп еттік».
آية رقم 81
Сондықтан Раббысы оларға, оны тазалықта одан жақсы және мейірімділікте одан жақынмен / перзентпен / ауыстыруын қаладық.
آية رقم 82
Ал, дуал болса сол қаладағы екі жетім баланікі еді. Оның астында оларға тиісті қазына бар. Олардың әкесі ізгі кісі еді, сөйтіп Раббың, ол екеуінің ержетіп, Раббыңның мейірімімен қазыналарын шығарып алуын қалады. Мен мұны өз шешіміммен / өздігімнен / істеген жоқпын. Міне осы, сенің сабыр ете алмаған істердің мән-жайы».
آية رقم 83
Ей, Мұхаммед! / Әрі олар сенен Зұлқарнайын жайында сұрайды. Айт: «Сендерге одан / оған қатысты / бір хабар оқып беремін», - деп.
آية رقم 84
Анығында, Біз оны жерде мықты етіп нығайттық және оған барлық нәрсеге / жетуге! мүмкіндік бердік.
آية رقم 85
ﭜﭝ
ﭞ
Сөйтіп ол бір жолға түсті.
آية رقم 86
Күн бататын жаққа жеткенде, оны лайлы су көзіне батып бара жатқан түрде көрді. Әрі оның қасында бір елді тапты. Біз: «Ей, Зұлқарнайын, не жазалайсың, не болмаса оларға қатысты жақсылық ұстанасың», - дедік.
آية رقم 87
Ол: «Кім әділетсіздік ететін болса, оны жазалаймыз, кейін ол Раббысына қайтарылып, Ол оны қатты азаппен жазалайды.
آية رقم 88
Ал кім иманға келсе және ізгі амал істесе, оған көркем қайтарым сый беріледі. Әрі оған істеріміздің жеңілін айтамыз», - деді.
آية رقم 89
ﮖﮗﮘ
ﮙ
Содан кейін ол бір жолға түсіп,
آية رقم 90
күн шығатын жаққа жеткенде, оны, бір елдің үстінен шыққан түрде тапты. Біз оларға одан / күннен / пана болатын еш нәрсе жасамадық.
آية رقم 91
Осылай болды! Біз онымен / Зұлқарнайынмен / болған нәрсенің бәрін біліммен қамтыдық.
آية رقم 92
ﯓﯔﯕ
ﯖ
Содан кейін ол / тағы да / бір жолға түсті.
آية رقم 93
Ол екі / тау / бөгетінің арасына жеткен кезде, олардың арасынан сөзді / өзге тілді / түсінбейтін бір елді кездестірді.
آية رقم 94
Олар: «Ей, Зұлқарнайын! Яжұж бен Мажұж бұл жерде бұзғыншылық істеп жатыр. Біз бен олардың арасына бір бөгет жасауың үшін саған төлем / салық / жинап берейік пе?» - деді.
آية رقم 95
Ол: «Раббымның маған бергені одан қайырлы. Сендер маған өз күштеріңмен көмектесіңдер, мен сендер мен олардың арасына бір бөгет жасаймын.
آية رقم 96
Маған темір бөліктерін әкеліңдер», деді. Екі қапталдың арасын толтырған кезде: «Көрік басып үрлеңдер», - деді. Оны отқа айналдырған кезде: «Маған балқытылған мысты беріңдер, оның үстіне құямын»,- деді.
آية رقم 97
Сонда олар / Яжұж бен Мажұж / , оған шыға алмады әрі оны тесіп те өте алмады.
آية رقم 98
Ол / Зұлқарнайын / :«Бұл - Раббымнан бір мейірім. Раббымның уәдесі келгенде, оны жермен-жексен етеді. Раббымның уәдесі шындыққа айналады»,- деді.
آية رقم 99
Сол күні Біз оларды бір-бірімен / лек-легімен / араласқан түрде қоямыз. Әрі сүр үріліп, Біз олардың барлығын жинаймыз.
آية رقم 100
ﭱﭲﭳﭴﭵ
ﭶ
Сол күні кәпірлерге тозақты анық көрсетеміз, -
آية رقم 101
солар, көздері Менің еске салуымнан перделенгендер және оны ести алмайтындар.
آية رقم 102
Сол күпірлік етушілер / Раббысына серік қосушылар / Менің орныма құлдарымды қамқоршылар етіп алуды ойлады ма? Анығында, Біз, Жаһаннамды кәпірлер үшін тұрақ етіп әзірледік.
آية رقم 103
ﮓﮔﮕﮖﮗ
ﮘ
Ей, Мұхаммед! / Айт: «Сендерге амалдарында ең көп зиян табатындар туралы хабарлайық па,
آية رقم 104
сондай, осы өмірдегі әрекет-ұмтылыстары адасып / жоқ болып / , ал өздері жақсы іс жасап жүрміз деп ойлайтындар / жайлы / », - деп.
آية رقم 105
Міне, солар - Раббысының аят-белгілеріне әрі Оған кездесетініне күпірлік еткендер / сенбегендер /. Олардың амалдары босқа кетіп, Қайта тірілу күні оларға салмақ бермейміз.
آية رقم 106
Күпірлік еткендіктері / қарсы келгендіктері, мойындамағандықтары / және Менің аят-белгілерім мен елшілерімді келеке еткендіктері үшін олардың қайтарым жазасы - Жаһаннам.
آية رقم 107
Күмәнсіз, иманға келген және ізгі амал істегендер үшін, олардың мекені Фирдаус / жәннатының / бақтары болады.
آية رقم 108
ﯪﯫﯬﯭﯮﯯ
ﯰ
Олар онда мәңгі қалып, одан / өзге жаққа / ауысуды қаламайды.
آية رقم 109
Ей, Мұхаммед / / Айт: «Егер де теңіз Раббымның сөздерін / жазатын / сия болғанда, тіпті тағы қосымша сол секілдіні әкелсек те Раббымның сөздері таусылудан бұрын теңіз таусылар еді»,- деп.
آية رقم 110
Айт: «Анығында, мен де сендер секілді адаммын. Маған: «Сендердің құдайларың - жалғыз құдай», - деп уахи етілді. Кім Раббысына жолығуды үміт етсе, ізгі амал істесін және Раббысына құлшылық етуде Оған ешкімді серік етіп қоспасын»,- деп.
تقدم القراءة