ترجمة معاني سورة هود باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
جمعية خليفة الطاي الخيرية
الترجمة الإنجليزية - صحيح انترناشونال
المنتدى الإسلامي
الترجمة الإنجليزية
الترجمة الفرنسية - المنتدى الإسلامي
نبيل رضوان
الترجمة الإسبانية
محمد عيسى غارسيا
الترجمة الإسبانية - المنتدى الإسلامي
الترجمة الإسبانية (أمريكا اللاتينية) - المنتدى الإسلامي
المنتدى الإسلامي
الترجمة البرتغالية
حلمي نصر
الترجمة الألمانية - بوبنهايم
عبد الله الصامت
الترجمة الألمانية - أبو رضا
أبو رضا محمد بن أحمد بن رسول
الترجمة الإيطالية
عثمان الشريف
الترجمة التركية - مركز رواد الترجمة
فريق مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة التركية - شعبان بريتش
شعبان بريتش
الترجمة التركية - مجمع الملك فهد
مجموعة من العلماء
الترجمة الإندونيسية - شركة سابق
شركة سابق
الترجمة الإندونيسية - المجمع
وزارة الشؤون الإسلامية الأندونيسية
الترجمة الإندونيسية - وزارة الشؤون الإسلامية
وزارة الشؤون الإسلامية الأندونيسية
الترجمة الفلبينية (تجالوج)
مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة الفارسية - دار الإسلام
فريق عمل اللغة الفارسية بموقع دار الإسلام
الترجمة الفارسية - حسين تاجي
حسين تاجي كله داري
الترجمة الأردية
محمد إبراهيم جوناكري
الترجمة البنغالية
أبو بكر محمد زكريا
الترجمة الكردية
حمد صالح باموكي
الترجمة البشتوية
زكريا عبد السلام
الترجمة البوسنية - كوركت
بسيم كوركورت
الترجمة البوسنية - ميهانوفيتش
محمد مهانوفيتش
الترجمة الألبانية
حسن ناهي
الترجمة الأوكرانية
ميخائيلو يعقوبوفيتش
الترجمة الصينية
محمد مكين الصيني
الترجمة الأويغورية
محمد صالح
الترجمة اليابانية
روايتشي ميتا
الترجمة الكورية
حامد تشوي
الترجمة الفيتنامية
حسن عبد الكريم
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
خليفة الطاي
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
جمعية خليفة الطاي الخيرية
الترجمة الأوزبكية - علاء الدين منصور
علاء الدين منصور
الترجمة الأوزبكية - محمد صادق
محمد صادق محمد
الترجمة الأذرية
علي خان موساييف
الترجمة الطاجيكية - عارفي
فريق متخصص مكلف من مركز رواد الترجمة بالشراكة مع موقع دار الإسلام
الترجمة الطاجيكية
خوجه ميروف خوجه مير
الترجمة الهندية
مولانا عزيز الحق العمري
الترجمة المليبارية
عبد الحميد حيدر المدني
الترجمة الغوجراتية
رابيلا العُمري
الترجمة الماراتية
محمد شفيع أنصاري
الترجمة التلجوية
مولانا عبد الرحيم بن محمد
الترجمة التاميلية
عبد الحميد الباقوي
الترجمة السنهالية
فريق مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة الأسامية
رفيق الإسلام حبيب الرحمن
الترجمة الخميرية
جمعية تطوير المجتمع الاسلامي الكمبودي
الترجمة النيبالية
جمعية أهل الحديث المركزية
الترجمة التايلاندية
مجموعة من جمعية خريجي الجامعات والمعاهد بتايلاند
الترجمة الصومالية
محمد أحمد عبدي
الترجمة الهوساوية
الترجمة الأمهرية
محمد صادق
الترجمة اليورباوية
أبو رحيمة ميكائيل أيكوييني
الترجمة الأورومية
الترجمة التركية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفرنسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الإندونيسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفيتنامية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة البوسنية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الإيطالية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفلبينية (تجالوج) للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفارسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
Dr. Ghali - English translation
Muhsin Khan - English translation
Pickthall - English translation
Yusuf Ali - English translation
Azerbaijani - Azerbaijani translation
Sadiq and Sani - Amharic translation
Farsi - Persian translation
Finnish - Finnish translation
Muhammad Hamidullah - French translation
Korean - Korean translation
Maranao - Maranao translation
Abdul Hameed and Kunhi Mohammed - Malayalam translation
Salomo Keyzer - Flemish (Dutch) translation
Norwegian - Norwegian translation
Samir El - Portuguese translation
Polish - Polish translation
Romanian - Romanian translation
Elmir Kuliev - Russian translation
Albanian - Albanian translation
Tatar - Tatar translation
Japanese - Japanese translation
محمد جوناگڑھی - Urdu translation
Ma Jian - Chinese translation
Turkish - Turkish translation
King Fahad Quran Complex - Thai translation
Ali Muhsin Al - Swahili translation
Abdullah Muhammad Basmeih - Malay translation
Hamza Roberto Piccardo - Italian translation
Indonesian - Indonesian translation
Bubenheim & Elyas - German / Deutsch translation
Bosnian - Bosnian translation
Hasan Efendi Nahi - Albanian translation
Sherif Ahmeti - Albanian translation
Sahih International - English translation
Czech - Czech translation
Abul Ala Maududi(With tafsir) - English translation
Tajik - Tajik translation
Alikhan Musayev - Azerbaijani translation
Muhammad Saleh - Uighur; Uyghur translation
Abdul Haleem - English translation
Mufti Taqi Usmani - English translation
Muhammad Karakunnu and Vanidas Elayavoor - Malayalam translation
Sheikh Isa Garcia - Spanish; Castilian translation
Divehi - Divehi; Dhivehi; Maldivian translation
Abubakar Mahmoud Gumi - Hausa translation
Mahmud Muhammad Abduh - Somali translation
Knut Bernström - Swedish translation
Jan Trust Foundation - Tamil translation
Mykhaylo Yakubovych - Ukrainian translation
Uzbek - Uzbek translation
Diyanet Isleri - Turkish translation
Ministry of Awqaf, Egypt - Russian translation
Abu Adel - Russian translation
Burhan Muhammad - Kurdish translation
Dr. Mustafa Khattab, The Clear Quran - English translation
Dr. Mustafa Khattab - English translation
الترجمة الإنجليزية - مركز رواد الترجمة
الترجمة الفرنسية - محمد حميد الله
الترجمة البوسنية - مركز رواد الترجمة
الترجمة الصربية - مركز رواد الترجمة - جار العمل عليها
الترجمة الألبانية - مركز رواد الترجمة - جار العمل عليها
الترجمة اليابانية - سعيد ساتو
الترجمة التاميلية - عمر شريف
الترجمة السواحلية - عبد الله محمد وناصر خميس
الترجمة اللوغندية - المؤسسة الإفريقية للتنمية
الترجمة الإنكو بامبارا - ديان محمد
الترجمة العبرية
الترجمة الإنجليزية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة الروسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة البنغالية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة الصينية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة اليابانية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
ترجمة معاني القرآن الكريم - عادل صلاحي
عادل صلاحي
ﰡ
آية رقم 1
Әлиф, Ләм, Ра. Бұл - аяттары аса Дана, бәрінен Хабардардан анық баяндалып, түсіндірілген Кітап.
آية رقم 2
Аллаһтан басқаға Құлшылық етпеңдер. Анығында, мен сендерге Одан / жіберілген / ескертуші әрі қуанышты хабар жеткізушімін.
آية رقم 3
Өздеріңнің Раббыңнан кешірім тілеңдер әрі істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтыңдар / тәубеге келіндер /. Ол сендерді белгілі бір мерзімге / өлім келгенге / дейін көркем несібемен пайдаландырады. Әрі Ол, әрбір кеңшілік етушіні Өз кеңшілігіне бөлейді. Егер теріс бұрылсаңдар, сендерге болатын ұлы Күннің / Қияметтің / азабынан қорқамын.
آية رقم 4
Сендер Аллаһқа қайтарыласыңдар. Ал, Ол - барлық нәрсені Жасай алушы.
آية رقم 5
Біліндер, олар, Одан жасыру үшін кеуделерін бүрістіреді. Анығында, олар киімдерін бүркеніп алғандарында да Ол / Аллаһ / олардың нені жасыратындарын және нені әшкере ететіндерін біледі. Анығында, Ол - кеуделердегіні / жүректердегіні / жақсы Білуші.
آية رقم 6
Жер бетінде ризығы Аллаһтан болмаған бірде-бір жаны бар жоқ. Ол, оның / осы өмірдегі / тұрағын және / өлгеннен кейінгі / сақталатын орнын біледі. Барлығы анық Кітапта / Ләухул махфузда / жазулы.
آية رقم 7
Ол сендерді, амал етуде қайсыларың жақсы екенін сынау үшін аспандарды және жерді алты күнде жаратқан. Әрі Оның Аршысы су үстінде еді. Егер оларға: «Сендер өлгеннен кейін, әлбетте, қайта тірілесіңдер» - десең, күпірлік еткендер / қайта тірілуді мойындамайтындар / :«бұл - бар болғаны анық бір сиқыр», - дейді.
آية رقم 8
Егер Біз азапты олардан санаулы бір мерзімге дейін кешіктірсек, олар: «Оны / азапты / не ұстап тұр?» - дейді. Біліңдер, оларға ол / азап / келген күні, олардан қайтарылмайды әрі олардың мазақ етіп келгендері өздерін қоршап алады.
آية رقم 9
Егер Біз адамға мейірімімізден бір нәрсе беріп, содан кейін оны алып қойсақ, ол мүлде үмітін үзіп, Аллаһтың бергенін мойындамай, жоққа шығарады.
آية رقم 10
Ал, егер оған өзіне келген қиыншылықтан кейін бір игілігімізден тигізсек, ол: «Жамандықтар менен кетті» - деп, қуанып, мақтанады.
آية رقم 11
Тек қана сабыр еткен және ізгі амал істегендердің жөні бөлек. Оларға кешірім әрі үлкен сый бар.
آية رقم 12
Ей, Мұхаммед! / Бәлкім сен олардың: «Оған бір қазына түсірілмей ме? Немесе онымен бірге періште келмей ме?» - деп айтатындары үшін өзіңе уахи етілгеннің кейбірін / кейінге / қалдырғың келер әрі оған кеудең сығылған болар. Анығында, сен - тек ескертушісің. Ал, Аллаһ - әрбір нәрсеге Өзі кепіл.
آية رقم 13
Әлде олар: «Ол оны ойдан құрастырды», - деп айта ма? Айт: «Егер шын сөзді болсаңдар, онда сендер осыған / Құранға / ұқсас, ойдан құрастырған он сүрені әкеліндер әрі Аллаһтан өзге шақыра алатындарыңды шақырыңдар.
آية رقم 14
Егер олар / шақырғандарың / сендерге жауап бермесе, онда оның / Құранның / Аллаһтың білімімен түсірілгендігін әрі Одан басқа құдайдың жоқ екендігін біліңдер. Енді бойсұнбайсыңдар ма?» - деп.
آية رقم 15
Кім осы өмірді және оның сән-салтанатын қаласа, оларға онда / осы дүниеде / амалдарын толық қайтарамыз әрі оларға кемітілмейді.
آية رقم 16
Міне, соларға соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / Оттан басқа еш нәрсе болмайды. Олардың ондағы / дүниедегі / жасағандары жойылады әрі істегендері босқа кетеді.
آية رقم 17
Раббысынан келген / Құран / және оған Оның тарапынан бір куә / Жәбрейіл / ерген әрі одан бұрын жетекші және мейірім түріндегі Мұсаның кітабы / Тәурат / куәлік еткен анық дәлелді ұстанғандар - міне солар оған / Құранға / сенеді. Ал, қалған топтардан кім оған / Құранға / күпірлік етсе / сенбесе, қарсы келсе / , оның уәделі орны - От. / Ей, Мұхаммед, / сондықтан одан / Құраннан / күмәнда болма, өйткені ол Раббыңнан келген ақиқат, алайда адамдардың көбі сенбейді.
آية رقم 18
Аллаһ туралы өтірікті құрастырғаннан өткен әділетсіз кім бар? Солар / қайта тірілу күні / өздерінің Раббысының алдына қойылады әрі куәгерлер: «Өздерінің Раббысы туралы өтірік айтқандар осылар», - дейді. Біліңдер, Аллаһтың лағнеті әділетсіздерге болады.
آية رقم 19
Олар / адамдарды / Аллаһтың жолынан қайтарады және оны қисайтуға / бұрмалауға / тырысады. Әрі олар - соңғы мәңгілік өмірге / ақиретке / сенбеушілер.
آية رقم 20
Міне солар жер бетінде / Аллаһтың азабын / әлсірете алмайды. Әрі оларда Аллаһтан өзге қамқоршылар болмайды. Оларға азап еселеніп арттырылады. Олар / ақиқатты / еститін хәлде болмады әрі көрмеді.
آية رقم 21
Міне, солар - өздерін-өздері жоғалтқандар / зиянғаұшыратқандар /. Әрі ойдан шығарған нәрселері олардан жоқ болып кетті.
آية رقم 22
Сөзсіз, олар соңғы, мәңгілік өмірде / ақиретте / бәрінен көп зиян көретіндер.
آية رقم 23
Ақиқатында, иманға келген және ізгі амал істеген әрі өздерінің Раббысына беріле бағынғандар, олар - жәннаттық. Олар онда мәңгі қалады.
آية رقم 24
Екі топтың мысалы: соқыр және керең әрі көруші мен естуші тәрізді. Мысал тұрғысынан бұл екеуі тең бе? Еске алмайсыңдар ма / ғибрат алмайсыңдар ма / ?
آية رقم 25
Біз Нұхты еліне жібердік. Ол: «Мен - сендер үшін анық бір ескертушімін.
آية رقم 26
Аллаһтан басқаға құлшылық етпеңдер.Шын мәнінде, мен сендер үшін күйзелтуші Күннің азабынан қорқамын», - деді.
آية رقم 27
Оның елінің күпірлік еткен / Оған сенбеген / уәзірлері мен бектері: «Біз сені өзіміз секілді адам көреміз әрі саған арамыздағы тек ең нашарлардың ойланбай-ақ ергенін байқаймыз. Сондай-ақ, сендердің бізге қарағанда бір артықшылықтарыңды көрмейміз. Керісінше, біз сендерді өтірікші деп ойлаймыз», - деді.
آية رقم 28
Нұх: «Әй, елім! Егер мен Раббымнан келген анық дәлелдің үстінде болсам және Ол маған Өзінен, сендер көре алмайтын бір мейірім / пайғамбарлық / берсе, сонда оны жақтырмасаңдар да сендерге міндеттейік пе?
آية رقم 29
Әй, елім! Мен сендерден бұл үшін дүние сұрамаймын. Анығында, менің сыйым бір Аллаһта. Сондай-ақ, иманға келгендерді қасымнан қуушы емеспін. Ақиқатында, олар - өздерінің Раббысына жолығушылар. Ал, сендерді надандық етушілер ретінде көремін.
آية رقم 30
Әй, елім! Егер оларды қусам, мені Аллаһтан кім қорғайды? Еске алмайсыңдар ма / ғибрат алмайсыңдар ма / ?
آية رقم 31
Сендерге: «Менде Аллаһтың қазыналары бар демеймін және ғайыпты да білмеймін. Әрі: «Мен бір періштемін», - деп те айтпаймын. Сондай-ақ, сендер көздеріңе ілмей, қор санайтындарың туралы: «Аллаһ оларға жақсылық бермейді», - деп айтпаймын. Аллаһ олардың көкіректеріндегіні / жүректеріндегіні / жақсы біледі. Әйтпесе, / егер, олай десем / , онда мен сөзсіз әділетсіздерден боламын», - деді.
آية رقم 32
Олар: «Ей, Нұх! Сен бізбен дауласып, тартысты көбейтіп жібердің. Шын сөзділерден болсаң, енді бізге уәде етіп отырғаныңды / айтқан азапты / келтір», - деді.
آية رقم 33
Ол: «Оны / азапты / сендерге егер қаласа, тек Аллаһтың Өзі келтіреді. Әрі сендер / Оның азабын / әлсірете алмайсыңдар.
آية رقم 34
Мен сендерге кеңес беруді қалағаныммен, егер Аллаһ сендерді адастыруды қаласа, онда насихатым сендерге пайда бермейді. Ол - сендердің Раббың. Әрі сендер Оған қайтарыласыңдар», - деді.
آية رقم 35
Әлде олар: «Ол оны ойдан шығарды», - деп айта ма? - / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Егер оны ойдан шығарған болсам, қылмысым өзіме. Ал, сендер істеп жатқан қылмысқа менің қатысым жоқ», - деп.
آية رقم 36
Сонда Нұхқа уахи етілді: «Еліңнен иманға келгендерден басқалары, енді иманға келмейді. Сен олардың істеп жатқандарына қайғырма.
آية رقم 37
Әрі Біздің көз алдымызда және уахиымыз бойынша кеме жаса. Әрі әділетсіздік еткендер жөнінде Менен сұрама! Анығында, олар суға батырылады.
آية رقم 38
Ол кемені жасап жатқанда, елінің уәзірлері мен бектері оның жанынан өт-кен сайын, оны келеке етті. Ал, ол: «Егер бізге күлсеңдер, сендер бізді келеке еткендей, біз де сендерге күлетін боламыз.
آية رقم 39
Сендер жақында қорлаушы азаптың кімге келетінін және тұрақты / мәңгілік / азаптың кімнің басына түсетінін білесіңдер!» - деді.
آية رقم 40
Қашан әміріміз келіп, тандырдан су бұрқылдап шыққан кезде, Біз оған: «Оған / кемеге / әрбір түрден жұбымен және үйішіңнен / өздеріне байланысты / сөз бекітіліп қойғандардан басқаларын және иманға келгендерді мінгіз», - дедік. Онымен бірге иманға аз ғана / адам / келген еді.
آية رقم 41
Әрі ол: «Оған мініңдер. Ол Аллаһтың есімімен жүзеді және тоқтайды. Ақиқатында, Раббым өте Кешірімді, ерекше Мейірімді», - деді.
آية رقم 42
Ол / кеме / оларды таулардай толқындарда алып жүзді. / Сонда / Нұх оқшауланып, шетте тұрған ұлына: «Әй, балам! Бізбен бірге / кемеге / мін әрі кәпірлермен бірге болма!» - деп үн қатты.
آية رقم 43
Ол: «Мен тауға / шығып / паналаймын, ол мені судан сақтайды», - деді. / Нұх / :«Бүгін Аллаһтың әмірінен сақтаушы жоқ. Тек қана, Ол рақым еткендер ғана / апаттан құтқарылады / », - деді. Сол кезде екеуінің арасын толқын бөліп, ол суға батырылғандардан болды.
آية رقم 44
Кейін / :«Ей, жер! Суынды жұт! Ей, Аспан! Тоқтат!» - делінді. Сөйтіп су тартылып, әмір орындалды. Ол / кеме / Жуди / тауына / тоқтады. Сонда: «Әділетсіз адамдар / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылсын!» - делінді.
آية رقم 45
Сонда Нұх Раббысына үндеп: «Раббым! Ұлым менің үй-ішімнен. Сенің уәдең хақ. Әрі Сен - ең әділ үкім етушісің», - деді.
آية رقم 46
Ол / Аллаһ / :«Ей, Нұх! Ол сенің үй-ішіңнен емес. Анығында, бұл түзу амал емес. Сондықтан өзіңде білімі болмаған нәрсе туралы Менен сұрама. Мен саған надандардан болмауды насихат етемін», - деді.
آية رقم 47
Ол / Нұх / :«Раббым! Өзім білмеген нәрсенісұраудан Өзіңе сыйынып, қорғауыңды тілеймін. Егер мені кешірмесең және маған рақым етпесең, зиян көрушілерден боламын», - деді.
آية رقم 48
«Ей, Нұх! Бізден болған амандықпен және саған әрі сенімен бірге / болған / үмметтерге арналған берекелермен түс! Ал, өзге / кәпір / қауымдарды / дүниеде / пайдаландырамыз да кейін оларға Бізден бір қинаушы азап тиеді», - делінді.
آية رقم 49
Ей, Мұхаммед! / Міне, осы ғайып хабарлардан, оны саған уахи етеміз. Бұдан бұрын сен де, қауымың да, бұл туралы білмеген едіңдер. Ендеше, сабыр ет, анығында соңғы нәтиже - тақуалар / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанатындар / үшін.
آية رقم 50
Ад еліне ағайындары Һұдты / жібердік /. Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер. Сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Негізінде, сендер - өтірікті ойдан шығарушысыңдар.
آية رقم 51
Әй, елім! Сендерден бұл үшін ақы сұрамаймын, менің сыйымды өзімді жаратқан береді. Ақылдарыңды істетіп, ұғынбайсыңдар ма?
آية رقم 52
Әй, елім! Өздеріңнің Раббыңнан кешірім тілеңдер. Әрі Оған тәубе етіңдер / істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Оғанбойсұнуғақайтыңдар /. Ол сендерге аспаннан мол жаңбыр жібереді және сендердің күш-қуаттарыңа күш-қуат қосады. Қылмыскер болып, теріс бұрылмаңдар», - деді.
آية رقم 53
Олар: «Ей, Һүд! Сен бізге анық дәлел келтірмедің. Біз сенің сөзіңе бола құдайларымызды тастамаймыз әрі саған сенуші емеспіз.
آية رقم 54
Біз тек, саған құдайларымыздың бірінің кесірі тиген екен дейміз», - деді. / Һүд / :«Мен Аллаһты куә етемін және сендер де куә болыңдар. Менің қатысым жоқ, сендердің серік қосып,
آية رقم 55
Одан басқаға табынғандарыңа. Барлығың маған қарсы айла-шарғы жасап, мұрсат бермендер.
آية رقم 56
Ақиқатында, мен өзімнің Раббым және сендердің де Раббың - Аллаһқа жүгініп, Оған өзімді тапсырдым / тәуекел еттім /. Ол кекілінен ұстамаған бірде-бір тірі жан жоқ. Ақиқатында, Раббым тура жолда.
آية رقم 57
Егер теріс бұрылсаңдар, мен шынында сендерге немен жіберілсем, соны өздеріңе жеткіздім. Әрі Раббым сендерді басқалармен алмастырады да, сендер Оған ешбір зиян келтіре алмайсыңдар. Ақиқатында, Раббым - әрбірнәрсені Сақтаушы», - деді.
آية رقم 58
Әміріміз келген кезде, Һұдты және онымен бірге иманға келгендерді Өзіміздің мейірімімізбен құтқардық әрі Біз оларды ауыр азаптан құтқардық.
آية رقم 59
Міне, осы Ад елі өздерінің Раббысының белгі - дәлелдерін теріске шығарды және Оның елшілеріне бағынбады. Әрі олар әрбір өктемшіл қасарушының әміріне ерді.
آية رقم 60
Олар осы өмірде де және Қайта тірілу күні де лағнетте қалды. Біліңдер, Ад елі өздерінің Раббысына күпірлік етті / сенбеді, қарсы келді /.Һұдтың қауымы - Аддықтар / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылсын!
آية رقم 61
Сәмүд еліне ағайындары Салихті / жібердік /. Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер. Сендер үшін Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол, сендерді жерден шығарды әрі онда орналастырды. Одан кешірім тілеңдер әрі істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтыңдар / тәубеге келіндер /. Ақиқатында, Раббым - өте Жақын, тілейтіндерге Жауап беруші», - деді.
آية رقم 62
Олар: «Ей, Салих! Сен осыған дейін біздің арамызда үміт күтілген жан едің. Енді бізді аталарымыз табынған нәрсеге табынудан тиясың ба? Негізінде, біз сенің шақырғаныңнан күмән-күдіктеміз», - деді.
آية رقم 63
Ол / Салих / :«Әй, елім! Айтыңдаршы, егер мен Раббым тарапынан анық дәлел үстінде болсам және Ол маған Өзінен мейірім нәсіп етіп, мен Оған бойсұнбасам, сонда мені Аллаһтан кім қорғайды? Сендер маған зияннан басқа еш нәрсе арттырмайсыңдар.
آية رقم 64
Әй, елім! Мынау - Аллаһтың түйесі, сендер үшін бір мұғжиза-белгі. Ол Аллаһтың жерінде жайылып жүрсін, оны жайына қалдырыңдар. Оған жамандық істеп, тиіспеңдер. Әйтпесе, сендерге жақын тұрған азап тиеді», - деді.
آية رقم 65
Олар оның сіңірін кесіп тастады / өлтірді /. Салих: «тұрақтарыңда үш күн рахаттана тұрыңдар. бұл - жалған болмаған бір уәде», - деді.
آية رقم 66
Әміріміз келген кезде, Салихты және онымен бірге иманға келгендерді Өзіміздің мейірімімізбен құтқардық әрі сол күннің қорлығынан да. Ақиқатында Раббың - бәрінен Күшті, өте Үстем.
آية رقم 67
Әділетсіздік еткендерді бір сайха алып, олар үйлерінде етпеттеген / бетін жерге қаратып өлген / күйі қалды.
آية رقم 68
Тіпті олар ол жерде тұрмаған секілді болды. Біліңдер! Сәмүд елі Раббысына күпірлік етті / иманға келуден бас тартты /. Сәмүдтықтар / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылсын!
آية رقم 69
Біздің елшілеріміз Ибраһимге хош хабармен келді. Олар: «Сәлем» / амандық болсын / , - деді. Ол да: «Сәлем» / амандық болсын / , - деді. Сөйтіп, ол көп күттірмей, отқа қыздырылып пісірілген бұзауды әкелді.
آية رقم 70
Олардың / тамаққа / қолдарын созбағанын көріп, оларды жатырқап, қауіптеніп қалды. Олар: «Қорықпа! Негізінде, біз Лұттың еліне жіберілгенбіз», - деді.
آية رقم 71
Оның / Ибраһимнің сол жерде / тұрған әйелі күліп жіберді. Біз оны Исхақпен және Исхақтың артынан Яғқұппен сүйіншіледік.
آية رقم 72
Ол / Ибраһимнің жұбайы / :«бұл бір ғажап екен?! Өзім кемпір, ал мына күйеуім шал болса, сонда да туамын ба? Анығында, бұл таңқаларлық нәрсе екен!» - деді.
آية رقم 73
Олар / періштелер / :«Сен Аллаһтың әміріне таңқалып тұрсың ба? Ей, үй иелері! Сендерге Аллаһтың мейірімі және берекелері болсын. Шын мәнінде, Ол - аса Мақтаулы, өте Даңқты», - деді.
آية رقم 74
Ибраһимнен қорқыныш кетіп, оған сүйінішті хабар келген кезде, ол Бізбен Лұт елі жайында сөз қозғай бастады.
آية رقم 75
ﭼﭽﭾﭿﮀ
ﮁ
Анығында, Ибраһим ұстамды, беріле бойсұнушы әрі / Раббысына әрдайым / қайтушы еді.
آية رقم 76
Олар / періштелер / :«Ей, Ибраһим! мұны қой! Ақиқатында, Раббыңның әмірі келді, оларға кері қайтарылмайтын азап келе жатыр», - деді.
آية رقم 77
Біздің елшілеріміз Лұтқа келгенде, ол олардың келуімен қынжылып әрі шарасыздана: «бұл - бір ауыр күн», - деді.
آية رقم 78
Сонда қауымы оған асыға жетіп келді. Олар жаман істерді бұрыннан жасайтын. Ол / Лұт / :«Әй, елім! Мына менің қыздарым, олар - сендер үшін таза. Аллаһтан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар / ! Әрі қонақтарыма қатысты мені қорламаңдар. Араларыңда бір дұрыс кісі болмағаны ма?» - деді.
آية رقم 79
Олар: «Қыздарында біздің хақымыз / олардың бізге, біздің Оларға қажетіміз / жоқ екенін білесің ғой. Негізінде, біздің не қалайтынымызды сен жақсы білесің», - деді.
آية رقم 80
Ол / Лұт / :«Әттең! Менде сендерге қарсы бір күш-қуат болса еді. Немесе мықты бір таянышым болса еді», - деді.
آية رقم 81
Олар / періштелер / :«Ей, Лұт! Ақиқатында, біз - Раббыңның елшілеріміз. Олар саған жете алмайды. Түннің бір бөлімінде үй-ішіңді алып шық. Әрі сендерден ешкім бұрылмасын. Тек сенің әйеліңе ғана, оларға тиетін / апат / тиеді. Ақиқатында, олардың белгіленген мезгілі - таң. Таң жақын емес пе?» - деді.
آية رقم 82
Біздің әміріміз келген кезде, олардың ауылдарын / төңкеріп / астын үстіне келтірдік. Әрі үстіне күйдірілген кесектен тас жаудырдық,
آية رقم 83
сондай, Раббыңның құзырында таңбаланған / тастармен /. Әрі ол / жаза / әділетсіздерден алыс емес.
آية رقم 84
Мәдиян еліне, ағайындары Шұғайыпты / жібердік /. Ол: «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер. Сендер үшін Одан басқа құдай жоқ. Өлшеуді және таразығатартуды кемітпеңдер. Мен сендердің жағдайларыңның жақсы екенін көрудемін. Бірақ, мен сендерді орап алушы Күннің / Қияметтің / азабы тұтуынан қорқамын.
آية رقم 85
Әй, елім! Өлшеуді және таразыға тартуды әділдікпен, толық орындаңдар және адамдардың заттарын өлшеуде кемітпеңдер! Әрі жер бетінде бұзушылық жасап бүлдірмеңдер.
آية رقم 86
Егер иманды болсаңдар, Аллаһтың сендерге қалдырғаны өздерің үшін қайырлы. Ал, мен сендерді күзетуші емеспін», - деді.
آية رقم 87
Олар: «Ей, Шұғайып! Ата-бабаларымыз табынып келгенге табынуды немесе өз дүниелерімізге қалағанымызды істеуден бас тартуымызды, саған сенің намазың бұйыра ма? Негізінде, сен «ұстамды, тура жолды тапқан адамсың», - деді / келеке етіп /.
آية رقم 88
Ол / Шұғайып / :«Әй, елім! Айтыңдаршы, егер мен Раббым тарапынан анық дәлел үстінде болсам және Ол маған жақсы бір ризық берген болса, мен сендерге тыйым салған нәрсені өзім істеп, сендерге айтқаныма өзім кереғар келуді қаламаймын. Негізінде, мен шамам жеткенше, түзетуді ғана қалаймын. Әрі менің табысты болуым / маған көмек / тек бір Аллаһтан. Мен Аллаһқа • жүгініп, өзімді Оған тапсырдым / тәуекел еттім / , әрі істеген күнәм үшін шынайы өкініп, Оған бойсұнуға қайтамын / тәубе етемін /.
آية رقم 89
Ей, елім! Менімен келіспей бөлінулерің, сендерді Нұх елі, не Һүд елі немесе Салих елі ұшыраған сияқтыға ұшыратпасын! Әрі Лұт елі де сендерден алыс емес.
آية رقم 90
Өздеріңнің Раббыңнан кешірім тілеңдер, содан кейін істеген күнәларыңа шынайы өкініп, Оғанбойсұнуға қайтыңдар / тәубеге келіңдер /. Ақиқатында, Раббым - ерекше Мейірімді, жақсы көруші».
آية رقم 91
Олар: «Ей, Шұғайып! Біз сен айтқанның көбін түсінбейміз. Әрі сені арамызда әлсіз көреміз. Егер де ағайындарың болмағанда, саған қатты ұрысушы едік. Сондай-ақ, сенің біздің алдымызда қадірің жоқ», - деді.
آية رقم 92
Ол: «Әй, елім! Сендерге менің ағайындарым Аллаһтан қадірлі ме? Сендер оны / Аллаһтың бұйрықтарын / ІШ арттарыңда қалдырдыңдар. Ақиқатында, Раббым не істеп жатқандарыңды Қамтушы.
آية رقم 93
Әй, елім! Әрекеттеріңді білгендеріңше жалғастыра беріңдер, мен де әрекет етушімін. Қорлайтын азаптың кімге келетінін және кімнің өтірікші екенін жақында білесіңдер. Енді күтіңдер! Мен де - сендермен бірге күтушімін», - деді.
آية رقم 94
Ал, әміріміз келген кезде, Шұғайып және онымен бірге иманға келгендерді Өз мейірімімізбен құтқардық. Әрі әділетсіздік еткендерге бір сайха тұтты. Сөйтіп, олар үйлерінде етпеттеген күйде қалды.
آية رقم 95
Тіпті олар ол жерде тұрмаған секілді болды. Міне, солай, Самуд елі алыстатылғандай, Мәдиян елі де / Аллаһтың мейірімінен / алыстатылсын!
آية رقم 96
ﯰﯱﯲﯳﯴﯵ
ﯶ
Біз Мұсаны белгілерімізбен және анық дәлелмен жібердік,
آية رقم 97
Фиръаунға және оның уәзір, бектеріне. Олар Фиръаунның әміріне ерді. Ал, Фиръаунның әмірі дұрыс емес еді.
آية رقم 98
Ол / Фиръаун / Қайта тірілу / қиямет / күні елінің алдында жүріп, оларды Оттағысуатқа алып келеді. Олар баратын суатнеткен жаман.
آية رقم 99
Олардан осы өмірде де, Қайта тірілу / қиямет / күні де қарғыс қалмайды. Бұл берілген сый неткен жаман
آية رقم 100
Ей, Мұхаммед! / Міне, осы елді мекендердің кейбір хабарларын саған баян етеміз. Олардың кейбірі орнында тұр, ал кейбірі орылған / жойылған / ,
آية رقم 101
Біз оларға әділетсіздік етпедік. Олар өздеріне-өздері әділетсіздік етті. Раббыңның әмірі келген кезде, Аллаһтан өзге жалбарынған құдайлары оларға ешбір пайда келтірмеді. Әрі Оларға зияннан басқаны арттырмады.
آية رقم 102
Әділетсіз елді мекендерді ұстаған кезде, Раббыңның ұстауы / жазалауы / осындай болды. Ақиқатында, Оның ұстауы / жазалауы / -күйзелтуші, қатты.
آية رقم 103
Ақиқатында, мұнда соңғы, мәңгілік өмір / ақирет / азабынан қорыққандар үшін ғибрат бар. Бұл - барлық адамдар жиналатын күн. Әрі барлығы қатысатын күн.
آية رقم 104
ﮭﮮﮯﮰﮱ
ﯓ
Біз оны / қайта тірілетін күнді / белгіленген бір мерзімге дейін ғана кешіктіреміз.
آية رقم 105
Ол / қайта тірілетін күн / келген күні, ешбір жан Оның рұқсатынсыз сөйлемейді. Олардың ішінде бақытсызы да, бақыттысы да болады.
آية رقم 106
Сонда бақытсыз болғандар Отта болады. Оларға ол жерде ыңырану мен өкіру бар.
آية رقم 107
Олар - аспандар мен жер тұрғанынша, онда / тозақта / мәңгі қалушылар, тек Раббыңның қалағанынан басқа. Ақиқатында, Раббың - Өзінің қалағанын Орындаушы.
آية رقم 108
Ал, бақытты етілгендер - Жәннатта. Олар - аспандар мен жер тұрғанынша, онда мәңгі қалушылар, тек Раббыңның қалағанынан басқа. Бұл - бір толассыз сый.
آية رقم 109
Ей, Мұхаммед! / Олардың табынғандарына қатысты күмәнда болма. Олар ата-бабалары бұрын табынғандары секілді табынады. Біз олардың үлестерін кемітпей, толық қайтарамыз.
آية رقم 110
Ақиқатында, Біз Мұсаға Кітап бердік, ал ол туралы / қауымы арасында / келіспеушілік туды. Егер де Раббыңнан алдын ала бекітілген бір сөз болмағанда, олардың араларына шешім шығарылған болар еді. Негізінде, бұлар бұған / Құранға / қатысты күмән - күдік ішінде.
آية رقم 111
Ей, Мұхаммед! / Ақиқатында, Раббың барлығына, олардың амалдарына сай толық қайтарымын береді. Шын мәнінде, Ол - олардың не істеп жатқандарынан Хабардар.
آية رقم 112
Сен өзіңе бұйырылғандай туралықты ұстан әрі сенімен бірге тәубе еткендер де / туралықты ұстансын /.1100 Әрі шектен шықпаңдар. Ақиқатында, Ол - не істеп жатқандарыңды Көруші.
آية رقم 113
Әділетсіздік еткендерге сүйенбеңдер. Онда сендерге тозақ оты тиеді әрі сендерге Аллаһтан өзге қамқоршылар болмайды. Содан кейін сендерге көмек көрсетілмейді.
آية رقم 114
Ей, Мұхаммед! / Күндіздің екі шетінде және түннің белгілі мезгілдерінде намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орында. Ақиқатында, жақсылықтар жамандықтарды кетіреді. Міне, осы - еске алушылар үшін еске салу, / ескерту /.
آية رقم 115
Ей, Мұхаммед! / Сабыр ет. Ақиқатында, Аллаһ жақсылықты ықыласпен істеушілердің сыйын зая кетірмейді.
آية رقم 116
Сендерге дейінгі ұрпақтардың ішінде, жер бетінде бұзықтықтан қайтаратын даналық иелері болғанда / елдеріне зор пайда әкелер еді /. Алайда құтқарғанымыздан олардан өте азы болды. Ал, әділетсіздік еткендер, өздеріне берілген сән-салтанат, рахатқа ерді, сөйтіп қылмыскер болды.
آية رقم 117
Тұрғындары түзу болып тұрған елді мекендерді, сенің Раббың әділетсіздікпен жоймайды.
آية رقم 118
Егер де Раббың қалағанда, адамдарды бір-ақ үммет етер еді. Ал, олар қайшылыққа түсулерін үнемі жалғастыруда,
آية رقم 119
тек Раббыңның рақым еткендері ғана / одан аман / }т Ол / Аллаһ / оларды осы үшін жаратты. Раббыңның: «Мен Жаһаннамды жындар және адамдардың бәрімен толтырамын», - деген сөзі орындалды.
آية رقم 120
Ей, Мұхаммед! / Біз саған елшілер жайлы хабарларды, жүрегінді орнықтыру үшін баян етеміз. Саған Мұнда ақиқат және иманға келгендер үшін насихат әрі еске салу / ескерту / келді.
آية رقم 121
Иманға келмегендерге: «Әрекеттеріңді осылайша жалғастыра беріңдер, біз де әрекет етеміз.
آية رقم 122
ﮌﮍﮎ
ﮏ
Күтіңдер, анығында біз де күтушіміз», - деп айт.
آية رقم 123
Аспандардың және жердің құпиясы Аллаһта. Әрі істердің барлығы Оған қайтарылады. Оған құлшылық ет және Оған жүгініп, өзіңді тапсыр / тәуекел ет /. Сендердің Раббың не істеп жатқандарыңнан ғапыл емес.
تقدم القراءة