ترجمة معاني سورة لقمان باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
جمعية خليفة الطاي الخيرية
الترجمة الإنجليزية - صحيح انترناشونال
المنتدى الإسلامي
الترجمة الإنجليزية
الترجمة الفرنسية - المنتدى الإسلامي
نبيل رضوان
الترجمة الإسبانية
محمد عيسى غارسيا
الترجمة الإسبانية - المنتدى الإسلامي
الترجمة الإسبانية (أمريكا اللاتينية) - المنتدى الإسلامي
المنتدى الإسلامي
الترجمة البرتغالية
حلمي نصر
الترجمة الألمانية - بوبنهايم
عبد الله الصامت
الترجمة الألمانية - أبو رضا
أبو رضا محمد بن أحمد بن رسول
الترجمة الإيطالية
عثمان الشريف
الترجمة التركية - مركز رواد الترجمة
فريق مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة التركية - شعبان بريتش
شعبان بريتش
الترجمة التركية - مجمع الملك فهد
مجموعة من العلماء
الترجمة الإندونيسية - شركة سابق
شركة سابق
الترجمة الإندونيسية - المجمع
وزارة الشؤون الإسلامية الأندونيسية
الترجمة الإندونيسية - وزارة الشؤون الإسلامية
وزارة الشؤون الإسلامية الأندونيسية
الترجمة الفلبينية (تجالوج)
مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة الفارسية - دار الإسلام
فريق عمل اللغة الفارسية بموقع دار الإسلام
الترجمة الفارسية - حسين تاجي
حسين تاجي كله داري
الترجمة الأردية
محمد إبراهيم جوناكري
الترجمة البنغالية
أبو بكر محمد زكريا
الترجمة الكردية
حمد صالح باموكي
الترجمة البشتوية
زكريا عبد السلام
الترجمة البوسنية - كوركت
بسيم كوركورت
الترجمة البوسنية - ميهانوفيتش
محمد مهانوفيتش
الترجمة الألبانية
حسن ناهي
الترجمة الأوكرانية
ميخائيلو يعقوبوفيتش
الترجمة الصينية
محمد مكين الصيني
الترجمة الأويغورية
محمد صالح
الترجمة اليابانية
روايتشي ميتا
الترجمة الكورية
حامد تشوي
الترجمة الفيتنامية
حسن عبد الكريم
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
خليفة الطاي
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي
جمعية خليفة الطاي الخيرية
الترجمة الأوزبكية - علاء الدين منصور
علاء الدين منصور
الترجمة الأوزبكية - محمد صادق
محمد صادق محمد
الترجمة الأذرية
علي خان موساييف
الترجمة الطاجيكية - عارفي
فريق متخصص مكلف من مركز رواد الترجمة بالشراكة مع موقع دار الإسلام
الترجمة الطاجيكية
خوجه ميروف خوجه مير
الترجمة الهندية
مولانا عزيز الحق العمري
الترجمة المليبارية
عبد الحميد حيدر المدني
الترجمة الغوجراتية
رابيلا العُمري
الترجمة الماراتية
محمد شفيع أنصاري
الترجمة التلجوية
مولانا عبد الرحيم بن محمد
الترجمة التاميلية
عبد الحميد الباقوي
الترجمة السنهالية
فريق مركز رواد الترجمة بالتعاون مع موقع دار الإسلام
الترجمة الأسامية
رفيق الإسلام حبيب الرحمن
الترجمة الخميرية
جمعية تطوير المجتمع الاسلامي الكمبودي
الترجمة النيبالية
جمعية أهل الحديث المركزية
الترجمة التايلاندية
مجموعة من جمعية خريجي الجامعات والمعاهد بتايلاند
الترجمة الصومالية
محمد أحمد عبدي
الترجمة الهوساوية
الترجمة الأمهرية
محمد صادق
الترجمة اليورباوية
أبو رحيمة ميكائيل أيكوييني
الترجمة الأورومية
الترجمة التركية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفرنسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الإندونيسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفيتنامية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة البوسنية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الإيطالية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفلبينية (تجالوج) للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
الترجمة الفارسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
مركز تفسير للدراسات القرآنية
Dr. Ghali - English translation
Muhsin Khan - English translation
Pickthall - English translation
Yusuf Ali - English translation
Azerbaijani - Azerbaijani translation
Sadiq and Sani - Amharic translation
Farsi - Persian translation
Finnish - Finnish translation
Muhammad Hamidullah - French translation
Korean - Korean translation
Maranao - Maranao translation
Abdul Hameed and Kunhi Mohammed - Malayalam translation
Salomo Keyzer - Flemish (Dutch) translation
Norwegian - Norwegian translation
Samir El - Portuguese translation
Polish - Polish translation
Romanian - Romanian translation
Elmir Kuliev - Russian translation
Albanian - Albanian translation
Tatar - Tatar translation
Japanese - Japanese translation
محمد جوناگڑھی - Urdu translation
Ma Jian - Chinese translation
Turkish - Turkish translation
King Fahad Quran Complex - Thai translation
Ali Muhsin Al - Swahili translation
Abdullah Muhammad Basmeih - Malay translation
Hamza Roberto Piccardo - Italian translation
Indonesian - Indonesian translation
Bubenheim & Elyas - German / Deutsch translation
Bosnian - Bosnian translation
Hasan Efendi Nahi - Albanian translation
Sherif Ahmeti - Albanian translation
Sahih International - English translation
Czech - Czech translation
Abul Ala Maududi(With tafsir) - English translation
Tajik - Tajik translation
Alikhan Musayev - Azerbaijani translation
Muhammad Saleh - Uighur; Uyghur translation
Abdul Haleem - English translation
Mufti Taqi Usmani - English translation
Muhammad Karakunnu and Vanidas Elayavoor - Malayalam translation
Sheikh Isa Garcia - Spanish; Castilian translation
Divehi - Divehi; Dhivehi; Maldivian translation
Abubakar Mahmoud Gumi - Hausa translation
Mahmud Muhammad Abduh - Somali translation
Knut Bernström - Swedish translation
Jan Trust Foundation - Tamil translation
Mykhaylo Yakubovych - Ukrainian translation
Uzbek - Uzbek translation
Diyanet Isleri - Turkish translation
Ministry of Awqaf, Egypt - Russian translation
Abu Adel - Russian translation
Burhan Muhammad - Kurdish translation
Dr. Mustafa Khattab, The Clear Quran - English translation
Dr. Mustafa Khattab - English translation
الترجمة الإنجليزية - مركز رواد الترجمة
الترجمة الفرنسية - محمد حميد الله
الترجمة البوسنية - مركز رواد الترجمة
الترجمة الصربية - مركز رواد الترجمة - جار العمل عليها
الترجمة الألبانية - مركز رواد الترجمة - جار العمل عليها
الترجمة اليابانية - سعيد ساتو
الترجمة الفيتنامية - مركز رواد الترجمة
الترجمة التاميلية - عمر شريف
الترجمة السواحلية - عبد الله محمد وناصر خميس
الترجمة اللوغندية - المؤسسة الإفريقية للتنمية
الترجمة الإنكو بامبارا - ديان محمد
الترجمة العبرية
الترجمة الإنجليزية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة الروسية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة البنغالية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة الصينية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
الترجمة اليابانية للمختصر في تفسير القرآن الكريم
ترجمة معاني القرآن الكريم - عادل صلاحي
عادل صلاحي
ﰡ
آية رقم 1
ﭑ
ﭒ
Әлиф. Ләм. Мим.
آية رقم 2
ﭓﭔﭕﭖ
ﭗ
Бұл - хикметті Кітаптың аяттары,
آية رقم 3
ﭘﭙﭚ
ﭛ
жақсылықты ықыласпен істеушілер үшін жолбасшы / тура жолды ұстануға басшылыц / әрі мейірім.
آية رقم 4
Олар - сондай, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле / толық орындайды, зекетті береді және соңғы, мәңгілік өмірге / ақиретке / айқын сенеді.
آية رقم 5
Міне, солар - өздерінің Раббысынан болған тура жолдағылар әрі солар мұратына жететіндер.
آية رقم 6
Адамдардың ішінде, ешқандай білімі болмаса да / адамдарды / Аллаһтың жолынан адастыру үшін пайдасыз бос әңгімелерді сатып алатын бар әрі ол оны / Аллаһтың жолын / келекеге айналдырады. Міне, соларға қорлаушы азап болады.
آية رقم 7
Қашан оған Біздің аяттарымыз оқылса, ол оны естімегендей, құлағында кереңдік бар секілді, өзін жоғары санап, менменси теріс бұрылады. / Ей, Мұхаммед! / Оны күйзелтуші азаппен «сүйіншіле».
آية رقم 8
Ақиқатында иманға келген және ізгі амал істегендерге Наъим бақтары бар.
آية رقم 9
Олар, Аллаһтың хақ уәдесі бойынша онда мәңгі қалады. Ол -бәрінен Үстем, аса Дана.
آية رقم 10
Ол аспандарды тіреусіз жаратты, оны / тіреуді / егер болғанда көретін едіңдер және жерге мызғымай тұрғандарды / тауларды / тастады, сендермен бірге шайқалмауы үшін және онда әрбір жаны барды таратты. Әрі Біз аспаннан су түсіріп, онда / жерде / барлық көркем түрлерді өсірдік.
آية رقم 11
Міне, бұл - Аллаһтың жаратқаны. Ал, Одан өзгелердің не жаратқанын Маған көрсетіңдерші? Иә, солай, әділетсіздер анық адасуда.
آية رقم 12
Біз Лұқманға даналық беріп: «Шүкір ет / Раббыңның берген игіліктеріне алғыс білдір /. Кім шүкір етсе / Раббысының берген игіліктеріне алғыс білдірсе / , білдірген алғысы / шүкірлігі / өз пайдасына болады. Ал кім күпірлік етсе / берілген игіліктерді мойындамаса / , әлбетте Аллаһ - Бай, мұқтажсыз, аса Мақтаулы», -дедік.
آية رقم 13
Міне, кезінде Лұқман ұлына насихат етіп: «Әй, ұлым / кішкентайым / \ Аллаһқа серік қоспа. Өйткені серік қосу - өте үлкен әділетсіздік», - деп айтқан еді.
آية رقم 14
Біз адам баласына ата-анасын өсиет етіп тапсырдық. Анасы жүкті болып, оны әлсіздік үстіне әлсіздікпен көтерді. Әрі / сәбиді омыраудан / екі жылда ажыратады. Маған және ата-анаңа шүкір ет / алғыс, ризалық білдір /. Қайтуларың Маған / Мағанқайтасыңдар /.
آية رقم 15
Ал, егер ол екеуі өзінде білімі болмаған нәрсені Маған серік етіп қосуың үшін ұмтылып, әрекет етсе, онда оларға бағынба. Бірақ, бұл дүниеде оларды құпталғанға сай қарап, күт, әрі Маған бойсұнып, жүгінгендердің жолымен жүр. Кейін сендер Маған қайтасындар. Сонда сендерге не істеп өткендеріңнің хабарын беремін.
آية رقم 16
«Әй, балам! Егер қыша дәнінің салмағындай бір нәрсе болып, ол бір жартастың ішінде, не аспандарда, не жерде болса да, Аллаһ оны келтіреді. Ақиқатында, Аллаһ барлық нәрсені толық Білуші, бәрінен Хабардар.
آية رقم 17
Әй, балам, намазды / барлық шарттарын сақтап, беріле, толық / орында, құпталғанға бұйыр әрі тыйым салынғаннан қайтар және басыңа түскенге сабыр ет. Ақиқатында, бұлар - қайрат-жігер танытатын істерден.
آية رقم 18
Адамдардан бетіңді / менменси / қисайтып бұрма әрі жер бетінде кердеңдеп жүрме. Ақиқатында, Аллаһ әрбір өркөкіректі әрі мақтаншақты жақсы көрмейді.
آية رقم 19
Әрі жүрісіңде орташа, бірқалыпты бол және дауысыңды бәсеңдет. Өйткені дауыстардың ең жағымсызы - есектің дауысы.
آية رقم 20
Аспандар мен жердегі нәрселерді Аллаһтың сендер үшін бағынышты еткенін, әрі сендерді ап-айқын және жасырын / көрінбейтін / игіліктеріне бөлегенін көрмедіңдер ме? Адамдардың арасында өзінде не білімі, не тура жолға бастаушысы, не жарық беруші кітабы болмаса да Аллаһ жайында айтысатындары бар.
آية رقم 21
Әрі қашан оларға:«Аллаһтыңтүсіргеніне еріңдер», - делінсе, олар: «Жоқ.Біз аталарымызды ненің үстінде / қандай құлшылықта / тапсақ, соған ереміз», - дейді. Егер де шайтан оларды Саъир (Тозақтың бір аты. Мағнасы - жалынды от) азабына шақырса да ма?
آية رقم 22
Кім ықыласпен жақсылық істеуші болған күйінде жүзін / дінін, амалын / Аллаһқа бойсұндырса, сол ең сенімді тұтқадан ұстаған j болады. Істердің нәтижесі - Аллаһта.
آية رقم 23
Ал, кім күпірлік етсе / иманға келмесе / , оның күпірлігі / қарсылығы / сені қайғыртпасын. Олардың қайтар жері - Біздің алдымыз. Сонда Оларға не істегендерінің хабарын береміз. Ақиқатында, Аллаһ көкіректердегі нәрсені толық Білуші.
آية رقم 24
Біз олардың / бұл дүниеден / аз ғана пайдалануына мүмкіндік беріп, кейін оларды ауыр азапқа мәжбүр етіп саламыз.
آية رقم 25
Ей, Мұхаммед! / Егер олардан аспандарды және жерді кім жаратты?» - деп сұрасаң, олар міндетті түрде: «Аллаһ», - дейді. Айт: «Барлық мақтау Аллаһқа!» -деп. Бірақ олардың көбі білмейді.
آية رقم 26
Аспандардағы және жердегілердің барлығы Аллаһтікі. Ақиқатында Аллаһ өте Бай, Мұқтажсыз, аса Мақтаулы.
آية رقم 27
Егер де жердегі барлық ағаштар қаламға айналып, ал теңіз / сия болып / және оған артынан жеті теңіз қосылса да Аллаһтың сөздері таусылмайды. Ақиқатында Аллаһ бәрінен Үстем , аса Дана.
آية رقم 28
Сендерді жарату және қайта тірілту - бір жанды / жаратып, тірілту / секілді ғана. Ақиқатында Аллаһ бәрін Естуші / Самиъ / , бәрін Көруші / Басир /.
آية رقم 29
Аллаһтың түнді күндізге кіргізіп, ал күндізді түнге кіргізетінін көрмедің бе? Әрі күн мен айды / құлдарының пайдасы үшін / бағынышты еткенін, - / олардың / әрқайсысы белгіленген мерзімге дейін қозғалады, - сондай-ақ Аллаһ сендердің не істейтіндеріңнен Хабардар екенін ?
آية رقم 30
Бұл солай. Ақиқатында, Аллаһ - әл-Хақ / күмәнсіз Ақиқат / , ал олардың Одан өзге шақыратындары / табынып жалбарынатындары / жалған әрі шын мәнінде, Аллаһ - аса Жоғары, өте Үлкен.
آية رقم 31
Ей, Мұхаммед! / Сен кемелердің Аллаһтың игілігімен, Оның кейбір белгілерін сендерге көрсетуі үшін теңізде жүзетінін көрмедің бе? Ақиқатында, мұндаәрбірәрдайым сабыр, көп шүкір етушілер / Раббысының бергендерінеалғыс білдірушілер / үшін белгілер бар.
آية رقم 32
Қашан оларды таулардай толқындар орап алса, дінін / құлшылықтарын / шын ықыласпен / серік қосу, риядан тазартып / тек Оған арнаған күйде Аллаһқа дұға етеді / Одан тілеп, жалбарынады /.Ал қашан оларды құрлыққа / шығарып / құтқарған соң, олардың кейбірі / шүкірліктерін / кемітеді. Біздің белгілерімізді әрбір опасыз, игілігімізге алғыс білдірмеуші / шүкіршілік етпеуші / ғана теріске шығарады.
آية رقم 33
Ей, адамдар! Өздеріңнің Раббыңнан / Оның жазасынан / қорқып, сақтаныңдар / тақуалық етіңдер / әрі ешбір әке баласы үшін өтем бере алмайтын және ешбір бала әкесі үшін өтем бере алмайтын Күннен қорқындар. Күдіксіз, Аллаһтың уәдесі ақиқат. Сондықтан осы өмір сендерді алдамасын / дүние қызықтарына алданып қалмаңдар / , әрі алдаушы / шайтан / сендерді Аллаһқа қатысты алдап қоймасын.
آية رقم 34
Ақиқатында Сағаттың / Қайта тірілу күнінің / білімі Аллаһта, Ол жаңбырды жаудырады және жатырлардағыны біледі. Ешбір жан ертең не табатынын білмейді әрі ешбір жан қай жерде өлетінін білмейді. Ақиқатында Аллаһ бәрін Білуші, бәрінен Хабардар.
تقدم القراءة