ترجمة معاني سورة عبس
باللغة الكازاخية من كتاب الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
.
من تأليف:
خليفة الطاي
.
ﰡ
Қайдан білесің,мүмкін ол тазарар?
Не үгіт алар,оған үгіт пайда берер.
Ал енді байсынған;(Құрайш бастықтары) келсе,
Ал енді саған жұгіріп келген біреу;
Сонда да оған селқос қарайсың.
Жоқ,олай емес.Әлбетте Құран бір насихат.
Сондықтан кім қаласа,үгіт алады.
Құрметті нұсқаларда жазулы,
Жоғары бағаланған тап-таза;
Ардақта,игі.(Періштелер;Лаухы Махфуздан көшірген.Б.Ж.Х)
Жаны шықсын) Оған,адам баласы қалай қарсы?
Алла адамды не нәрседен жаратты?
Бір тамшыдан жаратып,оны бейнеледі.
Сосын оның жолын оңайластырды.
Кейін оған өлім біріп,оны қабырға қойдырды.
Қалаған сәтте,оны тірілтеді.
Жоқ,ол Алланың әмірін орындамады.
Ал енді адамзат,жеген тамағына бір көз салсын.
Сосын қара жерді қақ айырдық.
Сонда жерде дәнді дақылдар өсірдік.
Сендер әрі малдарың пайдалану үшін.
Ал енді қатты дауыс келген сәтте;
Сол күні,кісі туысынан қашады;
Әйелінен және балаларынан.
Ол күні әркімнің ісі ауыр.(Әркім өз халымен әлек.)
Ол күні кейбір жүздер,жарқырайды,
Ол күні кейбір жүздің үстін шаң басқан болады;
Оны қара түнек қаптаған болады.
Міне солар,қарсы келген бұзақылар.