Хаж және ғұмраны Алла үшін толық орындаңдар. Егер (жолда) тосылсаңдар, құрбандықтан қолайсысы болады. Құрбандық орнына барғанға дейін шаштарыңды алдырмаңдар. (Құрбандық барып бауыздалғаннан кейін шаш алдырып ыхрамнан шығады). Біреу (ықрамда) науқас немесе басында бір жайсыздық болып, шаш алдырса ораза не садақа немесе құрбандықтан төлеу салады. Ал қашан амандықта болсаңдар хажға дейін ғұмрадан пайдаланса, (әуелі ғұмраны орындап, ыхрамнан шығып, хаж үшін қайта ыхрам байланса, бұны «Хаж Тәматтұғ» деп атайды). Сонда қолайлы бір құрбан шалады. Егер біреу құрбандық таба алмаса, хажда үш күн, үйге қайтып келгенде жеті күн болып, толық он күн ораза ұстайды. бұл үйі Месжід Харамның маңында болмағандар үшін. Алладан қорқындар. Негізінен Алланың қатты ғазап иесі екенін біліңдер.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Қажылықты және ұмраны Аллаһ үшін толық орындаңдар. Егер / жолда / кедергіге тап болсаңдар, құрбандық малдан жеңілін / сойыңдар /. Союға аталған құрбандық мал сойылатын орнына жеткенше, шаштарыңды алдырмаңдар. Сендерден біреу / ихрамда / науқас немесе басына байланысты бір қиыншылық көрсе / уақытынан бұрын шашын алдырса / , соның өтемі ретінде ораза ұстауы не садақа беруі немесе мал союы керек. Ал, қашан қауіпсіздікте болып, қайсыларың ұмра жасағаннан кейін, қажылыққа дейін / ихрамнан уақытша шықса / , онда өзіне қолайлы / жеңіл / болған бір құрбандық мал / шалуы керек /. Егер таба алмаса, қажылықта үш күн, / үйіне / қайтып барған соң жеті күнораза ұстайды, / барлығы / толық он күн. Бұл / үкім / - үйлері әл-Харам маңында / аумағында / болмағандар үшін. Әрі Аллаһқа тақуалық етіңдер / Оның жазасынан қорқып, сақтаныңдар / және Аллаһтың қатты азап иесі екенін біліңдер.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي