Хаж (шәууал, зылқағда және зылхажжаның онына дейінгі) белгілі айлар. Кім ол айларда (ыхрам байланып) міндеттенсе, хаж кезінде әйелге жақындасу, кінә істеу және жанжал жоқ. Әй ақыл иелері! Ненедей хайыр істесеңдер, Алла оны біледі. Және азық алыңдар. Негізінде азықтың жақсысы тақуалық. «Әй ақыл иелері! Менен ғана қорқыңдар.»
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Қажылық - белгілі айлар. Кімде-кім ол айларда қажылықты орындауға міндеттенсе, онда қажылық кезінде әйеліне жақындасуға, күнә жасауға және айтысып-тартысуға болмайды. Қандай жақсылық істесеңдер, Аллаһ оны біледі. Әрі жол азығымен қамданыңдар. Ал, жолазықтың ең жақсысы - тақуалық / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтану /. Ей, ақыл иелері, тек Менен / Менің жазамнан / қорқып, сақтаныңдар!
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي