Адам баласы бір-ақ үммет еді. Сонда Алла қуандырушы, қорқытушы пайғамбарлар жіберді. Адамдардың араларындағы талас нәрселерге үкім ету үшін олармен бірге хақ Кітап жіберді. Сол кітап берілгенлер, ашық дәлел келгеннен кейін араларындағы кекшілдіктен ғана қайшылыққа түсті. Сонда Алла иман келтіргендерді, олар тартысқан шындыққа өз ұйғаруымен жеткізді. Алла қалағанын даңғыл жолға салады.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Адамдар бір ғана үммет болған еді. Аллаһ адамдардың қайшылыққа түскен нәрселеріне қатысты үкім ету үшін қуанышты хабар жеткізуші және ескертуші ретінде пайғамбарларды жіберді әрі олармен бірге ақиқатпен Кітап түсірді. Негізінде, өздеріне анық дәлелдер келгеннен кейін, Кітап берілгендер әділетсіздіктері себебінен өзара қарама-қайшылыққа түсті. Сонда Аллаһ иманға келгендерді, қайшылыққа түскен нәрселеріне байланысты Өз қалауымен ақиқатқа жеткізді. Әрі Аллаһ Өзі қалағанды тура жолмен жүргізеді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي