(Мұхаммед Ғ.С.) Яһудилердің жалпы адамдардан да мүшректерден де тіршілікке (ұзын өмірге) тым құмар екенін көресің. Олардың әрбіреуі мың жылөмір сүруді арман етеді. Алайда өмір оны азаптан арашаламайды. Алла (Т.) олардың істегендерін толық көруші. (Яһудилердің тағы бір қылығы: «Жебрейіл дұшпанымыз, бізге азап әкелген, уахиды мікейіл әкелсе нанар едік» дейтін еді.)
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Сен олардың / иудейлердің / өмірге - адамдардың ішінде бәрінен де, тіпті мүшріктерден де / Аллаһқа серік қосушылардан да / қатты құштар екенін көресің. Олардың әрбіреуі мың жыл өмір берілгенін қалайды.Алайда ұзақ өмір оны азаптан алыстатпайды.Аллаһ - олардың не істеп жатқандарын Көруші.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي