(Мұхаммед Ғ.С.) қарсы болғандар, қашан сені көрсе, өзіңді мүлде тәлкектеп: "Тәңірлеріңді сөз қылып жүрген осыма?",- дейді. Сондай-ақ олар өздері Рахманның зікіріне (Кітабына) қарсы.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ал, сондай күпірлік етушілер / Аллаһқа серік қосушылар / сені көрген кезде, келеке етіп: «құдайларыңды сөз қылып жүрген мынау ма?» - дейді. Әрі өздері әр-Рахманның / аса Қайырымдының / еске салуын / Құранды / теріске шығарады.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي