Дауыт пен Сүлеймен (Ғ.С.) ді есіңе ал. Екеуі бір елдің қойы түнде егінге түсіп, соған билік айтқанда, биліктерін көріп тұрдық. (Дауыт Ғ.С.: "Егін иесі қойды алсын" деп билік қылғанда; баласы, Сүлеймен: "Қой иесі егінді бағып, жетілдіргенге дейін қой егін иесінде тұрсын" дейді. Б.М.Р.)
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әрі Дәуіт пен Сүлейменге де. Кезінде бір адамдардың қойы түсіп кеткен егінге қатысты ол екеуі үкім шығарған еді. Біз олардың үкім шығарғанына куә болдық.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي