Сонда Ғиса (Ғ.С.) олардан қарсылық сезген кезде: «Алла жолында жәрдемшім кім?»,- деді. Хауарилер: «Біздер Алла үшін көмекшіміз,Аллаға иман келтірдік, куә бол, шынайы мұсылманбыз» деді. (Хауарилер он екі кісі еді.)
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Иса олардан / иудейлерден / күпірлік / қарсылық / сезген кезде: «Аллаһқа / Оның жолындағы / менің жәрдемшілерім кім?» - деді. Хауарилер / Исаға ерушілер / :«Біз - Аллаһ / дінінің / көмекшілеріміз. Аллаһқа сендік! Біздің мұсылман / бойсұнушы / екендігімізге куә бол.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي