Ал және олар: «Өз діндеріңе ергендерге ғана сеніңдер» деді. (Мұхаммед Ғ.С.): «Расында Алланың жолы тура жол» деп айт.(Тағы олар өзара ): «Сендерге берілгендей ешбіреуге берілетіндігіне немесе олардың, Раббыларыңның жанында сендерге дәлелдейтіндіктеріне де сеңбендер» десті. (Мұхаммед Ғ.С.) :«Шын мәнінде кеңшілік Алланың қолында, Ол кімді қаласа, соған береді. Сондай-ақ Алла аса кең, әр нәрсені білуші» деп айт.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әрі діндеріңе ергеннен басқаға сенбеңдер», - деді. / Ей, Мұхаммед! / Айт: «Ақиқатында, тура жол - Аллаһтың жолы», - деп. / Олар тағы бір-біріне / :«Сендерге берілгендей нәрсе біреуге берілмеуі немесе олар сендермен Раббыңыздың алдында тартыспауы үшін», - деді. Айт: «Анығында, кеңшілік - Аллаһта. Ол оны қалағанына береді. Аллаһ - аса Кең , бәрін Білуші», - деп.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي