(Рауаят бойынша, Алла, Мұсаға Израил ұрпақтарының бұзауға шоқынуларынан тәубе қылулары үшін жетпіс уәкіл сайлап келуін бұйырады.) «Бізге осы дүниеде және ақиретте жақсылық жаза көр! Күдіксіз біз Саған бет бұрдық.» (Алла Т.): «Мен қалағанымды азабыма ұшыратамын, рахметім әр нәрсені сыйдырды. Мәрхаметімді сондай тақуалық қылғандарға, зекет бергендерге және аяттарымызға сенгендерге жедел жазамыз» деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Бізге осы өмірде жақсылық жаза гөр және соңғы, мәңгілік өмірде де Ақиретте де / Біз істеген күнәмізге шынайы өкініп, Өзіңе бойсұнуға қайттық / тәубеге келдік / »,-деді. / Аллаһ / :«Мен кімді қаласам азабыма ұшыратамын. Ал мейірімім барлық нәрсені қамтиды. Мен оны тақуалық ететіндерге / жазамнан қорқып, сақтанатындарға / , зекетті беретіндерге және аяттарымызға сенетіндерге жазамын,
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي