Біз Израил ұрпақтарынан он екі рулық топтарға бөлдік. Мұса (Ғ.С.) дан, елі су сұрағанда: «Таяғынды тасқа ұр» деп уахи еттік. Сонда тастан он екі бастау шықты да әркім өз суатын білді. Оларға бұлтты көлеңке қылып, өздеріне «Мәнна, Сәлуаны» түсірдік: «Сендерге Біз берген таза ризықтан жеңдер» (дедік) Олар бізге кесір тигізбеді. Алайда өздеріне кесір тигізді
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Біз оларды он екі ру елге бөлдік. Мұсадан халқы су сұраған кезде, оған: «Таяғыңмен тасты ұр» - деп уахи еттік. Сонда одан / тастан / он екі бұлақ жарып шығып, адамдардың әрбірі өз суатын білетін болды. Оларға бұлтты көлеңке етіп, мәнн және сәлуәні / көктен түсірілген тәтті тағам / түсірдік те: «Біз сендерге ризық етіп берген жақсы нәрселерден жеңдер», - дедік. Олар бізге әділетсіздік етпеді, алайда олар өздеріне әділетсіздік еткен еді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي