Сол уақытта Ыбырайым (Ғ.С.): «Раббым! Бұны бір тыныш қала қыла көр! және оның тұрғындарынан кім Аллаға, ахирет күніне иман келтірсе, әр түрлі өнімдермен ризықтандыр» деп, жалбарынды. (Раббы): «Кім қарсы болса, оны да аз (күнгі дүниеде) пайдаландырамын, сонан соң оны (ахиретте) от азабына зорлаймын. Ол, барар орынның жаманы» деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Сонда Ибраһим: «Раббым! Бұл қаланы / Меккені / бейбіт ет әрі оның Аллаһқа және Ақирет күніне сенген тұрғындарын жемістермен қамтамасыз ет», - деді. Ол / Аллаһ / :«Күпірлік еткендерді / қарсы келушілерді / де аз ғана пайдаландырып, кейін От / тозақ / азабына мәжбүр етемін. Ол баратын жер қандай жаман!» - деді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي