Және оларға: «Біз Аллаға, бізге түсірілген Құранға әрі Ыбырайым, Ысмайыл, ысхақ, Яғқұп (Ғ.С.) тарға, ұрпақтарына тағы Мұса, Ғиса (Ғ.С.) ға берілген нәрселерге сондай-ақ Раббылары тарапынан өзге пайғамбарларға берілген нәрселерге иман келтіріп әрі олардың араларын айырмаймыз. (бәріне де сенеміз) және біздер Ол Аллаға ғана бой ұсынушымыз» деңдер.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Айтыңдар: «Біз Аллаһқа сендік және бізге түсірілгенге / Құранға / әрі Ибраһимге, Исмаъилға, Исхаққа, Йаъқубқа және ұрпақтарына түсірілгенге және Мұсаға, Исаға берілгенге әрі Раббысы тарапынан пайғамбарларға берілгенге сендік. Олардың ешқайсысының араларын айырып, бөлмейміз әрі біз тек Оған бойсұнушымыз»,- деп.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي