Шынайы түрде сендерге өлексені, (арам өлген малды), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды. Сонда кім мәжбүрленсе, қарсылық қылмаса, шектен шықпаса оған кінә жоқ. Күдіксіз Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді. (Алладан басқаға арналып бауыздалған мал арам. Егер бір Мұсылман Алладан басқаға жақындасу ниетімен бауыздаса діннен шығады. Бауыздағаны жемтік болады. Және мәжбүрлік екі түрлі: Жейтін таба алмау, не біреу зорлау.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Шын мәнінде, Ол сендерге өлексені, қанды, доңыз етін және Аллаһтан басқаға арнап сойылғанды тыйым салды / харам қылды /. Сонда кім / тыйым салынғанды жеуге / мәжбүр болып, оған құштарлық танытпай әрі оны рұқсат етілген мөлшерден асырмай жесе, оған күнә жоқ. Шын мәнінде, Аллаһ - өте Кешірімді, ерекше Мейірімді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي