Сондай Алла түсірген Кітаптан (Тәураттағы Мұхаммед Ғ.С.ның сипаттарын) жасырып, оны аз ақшаға (дүниеге), айырбастағандар, Солар қарындарына отты ғана жейді. (Қарындарын отпен толтырады.) Қиямет күні Алла оларға тіл қатпайы да оларды ақтамайды және оларға күйзелтуші ғазап бар.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ақиқатында, Аллаһтың Кітапта түсіргенін жасырып, әрі ол үшін болмашы бағаны / дүниелік мүддені / сатып алатындар, міне солар, қарындарына от болатынды жейді. Қайта тірілу күні Аллаһ оларға сөйлемейді әрі оларды тазартпайды, әрі оларға күйзелтуші азап бар.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي