(Мұхаммед Ғ.С.) олар сенен жаңа туған айдың жағдайын сұрайды: «Ол, адамдар және хажылық үшін уақыт белгілеу» де. (Және олар хаж кезінде үйге арт жағынан кіруді жақсы деп ойлайды. ) Үйлеріңе артынан кірулерің бір жақсылық емес. Бірақ кім сақсынса сол жақсылық. Ендеше, үйлерге есіктерінен кіріңдер әрі Алладан қорқыңдар. Әрине құтыласыңдар. (Мекке кәпірлері Мұсылмандарға 13 жыл жапа шектіріп, Мединеге көшкеннен кейін де қырсоңдарынан қалмай әрі Меккедегі үй- мүліктерін талап алғандықтан, өздері килікпегендерге килікпеу, соғысқандармен соғысу. Сондай қатын бала және дін адамдарына соқтықпай шартымен қорғаныс соғысына әмір түседі.)
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Олар сенен жаңа туған айлар жайлы сұрайды. Айт: «Ол - адамдарға және қажылық үшін уақытты белгілеу / есептеу / », - деп. Үйлерге арт жағынан келулерің жақсы амал емес. Алайда кім тақуалық қылса / Аллаһтың жазасынан қорқып, сақтанса / міне, осы - игі іс. Үйлерге есігінен келіңдер. мұраттарыңа жетулерің үшін Аллаһтан / Оның тыйғандарынан / қорқып, сақтаныңдар.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي