Сендер әйелдерді жақындасудан, қалың тоқтасудан бұрын талақ қылсаңдар сөгіс жоқ. Сонда оларды шамалы өз жағдайынша, нашар өз халынша дұрыстықпен пайдаландырыңдар. Бұл жақсылық істеушілерге бір борыш.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әйелдерді қосылудан бұрын әрі оларға мәһр / қалыңдықтың сыйлығын / белгілеуден бұрын талақ етсеңдер, сендерге күнә болмайды. Сонда оларды - жағдайы бар өз мүмкіндігіне сай, ал жағдайы нашар өз шамасынша құпталғанға сай пайдаландырыңдар, бұл - жақсылықты ықыласпен істеушілер үшін бір міндет.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي