Алла (Т.), Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы, Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән. оның хұзырында өзінің рұхсатынсыз кім шапағат етеді? Олардың алдарындағыны да арттарындағыны да біледі. Олар, Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның күрсісі (Алла тағаланың екі аяғына арналған орын) көктер мен жерді сыйдырады. Оған, ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Және Ол, өте биік, аса зор.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Аллаһ - Одан басқа ешбір құдай жоқ. Ол - әл-Хайй / Тірі / , әл-Қаййум / бәріне тіршілік беріп Басқарушы /. Оны қалғу да, ұйқы да баспайды. Аспандардағы және жердегі нәрселер - Онікі. Оның алдында Өзі рұқсат бермей тұрып, кім шапағат ете / араша түсе / алады ? Ол / Аллаһ / олардың алдарындағыны / не болатынын / және арттарындағыны / не болғанын / біледі. Ал, олар Оның білімінен, Ол Өзі қалағанынан басқа ешнәрсені біле алмайды. Оның Күрсісі аспандар мен жерді қамтиды. Әрі Оған / Аса ұлы Аллаһқа / ол екеуін сақтау ауыр келмейді. Әрі Ол - аса Жоғары, өте Ұлы.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي