Әй мүміндер! Аллаға, ақирет күніне сенбей, адамдарға көрсету үшін мал сарып қылған кісідей, садақаларыңды міндет қылу, ренжітумен жоймаңдар. Міне соның мысалы: Үстінде топырағы бар тас сияқты, оған қатты нөсер жауса, (топырағын шайып) тас күйінде қалдырды. Олардың еңбектері еш болады. Алла қарсы болған елді тура жолға салмайды
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, иманға келгендер! Мал дүниесін адамдарға рия / көрсету / үшін жұмсап, Аллаһқа және Ақирет күніне сенбейтін біреу секілді садақаларыңды міндетсіну әрі ренжіту арқылы зая кетірмеңдер. Олай еткеннің мысалы - үстін топырақ жапқан жылтыр тасқа ұқсайды. Сонда қатты жаңбыр жауып, оны жылтыр күйінде қалдырды. Олар / осылай / істеген ісінен ешбір пайда ала алмайды. Әрі Аллаһ кәпір адамдарды тура жолмен жүргізбейді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي