Сондай малдарын Алланың ризалығын тілеп, өз көңілдерін бекіту үшін Алла жолында сарып қылғандардың мысалы: Көтеріңкі жердегі нөсер жауып екі есе өнім берген бақша тәрізді. Сонда оған жаңбыр тимей, дымқыл тисе де өнім береді. Алла (Т.) не істегендеріңді толық көруші
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ал, мал-дүниелерін Аллаһтың ризалығын іздеп және өз жандарын бекіту үшін жұмсағандар - көтеріңкі жердегі бір баққа ұқсайды. Оған мол жаңбыр жауып, жемісін екі есе берді. Ал, егер оған / мол жаңбыр! тимесе, сіркіреген жаңбыр да / жеткілікті /. Аллаһ - не істеп жатқандарыңды Көруші.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي