Сендердің біреулерің, астарынан өзендер шығатын: Құрмадан, жүзімнен әрбір жемістері бар бақшасы болса да өзіне кәрілік жетіп, нашар жас балалары болса, сонда ол бақшаны жалынды құйын келіп өртеп кетуін қалай ма? (Әрине қаламайды) Алла (Т.) түсінерсіңдер деп аяттарын өстіп баян етеді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Сендерден біреуің, астынан өзендер ағып жатқан түрлі жемісі бар құрма, жүзім бағы болып әрі өзіне кәрілік жетіп, балалары әлсіз / кішкентай / кезінде ол бағына отты құйын тиіп, оны өртеп кетуін қалай ма?! Ойлануларың үшін Аллаһ сендерге аяттарды осылай түсіндіреді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي