Көктердегі және жердегі нәрселер Алланікі. Іштеріңдегілерді жарияласаңдар да жасырсаңдар да Алла сендерден оның есебін алады. Сонда кімді қаласа, жарылқайды да кімді қаласа, азап қылады. Сондай-ақ Алла (Т.) ның барлық нәрсеге толық күші жетеді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Аспандардағы және жердегі нәрселер - Аллаһтікі. Іштеріңдегіні жарияласаңдар да немесе жасырсаңдар да Аллаһ сендерден оның есебін алады. Сонда қалағанын кешіріп, қалағанын азаптайды. Аллаһтың әрбір нәрсеге Күші жетуші.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي