(Алла Т): «Әй Адам! Оларға, бұлардың аттарын баян ет» деді. Сонда (Адам Ғ.С.) оларға ол заттардың аттарын айтқан сәтте, Алла: «Мен сендерге көктер мен жердің құпиясын, сендердің де көрнеу, көмес істегендеріңді білемін деп айтпадым ба?»,- деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Аса ұлы Аллаһ / :«Ей, Адам! Оларға атауларын айтып бер»,- деп айтты. Сонда / Адам / оларға ол нәрселердің атауларын айтып бергенде, / Аллаһ / :«Мен сендерге аспандардың және жердің ғайып нәрселерін білемін, сондай-ақ, сендердің нені ашық, нені жасырын істегендеріңді білемін деп айтпадым ба?» - деді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي