Сондай езілген халықты (Израил ұрпақтарын) біз құнарлы қылған жердің шығысына да батысына да мұрагер қылдық. Сөйтіп олардың сабыр қылулары себепті Рабыңның Израил ұрпақтарына деген игі сөздері орындалды. Сондай-ақ Перғауын мен елінің, биіктетіп жасап бара жатқандарын талқандадық.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әлсіз саналған / езілген / елді Өзіміз берекелі еткен жердің шығыс жақтары мен батыс жақтарына мұрагер еттік. Исраил ұрпақтарына, сабырлық қылғандары үшін Раббыңның берген игі сөзі орындалды. Сөйтіп, Біз Фиръаун және оның елінің жасағандарын және олардың тұрғызғандарын қираттық.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي