(Израил ұрпақтары,) ойлаңдар! Сендерді қатты азаппен қинаған, ұлдарыңды бауыздап, әйелдеріңді тірі қойған Перғауын семьясынан құтқарған едік. Осыларда сендер үшін Раббыларың тарапынан зор сынау бар.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Кезінде, Біз сендерді ұл балаларыңды өлтіріп, әйелдеріңді тірі қалдырып, азаптың ең жаманына салып отырған Фиръаун әулетінен құтқарғанымызды естеріңе алыңдар / Ей, Исраил ұрпақтары /. Міне, осыларда өздеріңнің Раббыңнан үлкен сынақ бар.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي