(Рауаят бойынша, Мұса еліне: «Перғауыннан құтылсақ, Алла тарапынан Бір Кітап келтіремін» дейді. Сондықтан құтылғаннан кейін Алалның әмірі бойынша Тұр тауында қырық күн ораза ұстағаннан кейін Алламен сөйлесіп тәурат түседі. Мұса (Ғ.С.), белгілі уәдемізде келіп, Раббы оған сөйлегенде , (Мұса Ғ.С.): «Раббым маған өзіңді көрсет, Сені көрейін» деді. (Алла): «Мені, әсте көре алмайсың; бірақ тауға қара, сонда егер ол орнында тұра алса, сен де Мені көресің» деді. Сонда Раббы тауға елестеген сәтте, оны быт- шыт қылды. Мұса (Ғ.С) да талып түсті. Есі кіре сала: «Сен пәксің, Саған тәубе еттім, әрі мен сенушілердің алғашқысымын» деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Әрі Мұса Біз белгілеген уақытқа келгенде, Раббысы онымен сөйлесті. Сонда ол: «Раббым! Маған Өзіңді көрсетші, Саған қарайын», - деді. / Аллаһ / :«Сен Мені көре алмайсың, бірақ тауға қара, егер ол өз орнында қалса, сонда Мені көре аласың»,-деді. Раббысы тауға тәжәлли болған / Өзіне ғана мәлім сипатта көрінген / сәтте, оны күл-талқан етті, ал Мұса есінен танып құлады. Ол есін жиған соң: «Сен / барлық кемшіліктен / пәксің, тәубе келтірдім / істеген күнәма шынайы өкініп, Өзіңе бойсұнуға қайттым / , әрі мен иманға келгендердің алғашқысымын», - деді.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي