(Мұхаммед Ғ.С.) егер оларға мұғжиза келтірсемең, олар: «Оны өзің неге жасамадың?»,- дейді. Мен: «Раббым тарапынан маған уахи етілгенге ғана бой ұсынамын. Осы Құран, иман келтірген елге, Раббыларыңнан ашық дәлелдер. Сондай-ақ тура жол әрі мәрхамет».
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Ей, Мұхаммед! / Қашан оларға бір аят келтірмей қалсаң, олар: «Оны ойыңнан құрастыра салмайсың ба?» - дейді. Оларға: «Шын мәнінде, мен өзіме Раббымнан уахи етілетінге ғана еремін», - де. Міне, осы / Құран / - сендердің Раббыңнан ашық дәлел және иманға келген адамдар үшін тура жол әрі мейірім.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي