Және Сәмүд еліне туыстары Салих (Ғ.С.) ды жібердік: “Әй қауымым! Аллаға құлшылық қылыңдар, сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сендерге Раббыларыңнан ашық мұғжиза келді. Міне Алланың іңгені сендерге бір мұғжиза. Оны еркіне қойыңдар, Алланың жерінде оттасын. Оған бір сұмдық істемеңдер. Әйтпесе, сендерді жан түршігерлік азап қолға алады” деді.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Сондай-ақ Сәмүд еліне бауырлары Салихты / жібердік /. / Ол / \ «Әй, елім! Аллаһқа құлшылық етіңдер, сендер үшін Одан басқа құдай жоқ. Ақиқатында сендерге өздеріңнің Раббыңнан анық дәлел келді. Міне, мынау - Аллаһтың түйесі, сендер үшін бір белгі. Сендер оны жайына қалдырыңдар, Аллаһтың жерінде жайылсын. Оған ешбір жамандық тигізбеңдер. Онда сендерді күйзелтуші азап тұтады.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي