(Рағина, Ұнзұрна, екеуі де: «Бізге назар аудар» деген ұғымда. «Рағинаны» Яһудилер басқа мағнада қолданатын болғандықтан, ескертілген.) Сондай Кітап иелерінің қарсы болғандары және мүшріктер сендерге раббыларың жақтан бір игілік түсуін қаламайды. Дегенмен Алла мәрхаметін қалаған кісісіне арнайды. Сондай-ақ Алла (Т.) зор кеңшілік иесі.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Кітап берілген қауымнан және мүшріктерден күпірлік еткендер / қарсы келгендер / сендерге өздеріңнің Раббыңнан игіліктің түскенін қаламайды. Ал, Аллаһ, Өз мейірімімен қалағанын ерекшелеп таңдайды. Аллаһ - ұлы кеңшілік Иесі.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي