Талақ екі рет. Сонда не туралықпенұстау немесе жақсылықпен ажырасу керек. (Қайталай беру дұрыс емес. ) Оларға бергендеріңнен еш нәрсе алуларың халал емес. Бірақ екеуі де Алланың шегін орындай алмаудан (бірге жасай алмаудан) қорықса және сендер де екеуінің Алланың шегін орындай алмауынан қауіп қылсаңдар, ол уақытта әйелдің, еріне бодау беруінде екеуіне де күнә жоқ. Міне осы Алланың шегі, сонда одан өтпеңдер. Ал кім Алланың шегінен өтсе, міне солар залымдар.
الترجمة الكازاخية - مجمع الملك فهد
Талақ екі рет. Содан кейін / әйелдерді / құпталғанға сай ұстау немесе жақсылықпен жіберу / міндет /. Әрі оларға мәһрге сыйлап, бергендеріңнен бір нәрсе алуларыңа рұқсат етілмейді. Бірақ, екеуі Аллаһтың тыйымдарын орындай алмаудан қауіптенсе - ол басқа. Ал, егер екеуінің Аллаһтың тыйымдарын / бір-біріне қатысты міндеттерін / орындай алмауынан қорықсаңдар, / әйелдің мәһрді / қайтарып беруінде екеуіне де күнә жоқ. Міне, осы - Аллаһтың тыйым салғандары, одан шықпаңдар. Ал, кім Аллаһтың тыйымдарынан шығатын болса, міне, солар нағыз әділетсіздер.
الترجمة الكازاخية - جمعية خليفة ألطاي